Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет94/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Ягненок в жаркий день зашел к ручью напиться 
И надобно ж беде случиться, 
Что около тех мест голодный рыскал Волк 
Ягненка видит он, на добычу стремится
 
Ахмет мұны былай береді: 
 
Бұлаққа су ішуге келді Қозы,  
Жанында серігі жоқ жалғыз ӛзі, 
“Бӛрі жоқ, десең шығар, бӛрік астынан”, 
Пәле мен қаза алыс па келсе кезі. 
Қаңғырып тамақ іздеп бір аш бӛрі 
Қозыға жетіп келді жайнап кӛзі. 
Жемекке кінә қойып сол арада
Жала ғып, міне, қасқыр айтқан сӛзі… 


232 
 
 
Ахмет  мысалындағы  “Бӛрі  жоқ,  десең  шығар  бӛрік  астынан”  деген  жол 
осы  кіріспе  шумаққа  ерекше  ӛң  беріп,  мысалдың  таза  ұлттық  тынысын 
аңғартқандай.  Крылов  мысалының  басындағы  “У  сильного  всегда 
бессильный виноват” деген қағидасынан кейін Қасқырдың Қозыға кінә тағуы 
сенімсіздеу  кӛрінеді.  Ол  ай-шайға  қарамай  жеп  қоюы  тиіс  еді.  Яғни 
Крыловтың мысалдың басында айтқан тұжырымы мен оның сюжеттік дамуы 
–  Қасқырдың  Қозыға  кінә  тағып  барып  жеуінің  арасында  сәл  де  болса 
қарама-қайшылық бар. Осыны сезе білген Ахмет ғибратты кейінге қалдырып, 
оқиғадағы тартысты, яғни Қасқыр мен Қозы айтысын суреттеп кетеді. Озбыр 
мен  кінәсіздің  айтысында  Қозы  жеңеді.  Қасқырдың  әрбір  кінә  қоюына, 
Қозының  қайтарған  жауаптарынан  кейін  оқушы  Қозының  құтылуына 
тілектес  болып  отырады.  Сондықтан  да,  мысал  оқуға  жеңіл,  ә  дегенде-ақ 
ӛзіне  тартып  әкетеді.  Қойылған  барлық  кінәдан  Қозы  ақталып  шыққан  соң, 
Қасқыр тағы бір “бұлтартпас” кінә тағады: 
 
Алыпсың жаман әдет қарсыласып
Сенімен тұрамын ба мен мылжыңдасып
Айтайын, білгің келсе, қозым саған, 
Кінәң сол – жегім кеп тұр қарным ашып. 
 
Крыловта  оқиғаның  қалай  аяқталары  ә  дегенде-ақ  белгілі  болса,  Ахмет 
оқиға  дамуына  ӛзіндік  әдіс  қолданып,  мысал  кілтін  соңына  дейін  сақтайды. 
Айналып  келгенде,  Қасқырдың  кінә  тағуы  арыдан  ойлаған  аярлық  болып 
шығады.  Бұған  дейін  ӛзінің  адалдығына  сеніп,  әділет  күтіп  тұрған  Қозы 
ӛзінің  “басты  кінәсін”  білгенде  ғана  шарасыздығынан  тағдырына  мойын 
ұсынады: 
 
Шошиды Қозы байқұс құлқын танып
Құтылар білгенменен онан нағып?! 
 
Ахмет  мысалынан  патшалық  Ресейдің  ӛктем  озбырлығын  айна-қатесіз 
тануға болады. Отаршылдық құрсауындағы халықтың “басты кінәсі” де Қозы 
тағдырына  ұқсас,  бұратана  халық,  әлсіз  ел  болуында.  “Қасқыр  мен  Қозы” 
мысалында  ақын  осыны  меңзеп,  отаршылардан  ешқандай  әділет  жолын 
күтпеуді ғибрат етеді. 
Ендеше  “Мысалдап  жазу,  ойды  тұспалдап  айту,  идеяны  аллегориялық 
формада  беру  ашық  сынаудан  қорыққандық  емес,  ол  –  айтар  ойды  ӛткір 
әсерлі  етіп  жеткізіп  берудің  тиімді  әдісі”
59
  екендігіне  дау  болмаса  керек. 
Ахмет мысалдың осы бір қасиетін терең түйсінген. 
Жоғарыда  сӛз  болған  мысалдардағы  ортақ  ой,  терең  мағына  ӛзінің  туған 
халқының  аянышты  күйіне  жаны  ашыған  ақын  осынау  дертті  мәселенің 
                                                 
59
 Қожакеев Т. Сатиралық жанрлар. –Алматы, 1983. – 16 б. 


233 
 
негізгі  күнәһарын  танытуға,  сол  арқылы  халқын  оятып,  саналандыруға 
талпынған. Отарлық бұғауды үзбей, даму, ӛрлеу, ӛсу мүмкін емес. 
Осы  тұста  мына  бір  мәселеге  назар  аудара  кеткен  орынды.  Ахметтің 
Крыловты  аударған  басқа  ақындардан  айырмашылығы  неде?..  Қазақ  ақын-
жазушылары  шама-шарқынша  Крыловты  аударып,  ұлы  мысалшыны  қазақ 
тілінде  сӛйлетуге  тырысқан.  Оның  ішінде,  Абай  -  12,  С.Кӛбеев  –  37, 
Б.Ӛтетілеуов – 12 мысал аударған. Кӛріп отырғанымыздай, Крылов мұрасын 
барынша  мол  аударуға  ден  қойған  А.Байтұрсынов.  “Қырық  мысалдағы”  38 
мысал,  кейінгі  “Маса”  жинағына  енген  үш  мысал,  барлығы  –  41  мысал  ау-
дарған.  Ахаң  мысалының  ерекшелігін  таныту  үшін  оның  ӛзіне  дейінгі 
аудармашылар  тәжірибесімен  салыстыра  қараудың  ұтары  бар.  Ахмет  пен 
Абай аудармаларын салыстыра қараған сәтте, біраз мысалдарды екеуінің де 
аударғанын  байқаймыз.  Абай  аудармаларын  А.Байтұрсынов  білді  ме  екен 
деген  сұраққа  жауапты  біз  Ахаңның  ӛзінен  табамыз.  1913  жылғы  “Қазақ” 
газетінің  үш  санында  (39-41)  жарияланған  Абай  туралы  “Қазақтың  Бас 
ақыны”  атты  мақаласында  ол  “1903  жылы  қолыма  Абай  сӛздері  жазылған 
дәптер  түсті“,  –  деп  жазады.  А.Байтұрсынов  Крылов  мысалдарын  негізінен 
1901-1904  жылдары  аударғандығын  еске  алсақ,  онда  Ахметтің  Абай 
аудармаларымен  таныс  болғандығына  күмәнданбасақ  керек.  Ахмет  қалам 
сілтеген  “Ӛгіз  бен  Бақа”,  “Қарға  мен  Түлкі”,  “Жарлы  бай”,  “Ала  қойлар”, 
“Сорлы болған мұжық”, “Бұлбұл мен Есек”, “Емен мен шілік” нұсқасы Абай 
аудармаларында  да  бар.  Бұлардың  ішінде  “Түлкі  мен  Қарға”,  “Есек  пен 
Бұлбұлды” М.Әуезов нағыз Абай аудармалары деп санайды
60
.  
Әуезов нақты Абай аудармасы деп таныған, Крыловтың “Қарға мен түлкі” 
мысалының  Абай  аударған  нұсқасын  Ахмет  аудармасымен  салыстырып 
қарасақ, екі тәржіманың арасында айырма барлығына кӛз жетеді. Мысалдың 
түпнұсқасында  мораль  шығарманың  басында  айтылып,  одан  кейін  болған 
оқиға  баяндалады.  Абай  да  сол  алғашқы  жүйені  сақтаған.  Крыловта 
айтылатын тӛрт жол моральды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет