146
Шәкәрім бес жасында ауыл молдасынан хат таниды. Әкесі Құдайберді
1866 жылы отыз жеті жасында дүниеден ӛтіп, Шәкәрім жеті жасында жетім
қалады. Бұған оның мына ӛлең жолдары куә:
Бесімде оқу білсін деп,
Ата-анам берді сабаққа.
Жеті жаста жетім боп,
Түскендей болдым абаққа
40
.
Шәкәрім әкеден жетім қалғанымен, жетімдік кӛрмеген, Құнанбайдың ерке
немересі болып ӛскен. Ӛзі “Қажы марқұм мені жетім деп аяп, қысып оқыта
алмай, ғылымнан мақрұм қалып, ойыма не келсе соны істеп әдепсіз,
ғылымсыз ӛстім. Әйтсе де түркі танып, орысша хат танып қалдым”, – деп
жазады “Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі” атты туындысында.
Сӛйтіп білім-ғылымның қадір-қасиетін кештеу болса да терең түсініп, ӛз
бетімен оқып-үйреніп, рухани қазыналарға кӛп үңіледі. Қазақ халқының бай
әдеби мұрасына қоса, ӛзге жұрттың да әдебиетін жетік білген Шәкәрім кӛп
тілді (араб, парсы, түрік, шағатай, орыс) меңгерген. Шәкәрімнің азамат
ретінде қалыптасуында, Абай тәрбиесінің ӛзіндік орны бар. Оның ӛз
заманының білімді де, парасатты азаматы дәрежесіне кӛтерілуіне Абай
ерекше әсер еткен. Бұл туралы жоғарғы еңбегінде Шәкәрімнің ӛзі былай
дейді: “Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза – қа-зақ ішінде Абай
деп атайды – сол мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрік, һәм алланың
берген ақылы да бұл қазақтан бӛлек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден
тағылым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылым-
ның сәулесін сездім. Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ болғандықтан, қадірі
азырақ білінді. Алай болмағанда дәнішман, хаким, философ кісі еді. Қор елде
туды да, қорлықпен ӛтті”.
1904 жылы ұлы ұстазы Абайдың дүниеден ӛтуі Шәкәрім санасына, оның
ӛмірге деген кӛзқарасына, шығармашылық болмысына ерекше ӛзгерістер
әкеледі. Ӛзінің Абайға арнаған “Жастарға” деген ӛлеңінде ендігі ұлы
мақсатын:
Достарыңызбен бөлісу: