231
Осындай жазықсызды жазғыратын
Әр жерде күштілерде бар ғой қалып, -
деп бір түйіп алып, екіншісінде:
Қасқырдың зорлық болды еткен ісі,
Ойлаймын – оны мақтар шықпас кісі.
Нашарды талай адам талап жеп жүр,
Бӛріден артық дейміз оның несі, -
деп ойын нақтылай түседі.
Аударманы теориялық-практикалық тұрғыдан жете зерттеп жүрген
Ж.Ысмағұлов Ахаңның Крыловтан аударуда екі принципті ұстағанын айта
келе, екінші принципті былай деп кӛрсетеді: “Бұл шығармаларды
(мысалдарды Ӛ.А.) Ахаң түп-түгел қазақ ортасына алып келеді де, ғибраттық
тұжырымдарын тұп-тура қазақ қауымының шындығына бейімдеп, айтар
үкімін ӛз тарапынан айтады. Кейде тіпті түпнұсқадағы оқиғаны ӛз ойына
тиек етіп қана алады. Сондықтан мұндай еңбекті аударма деуден гӛрі ұқсас
сюжетке құралған тӛл туынды деп айтуға болар еді”.
Міне, осы принципке негізделген аударманың бірі – осы “Қасқыр мен
Қозы”. Мысалдың ӛн бойынан қазақ салт-тұрмысының, қазақи ойлау
жүйесінің, жан-жануар туралы аңыз, ертегі, әңгімелердің табиғаты есіп
тұрады.
Бұлаққа су ішуге келген Қозыны Қасқыр ұстап алып, кінә тағып, сол кінәсі
үшін жеп қоймақ болады. Қозы ӛзінің кінәсіздігін қанша дәлелдесе де,
Қасқыр оны кӛтеріп алып жӛнеледі. Түпнұсқадағы 36 жолдық мысал Ахметте
68 жолдық тӛл туындыға айналған. А.Байтұрсыновтың бұл мысалдағы
ӛзіндік ӛрнегі мысалдың басталуы мен аяқталуындағы әр түрлі
ӛзгешеліктерінен айқын байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: