Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет17/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   144
 
2. Басты тақырыптар арқауы 
 
ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  қазақ  әдебиетінде  исламшылдық  идеясын 
кӛтерген діни тақырып үлкен орын алды. Оның басты себебі – ХХ ғасырдағы 
Ресейдің  отарлау  саясаты  крестьяндарды  қазақ  жеріне  молынан 
қоныстандыру,  сол  арқылы  билеп-тӛстеудің  қуатын  арттыру,  рухани  тонау, 
шоқындыру  шараларын  жандандыра  жүргізумен  сабақтастырыла  іске  асы-
рылды.  


66 
 
Міне,  осындай  белгілі  бағыттағы  іс-әрекеттер  күшейе  түскенде, 
Россиядағы  ӛзге  мұсылман  жұртындағыдай  қазақ  даласында  да 
“мұсылмандық қозғалысы” ӛріс алды. Бұл, әсіресе, діни-ағартушы бағыттағы 
ақын-жазушылар шығармашылығына ерекше әсер етті. Олардың осы тұстағы 
ӛлеңдерінде  ой  еркіндігі  ӛзгеше  тыныс  ашқандай.  Замана  туралы 
толғаныстар діни ағымдағы ӛзекті оймен ӛріліп отырады. Нұржан Наушабаев 
ӛлеңдеріндегі: 
 
Кӛгертпес жауғанменен тасқа жаңбыр, 
Алланың бергеніне еткін шүкір, 
Қалыптан асып, қылма күпірлікті 
Жігіттің һауасына болып мағрұр. 
Немесе: 
Нұр хикмат кӛңілде болса кәміл, 
Кешсеңде қауіп болмас дариясын Ніл. 
Бей-мағына сӛз сӛйлеп аһ ұрғанмен, 
Жан-тәнде, тән саламат, ынсапқа кір, – 
 
деген  ұғымды ойлар  рухани  тазаруға,  адамдық  асыл  қасиеттермен  табысуға 
үндеумен ғана шектелмей, ақынның ӛзіндік кӛзқарасын да танытады.  
Діни-ағартушылардың  адамдық  жақсы  қасиеттерді  қалыптастыруды 
тікелей  дінмен  байланыстыру  ӛзге  бағыттардан  кӛзқарас  алшақтығының 
нақты белгісі. Сондықтан да: 
 
Оқып қал, әй балалар, жас шағыңда, 
Оқуға уақыт, кеңдік бар шағында. 
Ендігі заманаға оқу керек 
Оқусыз ӛнер тапқан адам бар ма? 
 
Пайғамбар хак, алланы бір біліңіз, 
Орысша, мұсылманша тіл біліңіз. 
Қазіргі күйімізге қарағанда, 
Қазақты еш жарықсыз түн біліңіз, – 
 
деп,  Мұхамедсәлім  Кәшімов  жастарды  оқу-білімге  шақыра  отырып,  жақсы 
мен  жаманның,  білімді  мен  білімсіздің  парқын  айырып,  ізгі  қасиеттерді 
тікелей діни ұғым-таныммен байланыстыра жырлауға ден қояды. 
“Халықты 
ояту” 
идеясын 
діни 
бағыттағы 
ақын-жазушылар 
адамгершілікпен,  имандылықпен,  діни  іліммен  астастыра  отырып,  Абай 
салған  сыншыл  реализм  жолына  түсіп,  ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  әдебиетте 
ӛзіндік  деңгейде  із  қалдырды.  Олар  тек  діни  уағыз  аясында  қалып  қоймай, 


67 
 
қоғамдық  ӛмірдегі,  тұрмыс-тіршіліктегі  келеңсіз  жайларды  сынай  да  білді. 
Діни  имандылық,  ізгілік  идеялары  тұрғысынан  ӛз  тұсындағы  әлеуметтік 
теңсіздік кӛріністерін шама-шарқынша кӛрсетіп отырды.  
Қазақ  халқын,  әсіресе  жастарды  оқу-білімге,  ӛнер-ғылымға  шақыру  ХХ 
ғасырдың  басындағы  барлық  бағытқа  тән  десек  те,  бұл  саладағы  ағартушы-
демократтардың  еңбегін  ерекше  айтуымыз  керек.  “Қараңғы  қазақ  кӛгінде 
күн” болуды армандаған Сұлтанмахмұт: 
 
Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек
Оқыса, басқа елдердей қатарға енбек. 
Білімге ел боп аңсап құмарланса, 
Жетілмек аз-ақ жылда жоғары ӛрлеп, – 
 
деп,  ӛзінің  ӛршіл  үнімен  оқу-ағартуды  жырына  арқау  етсе,  С.Кӛбеев  орыс 
ақындарының ӛз ойымен орайлас, үндес шығармаларын былайша аударады: 
 
Балалар жиналыңыз мектепке ерте, 
Мәз болмай деген сӛзге мырза, ерке. 
Бұл кезде ӛнерлі адам ӛрге шықты, 
Зат емес надан кісі алар текке. 
 
Қазақ  жастарының ел  арасындағы  арзымас  іспен  күні  ӛтіп,  “екі  ауылдың 
арасында  тентіреп  жүргені”  жандарына  қатты  батқан  ақын-жазушылар, 
ағартушылық ұранды барынша кӛтерді. 
Ағартушы-демократтар  ұлтының  орыс  отаршылдарының  езгісінде 
тапталып  жатуының  себебін,  ең  алдымен,  білім-ғылым  жоқтығынан  деп 
білді. Сондықтан Абай ӛсиет еткен “Мақсатым тіл ұзартып, ӛнер шашпақты” 
берік  ұстанды.  Ал,  ӛнер-білімге,  оқуға  үндеу  ХХ  ғасыр  басындағы 
әдебиеттегі  ӛрлеу  мен  ізденістің  нәтижесінде  дүниеге  келіп,  бар  жанрға 
басты  тақырып  ретінде  желі  болып  тартылды.  Мәселен  сол  тұста  кең  етек 
жая бастаған проза жанрындағы “Жас ғұмырым яки жастық ғафлаты” (1907), 
“Садық әпенді” (1911), “Оқуға махаббат” (1914) т.б. ұсақ әңгімелерден “Қыз 
кӛрелік” (1912) тәрізді ұзақ әңгімелерге дейін осы надандық кесір-кесепатын 
ашып, оқу мен ғылымға үндеді. Кейде негізгі тақырып басқа болса да, білімді 
мен  білімсізді  салыстыра  кӛрсету  дәстүрі  басым  болды.  Қазақтың  алғашқы 
драмалық  шығармаларының бірі  “Надандық құрбанының” негізгі  тақырыбы 
әйел  теңсіздігі  болса  да,  кӛбіне  надандықты,  білімсіздікті  кӛрсету,  оған 
сауаттылықты қарсы қою идеясы ӛзек етілген. 
ХХ  ғасырдың  басында  әйел  теңдігі  мәселесі  қазақ  қоғамындағы 
әлеуметтік  теңсіздіктің  нақты  кӛрінісі  ретінде  кӛзге  айқын  шалынады.  Оны 
шешу  бір  қадам  болса  да  алға  басқандық болып  табылар еді.  Сондықтан  да 


68 
 
ағартушы-демократтар  бұл  мәселені  ӛз  шығармашылықтарының  алтын 
арқауы етті. 
Қазақ  қызының  қайғылы  халі,  аянышты  жағдайы  қазақ  ақын-
жазушыларының  қаламынан  шыққан  барлық  туындыларына  ӛзекті  мәселе, 
негізгі желі болып тартылды десек, қателеспейміз. 
ХІХ  ғасырда  дана  Абайдың  жас  сұлуы  “Етімді  шал  сипаған  құрт  жесін 
деп”,  жартастан  терең  суға  құлап  мерт  болса,  Шәкәрім,  Сұлтанмахмұт 
кейіпкерлері  де  әйел  теңсіздігін  тудырып  отырған  ескілікті  салт-сананың 
тегереуіне  шыдай  алмай,  кейде  қарсыласып,  кейде  бұйығы  күйде  ӛмірден 
ӛтеді. 
 
Айыпсыз ата-ананың сіз баласы, 
Түбінде тамам жұрттың сіз анасы. 
Үзді ғой кәрі шандыр тілегіңді, 
Басқанын хан болғанда қыз баласы. 
Қазады бес жасыңнан атаң орды
Қарайды малы кӛпке оңды-солды. 
Таз болсын, тазша болсын кеттің жылап, 
Жігерсіз мұнша неден болдың сорлы, – 
 
деп, Сұлтанмахмұт тұрпайы салттың қасіретіне душар болған қазақ қызының 
жігерсіздігіне қынжылады. Ӛлең астарында қазақ қызының жігерсіздігін жек 
кӛруден гӛрі аяушылық басым. Әділетсіздікке жаны қас ақын қазақ қыздарын 
ӛз бақыты мен еркіндігі үшін күресуге шақырады. Мұратқа тек күрес арқылы 
жетуге болатындығына сендіруге тырысады. 
Милеттің түзелуі сіздермен, 
Бұзып шық, солмай жылап, қалың торды. 
Ыңғайымен ұялғансып кете барсаң, 
Ӛзіңе ӛз обалың сонда болды. 
Атаңның сіз кӛнбеңіз алдауына, 
Сүйгенсіп, қарағым деп арбауына. 
Қор қылды, оқытпады, надан қылды, 
Ол аз деп шалға сатты, жалмауына. 
 
Сұлтанмахмұт  алға  тартқан  ой  арнасы  ағартушы-демократ  ақын-
жазушылардың бәріне тән десек, артық айтқандық емес. Бұл кӛзқарас тіптен 
сол кездегі барлық ақын-жазушыларға ортақ. Ағартушы-демократтар да, ұлт-
азатшылдар  да,  діни-ағартушы  бағыттағылар  да  ұлтымыздың  ертеңі  анаға 
байланысты  екенін  терең  ұғынып,  қыздарды  шалға  сату  ұрпақ  ӛркениетіне 
кесір  екенін  кӛрсетуге  әрқайсы  шама-шарқынша,  ӛз  ұғым-таным  биігінен 
келді.  Тәрбиелі,  оқыған  анадан  ӛнегелі  ұрпақтың  ӛнетінін,  надан,  сауатсыз 


69 
 
анадан  тәрбиесіз  ұрпақ  туатынын  санаткерлеріміз  ұдайы  тілге  тиек  етіп 
отырды. 
Сонымен ХХ ғасырдың басында әйел теңдігі кезек күттірмей, тез шешуді 
қажет  ететін  басты  мәселеге  айналды.  Бұл  сияқты  үлкен  тақырыпты  дәуір 
тілегіне  лайық  суреттеу  жолында  шағын  ӛлең  формасы  тарлық  жасай 
бастады.  Ӛмірдің,  әдебиеттің  алдында  тұрған  түбегейлі  проблемаларды 
замана  талабына  сай  бейнелеу  үшін  кесек  те  күрделі  шығармалар  жасау 
қажеттігі  туды.  Міне  осы  қажеттілік  Мұхаметжанның  “Гүлкашимасын”, 
Міржақыптың “Бақытсыз Жамалын”, Шәкәрімнің “Еңлік-Кебек”, “Қалқаман-
Мамырын”, туғызды. 
Сонымен  ХІХ  ғасырда  Абай  қазақ  қыздарының  аяулы  бейнесін  ӛзінің 
лирикалық  шығармаларында  жасаса,  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  қазақ  қызы 
кӛркем  шығарманың  белсенді  кейіпкері  ретінде  кӛрініп,  заман  сырын 
танытуда,  жұртшылықты  әділеттілікке,  адамгершілікке,  шақыруда  үлкен 
қызмет атқарды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет