234
Ал Ахмет нұсқасында алдымен оқиға суреттеледі де, түйін соңында
айтылады. Түлкінің аярлықпен астасып жатқан мақтауын Ахаң әсерлей
түсуге ұмтылған. Марапатпен Қарғаның есін алған Түлкі:
Сені іздеп келіп тұрмын алыс жерден,
Сұлу деп мақтаған соң әркім кӛрген.
“Халық айтса, қалт айтпайды” деген рас,
Арман жоқ жанда сені кӛріп ӛлген! –
деп үздігеді. Ал бұл пікір түпнұсқада да, Абайдың аудармасында да жоқ.
Абайды жетік білген Ахмет, ӛз уақытын үндестіре, жаңаша аударудың
қажеттілігін жете түсініп аударған. Түлкідей залым-әкімдер алдауына түскен
момын-аңқау халқының ауыр халін Крылов ӛлеңдерінің сюжетін пайдалана
отырып жеткізеді. Сӛйтіп, мысалды неғұрлым оқырманына таныс, қазақ
тұрмысына, қазақ психологиясына жақын ете түсуге тырысқан. Біз жоғарыда
келтірген “артық” шумақтар сол ниеттен пайда болған. Қазақ шындығында
“атақты адамдарды” алыстан іздеп келу - қалыптасқан жайт.
Абай ӛз мысалының түпнұсқаға неғұрлым жақын болғанын қаласа, Ахмет
Абай аудармасымен таныс болғандықтан, Крыловтағы түпнұсқадан да, Абай
аудармасынан да алшақтыққа бет бұрған. Әрине, біздің Крылов мысалдарын
түпнұсқаға балауымыздың ӛзі оның ӛзіне дейінгі мысал нұсқаларына еш
ұқсатпай жазып шыққандығында. Сонау Эзоптан басталатын бұл сюжетке
Федр да, Лафонтен де, Крыловқа дейінгі орыс ақындары В.Тредьяковский,
А.Сумароков, М.Херасковтар да қалам сілтеген.
Крыловтың бұл мысалының ӛзіне дейінгі орыс ақындарының
шығармаларынан басты ерекшелігі – поэтикалық кӛркемділігі. Крыловтың
нұсқасында Қарғаның аяудан гӛрі оның надандығына, аңқаулығына келемеж
басым. Абайда түпнұсқадағы ой-мазмұн толық сақталған. Ахмет
Байтұрсыновтағы ұлағат-ой ӛзге бір сарынға бой ұрып, түпнұсқадағы
моральға жақындамайды:
Жұрт едік, аңқау ӛскен қазақ болып,
Далада кең сахара кӛшіп-қонып,
Алдаған залымдардың тіліне еріп,
Жүрмесек жарар еді мазақ болып.
А.С.Выготский Крыловтың осы мысалы туралы В.Кеневичтен алынған
мынандай бір дерек келтіреді. Крылов осындағы Түлкіні граф Хвостовпен
арақатынасына қатысты ӛз бейнесі етіп жасаған. Әдетте Крылов Хвостовқа
ӛз мысалдарын оқыған соң, оның мақтауын алып, сосын графтан қарызға
ақша сұрап алады екен
63
. Крыловтағы әдемі сӛйлейтін, келемежшіл қу
Түлкінің сүйкімдірек шығуының бір ұшығы осында жатса керек. Ал Ахмет
63
Выготский Л.С. Психология искусства. – М., 1986 . – С. 155.
235
Крылов ұсынған желіге ӛзге мән-мағына, кең мазмұн беріп, жаңаша ой
айтады.
Ахаңды тартқан Крылов ұсынған қарғаның аңқаулығын келемеждеу емес,
сол қарғаның аянышты халі. Аңқау халықты сүлікше сорған түлкі-
шенеуніктер сұрқиялығы. Сондықтан да Ахаңның түлкісі – қу ғана емес,
аңқаудың аузындағысын тартып жеуден тайынбайтын залым.
Крылов пен Абайдағыдан гӛрі Ахмет түлкінің залымдығын, сипатын
айқындай түсуге күш салады. Мәселен, Крылов ә дегенде-ақ “На ту беду
Лиса близеконько бежала” деп жылы тартса, Абай “Бір қу түлкі сорына,
жақын жерде жүр еді”
деп береді, ал Ахмет оны бірден “Ағашты Түлкі залым
аралар ма?” деп, залымдығына назар аударады. Яғни, осы бір Белинский
“ғибратшылдық пен ақындық шарпысып жататын” топқа енгізген мысал
Ахаң ӛңдеуінде ӛткір сатираға айналып, әлеуметтік жүк кӛтерген.
Ал Ахмет болса, елді ағартушылыққа шақырып, қазақ оқырмандарына ой
салу мақсатын кӛздей отырып, мысалдарда неғұрлым саяси-әлеуметтік мән-
мазмұн беруге тырысты. Сондықтан да Крылов мысалдарындағы ӛмірден
алынған, шымырлаған шындық, ой мен идея, Ахаңның қиялын тербеп, ойына
ой қосып, аудармадан туған тӛл туындысында заманалық, уақыт мінбесінен
айтылған ӛткір де ӛміршең ойларын жыр жолдарына түсіруге жетеледі.
А.Байтұрсынов Крылов мысалдарының Белинский бӛлген үш тобына да
назар аударса, Абай үшінші топтан мысал аудармаған
64
. Ол, кӛбіне, екінші
топтағы мысалдарды аударған. Яғни, Абай орыс халқының Крылов
заманындағы
саяси-әлеуметтік
ерекшеліктерінен
туған
сатиралық
мысалдарды кӛп алмайды. Абайды Крылов шығармаларындағы поэтикалық
кӛркемдігі жоғары мысалдар қызықтырған. Абайдан соңғы қазақ
ақындарының кӛпшілігі осы дәстүрді берік ұстанған. Мәселен, Бекет
Ӛтетілеуов те осы екінші топтағы мысалдарды кӛбірек аударған. Бірінші
топқа кіретін мысалдардан ол алты, үшінші топқа кіретін мысалдардан бір
(“Мұжықтар мен ӛзен” – “Крестьяне и река”) мысал аударған
65
.
“Қырық мысалдағы” тәржімаланған шығармалардың 38-і Крыловтан
алынған, ал екеуі (“Ат пен есек”, “Екі шыбын”) Дмитриев пен Хемницерден
алынған. Ӛзі таңдаған 40 мысалды тұтас бір шығарма тәрізді жүйеге құра
отырып Ахаң “Аққу Шортан һәм Шаянды” кітапты ашар кілт, ал соңғы
мысал “Малшы мен масаны” айтар ойдың түйіні ретінде берген.
“Малшы мен Маса” – Ахаңның ең ӛзекті ойын беретін, Ахаң
мысалдарының тӛл туындылық қасиетін айқын танытатын асыл дүние.
Ақынды осы мысалда жазуға итермелеген қазақ тұрмысын, оның қайғы-
қасіретін шынайы кӛрсетер образдардың бедерлі бейнесі. Крыловта оқиға
кӛлемі 9 жол, Ахаңда 18 жол. Әңгіме жолдарының айырмашылығында емес,
ортақ сюжеттегі айтылар ойдың, берер ғибраттың әр алуандығында. Крылов
мысалында малшы кӛлеңкеде
ұйықтап жатқанда, жылан шағуға жақындайды,
64
Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 1985 . – 214 б.
65
Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр кӛгінде. –Алматы, 1969. – 93 б.
236
сол кезде маса малшыны шағып оятады. Оянған малшы масаны тұрмастай
етіп қағып түсіріп, жыланды сонан соң аңғарып, оны да ӛлтіреді. Бұл
оқиғадан қорытындыны Крылов былай береді:
Достарыңызбен бөлісу: