226
сезіміне, әңгімесіне, ой толғауына сүйене отырып, ӛз ішінен де соған үндес
қоғамдық сыр шығарып, қосыла күңіреніп, қатар шабыттанып кетеді.
Сондықтан бұл алуандас ақындықты құр аударма деп қарамай, Пушкин,
Лермонтов, Байрон сарынымен жазылған шығармалар деп тану керек”
55
.
Міне, осы бір пікір Ахмет шығармашылығын қарастырғанда негізге алынуға
тиіс. Ахмет Крыловты аударуды мақсат тұтпай, ондағы тақырыпты, ой-ӛзекті
ғана алып ӛзінше еркін жырлауға, қазақ ӛміріне тығыз байланыстыра
отырып, ой айтуға ұмтылған. Ол, әсіресе, қазақ ӛміріне қатысты ділгір де
дертті мәселелерге келгенде ӛзіндік бағыт ұстанып, негізгі желіні дамыта
отырып, жаңғыртып, ӛз уақытына сай мысалдың ӛткірлігін арттыра түсуді
мақсат еткенін аңғару қиын емес.
Осы тұрғыдан алғанда “Қырық мысал” жинағындағы аудармалардың
“Аққу, Шортан, һәм Шаян” мысалымен ашылуы Ахмет үшін белгілі бір
мақсаткерлікті танытардай. Ол осы мысал арқылы сол кездегі қазақ
ӛміріндегі ең бір келеңсіз жайды – бас бірліктің жоқ екендігін аса бір дертті
мәселе ретінде кӛтерген.
“Бас-басына хан болған”, “Ортақ ӛгізден оңаша бұзауды артық кӛріп” аз
ғана елінің басын қоспай, бытыратып жүрген ел басшыларының кесірінен
қазақтың мүшкіл халге түскен ӛміріне назаланады ақын. Крыловта негізгі ой
моральдық түйін арқылы мысалдың алғашқы бӛлігінде беріледі:
Достарыңызбен бөлісу: