Байланып қорыққандықтан жүрді тілім,
Қазағым, қайран жұртым, халқым елім.
Мұжық кеп, қара шекпен крестьян,
Жеріңді қылмады ма тілім-тілім, –
деп, қазақ жағдайына жүрегі қарс айырылса, ағартушы-демократ
Сұлтанмахмұт Торайғыров:
Сұмдар салған жүректе
Аз ба біздің жарамыз?
Тепкісінде басқаның,
Қор боп жүдеп барамыз, –
деп, ұлтының қасіретті жағдайының ең негізгісін нақты атай отыра, елін
серпілтер ой-идеяны ӛзіндік ӛршіл үнмен кӛтереді. Бұл құбылысты Абайша
терең сезіне жырлаған ұлт-азатшыл бағыттағы Ахмет Байтұрсынов:
Қазағым, елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып,
Талауда малың,
64
Қамауда жаның,
Аш кӛзіңді, оянып, –
деп, халықтың мүшкіл халіне себеп болған басты жағдайлардың түп-
тамырын даналықпен кӛре біліп, ұлт санасын “ояту” идеясын алға тартады.
Міне, осы тұрғыдан алғанда ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің басты белгісі
– ең алдымен азаттыққа ұмтылу, соған “ояту” әдебиеті болғандығында деп
тануымыз керек.
Бірақ “оятудың” жолын әрбір ӛнер иесі ӛз кӛзқарасы арқылы айқындады.
Мәселен, бірі (ағартушы-демократтар) оны тек ағартушылықта, әлеуметтік
теңсіздікті жоюда, екіншісі (ұлт-азатшылдар) ұлт болып азаттыққа, теңдікке,
бостандыққа ұмтылуда, соған қол жеткізуде деп білсе, үшіншілері (діни-
ағартушылар) адамгершілік тәрбиесінің негізі діни-рухани бостандыққа
насихаттауда деп ұқты. Сондықтан да Сұлтанмахмұт:
Қараңғы қазақ кӛгіне,
Ӛрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін
Жылытуға мен кірермін, –
деп, ӛз поэзиясының, ӛмірінің мақсаты ағартушылық екенін, қараңғылықпен
айқас екенін асқақ романтикалық үнмен жеткізді.
Мен жазған кеңес,
Мақтаныш емес,
Ат шығармақ ақындық.
Ер батқанда жорғалық,
Молда жақта молдалық, –
деп, Ахаң ӛзін ақын еткен басты себеп ақындықты елінің азаттығы
жолындағы саналы күресте басты қаруы ретінде жұмсауға бекінген ниеттен
екендігін нақты да айқын білдіреді. Халқының бостандығы үшін ӛзінің бүкіл
ғұмырын арнаған ақын қашан да азаматтық міндетті жоғары қояды. Азатшыл
ақындар ӛлеңдеріндегі:
Кӛзіңді аш, оян қазақ, кӛтер басты,
Ӛткізбей қараңғыда бекер жасты,
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамасты, –
65
деген азатшыл, тәуелсіздікшіл сарындар олардың бүкіл шы-ғармашылығына
негізгі желі болып тартылды. Бұл бағыттағылар ӛздері жазған ӛлең, поэма,
роман, повестерінде осы азатшыл идеяны аяға ұстады.
Діни бағыттағы ақын-жазушылар да орыстың езгісінде езіліп, діні мен
имандылығынан айрылып, “ұйқышыл” халде күн кешкен қазақты оятуға үн
қосты. Бұлар негізгі идея ретінде діни ағартуды ұсынды. Қазақ ӛміріндегі
кесір-кесапатты дінге кӛзқарас салқындығынан, дінді уағыздаушы шала
молдалардың надандығынан деп білді. Бүкіл Россия мұсылмандарының
бірлігінен ғана қазақ ұлтына жарық күн туады деп сенді. Мәселен, Мәшһүр-
Жүсіп:
Тауып ал, тұман түспей тұстасыңды,
Жолдас бол, сынап ал қостасыңды.
Баласы дін – мұсылман ұрандасып,
Қосыл кісі санына қос басыңды.
Немесе:
Болып тұр мұсылманға Қазан басшы,
Сен де соған жейтұғын асыңды асшы,
Дін исламның бір болып ынтымағы,
Патшаның қол астында бір жарасшы, –
деп, Ресейдің басқа мұсылман халқымен бірігіп, дін үшін, жер үшін күреске
шығуға, ынтымақшы болуға үндеді.
Дінімізді кемітіп қорламасын,
Кӛзімізді бақырайтып ұрламасын.
Баламызды билетсін ӛзімізге,
Оқытсын деп орысша зорламасын, –
деген батыл талаптар да қоя білді.
Достарыңызбен бөлісу: |