Мазмұны кіріспе


Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуәрекетін дамытатын сюжеттік-рольдік ойындарға сипаттама



бет15/19
Дата11.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#30650
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
айман дип

2.2 Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуәрекетін дамытатын сюжеттік-рольдік ойындарға сипаттама


Біз А.К.Бондаренко[51] және С.Швайколар [52,56б,] ұсынған әртүрлі сюжеттік-рольдік ойындарды қарастырайық. Осы авторларға сүйене отырып, біз дидакткиалық

- сөздің мәдени жағын қалыптастыру;

- сөздік қорды толықтыру;

- сөздің грамматикалық қатарын қалыптастыру.

Ойын тапсырмалары олардың байланыстырып сөйлеу әрекеті қатысатындай етіп таңдалып алынады. Жалпы тіл дамуының бұзылысы бар бала логопедтің сұрағына жауап береді, қатарластарымен диалогқа түседі, өзінің және ойындағы серігінің жұыс нәтижесін бағалайды, өзінің ойындық іс-әрекетін түсіндіреді.

Тексеру нәтижесіне негізделе отырып, түрлі мазмұндағы сюжеттік-рольдік ойындар қолданылады.

Негізгі ойын материалы заттық суреттер болды. Кейбір ойындар үшін суреттер бір жиынтыққа біріктіріледі, ол көбінесе ойынның мақсатына байланысты болды. Суреттер ескі әліппе, оқулықтардан қиылып алынып, бірдей қалың қағазға жабыстырылады.

Ойын материалының, ойынның мақсаты мен жүру барысына толық шолу төменде көрсетілген. Осылайша ойынды қолдану балалардың ойынға деген қызығушылығын сақтауға, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі жалпы тіл дамуының бұзылысы бар ІІІ деңгейдегі балалардың байланыстырып сөйлеу әрекетін дамытуға мүмкіндік береді.

№1 кешен


  1. «Сөздің алғашқы дыбысты анықта» лотосы.

Мақсаты: Сөздегі алғашқы дыбысты бөліп алуды жаттықтыру

Көрнекіліктер: Суреттер саны, балалар санымен бірдей болуы керек. Логопедиялық топтарға (4 әріп жазылған суреттер беріледі).

Карточкадағы суреттер:

А

Автобус



Аққу

Ананас


Алма

Ә

Әйнек



Әткеншек

Әтеш


Әнұран

О

Орман



Орындық

Орақ


Орамал

У

Уық



Уылдырық

Уыс


Қ

Қыс


Қалам

Қар


Қасқыр

Т

Тарақ



Тас

Тау


Тауық

С

Сағат



Сілеусін

Сүлгі


Сіріңке

Д

Доп



Дәптер

Дуадақ


Дала

П

Парта



Піл

Парақ


Перде

Р

Радио



Ракета

Ж

Жіп



Жастық

Жапырақ


Карточкадағы суреттердің мазмұны әртүрлі болуы мүмкін:

а) дауысты дыбыстардан басталатын, әртүрлі заттар (автобус, әтеш, орман);

б) дауыссыз дыбыстардан басталатын, әртүрлі заттар (жастық, сағат, тарақ);

Ойынның ұйымдастырылуы

Ойында 4-6 бала ойнайды. Педагог балаларға карточкаларды таратады. Балаларға таратылған карточкалардағы суреттердің алғашқы дыбысын сұрайды.

№2 кешен


«Кімде қандай зат бар?»

Мақсаты:Атаулары бірдей екі затты салыстыруға жаттықтыру. Заттың заттық белгілерін салыстыра отырып байқағыштығын дамыту.Мектепке дейінгілердің сөздік қорын зат есіммен заттың атаулары мен бөліктерімен;заттың түсі мен көлемін білдіретін сын есіммен; үстеумен, жұрнақпен толықтыру. Заттың сапасын дұрыс сипаттайтын сөзді қолдануға қол жеткізу.

Ойын материалы

Бір бірінен бірнеше белгісі мен бөліктері арқылы ерекшеленетін, зат бейнеленген жұп картинка:

- 2 түйме, түсі,көлемі,формасы және тесігінің саны бойынша әр түрлі;

- 2 кесе, формасы, түсі салынған суреті бойынша әр түрлі;

- 2 балық, денесінің көлемі, желбезегі мен құйрығының ұзындығы мен түсі бойынша әр түрлі;

- 2 көйлек, гүлді және торлы, ұзын және қысқа жеңі, қалталарының орналасуы бойынша әр түрлі;

- 2 шелек, түсі және көлемі бойынша әр түрлі.

- Басқа да заттар: алжапқыш, қайық, аяқ киім,шарф, және т.б.

Ойын барысы

Тәрбиеші балаларға 2-3 жұп картинканы беріп, түсіндіреді: «Әрбір жұп картинкада атаулары бір заттар бейнеленген. Бірақ ол заттар бір бірімен ерекшеленеді. Қазір сол жайлы айтамыз. Бір затты мен айтам,екіншісін мен шақырған бала айтады. Кезекпен айтамыз, мен түсін айтсам,сендер де түсін, мен көлемін айтқанда сендер де заттарының формасын анықтайсыңдар». Баланы шақырып, көйлек түралы айтуды ұсынады.

Тәрбиеші: Менің картинкамда көйлек бейнеленген.

Бала: Менде де көйлек.

Тәрбиеші: Менің көйлегім ұзын жеңді. Ол күздік-қыстық мезгілге арналған.

Бала: Менің көйлегім қысқа жеңді, көктемдік-жаздық мезгілге арналған.

Тәрбиеші: Менің көйлегім торлы.

Бала: Ал менікі гүлді.

Тәрбиеші: Менің көйлегім бір қалталы,сол жақ кеуде тұста орналасқан.

Бала: Көйлектің төменде орналасқан екі қалтасы бар.

Келесі баламен балық жайлы бірге айтуды ұсынады.

Тәрбиеші: Менің балығым қызыл түсті.

Бала: Менікі көк түсті.

Тәрбиеші: Менің балығымның құйрығы ұзын.

Бала: Менікі қысқа.

Ары қарайғы ойынды балалар өздері салыстырып жүргізе алады. Тәрбиеші ойынның дұрыстығын сырттай бақылап отырады.

«Сөз тізбегі»

Мақсаты: Сөздегі алғашқы және соңғы дыбысты бөліп алуды жаттықтыру.

Көрнекіліктер: Суреттер бейнеленген карточкалар(қалам-мектеп-парта-алма-алмұрт-тарақ-қала-ат-тәңіз-зымыран-нан)

Карточкалардың көлемі 12х7см(10х6см). Үстелдік ойында 8х5см.

Ойын барысы: Балалар үстелінде екі балаға бір карточкадан қойылады. Тәрбиешінің қолында қаламның суреті болады. Тәрбиеші: карточкалардан тізбек құраймыз. Тізбек қалам сөзінен басталады, келесі сөз м дыбысынан басталуы тиіс.

№3 кешен


«Сипаттау бойынша тап»

Мақсаты: Балаларды заттың белгілерін ажырата алу қабілетіне тәрбиелеу. Бақылау қабілетін дамыту.

Ойын материалы: Заттық картинкалар: аққалалар, матрешкалар, көбелектер, қуыршақтар, қонжықтар. Әрбір заттың атаулары бір заттар бір болғанымен, кей белгілері әр түрлі болып келеді.

Ойын барысы:Тәрбиеші картинканы көрсетіп, мысалы аққаланы көрсетіп, түсіндіреді: «Алдарыңда алты аққала тұр. Бір қарағанда барлығы бір сияқты,ал егер мұқият қарасақ айырмашылықтарды байқауымызға болады».

Тәрбиеші балаларға айырмашылығы менн ұқсастығын табуды ұсынады.

- Аққаланың түріне қараңдаршы. Олар...

- Бірдей. Әрқайсысының екі көзі және сары түсті мұрындары бар.

- Ал бастарында?

- Біреусінде˗ шелек, екіншісінде˗ кастрюль. Басындағылары түрлі түсті.

- Қолдарында?

- Сыпыртқы, күрек, бұтақ. Бір аққала затты оң қолына ұстап тұр, басқалары сол қолда.

- Түймелерінің саны?

- Кейбіреуінде ˗екі,кейбіреуінде˗ үшеу.

- Мұқият болыңдар. Мен аққалалардың біреусі жайлы айтқанда,шатастырып алмаңдар,˗деп тәрбиеші ескертеді. ˗Ал мен қай аққала жайлы айтып жатқанымды табыңдар.Бұл аққаланың мұрны картоннан жасалған сары түсті, басында көк түсті шелек, қолында сабы қызыл сыпыртқы және көмірден жасалған екі түйме.

Осылай ойынды басқа да жолмен жалғастыруға болады.

Көбелектің сипаттамасы: Бұл көбелектің денесі қоңыр түсті, жоғарғы қанатында екі күлгін түсті дақ бар,ал төменгі қанатында қоңыр түсті дақ бар.

Қонжықтың сипаттамасы:Бұл қонжық қызыл жейделі, қоңыр шалбары бар.

№4 кешен


«Дүкенге саяхат»

Мақсаты:Балаларды заттың белгілерін ажырата алу қабілетіне тәрбиелеу. Бақылау қабілетін дамыту;сөздік қорында бағыныңқы сөйлемді қолдануды үйрету.

Ойын материалы

Көлде, Өзенде, тоғайларда жабайы қаздар тіршілік етеді. Қаз суда жүзетін құс. Қаздардың табандары жарғақты болып келеді.

Тәрбиеші балаларды үстелге шақырып қаздар жайында әңгімелейді. әр бала бір суретті алып, (қыран, тырна, қаз) құстардың қайсысы бірге иекендейтінін анықтайды және неге екендігін түсіндіреді. Мысалы: жапалақ пен қаран бірге орналасады, себебі олар жыртқыш құстар. Жапалақ тышқан және басқа да жануарларды аулайды. Оның да өткір тұмсығы және үлкен қанаттары бар.

Сызбаға сөзді сәйкестендіріп ал

Мақсаты:Балаларда сөзде с немесе ш дыбыстың орнын табуға үйрету (басында, ортасында, соңында).

Ойын құралдары:Қима қағаздарда дыбыстың сөзде орналасуы сызбанұсқамен берілген (бір торша сызбанұсқаның басында, ортасында немесе соңында боялған болады).

Заттық бейнелер

С Ш


Сом Кесе Автобус Шар Арша Душ

Сөмке Қасық Ананас Шағала Шаршы Қарындаш

Сандық Қасқыр Тас Шие Торша Шаш

Сағат Табақа Ас Шырша Алаша Ағаш

Ойын барысы

Ойынға 4-6 қатысады. Жүргізуші әр балаға бір қима қағаздан таратып, боялған торшалардың мағынасын түсіндіреді. Кейін әр жинақтан бір бір қима қағаздан алып, с нмесе ш дыбыстарын сәл жоғары дауыспен ерекшелеп айтады, ал балалар сөзде дыбыстың орнын анықтайды. Егер дыбыстың орналасуы сызбаға сәйкес келсе, бала суретті алып өз қимасының үстіне қояды. Бірде бір қате жібермеген бала ұтыскер атанады.

№5 кешен

1.«Үйде кім тұрады»

Мақсаты:Сөзде белгілі дыбысты таңдау арқылы балаларды жаттықтыру

Ойын құралдары:

1.Үй тәрізді жалпақ төрт терезесі бар қима қағаздар ( қағаздан жасалынған ). Әр терезе астынада сурет салынатын қалташа бар. ( егер ойын сабақ үстінде жүргізілсе). Шатыр терезесінде әріптер орналасқан.

2. Заттық бейнелер

К Л Р

Кенгуру Лақ Қолтырауын



Керік Балық Керік

Киік Лашын Кенгуру

Ойын барысы:Тәрбиеші 2-3 үйшікті тақтаға орналастырып, үстелге жануарлары бар суреттерді қояды ( немесе іледі ). Тәрбиеші: «Аңдар мен құстарға үйшік салдық. Ал енді жануарларға үйшіктеріне орналасуға көмектесейік. Бірінші үйшікте тек атауында к дыбысы бар, екінші үйшікте тек с дыбысы бар жануарлар тұра алады екен. Әр үйшікте төрт бөлмеден бар.Төрт жануарды тауып, үйшікке орналастырыңдар». Тәрбиешінің нұсқауымен 2 бала кересті суретті тауып, олардықалташаларға орналастырып атын атайды. Қалған балалар тапсырмасының дұрыс бұрыстығын тексереді.

№6 кешен


«Әрбір құсты өз орнына қой»

Мақсаты:Балаларға жыртқыш, суда жүзетін, батпақта жүретін құстар жайлы қысқаша мәлімет беру; құстардың түрін ажырата білуге жаттықтыру.

Ойын материалы:


    1. клеткаға бөлінген(3×3) кесте. Бірінші қатарда бүркіт, тырна, қаздыңсуреті салынған.

2.Құстардың бейнесі салынған картинка:қыран, бүркіт(жыртқыш құстар), тырна, аист (батпақты), аққу,үйрек (суда жүзетін).

Ойын барысы:Тәрбиеші балаларға кестеде салынған құстар жайлы шағын әңгіме тыңдауды ұсынады. Әсіресе назарды оның аяғына, тұмсығына аударуды сұрайды, өйткені бұл белгілер құстардың өмір сүру жағдайын сипаттайды.

Бүркіт жыртқыш құс. Ол басқа құстар мен аңдарды аулайды. Бүркіт өзінің құрбандығын жоғарыдан аңдиды.Оның өткір тырнақты аяғы өте күшті. Сол өткір тырнағы мен күшті аяғының арқасында ол өз құрбандығын ұстайды және ауада да ұстап тұра алады. Оның тұмсығы өте мықты.

Тырна батпақта,өзен мен көлдің жағасында өмір сүреді. Оның аяғы, тұмсығы және мойны ұзын. Ол су жәндіктерімен қоректенеді.




  1. «Кімде қанша»

Мақсаты: Сын есiм мен зат есiмдi көпшемен жекеше түрде байланыстырып балаларды жаттықтыру

Ойынға қажетті құрал- жабдық: Бір және екі жинақта сабақтар жазылған қима қағаз.

1.Кардон қағаздан жасалған бұйымдар: мишка, матрешка, петрушка, зайка және басқалар барлық ойыншқтарға бір- бірден.

Ойын барысы: Ойынға 3-4 бала қатысады. Тәрбиеші ойыншының әрқайсысына мишка, қоян, матрешканы хат тасушы әкелгенін айтады да, бір- біртіндеп (бұл мишкаға, ал мынау қоянға ......)деп таратып шығады. Әр жинақта алты қима қағаз үшеуі бір сабақтан, үшеуі екі сабақтан.(мж.р, ж.р, ср.р.) тұратын зат есім.

Тәрбиеші балаларға конверттен қима қағазды алып, екі қатарға коюды, бірінші қатарда бір сабақ, ал екінші қатарда екі саьақьан болуын айтады.

«Мишка» саған хатта не жіберіпті деп сұрайды? Қолында мишкасы бар бала жауап береді: «маған бір жалауша, бір шыны ыдыс, бір шелек және екі шәйнек, екі шыны ыдыс, екі алма» деп жауап береді.Жауап беру барысында тәрбиеші сан есім мен зат есімнің дұрыс байланысқанын қадағалайды. Қателескен жағдайда қатесін түзетіп, қайталатады.

№7 кешен


  1. «Тез жауап бер»

Мақсаты: Балаларды топтастыруға, ажыратуға, талдауға жаттықтыру: Құстарды, жәндіктерді, балықтарды, жануарларды жіктей білу.

Ойын құралдары.

1.кесте, 1,9 төр көзге бөлінген. Әр тор көзде құстар мен жануарлар бейнеленген; Бірінші қатарда - қарға, көгершін, тоқылдақ; екінші қатарда - ара. инелік, түлкі; үшінші қатарда - қасқар, көбелек, бозторғай;

2 кесте, 1 ден 9 тор көз. Бірінші қатарда- сиыр, шағала, бұлан; екіншісінде - мысық, жолбарыс, тауық; үшінші қатарда - ит, түлкі, қаз.

3 кесте, 3 тен 9 тор көз. Бірінші қатарда - арыстан, керік, сусиыр; екіншіде- ақ аю, солтүстік бұғасы, ит балық; үшінші қатарда - қасқыр, бұлан, құндыз;

4 кесте. 4 тен 9 тор көз. Бірінші қатарда - бекре, пингвин, морж; екіншіде - дельфин, табан, алабұға; үшіншіде - кит, бірқазан, сом.

5. жануарлар бейнеленген суреттер; бұзау, күшік, мысық, лақ, қонжық, қозы.

Ойынның барысы: Тәрбиеші бірінші кестені іліп, балаларға қарауға ұсынып, сұрақтарға жауап беруді ұсынады. Дұрыс жауап берген ойыншыға қима қағаз беріледі.

1-ші кестенің сұрақтары:

1. Бұларды жалпы қалай атаймыз, бірінші қатарда не бейнеленген?

2. кестеде қанша құс бейнеленген? (төрт) Оларды ата (қарға, көгершін, тоқылдақ, бозторғай).

3. Қайсысы жыртқыш немесе жәндіктермен қоректенеді? (жәндіктермен қоректенеді, жыртқаш емес).

4. кестеде не бейнеленген, бұларды қанша топқа боліп қарастаруымызға болады? (үш).

5. Суреттің үшінші қатарына қараңдар. (қайсы қатар шатаспаған). жалпы барлығында не бейнеленген? (барлығы орынды).

6. Тіршілік иелерін бірінші және екінші қатарға бөліндер. Жалпа ұқсас белгілері қандай? (әр қатарда құс, жәніктер, аңдар бейгненленген).

2-ші кестенің сұрақтары:

1. Жануарларды бірінші немесе екінші қатарға бөлоіңдер. Бұларды қандай екі топқа бөлуімізге болады? (жабайы және үй жануарлары).

2. Бірінші және екінші қатардағы жануарлар бір-біріне ұқсайды ма? (мысық-жолбарыс, түлкі-ит).

3. Үшінші қатардағы суреттерді бір сөзбен қалай атаймыз? (құстар).

4.Қай құс жабайы немесе үй құсы (үй құсы).

5. Жануарларды бірінші немесе екінші қатарға бөліндер. Ұқсас белгілері қандай? (әр қатарда бір үй, бір жабайы жануар жене бір үй құсы).

6. Барлық кестеде үй немесе жабайы жануарлар көбірек бейнеленген? (бірдей).

3-ші кестенің сұрақтары:

1. Қандай жануарлар көп уақытын суда өткізеді? (сусиыр, итбалық, құндыз)

2. Бірінші қатардағы жануарлар қайда тіршілік етеді? (бұл жануарлар жылы жақта).

3. Екінші қатардағы жануарлар қайда тіршілік етеді? (солтүстік жақта).

4. Үшінші қатардағы жануарлар қайда тіршілік етеді? (Бұл жануарлар орманда тіршілік етеді)

5. Төртінші қатардағы жануарлар қайда тіршілік етеді? (көп уақытын суда өткізеді)



6. Қандай жануар балықпен қоректенеді? (ақ аю, тибалық )

4-ші кестенің сұрақтары мен тапсырмалары:

1. Балықтарды атаңдар.

2. Құстарды атаңдар.

3. Қайсысы құс немесе балық?

4. Барлық теңіз жануарларын атаңдар. Қайсысы ең үлкені?

5. Қай жануар суық солтүстік теңізде мекендейді?

6. жануартларды бірінші немесе екінші қатарға бөліндер. Ұқсас белгілері қандай? (бір-бірден балық, бір-бірден құс, бір-бірден теңіз жануары).

7. барлығы қайда тіршілік етеді? (барлығы суда тіршілік етеді).Картинаның сұрақтары.

№8 кешен


  1. «Түстерді ажырату сабағы».

Мақсаты: Сабақта балалар түстерді ажыратып жаттығады; жақын түстерді ажыратып үйренеді: қызыл-сарғыш, қызыл-алқызыл,алқызыл-қүлгін, көк-көкшіл және т.б.

Сын есім мен зат есімді байланыстырып жаттығады: көк көйлек

Сөйлемде шылауларды байланыстырып жаттығады: Қызанақ қызыл немесе сәбіз сарғыш.

Ойын құралдар.

1. Екі тор көзді кестеде, горизонталь бағытта бейнеленген түстері жақын екі өсімдік: қызынақ және сәбіз, раушан және сирен, көкнәр және тимұын, бақлажан және васалька.

2. Тіктөрт бұрышты түрлі түсті қағаз қималар: қызыл, сарғыш, күлгін, көк, көкшіл.

Ойынның барысы: Тәрбиеші кестеден қызанақ пен сәбіздің суретін көрсетеді, бірақ қызынақтың суреті қағаз қимамен жасырулы. Сұрайды: «Бұл не?» (сәбіз) «Сәбіздің түсі қандай?» (Сәбіз сарғыш).

Енді тәрбиеші қызыл және сарғыш түсті екі тікторт бұрышты қима қағазды ұсынады, бала сарғыш түсті қима қағазды алса, оны сәбіз бейнесі бар қорапқа салады. Ол көкөніс, жеміс, гүл болуы мүмкін.

Балалар қызыл түстегі өсімдіктерді санап шығады. Олар қызанақ деп атаған кезде, тәрбиеші парақты көтеріп, қызанақтың суретін ашады. Содан тәрбиеші барлық өсімдіктерді атап шығуды ұсынады.(сәбіз сарғыш, ал қызанақ қызыл), Түстерді үғынып одан ары шатаспауы керек.Балаларға құрылған кестені қызыл және сарғыш түсті қималармен жауып шығуды тапсырады, онда апелсин және анар, бұрыш және шетен бейнеленген.

Әр түрлі түсті қағаз қималар мен өсімдіктерді пайдалану арқылы жұмыс жүргізеді.Ботагөз және өрік (көку және көкшіл қималар), баклажан және василька (күлгін және көкшіл қималар), көкнәр және раушан (қызыл және алқызыл).

№9 кешен


  1. «Футболшылар»

Мақсаты: Балаларды ашық және қанық түстерді ажыратуға, оларды таптастыруға, атауларын дұрыс қолдануға тәрбиелеу: ашық түсті, қанық түсті.

Ойынның құралдары:

1. 5 футболшы бейнеленген екі ұзын қартон, конверт.бірінші топ – ақ түсті шолақ шалбарда, екіншісі – қара.

2. Ашық түстегі бес тіктөртбұрыш: алқызыл, жасыл, көк, ашық жасыл, күлгін. Қанық түстегі бес тіктөрт бұрыш: қанық қызыл, қанық көк, қоңыр, қанық жасыл, қанық күлгін.

Ойынның барысы: Тәрбиеші тақтаға футболшылар бейнеленген конвертті және көмектесетін түрлі түсті тіктөртбұрышты қималарды бірге іледі. Айтады Ғ: «Алдымызда екі футбол тобы. Сол жақтағы топ «күн», ал оң жақтағы топ «найзағай» деп аталады. Бұлай атау себебіміз «күн» футболшылары үнемі ашық түсті киінеді, ал «найзағайлар» қанық. Бұл тіктөртбұрышты қималарды екі топқа бөлейік. Бір топқа ашық, екінші топқа қанық түстісін сәйкестендіріп.»

Тәрбиеші балаларды тапсырманы орындауға шақырады. Қай топ қалай киінетінін сұрайды. Балалар конвертке тіктөртбұрышты қималарды салады, бұл түстерді атайды: «Алқызыл, көк,........». Тәрбиеші «ашық түс» деп айтқан кезде (балалар түстерді атап шығады), содан кейін «қанық түстерді» атап шығады.Содан кейін тәрбиеші тақтадағы конвертті алып, футболшылардың макетін көрсетіп, бұл қай топтың футболшысы екендігін сұрайды.




  1. Гүл дүкені

Мақсаты: Балаларға сөзді буынға бөлуге жаттықтыру. Олардың гүл туралы білімін бекіту.

Ойындық материал

1) 2,3,4 буынан құралған гүлдің суреттері. 2 буыннан құралған гүлдер: роза, пион, астра, тюльпан, нарцисс, ирис. 3 буыннан құралған гүлдер: рамашка, лилия, василек, гвоздика. 4 буыннан құралған гүлдер: незабутка, колокольчик, хризантема.

2) Сандық карточкалар 2, 3, 4 –ші дөңгелектелген « ақша ».

3) Жинақ.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға гүл дүкенін ойнауды ұсынады. Ойын барысында тәрбиеші балаларға гүлдердің жинағын ұсынады. « Бұл біздің гүл дүкені »- дейді. Бұнда түрлі гүлдер сатылады.Бірі 1 немесе 2 буыннан құралса ( м/лы: пион ), екіншісі бірнеше буыннан құралады ( м/лы: незабутка). Сендердің әрқайсыларыңда сандық карточкалар бар. Бұл « ақша». Сендер – сатып алушы боласыңдар, ал мен – сатушы. Сатып алушы гүлдің атында бірнеше буыны бар, карточкада қанша дөңгелек болса сол гүлді сатып алады. Дүкенге барып, карточкаларды сатушыға беріп, гүлдің атын буынға бөліп айтасыңдар. Сендер қандай гүлді алатындарыңды анықтап алсаңдар, сендер оны аласыңдар. Егер қателессендер гүл дүкенде қалады.

Тәрбиеші балаларды шақырып гүлдің атын буынға бөліп айытқызып сандық карточкаларын алады.

Ойынның соңында тәрбиеші балаларға 2 дөңгелегі бар сандық карточканы көрсетеді,. Оларға сатып әкелген гүлдерін көрсетіп атын айтуды ұсынады. Балалар кезекпен –кезек шығып өздерінің гүлінің атын айтады: раушан гул, сарығалдақ, қызғалдақ және т.б.

№10 кешен


  1. «Қандай түстер қолданылған»

Мақсаты: Балаларды бір түстің екі түрлі алуандылығын ажырата білуге үйрету; қанық-қызыл, ашық-сарғыш, ашық-жасыл және т.б.

Ойын құралдары:

1. Үйдің төбесіне өрнектеліп салыеған әтештің суреті. Ол бес түстен құралады: қызыл, сарғыш, көк, қоңыр және жасыл. Әр түс екі алуандылық береді – ашық немесе қанық. Әтештің төменгі жағында – 10 торкөзді қалташамен және ұзын жолақты матамен бөлінеді.

2. Түрлі түсті тіктөртбұрыш, жапсырлатын бархыт қағаз.

Ойынның барысы: Тәрбиеші үйдің төбесіндегі әшекейленіп жасалсалған әтешті құрастырады. Айтады: «Мына бес түсті қағазды кесіп, жапсырып әтешке пайдаланамыз. Әр түс екі алуандылық береді: ашық және қанық, жарық және қанық. Алдымен әтешке зер салып қарайық, қызыл түстегі бөліктерді және осы түстегі тіктөрт бұрышты қималарды жинап алайық.»

Балаларды шақырымыз. «Әтешке қызыл айдар және қанық қызыл етік.», - қыз айтады және 2 тіктөртбұрышты қиманы сәйкес түс бойынша шегеріп отарады. Келесі бала айтады: «Әтештің мойнында сарғыш және ашық сарғыш қауырсын.» Қалған барлық түстер: жасыл және қанық жасыл кеуде және бүйір тұста, көк және қанық көк құйрық қауырсынында, қоңыр және қанық қоңыр қанат қауырсындарында.



  1. «Пирамиданы соғайық»

Мақсаты: Балаларды сөздердегі дыбыстарды анықтау арқылы жаттықтыру

Ойын құралдары

1. Пирамида суретін шаршылардан жинау. Оның қағаз бетінде бейнелеу керек. Әр торшада қалташалар болады. Оларға суреттер салынады. Пирамида негізінде 5 шаршыдан тұрады. Оның 4 – жоғары, 3 және 2 кейін орналасады. Пирамида төбесі үшбұрышты болып аяқталады.

2.Заттық суреттер – пирамида шаршылардың көлемімен бірдей шаршылары болады. Сөз құрамында екі және 5 дыбыс болады.

Ойындық материал: Пирамиданың 3 бөліктен құралған кескіні: төменгісі – 3 буынды сөзден құралған, одан жоғарғысы -2 буынды сөзден, төбесі -1 буынды сөзден құралған. Әр бөлікте қалталар орналастырылған.

Ойын барысы: Тәрбиеші ( түсіндіреді): « Бүгін біз суреттерден пирамида құраймыз. Пирамиданың төменгі жағында 3 буыннан құралған « мысалы: қы – за – нақ » суреттерді орналастырамыз, 2 – ші қатарға 2 буыннан құралған « мысалы: ба-лық » суреттерді, жоғарғы бөлігіне буынға бөлуге келмейтін 1буынды сөзден құралған суреттерді орналастырамыз ( мысалы: қаз ).

Тәрбиеші баланы тақтаға шығарып оған ( 3 - 4 ) суретті ұсынады. 1 -ші 1 буыннан, 2 - ші 2 буыннан және 1 - 3 буынды сөзден құралған суреттер.

Бала суреттерді атап, оның буындарына байланысты қалталарға орналастырады. Қалған балалар пирамиданың дұрыс немесе бұрыс құралғанын тексереді. Келесі бала жаңа суреттерді қолданады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет