Мазмұны кіріспе


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



бет3/19
Дата11.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#30650
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................

75

КІРІСПЕ


Диплом жұмыс тақырыбының өзектілігі. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Адам өзін - өзі жетілдіруге де, жоюға да қабілетті. Адамның өз болмысын тануға, ұмтылуға көмектесіп, тереңде жатқан талап тілегін, қабілеттерін дамытуға тиіс. Cол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады»- деп көрсетілген [1]. Яғни адамның ең жарқын ерекшеліктерінің бірі оның сөйлеу қабілеттілігі, ал сөйлеу қабілеттілігінің қалыптасуы мектеп жасына дейінгі балалардан бастау алады.

Сөз-адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды факторы. Біздің миымыздың белсенділігі екінші сигнал жүйесінің қызметіне байланысты. Сондықтан адамның барлық психикалық ерекшеліктері сөйлеу арқылы ғана көрініп өмір сүреді П.Ф.Лесгафт [2] санасы іске қосылған адам өзі аңғарғанының бәрін сөзбен жеткізіп бере алады деп орынды көрсеткен.

Сөз - сөйлеу тілінің негізгі бөлігі болып табылады. Ол өз қызметінде- заттардың нақты аталуын, қызметін, белгісін, адамның сезімін, түрлі қоршаған орта құбылыстарын түсіндіруді мақсат етеді [3]. Сөз грамматикалық құрылымның көмегімен, сөйлеу қызметін жүзеге асырады [4].

Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы - сөйлеу тілінің түрлі күрделі бұзылыстары, мұнда дыбыстық және мағыналық жақтарына қатысты сөйлеу жүйесінің барлық компонеттерінің қалыптасуы бұзылған. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бірмезгілде даму механизмі бойынша ауызша сөйлеу тілі бұзылыстарының түрлі формаларында бақыланады. Жалпы сапалық белгілері ретінде сөйлеу тілінің кеш пайда болуы, сөздік қорының жеткіліксіздігі, аграмматизмдер, дыбыс айту бұзылыстары, дыбыс түрлендіру бұзылыстары білінеді.

Дамымаушылық түрлі деңгейде айқындалады, жалпы тіл дамуының бұзылысы деңгейіне қарай оларды білім алатын, сонымен қатар арнайы білім беруді қажет ететіндер деп бөлуге болады. Сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстарының ішінде алалия, дизартрияның түрлері, тұтықпаның кейбір түрлері және т.б кездеседі.

Жақсы сөйлеу - баланың жан-жақты толыққанды дамуының кепілі. Баланың сөйлеуі дұрыс әрі неғұрлым бай болса, соғұрлым қоршаған шындықты тану мүмкіндіктері кең болады, бала өз ойын кеңінен айта алады, сонымен бірге үлкендермен, құрдастарымен толыққанды қарым-қатынаста болады, және психологиялық дамуы белсенді түрде жүзеге асады. Сондықтан баланың сөйлеу тілін өз уақытында қалыптастыру, оның дұрыстығын, сөйлеу тілінің түрлі бұзылыстарының алдын алу мен түзету өте маңызды.

Біздің зерттеуіміздің мәселесі жалпы тіл дамуыныңжүйелі бұзылыстары бар балаларды түзете-дамыту барысында қалпына келтіруі болып табылады. Бұл мәселемен Т.Б. Филичева [5], Г.В. Чиркина [6], В.А. Ястребова [7], Туманова Т.В. [8], Н.С.Жукова [9], Е.М. Мастюкова [10] және тағы басқалары айналысты.

Бұл мәселе толығымен ашылды. Осы тақырып бойынша әдебиеттерді талдауда балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту бойынша сұрақтар анықталды. С.А.Миронова [11] «Балаларды әңгіме құрастыруға үйрету бөлімінде тура сөйлеу тілін дамыту бойынша жұмыстың әдістері мен мазмұнын ашты.

Сонымен қатар, жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балаларды байланыстырып сөйлеуін қалыптаструда сюжеттік-рөлдік ойындарды пайдалану жан-жақты дамытуда маңызы зор. Арнайы ұйымдастырылған сюжеттік-рөлдік ойындар балалардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстарын түзетіп, сөздік қорын байытып, таным іс-әрекетінің жетіспеушілігін дамыту үшін арнайы ұйымдастырылып белсенді пайдалануды қарастырады.

Сюжеттік-рөлдік ойын іс-әрекеті барысында жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балаларды ұжымшылдық, еңбексүйгіштік, өздігінен жұмыс жасау сияқты жеке тұлға қасиеттері, өзін-өзі бақылау біліктілігі қалыптасады. Педагог-дефектологтың немесе логопедтың, тәрбиешінің жетекшілігімен жүзеге асатын бұл үдеріс кезінде балалардың интеллектуалды дамуында, танымдық, қоғамдық және т.б. қажеттіліктер мен қызығушылықтарының туындауында едәуір жағымды өзгерістер болады.

Логопедиялық жұмыста түрлі сюжетті ойындарды қолдануды Г.С.Оразаева, Г.М.Қасымовалар [12, 13] зерттеді және оларды қолдану әдістемелерін ұсынды. Қазіргі кезде осы идея арнайы білім беру ұйымындағы жұмыс жүйесінің айырмас бөлігі болып табылады. Сондықтан, ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту, дамыту, тәрбиелеу мәселесімен айналысқан барлық зерттеушілер олардың еңбектік даярлығына зор мән берген.

Т.А.Шимкович жалпы тіл дамуының бұзылысы Ш деңгейі бар балалардың сипаттап хабарлау сөйлеу тілін қалыптастыру бөлімінде баланың өз бетінше суреттеп хабарлау сөйлеу тілін қалыптастыруды жүзеге асыратын дәстүрлі тәсілдер мен әдістер қажет, сонымен бірге жаңа, тиімді, ғылыми негіздегі дамыту жолдарын іздеу керек. Бірақ бұл тақырып мектеп жасына дейінгі логопедияда толығымен зерттелген жоқ, қосымша зерттеуді талап етеді және сондықтан біз осыған тоқталдық. Осы мәселені шешу біздің зерттеу мақсатымызды құрды. Осы сұрақтардың өзектілігі және олардың теориялық және тәжірибелік өңделуінің жетіспеушілігі бізге зерттеу жұмысының тақырыбын анықтауға: «Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптаструда сюжеттік-рөлдік ойындарды пайдалану» мүмкіндік берді.

Демек, жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалардың сөйлеу тілін жетілдіруде, байланыстырып сөйлеуін қалыптаструда сюжеттік-рөлдік ойындарды пайдалану, іс-әрекеттің ролін анықтау мәселесі қосымша тереңірек ғылыми зерттеуді талап ететіндігін анық көреміз. Себебі, жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптасуын жан-жақты дамыту үшін сюжеттік-рөлдік ойындарды пайдалану тақырыбына байланысты зерттеу жұмыстары барлық саланың мамандарымен жүргізілген десек те, сөздік қорын дамыту үшін іс-әрекеттің бұл түрін кеңінен қолдануға арналған мәліметтер мен материалдар арнайы әдебиетте жеткіліксіз түрде берілген. Яғни, осы ғылыми зерттеу жұмысы аса маңызды болып отыр. Осыдан келесідей қарама-қайшылық туындайды:

Арнайы білім беру жүйесінде бүгінгі ғаламдану жағдайында әлеуметтік өмірге бейімделген, қарым-қатынас жасай алатын тұлғаны даярлау қажеттілігі мен бұл жұмысты жүргізудің теориясы мен әдістемесінің жеткіліксіздігі арасындағы қарама-қайшылық. Осы қарама-қайшылықты шешу жолдарын іздестіру біздің зерттеу тақырыбын «Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптаструда сюжеттік-рөлдік ойындарды пайдалану» деп таңдауымызға негіз болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет