Мазмұны кіріспе



бет14/19
Дата11.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#30650
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
айман дип

Дене мүшелері



Көрсетілген суреттер

Өз бетінше айтуы

Айтқан жоқ

1

Бас







2

Құлақ







3

Мұрын







4

Ауыз







5

Көз







6

Қол







7

Аяқ







8

Саусақ







9

Иық







10

Мойын








Көкеністер



Көрсетілген суреттер

Өз бетінше айтуы

Айтқан жоқ

1

Қырыққабат







2

Қызылша







3

Картоп







4

Қызанақ







5

Қияр







6

Сәбіз







7

Шалқан







8

Пияз







9

Сарымсақ






Жүргізілген тәжірибе барысында жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалар жеке дыбысты буында сөздерді айтқанда, ауыз екі сөйлеу кезінде айтылуы ұқсас дыбыстармен шатастыратыны байқалды (сәбіз - сәпіз, саусақ - шаушақ, аяқ - аяғ және т.б.).



Рр/с

Аты-жөні

Жасы

Уақыты

Дұрыс көрсетуі

Дұрыс

айтуы


Көмекті қажет етуі

  1. 1

Әбілжан Айдос

6 жас 5 ай

9 мин 00 сек

-

+

+

  1. 2

Молдағалиева Арай

6 жас 8 ай

9 мин 45 сек

-

-

+

  1. 3

Адамбек Арман

7 жас 2 ай

9 мин 30 сек

+

-

+

  1. 4

Қыстаубаева Сәуле

8 жас 7 ай

9 мин 55 сек

+

-

+

  1. 5

Орынтай Айша

8 жас 3 ай

9 мин 00 сек

-

-

+

  1. 6

Серікбай Даниял

7 жас 6 ай

9 мин 50 сек

+

-

+

  1. 7

Орманов Берік

8 жас 2 ай

10 мин

50 сек


-

-

+

  1. 8

Нұрмашева Мадина

8 жас 4 ай

10 мин

55 сек


-

-

+

  1. 9

Олжатай Қайрат

7 жас 7 ай

9 мин 55 сек

-

-

+

Жүргізілген тәжірибе барысында ІІІ деңгейде жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың қол моторикасы мен қабылдау ерекшеліктері анықталды. Жоғарыда берілген кестеден олардың қол моторикасы мен қабылдау деңгейінің нормалық көрсеткіштерден біршама төмен екенін көреміз.

Сөйтіп, «Мынау неге ұқсайды» әдістемесін орындау кезінде жалпы тіл дамуының бұзылысы бар 5-6 жастағы балалар берілген жай фигуралардан біртұтас заттың бейнесін толықтай шығара алмады.

Осының салдарынан көптеген жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалар тәжірибе жүргізушіге қайта-қайта сұрақтар қойды, ережеге сәйкес әрекет етпеді, керісінше біраз қателіктер мен түсінбеушіліктерге тап болды. «Мынау неге ұқсайды» әдістемесінің үш үлгісі ұсынылғандықтан, жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалар оларды әртүрлі етіп орындады. Нақты айтқанда, қатысушылардың басым бөлігі төртбұрышты үйге (іргетасына, терезесіне, шатырына, есігіне) ұқсатты. Ал берілген дөңгелекті сынаққа қатысқан балалар күн бейнесіне ұқсатты. Жүректің схемалық суретін анықтау тәжірибесіне қатысқан балалар еш нәрсеге ұқсата алмады.

Сонымен бірге анықтау тәжірибесіне қатысқан балалар берілген уақытты үнемдемеді. Тапсырманы орындау барысында әдістеменің талаптарына жатпайтын басқа әрекеттерді де жасады. Мысалы, Қанат Т. жұмыс орнынан тұрып, оқу бөлмесін аралап жүрді. Ал Жанай Н. қасында отырған «көршісіне» қарап істегенін қайталады, яғни ол бейнелеген суретті өзінің альбомына «түсіріп» отырды. Дайын болған суреттер бір-біріне қатты ұқсас болды, онда бейнеленген заттар күнделікті тұрмыстағы жақсы таныс нәрселер. Салынған суреттерді толықтыру, әсерлеу жағына келетін болсақ, балалар ешқандай тәсілдерді қолданбаған.

Ал «Суретті боя» әдістемесін орындау кезінде сынаққа қатысқан балалар ұсынылған бейнелерді сызықтан шығарып, қарындашты қатты басып тұрып, қою штрихпен бояды. Тапсырманы орындауға жұмсалған уақытта регламенттен 50 - 60 секундқа артық болды. Сонымен қатар кейбір жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалар тәжірибе жүргізушіден көмектесуді сұрады. Оларға тапсырманың ережесін қайталау, мысал ретінде суретті бояп көрсету сияқты көмек көрсетілді.



Әдістемелерді орындау барысында жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалардың әрекеттері мен қылықтарын бақылау, олардың ауызша берілген нұсқауларға зейін қоймайтынын да айта кеткен жөн. Анықтау тәжірибесі кезінде орын алған келеңсіз жағдайлар балалардың психологиялық ерекшелігімен, соның ішінде қол моторикасы дамуының төмендігімен түсіндіруге болады. Ал сурет сабағын бақылау нәтижесінде балалардың қабылдау үдерісін мақсатты түрде дамытуға ешқандай жұмыс жүргізілмейтіні анықталды.

Кесте № 3. Әдістемелерді орындау деңгейлері




тапсырма

деңгейі


төмен


орташа

Жоғары

Дұрыс көрсетуі бойынша

60 %

40 %

-

Дыбыс айтуы бойынша

75 %

25 %

-

Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу әрекетін тексеру кезеңдердің белгілі бір реттілігін сақтай отырып жүргізілді. Әрбір тапсырмаға нұсқау беріліп, онда балаларға қол жеткізуге болатын нәтиже көрсетіледі. Ол бағытталуға көмектеседі, оның балалар үшін маңызы зор. Бала қиындыққа тап болған жағдайда оған нұсқауды қайталап оқу, үлгі көрсету, көмекші сұрақтар қою тәрізді көмек көрсетіледі.

Байланыстырып сөйлеу тілінің даму деңгейін бағалау балдық жүйеде ұсынылған. Тапсырманы орындау нәтижесін 5 балдық жүйе бойынша бағалау ұсынылған. Әрбір тапсырма жеке бағаланады және графикалық түрде ұсынылуы мүмкін. Бұл жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік әрекетінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, олардың нәтижесін басқа балалардың нәтижелерімен салыстыруға мүмкіндік береді.

Бағалау критериі тапсырманы дұрыс орындауды және тапсырманы орындау процесінің ерекшелігін бейнелейді (нұсқауды түсіну және қабылдау, ұсынылған көмекті пайдалану, қатені түзету мүмкіндігі).

Мәтіннің түсінігін айтудағы байланыстырып сөйлеу тілінің бағалау критерилері: мәтінді түсінуі (жағдайды түсіну, негізгі тұлғаларды анықтау, кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау) және түсінігін дұрыс айту (грамматикалық ережелерді сақтау, сөзді дұрыс байланыстыру)сөйлеу тілінің бұзылысын анықтап қана қоймай, сонымен қатар осы топтағы жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балаларға тән көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндік береді.

Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық әрекеті мен байланыстырып сөйлеу тілінің ерекшеліктерін ескере отырып, танымдық белсенділікті белсендіретін сюжеттік-рольдік ойындар, жаттығулар, көрнекі материалдар (суреттер, ойыншықтар) қолданылады.

Суреттік материалдарды әйгілі оқулықтардан Т.Б.Филичева А.В.Соболева, Т.В.Тумановалардың [48] еңбектерінен табуға болады. Сөздік материал жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі ІІІ деңгейдегі балалардың сөйлеу әрекетінің жасына сай даму көрсеткіштеріне негізделе отырып таңдалып алынады.

Ал тапсырмалар жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі 5-6 жастағы балаға көлемі және күрделілігі бойынша сай алынған.

Тапсырмалардың көбісі балалардан тереңдетілген түсінікті талап етпейді. Тексеру нәтижесі сөйлеу картасына енгізіледі.

И.Д.Коненкованың [49] логопедиялық жұмысының динамикасын бағалау үшін жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі баланы оқу жылының басында және соңында тексеру керек.Ұсынылған материалды қолдану келесі сұрақтардың шешімін табуға көмектеседі.



  • Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі ІІІ деңгейдегі балалардың ерекшеліктерін ескеру;

  • Сөйлеу әрекетінің барлық жақтарының қалыптасуы жөнінде қортындыжасау (жіберілген қателерді ескеру, тапсырманы орындау процесі);

  • Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі баланыңпотенциалды мүмкіндігін анықтау;

  • Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі баланыңқажеттілігіне сай түзету-дамыту жұмысын жоспарлау;

  • Жеке жағдай жасау;

  • Әртүрлі кезеңде алынған нәтижелерді құруда динамиканы анықтап, келешектегі жұмыс бағытын анықтау;

  • Фактордың әсерін төмендету.

И.Д.Коненкованың [49,36б,] оқулығындағы материалдарға сүйене отырып, зерттелуші жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балаларда текесеру жүргізіледі. З.М.Богуславская, А.К.Бондаренко [50, 51] сюжеттік-рольдік ойындарды педагогтың ұйымдастыруы үш бағытта жүзеге асырылатынын көрсетеді: сюжеттік-рольдік ойындарды өткізуге дайындық, оны өткізу және талдау жасау.

Сюжеттік-рольдік ойынды өткізуге дайындыққа кіретіндер:

- оқыту мен тәрбиелеу міндеттеріне сай ойындарды таңдау, білімді тереңдету мен жалпылау, сенсорлы қабілетті дамыту, психикалық процесті белсендіру (есте сақтау, зейін, ойлау, сөйлеу).

- ойынның балаларды оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламалық талаптарына сай келуі;

-сюжеттік-рольдік ойынды өткізуге тиімді уақытты анықтау (сабақта немесе бос уақытта);

- балалардың еркін ойнауына мүмкіндік болатын жерді таңдау. Ойынды бөлмеде немесе алаңда өткізеді.

- ойыншылардың санын анықтау (барлық топ, азғана топшалар, жеке);

- ойынға арнап материалды дайындау (ойыншықтар, әртүрлі заттар, суреттер, табиғи материалдар);

- ойынға тәрбиешінің дайындалуы: ол ойынның жүрісін, өтілетін жерін, ойынға басшылық ету әдістерін ойластыру керек;

- балаларды ойынға дайындау: оларды біліммен қаруландыру, қоршаған ортаның заттары мен құбылыстары туралы мәлімет беру.

Сюжеттік-рольдік ойынды өткізуге төмендегілер кіреді:


  • ойында қолданылатын материал мен ойын мазмұнымен балалардытаныстыру (заттар мен суреттерді көрсету, қысқаша әңгімелесу);

  • ойын ережесін түсіндіру. Бұл жағдайда логопед балалардың ойынның

ережесіне сай мінез-құлықтарына, ережені қатаң сақтауына көңіл аудару.

  • ойын әрекетін көрсету, мұнда логопед балаларды қимылдарды дұрысорындауға үйретеді.

  • логопедтің ойындағы рөлін анықтау;

  • ойын қортындысын шығару - бұл жетекшілік етудегі жауапты шарт. Ойында жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгібалалардың қол жеткізген жетістіктеріне көз жеткізуге болады.

Өткізілген ойынға талдау жасау оны дайындау мен өткізуге бағытталған: қойылған мақсатқа жетуге қандай тәсілдер тиімді болады. Бұл дайындық пен ойынды өткізуге процесін жетілдіруге, қателіктер жібермеуге көмектеседі.

Сонымен бірге ойынға талдау жасау баланың мінезіндегі жеке ерекшеліктерін, мінез-құлқын анықтауға және олармен жеке жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі ІІІ деңгейдегі балалардың топтағы ойындарына басшылық ете отырып, балалардың мүмкіндіктерін ескеру керек. Бұл жаста балаға байқағыштық, жаңаға деген қызығушылыққа бейім. Оған тапсырманы шешуге деген ұмтылыс тән. Білім көлемі кеңейген сайын балалардың танымдық әрекетінде өзгерістер болады. Сондықтан ойынды таңдауда ойын әрекеті мен ережесінің қиындығына мән беріледі. Ойын процесінде балалар ерік жігері мен ақылын-санасын қосу керек.

Ойында жарысу мотиві маңызды орынды иелененіп, балаларға ойынды таңдауға және оны шешуде таңдау беріледі.Ойында логопедтің рөлі ауыстырылып отырылады. Бірақ мұнда да логопед жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балаларды ойынның мазмұнымен, ережесі мен іс-әрекетімен таныстырыра отырып балаларға түсінікті болу үшін олармен бірге ойнайды.

Содан кейін ол балаларға өз бетінше ойнауды ұсынады, алайда алғашқы кезде педагог балалардың қимыл әрекетін бақылап отырады. Бірақ кейбір ойындар тәрбиешінің қатысуын талап етпейді, жәй ғана ойын ережесін түсіндіру мен шектеледі. Бұл көбнесе үстелүсті ойындарына тән.

Осылайша, мектеп жасына дейінгі жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалармен сюжеттік-рольдік ойындарды өткізуге басшылық ету логопедтен ойластырылған жұмысты талап етеді.

Сюжеттік-рольдік ойында көрнекіліктің, логопед сөзінің үйлесімділігі балалардың ойыншықпен, заттармен дұрыс іс-әрекет ете алуы қадағаланады.

Үлкен топтарда көрнекілікті жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі баланың жасына байланысты таңдап алып қолдану керек. Осы жастағы балалар суреттерді (жұп), үлкен кубиктерді ұнатады. Логопедтің алғашқы ойын әрекеттерін көрсетуі, мадақтау әдісін қолдануы-мұның барлығы логопедтің ойынды ұйымдастыруы мен басқаруында қолданылатын көрнекі тәсілдерінің қатарына жатады. Ойыншықтар мен заттарды логопед іс-әрекет арқылы көрсетеді.

Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу әрекетін дамытудағы сюжеттік-рольдік ойында отбасы мүшелерін, дәрігер, сатушы рөлін ойнап т.б. кейіпкерлер болып, ыдыс-аяқ, киімдер, жануарлар, жемістер мен көкеністер туралы сипаттау тәрізді жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар әртүрлі ойыншықтарды қолдануға болады.

Анықтау экспериментті әрбір баламен жеке И.Д.Коненкованың [49,52б.] әдісі бойынша жүргізіледі №2 кесте. Балалардың байланыстырып сөйлеу әректінің қалыптасуының көрсеткіштері №2 қосымшада график түрінде көрсетілген.



Анықтау экспериментінің көрсеткіштері

(балл түрінде)



Баланың аты-жөні

Балл саны

1.

Әбілжан Айдос

62

2.

Молдағалиева Арай

46

3.

Адамбек Арман

70

4.

Қыстаубаева Сәуле

73

5.

Орынтай Айша

62

6.

Серікбай Даниял

69

7.

Орманов Берік

62

8.

Нұрмашева Мадина

69

9.

Олжай Қайрат

47

10

Ушуров Надирбек




Кестедегі балға қарай отырып сөйлеу тілінің даму деңгейі әртүрлі балалар жоғары (75-100 балл алған), орта (50-75 балл), төмен (50 ден төмен) деңгейлерге бөлінеді.



Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу әрекетін мұқият тексергеннен кейін мынандай қортынды жасауға болады.

Балалардың қарым-қатынасқа түсуі қиын сұрақтарға шарасыздан жауап береді. Сөйлеу мәнері анық емес, кейбір балалардың дауыстары мұрын астынан шығады. Тапсырманы орындауға деген құлшыныс білдірмейді.

Лексикалық сөздік қоры қалыптыдан төмен. Енжар сөздік қорында ұсынылған сөздің барлығы ал белсенді сөздік қорында 17 ұсынылған сөздің 17-сі бар. Синонимдерді табуға арналған тапсырмаларды қиындықпен орындайды, ал антонимдерді көмек көрсетудің негізінде ғана таба алады.

Мағынасы жағынан ұқсас сөздерді ажырату бұзылған. Осы сипаттағы барлық тапсырманы педагогтың көмегі арқылы ғана орындай алады.

Жалпылау деңгейі өз жасына сай емес. Кейбір тапсырмаларды тіпті орындай алмайды («жемістер», «көкеністер»,-«тамақ», «ыдыстар» - «одан тамақ ішеді», «көлік» - «онымен жүреді»).

Грамматикалық қатар қалыптыдан төмен. Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалар мынандай қателіктер жібереді: зат есімнің көпше түрінде атауынан «алмалар» деудің орнына «алмадар», «дәптер» деудің орнына дәптердер. Көбінесе септіктерді дұрыс жалғамау кездесті. Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалардың берген жауаптары көп жағдайда мынандай болады:

- Мен ойыншықты қайдан алдым?

- Сол жақтан.

- Себепті қайда қойдым?

- Сол жаққа.

Көмекті қолдана алмайды, бұл тапсырмалар вербальды емес деңгейде орындайды (суретті қолдану арқылы). Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалардың сөзжасам дағдылары жеткілікті қалыптаспаған. Жануарлардың төлдерін атау, оларды еркелетіп атау қиындық тудырды.

Артикуляциялық аппаратының құрлысын тексеру ешқандай ақаулықты анықтаған жоқ.

Дыбысайту бұзылыстарының ішінде ызың, ысқырық, сонолы дыбыстарды жатқызуға болады.

Фонематикалық есту қабілетінің қалыптасуын тексеру үшін жалпы тіл дамуының бұзылысы бар бала айта алатын буындар ұсынылады. Балалардың буындық құрылымы бұзылған. Алмастырулар («қаймақ» - «қайқақ»), тастап кетулер («балық» - «балқ») байқалады. Сөйлем айтуда буындық құрылымының бұрмалануы, сөздердің алмастырылуы, сөйлем құрлысының бұрмалануы байқалады. Мысалы, «Анам дүкеннен жемістер алды» сөйлемінің орнына «анам жемс алд»; «ағам жемпір киді» сөйлемнің орнына «ағам жепр кид» дейді.

«Үйректер» сипатындағы мәтіннің түсінігін балалар жақсы айтты. Алайда түсінік айтуда көптеген кідірістер, мәтіннің бір бөлігін қалдырып кету, аграмматизм байқалады, сонымен қатар жай сөйлемдер кездесті. Балалар осындай жұмыс түрін орындауда көмекті талап етті. Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалар мәтінде айтылған жағдайларды түсінген, ал негізгі ойы толық және анық болмаған. Сұрақ қою арқылы жауап берулері төмен.

Анықтау кезінде жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалар сөздік іс-әрекеттің түрлі деңгейін көрсеткен. Төмен көрсеткішті 2 бала алған, бұл жалпы балалардың 22% құрайды. Ал қалған жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балалар орташа деңгейде. Бұл 78% құраған. Өкінішке орай, жоғары деңгей ешбір жалпы тіл дамуының бұзылысы бар балада байқалмаған.

Жүргізілген зерттеулер жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарының жүйелік сипатқа ие екендігін көрсетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет