2. МӘШһҤР ЖҤСІП КӚПЕЕВ
(1858-1931)
Шығармашылық ғҧмырнамасы
Мәшhүр Жүсіп – кӛп жасап, талай тарихи оқиғалардың куәгері болған,
кӛргеніне қарай түйгені мол, ӛлең ӛнерінде ӛзіндік ӛрнегін сала білген ӛз
дәуірінің кӛрнекті ақыны. Ол – заманының білімпазы ретінде дін мен ӛнерді
қатар ала жүріп, бірінен елге адами үлгі-ӛнеге шашса, екіншісінен ұлтының
рухын кӛтеріп, болашаққа деген сенімін арттырған жан.
Ақынның кӛзі тірісінде үш кітабы жарық кӛрген. Оның үшеуіде 1907
жылы бірінің артынан бірі қатарласа шығып, елінің кӛз қуанышына ғана
айналып қоймай, кӛкірек кӛзін ашып, санасына сәуле түсірді.
110
Мәшһүр “Тірлікте кӛп жасағандықтан кӛрген бір тамашамыз“ атты
кітабында (1907) замана шындығын суреттеп, кӛкейкесті мәселелерді кӛтере
білді. Қай бір мәселе болмасын ел ӛмірін жете түсінетін ақын ретінде
ілгершіл ой айтып, қоғамдық ӛмірді әлеуметтік шындық тұрғысынан кӛрсете
алды. Сол тұстағы саяси ахуалды дәл аңғарғандықтан, ӛлеңдеріндегі ой
орамдары қазақтың алдыңғы қатарлы зиялыларының ой-пікірлерімен
ұштасып жатады. “Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі“, “Ақ қағаз, қалам сия
келет бізге“, “Ырыссыз жоқ нәрсеге ерінеді“ т.б. ӛлеңдеріндегі тарихи
оқиғаларға, ӛнердің адам ӛміріндегі алар орнына деген нақтылы ой-
тұжырымдарының мол болуы, оның ақындық қабілет-дарынының
ерекшелігін айқындай түседі.
“Хал-ахуал“ (1907) жинағында замана сипаты бірқыдыру кең
суреттелінеді. Ел ішіндегі жағдайды айта отырып, келеңсіз қылықтарды ащы
сынайды. Бұл кітабында ақын отаршылдықпен ере келген кесірлі
құбылыстарды да аша білді. Ӛз тұсындағы ӛмір шындығын шынайы кӛрсету
мақсатында жағымсыз образдар бейнесін сол ортадан ойып алып жасады.
Ӛлеңдерінде ел-жұртты аямай сорып отырған билер мен әкімдер, озбыр
байлардың келімсіз кейпін естен кетпестей шебер бедерледі.
“Сарыарқаның кімдікі екендігі“ (1907) жинағындағы ӛлеңдерінде ұлт
мүддесін кӛбірек кӛтеріп, кӛбірек қолдайды. Халықты оянуға, ӛнерге, оқып
жетілуге, мәдениетті ел болуға шақырды. Түркі тектес халықтардың бірлігін
жақтады. Мәшhүрдің бұл жинақтарында жалпы діни уағыз, діни бірлік, дінге
деген сүйіспеншілік кӛбірек кӛзге түседі. Бұл – ақынның алған білімінің,
дүние ӛзгерісіне ӛзіндік кӛзқарасының кӛрінісі.
Мәшhүр Жүсіп – қоғамдық қозғалысқа белсене араласпағанымен, біршама
шығармаларымен тарихи дамудың барысына тікелей ат салысып, қоғамдық
ой-сананың ӛрістеуіне елеулі еңбек сіңірген ақын. Кезіндегі саяси істерге
тікелей қатысы болмағанымен, әдеби шығармалары арқылы патша
чиновниктерінің қудалауына ұшырап, қуғын-сүргін де кӛрді.
Мәшhүр Жүсіп Кӛпеев ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің әр-түрлі саласында
қалдырған мол мұраларымен қазақ әдебиеті тарихының аталған кезеңінен
ерекше орын алады. Ол қазақтың ауыз әдебиетін ӛзіне дейінгі ірі ақындардың
шығармашылығын білумен бірге, Шығыстың әйгілі классиктері Фирдоуси,
Науаи, Низами, Сағди, Хафиз шығармаларымен де жете таныс болған.
Солардан кӛп үйрене отырып, ӛзіндік ізденіспен қол жеткізген мол білімнің
арқасында сӛз ӛнері ӛнерпаздығының биігіне кӛтерілген ақын. Ол – ӛмір
бойы ғылым-білім үйреніп, ӛмірі ізденіспен ӛткен, ғылым-білім арқылы
ұлтының санасын оятуға ұмтылып, тура жолды нұсқай білген ғұлама жанның
бірі.
111
Ғажайып мұраларымен халқының кӛңіліне ұялап “Мәшhүр“ атанған Жүсіп
Кӛпеев 1858 жылы Баянауылда Найзатас деген жерде дүниеге келеді. Ӛзінің
“Мәшhүр“ атқа ие болу жайын “Ӛмірбаян“ атты ӛлеңінде былай баяндайды:
Бес жаста бісміллә айтып жаздым хатты,
Бұл дүние жастай маған келді қатты.
Сегіздей тоғызға аяқ басқан күнде,
Мұса еді қосақтаған “Мәшhүр“ атты
39
.
Ақын ӛзі айтқандай, сегізге енді толған шағында қалың топтың алдына
шығып, ауыз әдебиетінің озық үлгілерін Шығыстық қисса-дастандарды,
лиро-эпостық жырларды нәшіне келтіріп, келістіре жатқа оқиды екен. Оның
ӛнеріне риза болған Шорманның Мұсасы Жүсіпке “Мәшhүр“ атағының
таңылуына себепкер болыпты. Ол Мәшhүрдің тақиясына үкі тақтырып, “Бұл
бала ӛз заманында халыққа Мәшhүр болатын бала екен” депті, содан бері
Жүсіп атына “Мәшhүр“ атағы қосақталып айтылатын болған.
Бүгінде
Мәшhүр
Жүсіптің
ӛмірін,
ақындығын
зерттеп
жүрген Қ.Жүсіпов, С.Кӛпеев тәрізді немерелері, Н.Жүсіпов, Г.Жүсіпова
сынды шӛберелері келтірген “әулеттік архив” деректеріне және ақынның ӛз
ӛлеңдеріне қарасақ, оның ӛмір жолы былай ӛріледі.
Мәшhүр-Жүсіп 5 жасында Баяндағы Байжан Смағұлұлының медресесіне
барып, Нәжімолдин хазіреттен алғашқы дәріс алады. 8 жасынан бастап
Қамариддин хазіреттен оқи бастайды. Бұл кісі Омбы облысының ахуны
болған ӛте білімдар адам болса керек, Баянға Шорманның Мұсасының
шақыруымен келген екен. Осы ғұламаның қолында Мәшhүр 15 жасқа дейін
оқиды.
1874 жылдан, яғни 16 жасынан ӛзі де ұстаздық жолға түседі. Балаларға
діни сабақ үйретумен бірге, оларды халықтың ауыз әдебиетіне, музыка
ӛнеріне, қолӛнерін үйренуге бейімдеп тәрбиелейді.
Ақын 20-25 жас аралығында Сарыарқаны аралайды, Жетісуды кӛреді.
Қазақтың небір игі жақсыларымен араласып, таныс-біліс болады. Мәшhүр
Жүсіп Кӛпеев Бұқара, Түркістан, Ташкентке бірнеше рет барып, білімін
жетілдірген. Ол алғаш рет Бұқараға 1887 жылы 29 жасында барады.
Мәшhүр Жүсіп Кӛпеевтің ӛз ӛлеңдеріндегі деректер бойынша 1895 жылы
араға сегіз жыл салып ол жаққа қайта жолы түседі. Ақынның бұл екінші
сапарының мақсаты да ғылым жолы еді. Ал Бұқара, Ташкентке жасаған
үшінші сапарының жӛні бӛлек. Мұның себебі, Мәшhүр Жүсіп 1907 жылы
жарық кӛрген үш кітабы үшін (“Хал-ахуал, “Сарыарқаның кімдікі екендігі“,
“Тірлікте кӛп жасағандықтан кӛрген бір тамашамыз“) қудаланып, осы
кітаптарды бастырып шығарған Қазан қаласындағы Хұсайыновтарға он екі
39
Кӛпеев М.Ж. Таңдамалы. 2 томдық шығармалар жиынтығы. I том. – Алматы, 1990 .-123б
112
мың айып салынады. Ақын патшаға қарсылар тізіміне ілігіп, ел ішінде
жасырынып жүреді. Бұқара, Ташкентке үшінші рет сапар шегуі осыған
байланысты.
Мәшhүр ғұмырнамасын ӛте жақсы білетін Дихан Әбілевтің “Мәшhүр
Жүсіп“ атты естелігінде (“Жұлдыз“, 1992, N2) мынадай дерек бар: “Дала
уалаяты“ газетінде басылған 1905 жылғы “Қанды жексенбі“ ӛлеңі, “Сарыарқа
кімдікі“ толғауына байланысты патша жандармдары Мәшhүрді тұтқындап,
соттатып жібермек болғанда, Мәшhүр лажсыз тӛрт-бес жыл бойы Орта Азия
жақта қашып жүрген”. Ӛйткені “Сарыарқа кімдікі” толғауында ата-бабаның
қасиетті мекені, елге ырзық, малына құт, қазақтың кең сахарасының
ортасынан ойып орын алған киелі Сарыарқаны патша отаршылдары
озбырлықпен тартып алғанын ащы шындықпен әшкерелеп, халықтың ауыр
хал-қасіретін тебірене жыр еткен.
Айрылды біздің қазақ Есілінен,
Ӛзінің болған емес кесірінен.
Жер мүлкі шаруаның қызықты ең-ау,
Қойнында құшақтаған жесірінен.
Осы ӛлеңдегі ақын айтпағы “Ұйқыңнан оян! Елдігіңді ұмытпа!”. Елдің
еңсесін басып, езгіге салып үкілі арман-мұратының күлін кӛкке ұшырған
отаршыл патша ӛкіметінің әккі саясатын Мәшhүр Жүсіп осы “Сарыарқа
кімдікі“ ӛлеңінде жалтақсыз, ашықтан-ашық айтады. Әрине, бұл сияқты ӛткір
тілді адамның патша ӛкіметіне ұнамайтыны белгілі.
Ғылым мен ӛнерді ӛз ӛнерпаздығының туы етіп кӛтерген Мәшhүрге
ақындық ӛнер қашан қонғандығының оның ӛлеңдері арқылы білеміз.
“Мәшhүр атты қалай алғандығы туралы“ атты ӛлеңінде ақын бұл туралы
былай дейді.
...Кеудеге он бес жаста ғылым толды,
Толысымен тасып кетіп ӛлең қонды.
Мәшhүр Жүсіп аталған ӛлеңінің басқа шумақтарында ӛзінің ұстаз алдында
білім алған кейбір сәттерін ӛте бір ризашылық сезіммен еске алады. Біз
ақынның ӛлеңіндегі ӛз ӛмірбаянына қатысты деректерді шынайы
қабылдауымыз керек. Яғни Мәшhүр ӛлеңді 15 жастан жаза бастаған.
Кезінде ел ішіндегі кедей-шаруа мен кейбір байлыққа
ісінген жуандар арасындағы қарама-қайшылықты кӛре отырып, ақынның
ақиқат шындықты айтам деп, ел “пысықтарына“ жақпай жалғызсыраған
кездері де кӛп болған:
113
Кейде мен кӛп сӛйледім аузым бақпай,
Бетімді жіберген соң ешкім қақпай.
Туысқа тура жолды айтамын деп,
Жалғанда жалғыз қалдым жанға жақпай.
Мәшhүр Жүсіптің есімі кӛзі тірісінде-ақ елге танылған болатын. Оған
себеп оның кітаптары дер кезінде жарыққа шығып, қалың қазақтың кӛзі
ашығының қолына тиген еді. Ол халықтық мұраларды жинау арқылы да ел
ішінде ӛлшеусіз беделге ие болды. Ел арасындағы игілікті істері де атағына
атақ, даңқына даңқ қосып отырды. Замандасы М.Дулатовтың “Оян, қазақта”
орыстың кӛрнекті ақын-жазушыларына қазақ ақындарын теңей отырып,
солардың қатарында Мәшhүрді де атауы бұған дәлел:
Оралдан Әбубәкір молла шықты,
Омбыдан Қыпшақбайдай жорға шықты.
Торғайда Ақмолла мен Нұржан жатыр,
Шӛже, Орынбай, Мәшһүр Жүсіп о да шықты.
Бұлардың әрбір сӛзі пайдаға асқан,
һүнерін хатқа жазып халыққа шашқан
Мақтап ӛлең айтпаған нәрсе алуға,
Ғажайып хикмәттің кілтін ашқан.
Жоғарыда айтқандай,
Жабысты ӛлең маған он бес жаста,
Жұрт айтты “Не қыласың“ – деді баста.
Дегенмен қоя алмадым үйренген соң,
Мінім жоқ қылған жұртқа мұнан басқа, –
деп, ақындық жолға ерте түскен Мәшhүр Жүсіп ӛз ӛлеңдерінде кӛбіне заман
жайынан толғап, ӛз жұртының қыңыр мінезі мен кесірлі қылықтарын, би-
болыстардың берекесіз тірлігін ӛткір сынға алып, ел жайын күйзеле
жырлады. Халықты оянуға үндеп, бірлігі бекем, азат, еркін ел болуға
шақырды. Ақынның осы сипаттағы ӛлеңдерінен кӛздеген ой-идеясы айқын
аңғарылады:
Ӛнерге, ғылым-білім болсаң жерік,
Берілер ақыр бір күн басыңа ерік.
Мәжһүр-Жүсіп – тек ақындық ӛнерімен ғана танылып қоймаған жан. Ол –
ел ішінде әулие атанып, талай ғажайып аңыз әңгімелерге арқау болған адам.
114
Немересі Сүйіндік Копеевтің естелігі бойынша, Мәшһүр кӛріпкел жан болған
екен. Сол кісінің әңгімелеріне назар салсақ, мынадай жайларды аңғарамыз.
1920 жылдары Мәшһүр “Сарбұлақ” деген жерге қоныстанып, қыстау салдыра
бастайды. Оның құрылысын 1930 жылы аяқтайды. Сол жылдың жазында
ӛзіне зират үй де тұрғызады. Ол біткен соң ӛзіне-ӛзі құран оқытып ас берген.
Мұның жайын сұраған елге “келер жылы дүниеден ӛтемін, арғы жылы маған
ас бермек түгілі қоңыз теріп кетерсіңдер” дейді екен жарықтық. Қайтыс
болар жыл – 1931, ал асы берілер жыл – 1932. Кӛріпкелдің қателеспегеніне
уақыт куә. Ол кісі ӛзі ӛмірден ӛтер жасын үнемі ескертіп отыратын болған.
Оны “Бұхарада оқып жүргенде бір әулиеден естідім, “мені айналып,
таяғымен түртіп “72-73” – деп кетіп қалды” дейді екен. Содан соң “73-ке
келгенше балталасаң да ӛлмеймін, 73-ке келген соң, шақырсаң да келмеймін”
деген болжам жасайды екен. Бұл болжамы дәл келіпті. Мәшһүр-Жүсіп
Кӛпеев 1931-қой жылы күз айында, күндізгі уақытта дүниеден ӛтеді. Дихан
Әбілов жазып алған үлкен баласы Шәрапидің естелігі бойынша осылай. Бір
таңғаларлығы Мәшһүрдің ӛзі салдырған зиратындағы ашық жерленген денесі
21 жыл бойы бұзылмай жатқан. Мәшһүр-Жүсіптің зират үйі туралы Дихан
Әбілов былай деп жазады: “Ауыз үйренген сӛз болған соң зират дейміз ғой,
әйтпесе, үсті екі бӛлмелі кірпіш үй, асты Мәшкеңнің денесі жатқан Кең сарай
кесене, Ауыз бӛлмеде – плитка-қазандық, самауыр, шәйнек, шелек, ожау,
тәрелке, қасықтарға дейін бар, тӛр бӛлмеде – дӛңгелек үстел, кітап, жәйма
тӛсеніш. Босаға жақ солтүстік бұрышта насыбай үккіш, шоқпар, үстел
үстінде мүйізді қара шақша. …Бӛлменің (астыңғы Ӛ.Ә.) батыс іргесін ала бір
жарым метрге жуық биік нар, ағаш тӛсек үстінде ақ жабылған Мәшкең,
қайран жарықтық Мәшкең жақсы бір түс кӛріп жатқанға ұқсайды. Пішіні,
кескіні, келбеті тірі күндегісіндей сымбатты”.
Осындай қасиетті жанды кеңестік дәуірдің әпербақандары қадір тұтпау
былай тұрсын, ӛші бардай зиратын талқандап, мүрдесін жермен-жексен етіп
тынды. 1952 жылдың 10 желтоқсанында “Социалистік Қазақстан” газетінде
Мәшһүр-Жүсіптің
діншілдік,
ұлтшылдығын
әшкерелеген
мақала
жарияланды. Соған байланысты Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық
Комитетінің қаулысы шықты. Содан кӛп ұзамай жаны жанаттағы әулие
жанның зираты екі милиция, бір трактордың күшімен қиратылды. Осы іс-
шараның басын-да жүрген аудандық партия комитетінің хатшысы Кенжебай
Макиннің айтуы бойынша басты себебі мынау (Дихан Әбіловтің естелігі):
“Партияның үгіт-насихатынан Мәшhүр Жүсіп аруағы беделді боп барады.
Мәшhүрді әулие тұтады. Басына, зиратына барып ел адамдары түнейді“
Партия атқа мінерлері Мәшһүрдің зиратын қиратып, жансыз тәнін
қорлағанмен, оның ӛлмес рухын адамдар санасынан жойып жібере алған
жоқ. Мәшкең ӛзінің мәңгілікке сапар шеккен ӛлең ӛнерімен ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасын тауып, келешекке жол тартары шындық.
115
Ақынның артында қалдырған мол мұрасы тек ӛлең-жырдан ғана тұрмайды.
Оның ӛз қолымен жазып қалдырған қолжазбасы зерттеушілердің айтуы
бойынша 30 томдай. Онда қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрі, ӛнері
мен әдет-ғұрпына қатысты ұшан-теңіз бай материал бар. Ондағы Мәшһүр
жинаған ауыз әдебиеті үлгілерінің ӛзі – бір кісінің ғұмырына татитын еңбек.
Мәшһүр-Жүсіп 1881 жылы тюрколог ғалым В.В.Радловпен кездесіп, ӛзінің
жинаушы ретіндегі ісіне бағыт-бағдар алады. Бұл туралы “Егер ол (Радлов
Ӛ.Ә.) болмаса қазақтың кӛптеген дастан-жыры ұмыт кетер еді” дейді
Мәшһүрдің ӛзі. Мәшһүр-Жүсіп қазақтың әргі-бергі тарихындағы ірі
ақындарынан Қотан, Бұқар, Кӛтеш, Шортанбай, Шӛже, Ұлбике, Шернияз т.б.
ӛлең сӛздерін, ӛмір деректерін жазып қалдырып кеткен. Шешендерден Тӛле,
Ақтайлақ, Саққұлақ, Бӛлтірік т.б. туралы деректер беріп, асыл сӛздерін,
кейінгіге үлкен еткен. Қазақ ауыз әдебиетін “Үлгілі сӛз”, “Баталар”, “Ертегі”,
“Жар-жар”, “Қайым айтыс”, “Айтыс”, “Жоқтау” деп бӛліп-жіктеп,
әрқайсысынан кӛптеген үлгілер жазып қалдырған. Мұның бәрін “Қара Мес”
атты екі қолжазба жинағына кіргізген. Мәшһүрдің кейінгі ұрпаққа қалдырып
кеткен ұлттық мұрамыздың үлгілері – әлі талай ұрпақ сусындар асыл қазына.
Олар оның ӛлең-жырларымен бірге мәңгі жасай бермек.
Ақынның ӛлең-толғаулары
Мәжhүр Жүсіп ӛлеңдеріндегі тақырыптық ізденістерге келсек, мұнда
қоғамдық-әлеуметтік ӛмір тудырған замананың зәру мәселелері кӛрініс
тапты. Соның ең негізгілері: дін жайы, халықтың тұрмыс жағдайы, ұлт, жер
мәселесі, білім, ғылым, еркіндік, азатшылдық, патшалық саясаттың қилы
қитұрқы әрекеттерін сынау, жалпы адамзаттық ой-толғамдар.
Ақын ел еңсесін басқан қараңғылықтың себебін білім жоқтықтан деп
біледі. Отаршылдардың зардабын, олардың зорлығының қатты бататындығы
да содан деп түйеді. “Алты бақан алауыздықтың” түп тӛркіні надандықта
жатқандығын терең сезінеді. Надандықтың тұманын түретін нұрлы сәуле
білім екенін ақын аңғарып қана қоймай, соны ұлтының үмітіне айналдыруға
тырысып, білімді насихаттауға бар күшін салады. Сондықтан да ақын “Yш
рет сӛз“ атты ӛлеңінде:
Қылады әркім мазақ ғылымы жоқтан
Надандар адасуда білімі жоқтан, –
дей келіп, оның отаршылдықтың құрсай түсуіне тиімді болып тұрғанын
ашына айтады:
Шаруаның берекесі кірмейді екен,
116
Мекен-жай қоныс қылар орны жоқтан.
Іргеңнен атақоныс мұра шықты,
Тарылтып аймағыңды крестьян.
Мұнда қазақ жерінің талан-таражға түсіп, күйі қашқан қысылтаяң сәті
ешбір бүкпесіз берілген. Еркіндігінен еріксіз айырылған ел іргесінің
бүліншілікке ұшырауына түрткі болған кім деген сұрақтың туары шындық.
Ақынның бағамдауынша оған негізгі қозғаушы күш болып отырған “ӛз
тамағы тойған соң, қисық жаққа бұза шыққан“ тӛрелер, “ат айғырды қан
сорпа қылып, қырып-жойып жүрген“ ғаділетсіз хәкімдер.
Құрметті ел билеген хакімдер де,
Жыландай зәрін тӛгіп, сорып жатқан.
Бас салып мұңлы-зарлы кем кетікті.
Бүркіттей тырнағымен бүріп жатқан.
Ақын бейнелеуіндегі хәкімдер бейнесі ап-айқын. Момын халқын сорып
жатқан улы жылан, тырнағымен бүріп жатқан бүркіт тектес хәкімдер
жауыздықтың нақты образына айналған озбырлық пен азғындықтың
біртұтасқан жиынтығындай. Нақ табылған, тап келген теңеу деп осындайды
айтса керек.
Мәшhүр
Жүсіп
Кӛпеев
–
негізінен
діни-ағартушы
ақын.
Шығармашылығындағы басты желі діни таным тӛңірегінен ӛрбіп жатады.
Әйтсе де ақын ӛлеңдерінде “дін“ ұғымы қандай мақсатпен үйлесім тапты?
Шығармашылығына дінді тұғыр еткен кез-келген ақын, сӛзсіз оның
танымдық, тәрбиелік негізін арқау етеді. Мәшhүр Жүсіп поэзиясындағы діни
таным оның әрбір айтар ойына, толғамына тірек қызметін атқарады. Мәшhүр
мұрасын зерттеушілердің бірі Ертай Мәшhүр Жүсіп шӛбересі ақын
ӛлеңдеріндегі дін тақырыбы жайлы “Мәшhүр Жүсіп Кӛпеевтің дін
тақырыбына кӛп жазғанын зерделегенде, алдымен оның себебіне біраз үңілу
керек. Мәшhүр Жүсіп алғашқы ӛлеңдерін жазып, әдебиетке араласа бастаған
шағы ХІХ ғасырдың соңғы ширегіне дӛп келеді. Бұл патшалық Ресейдің
қазақ елін отарлауы белең алған кез еді. Жердің ең шұрайлысын
келімсектерге беру арқылы тек экономикалық емес, рухани қыспақта дендеп
ене бастады. Мұндай жағдайда дінге насихаттау, халықты Аллаға құлшылық
етуге, дін жолына шындап кірісуге үгіттеу дінді ғана емес тілді, жалпы
ұлттық болмыс-бітімді сақтаудың ең пәрменді құралы болғанын аңғару қиын
емес“ (“Ислам әлемі“. 1997, N3) деген түйінді ой айтады.
“Дін“ деген ұғымның тек қана жақсылықпен жанасатыны және адамды
ізгілікке, бӛлінбейтін бірлікке, бүтіндікке, адалдыққа тәрбиелейтіні белгілі.
Әр халықтың дүниетанымдық ерекшелігі, таным-түсінігіне орай ол белгілі
денгейде ұлттық санаға да әсерін тигізбей қоймайды. Мәшhүр Жүсіп ӛз
117
поэзиясына дінді тұғыр етіп, сол арқылы ағартушылық-азатшылдық ойын
білдіре отырып, бірлікке, білімге, ғылымға үндеп, адамгершілікті насихаттау
арқылы қоғамдық маңызы бар ой айтқан. Осы тұрғыдан келгенде ақын
шығармашылығындағы дін рухани-мәдени ӛмірді ӛркендетуге үндеудегі
басты бағыт-бағдар. Ақын бірде:
Асқынды боп жара-жауырларым,
Тіпті жоқ жазулы істі ауырларым.
Бірлік қыл, басыңды қос, пайдаңды ойла,
Қазағым, қайран халқым бауырларым, –
деп жырласа, енді бірде “Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі“ атты ұзақ
ӛлеңінде былай дейді:
Құдайдың шын нансаңдар бірлігіне,
Ерлердің күш қосыңдар ерлігіне.
Сарт демей, ноғай демей, қазақ демей,
Тілек қыл дін мұсылман бірлігіне.
Екеуіндегі де айтар ой, кӛтерілген идея біреу – бірлік, ынтымақ.
Алғашқысында жеке ұлттың қазақ ұлтының бірігуін ұран етіп кӛтерсе, келесі
ӛлеңінде мұсылман қауымына жататын түркі тектес халықтардың ӛзара
бірлігін аңсайды. Алғашқысындағы ұлттық бірлік болса, кейінгісіндегі
мұсылмандық бірлік. Бірлік тұтқасы – дін. Ой осы ұғымның айналасында
шыр айналып жүреді. Бұл – жай үндеу емес, тікелей қимылға шақыру. Ӛлең
жолдарының мәні осында. Дін – ұлы күш. Оған деген сенімнің күшіне ақын
шынайы сенеді, сенімнің жеңетініне және сенеді. Сенім қимылға әкеледі,
қимыл азатыққа жеткізеді. Ақынның бұған еш күмәні жоқ. Осы ӛлеңіндегі
келесі шумақтар соның куәсі. “Бірлігі мұсылманның – ынтымағы“, деген
ұран іспеттес ой тастап алып, ақын мынадай тілек тілейді:
Екінші ие болсаң дін мен жерге,
Тұрса да қай орында кіммен бірге.
Құтылып таршылықтан кеңіп тыныс,
Ісіміз басса екен деп біздің ӛрге.
Мұнда, әу бастан, ел үшін, ұлт үшін киелі боп келген негізгі ұғым жер мен
дін бӛлінбестей бірлікте алынған. Неге десеңіз ақын үшін бірі – жан азығы
да, бірі – тән азығы. Бірі – тіршілік тірегі, бірі рух тірегі. Ендеше екеуін
бӛліп-жаруға бола ма?! Ақын ел ішінде қанат жайып бара жатқан
миссионерлік әрекеттер нәтижесінде туған халқының діннен айрылу
118
қаупінен қорқады. “Дін“ ұғымын ақын халықтың рухани болмысымен, білік-
танымымен сабақтас алып қарайды. Кез-келген халықтың ұлт ретінде
жойылуының белгісі – сол елдің рухани-танымдық санасының ең жоғарғы
мәдени тіректеріне саналатын тіл, дін, ділден алыстауы. Ендеше патшалық
Ресей империясы ӛз үстемдігінің арқасында орыстандыру саясатын ашық
түрде де, құпия түрде де жүргізіп жатқан тұста ғасырлар бойы қалыптасқан
мәдени-рухани дүниетанымнан бүтіндей айрылудан артық қасірет бар ма?!
Ал ел-жұрттың ол тұста айрықша рухани күйзеліс кезеңін бастан кешіргені
еш талассыз шындық.
Соны ақындық кӛкірек кӛзімен кӛріп, терең сезініп, айқын аңғарған
Мәшhүр Жүсіптің ӛз поэзиясына әлгіндей ӛзекті мәселелерді желі етуі заңды
құбылыс. Және ақынның оны ешбір ауыспалы мағынасыз, ашық, бүкпесіз
жеткізуі айтар ойдың мәнін арттыра түседі. Алыс күнді кӛздеген ақынның
болашаққа тілегі мынау:
Дін кӛркейіп кӛзге бір кӛрінсе де.
Шариғаттың тізгіні қолымызға,
Бостандық боп қағусыз берілсе де.
Шариғат низамменен қатарласып,
Бірдей боп келсе екен теңбе-теңге.
Осындағы “дін“, “шариғат“, “бостандық“, “низам“ деген ұғымдар ӛлеңнің
идеялық мақсатын айқындап тұр. Ақын ұлттық заңның негіздері шариғат
қағидаларынан алынуын қалайды. Бұл оның орыс “закондарының“ ұлттық
жүйеге сай келмейтінін кӛрсете отырып, сан ғасырлық қалыптасқан жүйесі
бар қазақ ұлтының билік заңдары мен шариғат заңдылықтарын бірлікте
жүзеге асыруды қалаған игі тілегін, соған деген ұмтылысын байқатады. Ақын
қазақ жастарын зорлап орысша оқытуға қатты алаңдаушылық білдіреді.
Туған тілді шетке теуіп, еріксіз орыс тілді меңгертуді талап еткендерге
қасқайып қарсы тұрады. Бүкіл ӛлең бойынан біз Мәшhүр Жүсіп Кӛпеевтің
елі үшін елжіреген жүрек үлпілін сезінеміз. Халқымен бірге күңіренген ақын
жанының терең қайғысын түйсінеміз. Елін бостандық күнге жеткізуді
аңсаған Мәшhүрдің азаматтық тұлғасын танимыз. Елге деген ерекше
сүйіспеншіліктің нышанын Мәшhүр Жүсіп Кӛпеевтің кез келген ӛлеңінен
табуға болады.
Мәшhүр Жүсіптің ел жайына, ұлт мәселесіне арналған ӛлеңдері
азатшылдық, бостандық, тәуелсіз тәрізді еркіндікке кӛшбасшы ұғымдарды
алға шығарады. Ол еркіндік пен әділдік үстемдік құрған елді аңсап қана
қоймай, сол еркіндік пен тәуелсіздікке жеткізер әділетті жолбасшы да
іздейді. Ӛлеңінде солардың ӛз кӛкейіндегі, ӛз ойындағы бейнесін сомдайды.
119
Ондай тұлғаларға тән асыл қасиеттерді атап-атап айтады. Бұл туралы “Қазақ
жұртының осы күнгі әңгімесінде“ былайша жырлайды:
Дін үшін жан кешетін ерлер болсын,
Қызбайтын кӛрінсе де жерік асы.
Алдында алтын жатса алмайтұғын,
Жан-жағын қу болмасын жалмайтұғын.
...Алланың ақ жолымен жүретұғын,
Ерік Аллада екенін білетұғын.
Қызылшыл, жемтікшілді жібермеңдер,
Ит сықылды жетекке еретұғын.
Бүгінгі күннің талабына қарасақ та Мәшhүр Жүсіп Кӛпеевтің сол кездегі
айтқаны бұл күнге де ең бір қажетті сӛз болып жеткенін байқаймыз.
Жолбасшыға қатысты кешегі тілек те, бүгінгі талап та бір деңгейден шығып
тұр. Кӛкірегінде имандылық сәулесі бар жанның жол бастаушы болуы –
бодандық бұғауындағы халыққа биік арман. Осы орайдан келсек, Мәшhүр
Жүсіп Кӛпеев шығармаларына негіз болған тақырыптардың бірі әлеуметтік-
қоғамдық ӛмірді қамтитын азаматтық тақырып екенін аңғарамыз.
Мәшhүр Жүсіп Кӛпеев – ХХ ғасыр басындағы азатшылдық ойды алғаш
қозғағандардың бірі, әрі бірегейінен саналады. Алғашында патшалық
саясаттың құпия қитұрқыларын аңдай алмай, оған сеніммен қарап, үміт
артқанымен, кейін патша манифесінен де, әртүрлі реформалар астарынан да
халықтың жайын жақсартарлық түйін таппай күдер үзіп, оларға ӛзгеше қарай
бастайды. Жан-жағын байыппен аңдап, ӛзге елден ӛнеге алып ел бірлігін
нығайтуға, жұртын тікелей азаттық алу жолына үндейді. “Оян, жұртым!” деп,
жар салады. Мәшhүр Жүсіп Кӛпеев “Қара ӛлеңінде“:
Жатқандай тәтті ұйқыда қазақ халқы,
Айрылмай жақсы менен жаман парқы.
Баласы дін мұсылман ояныңдар,
Кӛрінер ӛз пайдасы жұрттың нарқы.
Әркімнің ӛз пайдасы ойлағаны,
Тереңге түсіп жатыр байлағаны.
Бостандық деген сӛзді жоқ қылам деп,
Аш бӛрі бізді жеуден тоймағаны.
...Бас қамын жан пайдасын ойлаңыздар
Жақсы емес түсе берсең қармағына, –
деп, қазақты түгелдей бағындырмақ боп қыспаққа алып, жан жағынан зорлық
кӛрсетіп, кӛшпелі халықты адамдық құқынан айырып, жер суын еріксіз алып,
120
қалаған жерге “омақаны орнатып, қазық қағып“ жатқан отаршылдықтың
қиянатын кӛрсетеді. Жалғыз қазақ ұлты ғана емес, бүкіл түркі жұртының
бірлігіне шақырып, ынтымақпен қарсылық кӛрсетуді насихаттайды. Мұның
бәрі елін сүйген алып жүректі азаматтың алда күтіп тұрған “қауіптен“
жұртын құтқарудың жолын нұсқауы еді. Бодандықтың бұғауын киген елінің
езілгеніне күйзеліп, азаттықты аңсап, бостандықтың жолын іздеп алас ұруы
еді ақынның. Ол ӛз ойын ешбір бүкпесіз, құпиясыз ашық айтады.
Отаршылдықтың бұғауын жұлып тастауға анық та айқын түрде шақырады.
Шынын айтсақ, бұл қазақ поэзиясындағы отаршылдыққа қарсы айтылған
алғашқы “тасқа басылған” жан айқай еді. “Сарыарқаның кімдікі екені“
кітабына енген “Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі“ атты ӛлеңі - осы ойдың
дәлелі. Онда үміт те бар, Ресей патшасының ӛз еркімен еркіндік бермесіне
күдік те бар. Ақын:
Биылғы үмітті едік ӛткен күзден,
Октябрь он жетінші деген сӛзден, –
дей келе, ойын былай қорытындылайды:
Жан-жақтан ұшпа бұлт кӛтерілді,
Қызғанып күннің кӛзін мұңлы бізден.
Келді деп басыңа от қорқытады,
Іліп ап бес-алты ауыз айтқан сӛзден.
Мұнда ақын 17 октябрь манифесі, онан соңғы Дума сайлауы және
сайлаудан кейінгі қудалау мәселесін айқын да ашық айтып отыр. Оны әдемі
суреттермен жүрегіңде мәңгі қалардай етіп кӛркем жеткізеді.
Мәшhүр Жүсіп Кӛпеевтің азаматтық лирикасының негізгі желісі – рухани
оянуға шақыру. Оның саяси-әлеуметтік тақырыпты арқау еткен ұзақ ӛлеңі –
жоғарыда сӛз қылған “Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі”. Бұл ӛлеңге
қайта-қайта оралуымыздың себебі Мәшhүр шығармасының тамыр соғысы
осы ӛлеңнен танылады. Мұнда ақын отаршылдық езгінің бедерлі суретін
беріп, рухани оянудың серпіліске, серпілістің сілкініске жеткізерін сездіреді.
Бұл ойлар қоғамдық ӛмірдің жаңа бетбұрысына шақырған белсенді
насихатпен ұштасып жатады. Жалпы ақынның осы тектес ӛлеңдерінің кӛбін-
дегі ой-таным ұлт-азатшылдық идеямен үндес келіп оты-рады.
Қараңыз бұлбұлдардың сайрасына,
Бұлақтай тастан аққан қайнасына.
Баста азат, орында азат, порымда азат,
Еркімен жүрсе әркім пайдасына…
121
Халық қылып атандырды бізді қазақ,
Еркелі кӛп жұрт емес, ӛзі де азақ.
Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз,
Барасың кӛрінгенге болып мазақ.
“Қазақтың жұртының осы күнгі әңгімесі” ӛлеңінен алынған бұл үзіндіден
ақынның азаттықты аңсаған үмітті тілегі мен отаршылдықтың басты себебін
айқындаған кӛзқарасын танимыз. Еркіндік идеясын насихаттайтын тӛмендегі
екі шумақ ұзақ ӛлеңнің тақырыптық негізін айқындап, айтар ойдың түйінін
береді.
Бар құдай бізге жарық таңыңды атыр,
Боларек, атса таңың біз де батыр.
Қазаққа құлақ пен кӛз болған ерлер,
Тұтқында білесіз бе, неге жатыр…
Жолыңнан сыбағалы құры қалма,
Жақсыны аты естілген естен салма.
Жұртыңның қамы үшін қайрат қылып,
Айдалып, атылсаң да арман бар ма?!
Осында жоғарыда біз айтқан Мәшhүрдің азатшылдық ойларының ӛзегіне
айналған тамырлас тақырыптар тоғысын тапқан.
Қазір “Оян, қазақ“ деп алғаш үн кӛтергендер Ақаң, Жақаң деп
жүргенімізбен, Мәшhүр Жүсіп Кӛпеевтің кітабы шыққан тұста олар саяси-
әлеуметтік ӛмірге енді ғана белсене араласып келе жатқанды. Олардың
алғашқы кітаптары 1909 жылы шыққанын еске алсақ, оған әлі екі жыл бар
болатын. Мәшhүр кітабы – азатшыл ойды алғаш оятқан кітап. Сондықтан да
ол патша жандармдарының қудалауына ұшырап, қуын-сүргін кӛрді.
Мәшhүрден соң барып патша жандармдары Әлихан, Ахмет, Міржақып
сынды арыстарымызды түрмеге жауып, жер аударып, туған жұртынан
аластай бастады. Ендеше Мәшhүр Жүсіп қазақ поэзиясына азатшыл сарынды
алғаш алып келген ақын деуге толық хақымыз бар. Сонау әрідегі (ХІХ
ғасырдың бірінші жартысы) Дулат, Шортанбай, Мұрат поэзиясындағы
“замана зары“, ӛкініш пен мұңға толы ел басына түскен қасіретті жырлау
сарынын азатшылдыққа алғаш ұштастырғандардың бірі Мәшhүр Жүсіп
Кӛпеев. Мәшhүр поэзиясымен бірге қазақ поэзиясына күрескер рух келді,
ұмытыла бастаған ұлттық намыс келді. Дулат, Шортанбайлар отаршылдық
торынан құтылар жолды таба алмай зар илесе, Мәшhүр оның жолы Ресейдегі
мұсылман дүниесінің, түркі дүниесінің бірлігінде деп білді.
122
Мәшhүр Жүсіп поэзиясының үлкен бір тақырыптық саласы – ғылым, білім,
ӛнер жайы. Ел ӛміріндегі білім-ғылымның алар орнын оның адамға берер
мол пайдасын ақын терең пайымдайды.
Ғылым біл, жұмыс істе оған серік,
Жарлыға мал-бұл ғылым-болар кӛрік.
Ғылым, білім-ӛнерсіз, қадірсізді,
Ӛлік біл, оны жан деп білме тірік, –
дейді ақын «Қалмады ойлай-ойлай басымда ми» деп аталатын ӛлеңінде.
Мұнда ғылымның адамды кӛркейтер, қадірін арттырар ғажап қасиетін тілге
тиек ете отырып, ел азаматына айландырар болашақтың тірегі асқарлы ӛнер-
білім екендігін кӛрсетіп, оны үйренуге, ғылым игеруге шақырады.
Жастықта ұмтылып бақ ілгері ӛтіп,
Жұмысың жабдықталсын ерте бітіп.
Қолыңа қарманғанмен түк түспейді,
Қалған соң жастық қуат бойдан кетіп, –
деген Мәшhүр ойы кезінде ұлы Абай айтқан:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын кӛре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, –
деп келетін озық оймен үндесіп-ақ кетеді. Уақытында білім-ғылым іздеп
еңбектенбей кеш қалған соң, қанша ұмтылсаң да қолыңа түк түспей, тауың
шағылатынын айта отырып, ақын жастықтың жалынды қайратын ӛнер-білім
табуға арнауға шақырады. Білім-ғылымды қарабастың қамы үшін жимай, сол
жиған-тергенді игілікті іске жұмсай білу, халыққа пайда келтіру керектігін
айтып, “жұртына білгеннен тисе пайда, ойлайтын халық пайдасын әрбір
жайда“ – деп, оқығандарды шынайы азаматтық жолға салғысы келеді. Ақын
үнемі “Жігіттер ӛнер алды ғылым-білім” деген ғибратты шегелей айтып
отырады. Және де зиялы жасты дүниеге қырағы кӛзбен қарап, ӛзіндік ой
түюге, одан ӛзіндік пікір қалыптастырып, ӛзгеше жол іздеуге үндейді.
Ғибрат ал атқан таң мен батқан күннен,
Шықпассың адам болсаң айтқан жӛннен.
Басыңа қайғы келсе қапа болма,
Тарылып, назаланып шықпа діннен.
123
Болмайды түн күндізсіз, күндіз түнсіз,
“Ай кірсіз”, – деген сӛз бар, – “құдай мінсіз”.
Шаттық пенен қапалық кезек нәрсе,
Бірінен соң бірі бар артық, кемсіз.
Ақынның мұнысы жай ғана ақылгӛйлік емес, адамды, әсіресе, жастарды
қайраттылық, қайсарлылық, шыдамдылық, беріктік сияқты ізгі қасиеттерге
тәрбиелеу болып табылады. Бұл ұлы Абайдың “Қайғы келсе қарсы тұр құлай
бермей” деген қайсарлық пен қайраттылыққа баулитын жігерлі ойымен
үндестік тауып тұрған жоқ па? Екі ақын бір мәселеге екі түрлі келгенімен,
заманы бір ақындар ӛмір мәнін терең түсінетіндіктен адамзатқа ортақ ой
күйректігі тәрізді қасиеттерді жеңуге жетелейтін ақыл кеңесін әрқайсысы ӛз
биігі тұрғысынан айтып, ұлылар ойы қашанда үндес келетінін танытады.
Мәшһүр Жүсіптің ағартушылық ой-идеясы, тәрбиелік насихаты ӛлеңдерінде
осылайша кӛрініс табады.
Ақын сананың тӛңкерісі, адамдық қасиеттердің дамуы, саналы жанның
қоғам ӛмірінен алар тұғырлы орны дейтін мәселелерге де ой толғайды:
Бостан бос бір іс қылмай бекер тұрма,
Біліп қал іс қылсаң теріс пе, оң ба?..
…Наданның ӛз басына қылған ісін,
Қылмайды ақылды адам дұшпанына.
Әр түрлі қылып пікір, ойлы сана,
Ғылым, білім іздесең болдың дана…
…Кісілігі жоқ жанмен үйір болма,
Жолдас болсаң, жолдас бол кісіменен.
Пайдасы кӛпке тисе, әне кісі,
Ұлғаяр ӛрге басып оның ісі…
Мағынасы терең ӛлең жолдарының оқырмандарына берер тәлім-тәрбиелік
мәні ӛте зор. Сыртқы пішінімен де, мазмұн тереңдігімен де кәдімгі даналық
нақыл сӛздермен қатар тұр.
Ақын “Қазақтың қылып жүрген жұмысы” атты ӛлеңінде сол тұстағы
қоғамдық-әлеуметтік жағдайға байланысты ел ортасына “партия” деген шоқ
түсіп, ел арасы екіге жарылып, бүлінгендігін:
124
Бӛлініп жұрт екі жақ партиялап,
Қалмайды ұрғашыдай сол қиялап.
Басқа орын босағадан тимейтін-ді,
Бас қылып, бас жегізіп тәрбиелеп, –
деп, жік-жік болып партияға бӛлудің астарында жатқан зымиян қулықты
айқын аңғарады. Ақын “басқа орын босағадан тимейтінді” деген жолға
ерекше салмақ артқан. Бұл арада ол партияға бӛлініп, топ-топ болғандарды
басқарып жүргендердің ел ішіне іріткі салып, содырлыққа бой ұрған тентек,
кӛрсеқызар жандар екенін меңзейді. Ал оларды сайлаушы жоғарғыдағылар
соларды бас қылып, атқа мінер етіп күні ертең ел-жұртына қарсы айтақтамақ
ниет ұстанып отырғанын астарлап жеткізеді.
Сол түнде азғырушы толып жатыр,
Шайтан да помагайтшы болып жатыр.
Ақын “помагайтшы” деген бӛгде сӛзді келтіру арқылы қазаққа пәле болып
жабысқан партияның түп тамыры қайда жатқанын да тамыршыдай тап баса
кӛрсетіп отыр.
Мәшһүр ақынның кӛптеген ӛлеңдері терең философиялық толғанысқа
толы. Олардың дені діни таныммен тығыз байланыста болып келді. Онда
тіршілік – ғұмырдың реттеуші иесі бар екендігіне ой жіберу сарыны басым.
Ақынның осы орайдағы кең толғанысты ӛлеңі – “Жеткізер құдай, пенде
қылса талап”. Ӛткен ӛміріне барлай қараған ақын ақындық талант, дарынның
тәңірден келер қасиет екенін айтады:
Аузымнан қайтармаймын келген сӛзді,
Сӛйлесін деп қойыпты тәңірім бізді.
Тағы бір ӛзінің ақындық ӛнерін сӛз қылатын “Қалмай ма әлі-ақ бір күн
Мәшһүр ӛліп” атты ӛлеңінде:
Жүзінде жалған дүние кӛп сӛйледім,
Ақылға үйлестіріп дӛп сӛйледім.
Дүниеден біраз тұрып біз де ӛтерміз.
Ат қалсын кейінгіге деп сӛйледім, –
деп, ақындық міндетін бағдарласа, “Бұл бір түрлі сӛйлегенім” атты ӛлеңінде:
Жұмысым ӛлең жазу менің дайым,
Қылмаймын бұ жалғанда тіпті уайым.
Ӛзімді ӛз басыммен алдандырып,
125
Осындай күйге салған бір құдайым, –
деп, ӛз талантының алладан келген пәрмен екендігіне толық сенім білдіреді.
Ақынның осы аталған ой-толғау ӛлеңдерінде лирикалық кейіпкердің
жалған дүние әлемінде еркіндікке бастар жол таппай қиналуы терең
толғаммен сипатталады.
Дүниемен болып жүрмін мен екіұдай,
Әурелік балалығым бұрынғыдай.
Қараумен ӛз бойыма күнімді ӛткіз,
Басқаға кӛз салдырма патша-құдай.
“Патша-құдайға” шын ниетімен берілген Мәшһүрдің осы ойын “Патша
құдайға” ынталы жүрекпен қарап, “ғаділетті жүректің әділетін” бұзбауға
бекінген Абайдан да кездестіреміз.
Патша-құдай сиындым,
Тура баста ӛзіңе.
Бұл екі ақынның діни-философиясындағы, танымдық әлеміндегі
үндестікке дәлел бола алады. Осы тіркестің мәнінде жұмбақ тіршілікті
жаратушыға бірінде жалбарыну, бірінде ӛзіне деген сенімділік басым
болғанымен адамның танымдық мүмкіндіктерінің шектеулілігін мойындау,
алла еркіне мойынсұну тұжырымы тамыр тартып жатыр. Мәшһүр Жүсіп
ӛлеңдерінің ішінде терең танымдық ой-тұжырымға толы “Тапсырдым бір
құдайға мен басымды” деп келетін “Анама хат” атты шығармасының орны
айрықша. Мұнда Жаратушыға сенген ақынның терең ойы, түбегейлі сезімі
былайша кӛрініс табады:
Нұр жауар хақтан рахман иманды ерге,
Талпынар күн-күн сайын ӛнерлі ӛрге.
Ақын ӛзі мейіріміне бӛленген ұлы жаратушыға келесі жолдарда шын
ықыласпен ризашылығын білдіреді:
Ей Алла, айналайын бергеніңе,
Ғибратпен, шын ықыласпен кӛргеніңе!
Жоғарыдағы ӛлең жолдарының ӛн бойынан Мәшһүр Жүсіптің шынайы
сенім-түсінігі айқын аңғарылады.
126
Ақынның осы мазмұндас ӛлеңінің ерекше бір маңыздысы – “Мәшһүрдің
ақындығымен қоштасқаны”.
Бізді құдай бар қылып қойды жоқтан,
Құтылмаймыз тура атқан қалақ оқтан.
Жамандыққа келгенде білгіш – ақпыз,
Құлақ – саңырау, кӛз соқыр – жақсылықтан.
Осы шумақтың алғашқы жолында тіршілікті жаратушыға деген нақты
сенім бар, яғни ақын “құдайдың жоқтан бар жасағанына” ешбір күмәнсіз.
Келесі тармақта адам тағдыры бейнелі түрде бедерленген. Ол да алланың
қолында. Демек, ӛмірді беретінде жаратушы, алатында жаратушы. Мұндағы
дүниетаным шеңбері – тағдырдың жазмышы тӛңірегіне жинақталған. Үшінші
жолда жалпы адамзат баласына тән қасиет – жақсылықтан жамандыққа бейім
тұратындығы, соған бейімшілдігі нақты берілген. Ең соңында адамның
ӛзінен адалдық, жақсылық, ізгілікті талап еткен жоғарғы ақиқат алдындағы
дәрменсіздігі сынға алынады. Ақынның дүниетанымдық кӛзқарастары
ӛлеңдерінде осылайша кӛрініс тапқан.
Мәшһүр Жүсіп ӛлеңдерінің тағы бір саласы – жалпы ақындық болмыстың
табиғатын айқындауға, соны байыптауға арналған. Ақынның “Қазақ
жұртының осы күнгі әңгімесі” атты ұзақ ӛлеңінде ӛнерді бағалау,
эстетикалық талғам-талап пен сӛз ӛнерінің қырсырын ұғындыру мақсаты
айқын танылады.
Ар жағынан келген соң судай ағып,
Тұра алмайды ақындар ауыз бағып.
Кӛр соқырлар танымай тез екенін,
“Қисық қой” деп қор қылар отқа жағып.
Ӛлең тудыру – ақынға артар жүгі ауыр шығармашылық процесс, ол терең
дүниетанымдық қабілет пен сезімталдық қасиеттердің бірлігінен туып,
адамның жан дүниесіндегі серпілістер мен жүрек түкпіріндегі ғажайып
толқыныстар тоғысынан жаратылады. Ішіне сыймай, буырқана сыртқа тепкен
серпінді сезімнің қуат-күшін ақын еріксіз бұқтырып, тоқтатып тұра алмайды.
Мәшһүр ақын жанын осылай түсінеді. Талғамы терең азамат – ақын сӛз
ӛнерінің нәзік иірімдеріне терең бойлағандықтан, кӛп ӛлеңдерінде әдеби
кӛркем шығармашылық қиыншылығының құпиясын кең ашуға талаптанған.
Осы сипаттағы ӛлеңдерінің ішінен “Мәшһүрдің қырық алты жасында
сӛйлеген сӛзі” атты ӛлеңінің орны ерекше. Ӛлең ”Мәшһүрден келе жатыр
ӛнер қайнап”, – деп басталады. Осысымен-ақ ол ақындық ӛнердің бар
болмысын тап басып танытады. Іштегі терең тебіреніссіз, толқынды
127
толғаныссыз ӛлең тумайтынын, онсыз жаралған жансыз ӛлең кӛптің кӛңіліне
жол таба алмайтынын, оқырман жүрегіне жетпейтіндігін ақын ерекше атап
кӛрсетеді.
Құстай боп қапастағы қалғаннан соң,
Шарыққа бір-ақ шығып кеткен кезіп.
Шабыттың тасқан сәтін ақын Мәшһүр ӛте дәл әрі айқын бедерлеген.
Ақынның қиналыс сәтін, ӛлеңінің туу сәтін бейнелеген сұлу сурет, кӛңілден
мәңгілік жанды бейнелік тудырып, кереметтей зор эстетикалық әсер береді.
Ақын ӛз жан дүниесін ғана емес, халқына тән бар қасиет-болмысты түптеп
тартып түсінбесе бойындағы ӛнерін бүтіндей ашып, ел-жұртына сый ғып
тарта алмасы анық. Себебі ақын-халықтың тӛл баласы. Оның тағдыры мен
талайы да, бақыты мен бағы да халқымен бірге. Мәшһүр – осыны жете
түсінген, әрі жанымен түсінген ақын.
“Мәшһүрдің қырық алты жасында сӛйлеген сӛзі” ӛлеңі Мәшһүрдің
ақындық ӛнер жӛніндегі танымдық ой-пікірлерінің жиынтығы деуге болады.
Сӛз осал бола қалды не қылғанда,
Шақпақтай от шығады шағылғанда.
Кӛңілдің дәриясында сӛз бір гауһар,
Кісісі танып алар табылғанда.
Болмайды сӛз болғанмен бәрі тегіс,
Келтірер иесіне кей сӛз сӛгіс.
Бас қосқан мерекеде жақсы-жаман,
Шешендер – мәуелі ағаш, сӛз – бір жеміс.
Бұл – әйтеуір ӛлеңнің қадір-қасиетін тізе беруді кӛздеген талап емес, ӛлең
сӛздің құдіретін сӛзбен ӛрген ӛлең ӛнерінің сырына қанықтыра түсуді
кӛздеген мақсат. Ақын – мәуелі ағаш болса, оның сӛзден жаралған жырлары
– тәтті жеміс. Әдемі сурет! Соның тағы бір кӛрінісі:
Әр жерде бӛлек-бӛлек жүрген сӛзді
Түсірер жұрт кӛзіне ӛлең тізіп.
Бұл – ӛлең шығарудың табиғи құбылысын қарапайымда болса да
шынайылықпен жеткізген шеберлік. Шынын да: үйлестіріп, ұйқастырып,
оқырман, тыңдарман “жүрегіне жылы тиіп”, кӛкірегіне қона кетер туынды
тудыру үшін қабілет, талант, дарын керек. Жоғарғы жолдарда осының
шындығы қорытылған. Шығармашылық ӛнер – ӛнер иелері үшін мазасыз
ізденіс, еңбек, бейнет. Мәшһүр осы ақиқатты екі-ақ жолға сиғызған:
128
Жаныма тыныштығы жоқ, ӛзіме қас,
Бұлбұлдай жұртқа жағып, сайрағаным.
Ақынның ақындық талант, дарыны мен ӛнерпаздық қуатына бір мысал:
Орынсыз жындылық деп күлмегейсің,
Кӛңілді дүние кӛріп бӛлмегейсің.
Мың түрлі жақсы мінез кӛрсең дағы,
Кісіге сыналмаған сенбегейсің.
Бұл – “Қалмады ойлай-ойлай басымда ми” ӛлеңінен алынған шумақ. Ӛте
сәтті шыққан ұтымды ой. Мәшһүр ӛлеңдері мазмұндық терең тағылымымен
де “жүрекке жылы тиіп” кӛңілге терең ұялайды. “Тілге жеңіл” қарапайымдық
ӛлең бойына ерекше жылылық дарытқан. Азамат ақынның жүректен шығып,
жүрекке жеткен ӛлеңдерінің қадір-қасиеті – Мәшкеңнің азаматтық
тұлғасымен тығыз байланысты.
Не боларлық сабаздар жүр ғой ӛспей,
Ӛмір бойы желкеден жауы түспей.
Мен кӛрмесем, кейінгі жауы кӛрер,
Дәметейін түңіліп үміт кеспей.
Осы ӛлеңі ақынның “68 жасында сӛйлеген сӛзі” екен, яғни 1926 жылы
жазылған. Азаттық әпереді деп сенген Қазан тӛңкерісінен кейінгі қазақ
баласының ой қорытындысын осылай береді Мәшекең.
Мәшһүр Жүсіптің әдеби мұрасы кезінде идеялық қайшылығы бар деп
саналып, саралауға келгенде талас тудырмай қойған жоқ. Алайда
М.Әуезовтің тӛмендегідей тұжырымды сӛзі сол тұста орын алған әр түрлі
кереғар ой-пікірлерге жӛн сілтеген түзу сӛз болды: “Мәшһүрдің ұзақ
ӛміріндегі шығармашылық жолының да талай-талай кезеңдері болған. Соны
ескеру қажет еді. Ол кейде патшалықты жақтаса, кейде халықтық сарынға да
жақындаған. 1905 жылғы патшаның манифесінен үміт етіп сӛйлеген кезі де
бар. Бұл тарихтың заңды жайлары, бұндай кезеңдерді мінеудің қажеті жоқ”.
Мұны Мәшһүр Жүсіпті түгелдей ақтаудан гӛрі, ғұлама суреткердің заман
салқынының әсерін ескере отырып, ақын жанын терең түсінуі деген жӛн.
Қалай дегенде де әр ақын – ӛз заманының түлегі. Оған ӛзі ӛмір сүрген дәуір
лебі жанасып ӛтпеуі мүмкін емес. Ӛз заманының озық ойлы азаматы –
Мәшһүр Жүсіп шығармалары халықты білім-ғылымға, ағартушылыққа,
еркіндік аңсаған азатшылдық рухқа шақырды. Ӛз оқырманының жүрегіне
ақын ретінде адамшылық дәнін екті.
129
Мәшһүр
шығармашылығының
тақырыптық,
идеялық
бағытын
бағдарлағанда түйер ой мынау: Мәшһүр Жүсіп Кӛпеев – діни-ағартушы
ақын. Бірақ ақынның діни-ағартушылық идеясы мен азатшылдық идеясы бір-
бірімен тығыз байланысты. Олар бірін-бірі алға жетелеп, бүкіл
шығармашылығының ӛн бойына желі боп таратылып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |