4. 1916 жыл оқиғаларына арналған ӛлең-жырлар
1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық кӛтерілісіне байланысты туған
күрес жырлары ХХ ғасырдың басындағы әдебиетімізді тақырып, мазмұн
тұрғысынан байытумен қатар түр мен жанр жағынан да біршама
толықтырды.
Мәселен, туған ел, ӛскен жермен қоштасу және сәлем хат түріндегі
жырлар халық ауыз әдебиетінде бұрыннан бар екені белгілі, осы әдеби
жанрлар 1916 жылғы кӛтеріліс поэзиясында тарихи жаңа жағдайға сәйкес
тереңдеп, саяси сипат алды. Бұрын фольклорлық элементтері басым қоштасу,
сәлем хат поэзиясы енді қоғамдық ірі оқиғаларды жырлау дәрежесіне
кӛтеріліп, оның тәрбиелік және үгіттік мәні, ауқым-кӛлемі артты, ӛзгеше
жанр ретінде дамуына мүмкіндік әкелді.
1916 жылғы қазақ шаруаларының ұлт-азаттық кӛтерілісі туралы
лирикалық жырларды тақырыбы мен мазмұнына қарай тӛрт топқа бӛлуге
болады:
1)
Үндеу-үгіт
жырлары;
2) Жоқтау- қоштасу жырлары; 3) Майдан ӛмірін бейнелейтін жырлар; 4)
Майданнан жазылған сәлем хаттар.
Біздіңше бірінші топқа Бұзаубақ ақынның “Құты қашты патшаның”, Омар
Шипиннің “Аманкелдінің айбаты”, “Губернатор келгенде”, Батталдың “Туар
ма екен бізге күн”, “Кеңе-су”, секілді ӛлең-жырларын жатқызуға болады.
Бұзаубақ ақын ӛзінің жоғарыда айтылған үндеу ӛлеңінде патша ӛкіметінің
ішкі-тысқы саясатына, әділетсіз соғыстың елге тигізген ауыр зардаптарына
тоқталады. Империалистік соғыс кезінде “ӛзінен зорлар шығып”, патшаның
жанталасып жатқанын, сол себепті қазақтан майдан жұмысына адам алуды
кӛздеп жарлық шығарғанын айта отырып, бүкіл қазақ халқын патша
ӛкіметіне қарсы жаппай кӛтерілуге, “атқа мініп, найза алуға” үндеді:
Патшаның қорлығынан құтылайық,
Жүргенше байлауынан бұлқынайық.
Берсең де ӛлдің балаңды, бермесең де,
Одан да жауға қарсы от салайық.
Кӛтерілістің ең бір жауапты кезеңінде осындай қан қыздырғыш үгіт
ӛлеңдерінің ел арасына мол таралуы, сӛз жоқ, қалың бұқараға қатты әсер етті.
54
Ал Омар Шипиннің жырларында июнь жарлығын іске асыру мақсатымен
елге шыққан губернаторға Аманкелді батырдың ел алдында тайсалмай қарсы
сӛйлеп, “ат бауырынан қызыл қан ағызбай, елден адам бермеймін” деп кесіп
айтқаны жарқын сипатталады.
Сӛйтіп, бірінші топтағы ӛлеңдер “қалың бұқараны азаттық күреске
рухтандырып, бірлесуге шақырған, сол кӛтерілістің ұйымдасу-кемелдену
кезеңдерін бейнелейтін жалынды да ӛткір жырлар болды” (Б.Кенжебаев).
Екінші топқа Бӛлтіріктің “Ел жарыла кӛшкенде”, Жәнекеевтің “Босқын”,
Сартайдың “Тар заман”, Тӛлеудің “Сарыарқаның зары”, “Асқардың
қоштасуы”, А.Ұлтарақовтың “Қош аман бол”, Б.Имановтың “Аманкелдінің
анасымен
қоштасқаны”, халық
аузындағы
“Қоштасу”,
“Жұбату”,
“Аманкелдінің ӛліміне” және “Балымның жоқтауы” секілді ӛлең-жырлар
кіреді. Қарсақ ақынның жырлары мен “Ел жарыла кӛшкенде”, “Босқын” атты
толғауларда июнь жарлығына байланысты “Кіндік кесіп, кір жуған” ата
қоныстан ауып, босқын болған елдің халі, шеккен қорлық-азаптары
сипатталып, халықты сергелдеңге ұшыратқан жауыздарға нәлет айтылады,
“қараңғы түнек серпіліп, бостандық таңы ататын күнді кӛреміз бе?” деген
арман сезіледі. Ақындар кӛбінесе “кемесі тәуекелдің суға кетпес”, “алдынан
үміт етіп отырмыз”, “үзілмесін күдері” деген жігерге толы үмітті байлам
жасайды.
Жоғарыда айтылған қоштасу, жоқтау, жұбату жырларының түп негізі
әріден басталып, түр мен мазмұн жағынан ӛзара ұқсас болып отырса да, 1916
жылғы ұлт-азаттық кӛтерілісіне байланысты бұл жырлардың әлеуметтік мәні
артып, ӛткірлене түсті. Бұрынғы жырларда әлсіздік пен дәрменсіздік,
“жасаған иеге” жалбарыну сарыны басым болып келсе, ал 1916 жыл
поэзиясында бұл жанр жауыздық пен әділетсіздіктің иесін танып, отаршыл
патшаға қарсы күреске үндеді. Езілген елдің ызакегін қозғап, аңсаған
азаттықтың тек күреспен келетінін аңғартады.
Yшінші топқа жататын: Б.Берденовтың “Он алтыншы жыл”, Есқайырдың
“Зарлы заман кезінде”, Т.Ӛмірбаевтың “Жатқан жерім казарма”,
М.Жаңабаевтың “Ұзақ жолға аттандық”, Ж.Қалымбетовтың “Қайғының
жылы туғанда”, Ә.Аманжолов пен Б.Қарамолдаевтың “Еріксіз кетіп елімнен”
сияқты жыр-толғаулары майдан ӛмірін бейнелейді. Бұл жырлардың басым
кӛпшілігі ең алдымен сол кездегі кӛтеріліс пен ел жағдайын, жігіттердің ел-
жұртымен қоштасуын сипат-тап алып, содан соң ел-жұртқа таныс емес
майдан ӛмірін суреттейді. Осы толғау-дастандарды шығарушылардың бәрі де
майдан жұмысына алынып, соғыс ӛмірін ӛз кӛзімен кӛргендер, сондықтан
бұл шығармаларда қазақ жігіттерінің жат жерде жүрген қара жұмыстағы күйі
шындықты түрде кӛрсетіледі. Аталған жыр-толғаулардың ішінде
Б.Берденовтың “Он алтыншы жыл” атты дастаны майдан ӛмірін мол
қамтуымен, соғыс кӛріністерін нақты суреттеуімен құнды. Поэма он алты
55
бӛлімнен тұрады. Ақын приемға алынған жігіттердің бір айға жуық ұзақ
сапар шеккенде кӛрген қорлық-азаптарын, жол әсерлері мен майдан
кӛріністерін желілі түрде тізбелеп, күнделік тәрізді етіп ӛлеңге түсірген.
Сондай-ақ поэманың “Алғашқы әсер” деген тарауында қазақ жастарының
зуылдаған оқ астында еріксіз тас тӛсеп, жол салып жүр-гені, олардың
соғыстағы ауыр жағдайы шынайы да шындықты бейнеленген. Поэманың
тақырыбы сонылығымен ерекшеленеді. Ақын майдандағы жігіттердің ӛмірін
суреттегенде соғыс техникасына байланысты орыс тіліндегі жаңа атауларды
да, кейде тұтас сӛз тізбектерін де қолданып отырады. Автор кейбір сәтте
орыс сӛздерін тіпті ұйқас құрау үшін әдейі алып отырады. “Режим, жизнь,
большевизм, закондарын, погондарын“ тәрізді сӛздер мен сӛз тіркестері
соған дәлел. Б.Берденовтың “Он алтыншы жыл” дастаны – әдебиетімізде
тұңғыш сұрапыл майдан ӛмірін шынайы кӛрсетіп, кӛркем суреттеген туынды
болумен бірге, жанры жағынан да жаңалықтары бар, күнделік-мемуарлық
нышандары байқалатын соны шығарма.
Тӛртінші топқа, ел мен майдан арасындағы байланысты ашатын
шығармаларға мыналар жатады: Есқайыр ақынның толғауы, Ақбастың
“Нұржанға хаты”, Нұржанның “Жауап хаты”, З.Әбдірахмановтың “Окоптан
хат”, ел аузындағы “Ауылдан хат”, С.Бегімбетовтың “Туған елге хаты”,
Әлімхан мен Бӛлденің хаттары. Хат үлгісіндегі жазылған бұл жырлар қазақ
жігіттерінің жалпы ел-жұртына, туған ел, ӛскен жеріне, ата-ана, жан-
жарларына деген ыстық сезімі мен сағыныш күйін, арман-мұңын бейнелейді.
Сӛйтіп ұлт-азаттық кӛтеріліске байланысты туған поэзия үлгілері 1916
жылғы қазақ халқы ұлт-азаттық қозғалысының сан қырлы сипаты мен сан
алуан құбылысын терең қамтып, жан-жақты ашатын жырлар болып
табылады. Бұларда июнь жарлығына жаппай наразылық толқынының жалпы
халықтық стихиялы кӛтеріліске ұласуы мен оның ӛрлеу, даму кезеңдері,
майдан ӛмірі сияқты ірі-ірі оқиғалары молынан елес беріп отырады.
1916 жылғы кӛтеріліске байланысты туған жырлардың эпикалық түріне
Иса Дәукебаевтың “Бекболат”, Әлтай Сүйіншәлиевтің “Қалаба”, Бӛлтірік
ақынның “Ел жарыла кӛшкенде”, Қуандық Бозаевтың “Қарақойын
кӛтерілісі”, Күдері Жолдыбаевтың “Аманкелдінің Торғайды алғаны”, Сәт
Есембетовтың “Құмкен соғысы”, Омар Шипиннің “Аманкелді” тәрізді жыр-
дастандары жатады. Бұл шығармалардың ішінде идеялық-кӛркемдік құны
жағынан кӛрнекті саналып жүргені – “Бекболат” дастаны. Дастанда негізінен
кӛтеріліс жеңіліс тапқаннан кейінгі оқиға сӛз болып, кӛтеріліс басшысы
Бекболат батырдың қолға түсіп, дарға асылуы, оның қайтпас қайсарлығы мен
жау алдында тізе бүкпеген ерлігі жырланады.
Дастанның басты кейіпкері – Бекболат Әшекеев. Ол Жайылмас болысына
қарасты 4-ауылдың қазағы, 1843 жылы туған. 1916 жылғы кӛтеріліске оның
56
інісі Сармамбет Әшекеев, баласы Әбділдә Бекболатовтар да белсене
қатысып, басшылық еткен
25
.
Бекболат Әшікеев түрмеге поэмада айтылатын 70 кісімен бірге түскенмен,
оның ісі “бунттың басшысы есебінде” Верный қаласының отряд сотында
кезектен тыс қаралып, оған 1916 жылғы 7 сентябрь күні дарға асып ӛлтіру
жазасына кескен үкім шығарылған. Тарихи деректерге қарағанда Бекболат
басқарған кӛтерілісшілер тобы подполковник Базилевский мен Малышев
бастаған жазалаушы отрядпен екі рет кездесіп, арада қырғын шайқас болған.
Жігіттер қалың жылқыны жауға қарсы айдап салып, отрядтың аз ғана
солдаттарын қоршап алып, жоқ қылуға әрекеттенген.
Бекболат бір топ жолдастарымен Қарғалы болысының кӛтерілісшілеріне
қосылмақшы болып кейін шегінеді. Осындай қолайлы кезеңді пайдаланған
қарсыластары Күнтубаев пен Сүлейменов ӛздеріне тілектес 100 қаралы
жігітпен Бекболаттың соңына түседі. Ақыры опасыздық жасап, алдап,
батырды жолдастарымен түгел қолға түсіреді де, 16 август күні Бекболатты
Шамалғандағы Балғабек Тӛлегеновтың үйіне “келісім үшін шақырылған”
жазалаушы отрядқа тапсырады.
“Бекболат” поэмасы 1936 жылғы “1916” жыл атты тұңғыш жинақта алғаш
рет жарияланып, содан бері түрліше оқулықтар мен хрестоматияларда
басылып келеді.
Ғалым Е.Ысмайылов: “Бертіндегі тарихи жырларда, әсіресе, 1916 жылғы
кӛтеріліспен байланысты жырларда, дастандарда ылғи соғыс айтыла бермей,
елдің қоғамдық тіршілігі кӛбірек жырланады да, соғыс, қанды қырғын оқиға
екінші планда болып отырады”
26
, – деп кӛрсетеді. Осы пікір “Бекболат”
поэмасына дәл келеді.
“Бекболат” поэмасының композициясын ақын күнделік іспетті етіп құрып,
оны белгілі бір заңдылықпен ӛрбітеді. “Июнь жарлығы”, “Елдің қамдануы”,
“Елге әскер шығуы”, “Жайылмастың кемпірлерінің, келіндерінің жылағаны”,
“Жайылмастың түрмедегілермен жолығуы”, “Ұлықтардың Бекболаттан
жауап сұрағаны”, “Бекболаттың жауабы”, “Бекболаттың екінші сұрағы”:,
“Соттың жауабы мен үкімі”, “Бекболат дарға бара жатқанда”, “Дар түбінде
Бекболатқа тӛрелердің айтқаны”, “Бекболаттың жауабы”, “Жайылмастың
сұрағы” деген тараулар бір-бірімен тығыз байланысып жатыр. Автордың
идеялық нысанасы – әділеттік пен азаттық үшін күрескен қалың бұқараның
кӛтеріліс жеңіліс тапқаннан кейінгі аянышты халі мен кӛрген ауыр азабын,
сол күрестің туын ұстап халыққа басшы болған Бекболаттың ерлікпен қаза
табуын баса жырлау екені осы тараулардың ӛзінен-ақ кӛрініп тұр.
“Бекболат” поэмасы 1916 жылғы кӛтеріліске байланысты туған сан-алуан
жыр-дастандардан ӛзінің кӛркемдік шешімін тапқан жоғары идеясымен,
25
Жармұхамедов М. Бекболат поэмасы⁄⁄Жұлдыз, 1961.№ 9.
26
Ысмайылов Е. Ақындар. –Алматы, 1956. -211-бет
57
тартымды сюжет, композициялық тіл ерекшеліктерінің тұтастығымен
дараланып кӛзге түседі.
“Бекболат” поэмасына қатысты бір мәселені айтпай кетуге болмайды. Бұл
– “дастан авторы кім?” деген сұрақ тӛңірегіндегі әңгіме. Зерттеушілердің
кӛбі Иса Дәукебаев авторлығына күмән келтіреді. Ӛйткені Жетісу ӛңірінде,
жалпы қазақ сахарасында Иса Дәукебаев деген ақын еш жерде кездеспейді.
Ол туралы деректе, оның ӛзге шығармасы да жоқ. 1916 жыл оқиғаларын және
оған қатысты шығармаларды жете зерттеген Мұхаммедрахым Жармұхамедов
академия қолжазба қорында сақталған үлкен жыр нұсқасының аяғына
“Жинаушы Жүніс” деп қол қойылған, кімнің жыры екені айтылмаған дейді.
Осы зерттеушінің пікірінше 1916 жыл ӛлең-жырларын алғаш зерттеген
Есмағамбет Смайлов ел арасында айтылып жүрген авторы белгісіз дастанның
түрлі нұсқаларын жинап алып, бір ақынға ӛңдеткен болуы керек. Ол Иса
деген аттың аталуына қарағанда Иса Байзақов емес пе екен деген пікірін
және қосып қояды. Ұлттық әдебиетімізге қосылар асыл дүниелерді сақтап
қалу үшін, оларды кеңестік талапқа сай етіп беру үшін әдебиетіміздің
жанашырлары қандай айла-тәсілдерге бармады десеңізші! Соның бір дәлелі –
осы дастан. Есағаң үшін автордан бұрын отаршылдыққа қарсы қайсарлықпен
күрескен, ұлттың ұлы рухының символындай Бекболат бейнесі қымбат еді.
Сондықтан да ол осы дастанды әдебиет тарихында авторы бар кӛркем
шығарма ретінде қалдырды.
1916 жылғы кӛтеріліс жырларында халық ауыз әдебиетінде жиі
ұшырайтын поэтикалық жырдың небір кӛркем, әдемі үлгілері де мол орын
тепкен. Әсіресе, еске түсіру, сәлем хат, күнделік үлгісіндегі жырларда адам
ӛмірін табиғат кӛріністерімен салыстыра суреттеу басым жатады. Жалпы осы
шағын жанрларға тән әдіс-тәсілдер іргелі шығармалар – поэма, дас-тандарда
да кӛрініс тауып жатады. Осындай аз сӛзбен кӛп нәрсені аңғартатын ақындық
тәсілді аталмыш поэмадан да кӛреміз. Әрине, “Бекболат” поэмасы – жалпы
1916 жылғы ұлт-азаттық кӛтерілісті жырлаудағы биіктікке жеткен туынды.
Бірақ қандай бір шығарма болса да, кемшіліксіз болуы қиын нәрсе. Поэмада
ретсіз қайталау мен оқиға шашырандылығы кездесіп отырады. Бірақ бұл
кемшіліктер поэманың жалпы кӛркемдігі мен идеясына нұқсан келтіре
алмайды.
Қуанышбай Бозаевтың “Қарақойын кӛтерілісі” жыры “Июнь жарлығы”,
“Сарбаз”, “Отряд”, “Соғыс”, “Босау”, “Прием”, “Манифест” деген
бӛлімдерден құралған. Оның соңғы бӛлімі революциядан кейін жазылған,
басқа бӛлімдерін 1916 жылы кӛтерілістің ізінше шығарған екен. Бұл жырда
Орталық Қазақстанда, Атбасар жағында болған кӛтеріліс баяндалады. Халық
жарлыққа, оны орындауға келген әкім, ұлықтарға қарсы тұрады, оны Жақып,
Иса Дәулетбеков деген кісілер бастайды. Олар Қарақойын деген жерге
барып, бекініп қорғануға, соғысқа әзірленеді. Патша ӛкіметі жазалаушы
58
отряд шығарады. Соғыс кезінде Иса жүз шақты солдатқа қарсы жалғыз дара
шабуылға шығып, үлкен ерлік кӛрсетеді. Үш солдатты ӛлтіріп, ӛзі қатты
жаралы болады, қоштасар сәтте артта қалған еліне, серіктес жолдастарына
Аман бол, қалың сарбаз, қазақ халқы,
Қайырлы заман болсын мұның арты! –
тілек айтып, рух береді. Иса мерт болған соң сарбаздар жеңіліске ұшырайды.
Халық қатты күйзеліп, ақырында, майданға адам беруге еріксіз кӛнеді.
Нұрқан Ахметбековтың “Аманкелді дастаны” ӛзінің құрылысы мен
кӛркемдік ерекшеліктері жағынан дара тұрған туынды. Ақын ӛз ойын
кӛбінесе нақты сурет жасау арқылы тұжырып отыратындықтан, дастанның
оқиға желісі де ӛте жинақы. Нұрқан адамның ішкі сезім күйлерін табиғат
құбылыстарымен астастырып беруге ӛте шебер. Оның суреттеуіндегі табиғат
кӛріністері алдағы оқиғаның жаршысы, хабаршысы іспеттес болып келеді.
1916 жылғы кӛтеріліске байланысты туған ӛлең-жырлар қазақ әдебиетіне
кӛркемдік ерекшеліктерімен елеулі үлес қосқан туындылар болды. Бұлардан
сол дәуірдегі ел тұрмысын, қол бастаған батырлардың ерлігі мен азаматтық
тұлғасын танығандай боламыз. Осы жырлардың біразы кӛтеріліс күшпен
басылған кездегі халық басындағы қайғы-қасіретті бейнелесе, үлкен бір тобы
ел арыстарының қайталанбас ерліктерін жырлап, олардың мәңгілік есте қалар
бейнесін жасады.
Жалпы алғанда, 1916 жылғы кӛтеріліс жырлары әдебиетіміздің ӛзгеше бір
биіктікке бет алған тұсындағы ӛмір шындығын терең игерудегі ізденіс
кӛрінісі болып табылады. Әрине, әдебиеттің бұл кезеңі зерттелмей, не
болмаса қарасты-рылмай қалған жоқ. Бірақ кӛбіне бір жақты сӛз болып, қыр-
сыры ашыла қоймады. Тарихи оқиғалар мен тарихи шындық кӛбіне уақыт
талабына орай әрқилы бұрмаланып отырды. Егер бұл кезеңді қазақ
тарихының іргелі бетбұрыс кезеңі деп танитын болсақ, онда оның бар
шындығын бүгінгі ой-сана тұрғысынан уақытпен үндесе отырып қарауымыз
керек. Бұл әсіресе, қазақ зиялыларының осы тұстағы ой-пікірлеріне қатысты.
Осы тұста қазақ зиялыларының екі топқа бӛлініп, бірі ұлт-азаттық кӛтерілісті
жақтап, екіншілері халықтың кӛтерілуіне қарсы шығып, ӛз ой-пікірлерін
дәлледей білгені белгілі. Олардың қайсысының іс-әрекеті дұрыс, қайсысынікі
бұрыс оған куә уақыт.
Ал тарихи шындық ашылғанда, кӛркемдік шындықтың бүкіл болмысын
терең тануға мүмкіндік туары тағы ақиқат.
59
2-тарау
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ
ӘДЕБИ ІЗДЕНІСТЕР
1. Әдеби ағым-бағыттар
Әдебиеттегі ағым – бағыттың айырмашылығын анықтау белгілі бір кезең
әдебиетінің мәнін ашуда аса маңызды. Кӛркем шығармаларда қолданылатын
шығармашылық әдіс-тәсілдермен тығыз байланысып жатқан осы бір
мәселеге қатысты ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде қандай ағымдар
мен бағыттар болғанына, оны сол тұстағы және кейінгі әдеби ой-пікір қалай
танып білгеніне назар аудармасқа болмайды. Себебі ол белгілі дәуірдегі
ақын-жазушылардың ізденістерін, кӛркемдік биіктерге жетуге деген
ұмтылысын айқындайтын нақты құбылыс болып табылады.
Әдебиет энциклопедиясының сӛздігінде бұл екі ұғымға мынадай анықтама
беріледі: “Направление и течение литературные понятия обозначающие
совокупность фундаментальных, духовно-содержательных и эстетических
принципов, характерных для творчество многих писателей, ряда группировок
и школ, а также обусловленные этими важнейшими принципами совпадения
и соответствия программно-творческих установок, тематики, жанров и
стиля”
27
.
Академик З.Қабдолов “Сӛз ӛнері” монографиясында әдеби ағымды әдеби
стильмен салыстырып, түсінік береді: “Байқап қарасақ, стиль – бір жазушыға
тән творчестволық ерекшелік болса, ағым – бірнеше жазушыға тән
творчестволық бірлік; стиль – әр жазушының дара қасиеті болса, ағым – әр
алуан жазушының ортақ сипаты; стиль жалқыға тән ұғым болса, ағым
жалпыға тән таным; стиль әр жазушының әдеби беті болса, ағым әр
жазушының әдеби бағыты (астын сызған біз. Ӛ.Ә.)”
28
. Ғұлама ғалымның осы
пікірінде ғылыми тұжырымдалған шындық бар. Бізге де керегі осы ұғым “әр
жазу-шының әдеби бағыты”. “Ағым”, “Бағыт” әдебиет теориясына қатысты
еңбектерде түрліше құбылып, әрқилы ұғындырылып келеді. Ағымды бірде
әдеби әдіске апарып телісе, бірде бағыттың бір бӛлшегі іспетті қарастырады.
Енді бірде екеуі – “бағыт” пен “ағым” тектес ұғымдар ретінде танылады.
Оның аражігін ажыратып жату біздің мақсатымызға кірмейді. Сондықтанда
біз ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет ӛкілдерін идеялық ұстанымы, ӛмірдің
ӛзекті мәселесін кӛркемдік шындық арқылы кӛрсете білуі, қоғамдық-
әлеуметтік кӛзқарасы тұрғысынан үш бағытқа бӛлдік. Осы “бағыт” ұғымы
олардың ерекшелігін дәл айқындайтын секілді. Себебі ХХ ғасыр бас кезінде
қазақ жазушыларында әдеби мектеп (литературная школа) қалыптаса қойған
27
Литературный энциклопедический словарь.-М,. 1987. –С. 232.
28
Қабдолов З. Сӛз ӛнері. –Алматы,19927 335- бет.
60
жоқ. Ал әдеби топтардың (литературная группа) болғаны анық. Олар кӛбіне
идеялық кӛзқарас тұрғысынан бірігіп, нақты бағыт ұстанды.
Әрине, біз бӛлген бұл әдеби бағыттардың арасын кесіппішіп, бӛлшектеп
тастауға әсте болмайды. Жалпы бір дәуірде ӛмір сүріп, белгілі бір қоғамдық-
әлеуметтік
жағдайды
басынан
ӛткеріп
отырған
ақын-жазушылар
шығармашылығында ұқсастық басым келеді. Бірақ сол қоғамды танып-
білуде, оған ӛзгеріс әкелуге деген ұмтылыстарында, осыларды арқау еткен
шығармаларында кӛздеген ой-идеясын жеткізудегі, тақырыпты ашудағы
ӛзіндік бағыты айқын. Белгілі бір бағыттың эстетикалық танымы
ерекшеленіп-ақ тұрады. Ал, ұқсастық кӛбіне кӛркемдік әдіске тән болып
келеді. Ӛйткені “Кӛркемдік әдіс – белгілі бір дәуірде кӛптеген жазушылар-
дың шығармаларында қолданылатын ӛмір шындығын суреттеу ерекшелігі
соны айқындайтын негізгі принциптер” (З.Ахметов)
29
. Әдебиет теориясының
білгірі академик З.Ахметовтың пікіріне сүйенсек, “бағыт”, ең алдымен
тақырып таңдау, белгілі жанрлық түрлерді қолдану, адам бейнесін
суреттеуден айқын танылады. Біздіңше бұл – бағыт табиғатын тануға
берілген нақты баға.
Ендеше “жазушы әдеби бағытының” тікелей идеялық-кӛркемдік
жақындық пен бағдарламалық-эстетикалық бірліктен кӛрініс табатын әдеби
әдістерден үлкен айырмашылығы бар екендігі айқын. Жалпы европалық
үлгіден алынған “әдеби бағыт” терминінің ӛзгеде халықтардың ӛскелең
әдебиетінде жалғасын тауып жатуы, ӛзіндік ерекшеліктерімен айшықтала
түсуі, оған ұлттық болмыс тұрғысынан қарауды қажет етеді. Кӛп жағдайда
“әдеби бағыттардың” ұлттық-тарихи ерекшеліктерінің басымдылығы
соншалық, оны жоғарыда аталғандай жалпы европалық үлгідегі ӛлшемге
сиғыза қою мүмкін емес. Мұның себебі “Әдеби энциклопедиялық сӛздікте”
былай түсіндіріледі: “…национально-историческое своеобразие направления
в отдельных странах порой столь значительно, что относение их к единому
типу
оказывается
проблематичным,
а типологическая общность национальных разновидностей классицизма,
сентиментализма, романтизма и т.д. – весьма относительный и условный. Это
характерное в особенности для стран, которые со значительным запозданием
стали на обшеевропейский путь или же восприняли европейскую культуру
извне. Их отличает особый “неклассический” “ускоренный” тип
литературного развития с характерным для него “сжатием”, стяжанием
основных ступеней истадий и, с другой стороны, распространением одной
стадии на несколько: преобладание гибридных, смешанных форм”. Осы
түсініктің жазба әдебиеті кенже дамыған қазақ халқына да қатысы бар.
Кӛркем шығармалардың ХХ ғасырдың басында кӛптеп басылуы, Қазан,
Ташкент, Уфа, Петербург қалаларында әдеби мұра үлгілерінің жариялануы
29
Әдебиеттану терминдер сӛздігі. –Алматы,1998 .185-бет.
61
және қазақ тілінде саяси-әдеби газет журналдардың шыға бастауы, мерзімді
баспасӛздің ӛркендеуі қазақ әдебиетінің ӛркен жаюына, сондай-ақ түрлі
әдеби топтардың пайда болуына сол арқылы әртүрлі әдеби бағыттардың
қалыптасуы мен айқындалуына алып келді. Ағым мен бағыттың ара
қатынасы, олардың ерекшелігі мен бірлігі туралы түсініктің сан түрлі
екендігіне мына пікір де дәлел. “Литературное направление возникает тогда,
когда группа писаталей той или иной страны и эпохы обьединяется на основе
какой-то определенной программы и создает свои произведения,
ориентируясь на ее положения. Это способствует большей творческой
организованности и законченности их произведения”! – деп, әдебиет
теоретигі Г.Н.Поспелов “әдеби бағыттың” пайда болу жолын ӛзінше
түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |