63
бұрынғы кезеңдерге қарағанда біршама жақсы дамуы. Әдебиет үшін ең
керегі оқырман қауым болса, ХХ ғасыр басында мектептер кӛптеп ашылып,
әдебиет сүйер қауым кӛбейді. Екіншіден, ХХ ғасыр басында әдебиеттің
құлашын кеңге жайып, ӛркендеуіне қазақ баспасӛзінің дамуының ең басты
қозғаушы күш болғанын атап ӛтуіміз керек. “Айқап”, “Қазақ”, “Қазақстан”,
“Ешім даласы” сияқты баспасӛз беттерінде әдебиетіміздің ірілі-ұсақты
ӛкілдері ӛз шығармаларын жариялап отырды. Бұл басылымдар ӛз кезегінде
жаңа шығармаларға сын айтып, бағыт-бағдар берді. Әдебиетіміздің ӛркен
жайып, жандана түсуіне, қоғамдық ой-пікірді ӛрістетудің маңызды құралына
айналуына осындай объективті себептер әсер етті.
Ұлт зиялыларының отаршылдыққа қарсы күресте елдің басын біріктіріп,
саяси-күреске ояту іс-әрекетіндегі кӛздеген мақсаттары әдебиетте айқын
кӛрініс тауып отырды. Жалпы ХХ ғасыр басындағы әдебиетке тән тағы бір
ерекшелік – әлеуметтік-саяси мәселелерді кӛп кӛтергендігі. Отаршылдық
талқысы езіп-жаншып, жері талан-таражға түскен, халқының тоз-тозы
шыққан, бірліктен кетіп, берекесінен айрылған елінің қара түнектегі жағдайы
қай бағыт ақын-жазушыларының шығармашылығында болмасын ортақ
тақырып ретінде кӛрініс тапты. Мәселен діни-ағартушы Мәшһүр-Жүсіп
Кӛпеевтің
Достарыңызбен бөлісу: