122
Мәшhүр Жүсіп поэзиясының үлкен бір тақырыптық саласы – ғылым, білім,
ӛнер жайы. Ел ӛміріндегі білім-ғылымның алар орнын оның адамға берер
мол пайдасын ақын терең пайымдайды.
Ғылым біл, жұмыс істе оған серік,
Жарлыға мал-бұл ғылым-болар кӛрік.
Ғылым, білім-ӛнерсіз, қадірсізді,
Ӛлік біл, оны жан деп білме тірік, –
дейді ақын «Қалмады ойлай-ойлай басымда ми» деп аталатын ӛлеңінде.
Мұнда ғылымның адамды кӛркейтер, қадірін арттырар ғажап қасиетін тілге
тиек ете отырып, ел азаматына айландырар болашақтың тірегі асқарлы ӛнер-
білім екендігін кӛрсетіп, оны үйренуге, ғылым игеруге шақырады.
Жастықта ұмтылып бақ ілгері ӛтіп,
Жұмысың жабдықталсын ерте бітіп.
Қолыңа қарманғанмен түк түспейді,
Қалған соң жастық қуат бойдан кетіп, –
деген Мәшhүр ойы кезінде ұлы Абай айтқан:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын кӛре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, –
деп келетін озық оймен үндесіп-ақ кетеді. Уақытында білім-ғылым іздеп
еңбектенбей кеш қалған соң, қанша ұмтылсаң да қолыңа түк түспей, тауың
шағылатынын айта отырып, ақын жастықтың жалынды қайратын ӛнер-білім
табуға арнауға шақырады. Білім-ғылымды қарабастың қамы үшін жимай, сол
жиған-тергенді игілікті іске жұмсай білу, халыққа пайда келтіру керектігін
айтып, “жұртына білгеннен тисе пайда, ойлайтын халық пайдасын әрбір
жайда“ – деп, оқығандарды шынайы азаматтық жолға салғысы келеді. Ақын
үнемі “Жігіттер ӛнер алды ғылым-білім” деген ғибратты шегелей айтып
отырады. Және де зиялы жасты дүниеге қырағы кӛзбен қарап, ӛзіндік ой
түюге, одан ӛзіндік пікір қалыптастырып, ӛзгеше жол іздеуге үндейді.
Достарыңызбен бөлісу: