233
негізгі күнәһарын танытуға, сол арқылы халқын оятып, саналандыруға
талпынған. Отарлық бұғауды үзбей, даму, ӛрлеу, ӛсу мүмкін емес.
Осы тұста мына бір мәселеге назар аудара кеткен орынды. Ахметтің
Крыловты аударған басқа ақындардан айырмашылығы неде?.. Қазақ ақын-
жазушылары шама-шарқынша Крыловты аударып, ұлы мысалшыны қазақ
тілінде сӛйлетуге тырысқан. Оның ішінде, Абай - 12, С.Кӛбеев – 37,
Б.Ӛтетілеуов – 12 мысал аударған. Кӛріп отырғанымыздай, Крылов мұрасын
барынша мол аударуға ден қойған А.Байтұрсынов. “Қырық мысалдағы” 38
мысал, кейінгі “Маса” жинағына енген үш мысал, барлығы – 41 мысал ау-
дарған. Ахаң мысалының ерекшелігін таныту үшін оның ӛзіне дейінгі
аудармашылар тәжірибесімен салыстыра қараудың ұтары бар. Ахмет пен
Абай аудармаларын салыстыра қараған сәтте, біраз мысалдарды екеуінің де
аударғанын байқаймыз. Абай аудармаларын А.Байтұрсынов білді ме екен
деген сұраққа жауапты біз Ахаңның ӛзінен табамыз. 1913 жылғы “Қазақ”
газетінің үш санында (39-41) жарияланған Абай туралы “Қазақтың Бас
ақыны” атты мақаласында ол “1903 жылы қолыма Абай сӛздері жазылған
дәптер түсті“, – деп жазады. А.Байтұрсынов Крылов мысалдарын негізінен
1901-1904 жылдары аударғандығын еске алсақ, онда Ахметтің Абай
аудармаларымен таныс болғандығына күмәнданбасақ керек. Ахмет қалам
сілтеген “Ӛгіз бен Бақа”, “Қарға мен Түлкі”, “Жарлы бай”, “Ала қойлар”,
“Сорлы болған мұжық”, “Бұлбұл мен Есек”, “Емен мен шілік” нұсқасы Абай
аудармаларында да бар. Бұлардың ішінде “Түлкі мен Қарға”, “Есек пен
Бұлбұлды” М.Әуезов нағыз Абай аудармалары деп санайды
60
.
Әуезов нақты Абай аудармасы деп таныған, Крыловтың “Қарға мен түлкі”
мысалының Абай аударған нұсқасын Ахмет аудармасымен салыстырып
қарасақ, екі тәржіманың арасында айырма барлығына кӛз жетеді. Мысалдың
түпнұсқасында мораль шығарманың басында айтылып, одан кейін болған
оқиға баяндалады. Абай да сол алғашқы жүйені сақтаған. Крыловта
айтылатын тӛрт жол моральды:
Достарыңызбен бөлісу: