Мазмҧны кіріспе


Кӛлемді кӛркем туындылары



Pdf көрінісі
бет16/27
Дата29.12.2016
өлшемі2,17 Mb.
#672
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27

Кӛлемді кӛркем туындылары 
 
Сұлтанмахмұт  Торайғыров  –  кемел  ӛнерпаздық  болмысымен  қазақ 
әдебиетіндегі  ӛзіндік  орнын  тек  лирик  ақын  ретінде  ғана  емес,  туған 
әдебиетін  кең  кӛлемді,  күрделі  жанрдағы  туындылармен  байыту  арқылы  да 
ала  білген  дарын  иесі.  Оның  іргелі  жанрдағы  алғашқы  туындысы  –  1914 
жылы  жазылған  “Қамар  сұлу”  романы.  Жалпы  ақын  шығармашылығының 
басты арқауы, үзілмес желісі әлеуметтік теңсіздік, әлеуметтік ӛмір шындығы 
дейтін  болсақ,  соның  нақты  кӛрінісі  –  осы  “Қамар  сұлу”  романы  болып 
табылады. 
“Қамар  сұлу”  –  реалистік  шығарма.  Романда  ХХ  ғасырдың  басындағы 
қазақ  ұлтының  әлеуметік  ӛмірі,  тыныс-тіршілігі  нақты  кӛрініс  тапқан. 
Ӛмірдегі  қарама-қайшылық  ӛмір  ағысына  тосқауыл  болуға  ұмтылған,  ӛткен 
ӛмірдің  кертартпа  салт-санасын  ұстанған  ескілік  пен  ертеңінің  ӛзгерісіне 
сенген жаңаның тартысы арқылы кӛрсетіледі. Шығарманың негізгі тақырыбы 
Әйел  теңсіздігі  болғанымен,  ол  қоғамдағы  жалпы  әлеуметтік  теңсіздік 
қайшылықтарын  ашуға  апарар  жол  ғана.  Қайғылы  халге  ұшыраған  екі 
жастың  гүл  ашпай  жатып  солған  жауқазын  махаббаты  –  қараңғылық  пен 
надандыққа қарсы күрестің жаңа ӛскіні, жаңа күші. Бір-біріне қарама-қарсы 
екі  топ,  ӛмірге,  қоғамға,  адамға  деген  екі  түрлі  кӛзқарас  арқылы 
айқындалады. Бірінші топ ӛкілдері романда Оспан, Қалтан, Нұрым, Әбділдә 
ишан  арқылы  бейнеленсе,  екінші  топ  жас  ұрпақ  Ахмет,  Қамар,  Қасендер 
арқылы  кӛрсетіледі.  Алғашқы  ұрпақ  ӛкілдерінің  негізгі  ерекшелігін  автор 
ескілікті  салттың  етегіне  жабысып,  соны  негізгі  құралы  етіп,  алдау,  арбау, 
айла тәсілдері арқылы кӛрсететін тоғышарлық, қанаушылық мінез-құлқында 
деп  таниды.  Ал  жаңа  ӛскін  ұрпақтың  ӛкілдерінің  бойынан  ақын  ӛз 
заманының саналы да жаңаға жаны құмар жастарын кӛреді. Олардың жаңаша 
кӛзқарасы  мен  таным-түйсігін  сезінеді.  Сұлтанмахмұт  бұл  ұнамды 
кейіпкерлерінің әділдік жолындағы, махаббат бостандығы жолындағы күрес-
терін сүйсіне суреттейді.  

201 
 
Романның негізгі кейіпкері – Қамар. Осынау ӛзінің адамдық құқын, жасқа 
тән  махаббат  еркіндігін  қорғауға  ұмтылған  қайсар  қыздың  тӛңірегіне  заман 
туғызған  ұнамды  образдар  жиынтығы  топтасқан.  Қазақ  қоғамдық  ӛмірін 
кеңінен  суреттеуге  тырысқан  автор  ізденісіне  орай,  бұларды  қоғамдық 
ортадан ойып алынған типтік бейнелер деп айтуға әбден болады.  
Қамар  –  романдағы  бүкіл  оқиғаның  желісін  ұстап  тұрған  негізгі  тұлға. 
Ақын  ӛз  тұсында  қазақ  қоғамында  орын  алып  отырған  түрлі  қайшылықтар 
мен  алға  дамуды  тежеп  отырған  кертартпалықты  осы  кейіпкердің  кӛзімен 
кӛріп,  соның  түсінік  ұғымы  арқылы  білдіреді.  Қамар  –  әрекетшіл бейне.  Ӛз 
бақыты  жолында  ол  әлсіздеу  болса  да  ӛмірінің  соңына  дейін  күресіп, 
қарсылық жасауға әрекеттенеді.  
“Қамар  сұлу”  романының  құрылымдық  желісі  де  шымыр  шыққан. 
Таңдаған  тақырыбына  орай  автор  шығарманың  құрылымдық  жүйесін 
оңтайлы да шебер құрып, тартымды ӛрбіте алған. Шығармадағы оқиға желісі 
бірінен-бірі  туындап,  бір-бірімен  тығыз  байланыста  ӛріледі.  Бұлардың 
оқырманды  қызықтырып,  тартып  алып  кетуі  соншалықты  оқиға  ӛмірдің 
ӛзінен  туғандай  әсер  береді.  Роман  Қамар  мен  Ахметтің  хат  жазысуынан 
бастап дамып, Қамарды Нұрымның айттыруынан бастап шиеленіседі. Оқиға 
ӛз  арын  аяққа  таптатқызғысы  келмеген  ару  қыздың  мерт  болуымен 
аяқталады.  
Автор шығарманың басында Қамарды еркін ӛскен, ӛмірдің ащы-тұщысын 
кӛрмеген  балғын  жас,  жауқазынды  жарып  шыққан  қызғалдақтай  үлбіреген 
сұлу  қыз  күйінде  суреттейді.  Жазушының  осынау  балауса  жанды  тым 
елжірей, таңдай қағып, тамсана суреттеуінен жүрек секем алғандай… 
 
Жіңішке сымға тартқан әні қандай
Балауыз балбыраған тәні қандай. 
Ақыл-ой, мінез-кӛрік түгел келіп, 
Толықсып толып тұрған сәні қандай! 
Еріткен іші-бауырыңды кӛзі қандай, 
Бал тамған майда бұлбұл сӛзі қандай. 
Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп, 
Жаутаңдап жан күйдірген кезі қандай
50

 
Қызыл  гүлдей  құлпырған,  сұлулығымен  сүйсінткен,  ақылымен 
ынтықтырған Қамарды қатерлі әлдене күтіп тұрғандай. 
Тұла  бойы  ізгілікке  толы,  жұртқа  сыйлы,  бозбаланың  кӛз  құрты  болған 
Қамардың ӛз құрбыларынан  озық ӛзге де қасиеттері жетерлік. Автор Қамар 
болмысын  ӛзгелерден  оқ  бойы  оздырып  тұрған  басты  белгі  оқығандығында 
деп біледі. Сондықтан да ол – ӛз заманының озық ойлы қызы. 
                                                 
50
 
Торайғыров Сұлтанмахмұт. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.2 .-Алматы,  1933. – 4 б.
 

202 
 
 
Қамар қыз оқымаса нетер еді, 
Әуелі бұлтаң-сұлтаң етер еді. 
Кӛзсіз болса, алды-артын болжау қайда, 
Әркімнің жетегінде кетер еді, – 
 
деген  сӛздердің  автор  аузынан  айтылуы  Қамардың  ақылды  да  жан  ретінде 
кӛрінуі  –  білімділік  жемісі  екендігінің  Сұлтанмахмұт  ұсынған  бір  дәлелі. 
Ақын Қамардың оқығандығын ӛз тағдырына ӛзі араша түсуге мүмкіндігінің 
молдығы ретінде кӛрсетеді. Оқымаған қазақ қыздары ӛз бостандықтары үшін 
күреспек  түгіл,  ол  туралы  ойлай  да  алмайды  деген  ойды  меңзейді  автор. 
Оқыған  Қамар  бейнесін  оларға  бағдаршам  іспетті  ұсынады.  Білімді, 
парасатты  қыз  ғана  теңдік  жолында  батыл  қимылға  бара  алатынына 
сендіреді. Қамар образын сомдаудағы автор айтпақ болған ой мен тәрбиелік 
мән, міне, осында жатыр.  
Сұлтанмахмұт  Қамардың  еркіндікке  қол  созған  саналылығын  ӛзіндік 
түсінігі, ӛзгелермен қарым-қатынасы арқылы да нақтылай, аша түседі. Бұл - 
Қамар  образының  ӛзгеше  сипатын  айқын  байқатумен  қатар,  жазушының  ӛз 
дәуірінің  ӛзекті  мәселелерін  кӛтеру  тарапындағы  ұстанған  бағдары  мен 
шеберлік тәсілдерін айыруға мүмкіндік береді.  
Қамардың  Ахметке  жазған  хаттарынан  оның  ӛмір,  қоғам  жайлы 
түсініктері айқын аңғарылады. 
 
– Біреуге мал мен бақты үйіп беріп, 
Ақылсыз екі аяқты мал қылғаның. 
Біреуге Аплатондай білім беріп, 
Мінер ат, ішер асқа зар қылғаның. 
Қыздарын теңге бермей, малға беріп, 
Қазақты қара кӛңіл аң қылғаның. 
 
Қамардың  осы  сӛздері  арқылы  сол  тұстағы  қазақ  қоғамының  надандық 
сыры,  кертартпалық  сипаты  айқындалып,  құқық  теңсіздігі,  бедел  мен 
биліктің  малға  бағаланған  қияпаты  ашық  айтылған.  Ол  ӛз  кезіндегі  шектен 
асқан  әділетсіздікті,  озбырлықты  тап  басып  танып,  жиіркенішпен  қарайды. 
Қамардың бұл сӛздерінде тек қоғамды танып қою ғана емес, оған деген күдік 
те,  сескену  де  бар.  Ӛйткені  ӛз  басына  әлі  туа  қоймағанмен  қазақ  қызының 
басындағы  халді  ол  жанымен  сезінеді.  Бұл  сезік  кейін  шынға  айналады. 
Қамар Ахметті ӛз теңі екенін біле тұра, “Сүйсем де сол сӛзіне жарамаймын”, 
“Сілтей  бер  маған  жетер  қолың  болса,  даңы  жоқ  даңғыл  жатқан  жолың 
болса”, – дейді. Білім, парасат байлығы мол болғанымен, дүние байлығы жоқ 
Ахметтің  ӛзіне  қолы  жетуінің  қиындығын  ескертіп,  емексітпеуді  жӛн 

203 
 
санайды. “Ашық жол, асулы қол болар еді-ау, бірақ жоқ, әттең, дүние соның 
болса”, – деп, Ахметтей білімді жастың малы мен мал жал бітіретін құдірет 
жоғына  күйзеле  толғанып,  малдыны  адам  етіп,  малсызды  кері  кетіріп 
отырған заманға қынжыла лағынет айтады. Ол:  
 
Ақыл-ой, сын-сымбатта маған теңсің, 
Шыбыным, шын сүйгенім – жалғыз сенсің. 
Ту бие, қара саба болмаған соң, 
Икемге менің елім қайдан кӛнсін, – 
 
дей келіп, теңіне қосыла алмауының бас айыпкері қоғамдық ӛмірдегі ескірген 
ескі  салт,  әлеуметтік  теңсіздік  деп  біледі.  Бірақ,  оған  тікелей  қарсылық 
білдіруге шамасы келмейді, ӛзінің дәрменсіздігін сезінеді, таяныш боларлық 
берік  сүйеніш,  рухани  қолдау  таба  алмайды.  Жан-жағын  қоршаған  әлсіздік 
“Арманды арылтатын дәрменім жоқ”, – деген түңілуге алып келеді.   
Қамар ақылды қыз ретінде Ахмет екеуінің ара салмағын байыптай, ӛлшей 
келе,  ақырында:  “Бес-он  күндік  ойын  үшін  әрі  ӛзімді,  әрі  оны  қаралап, 
жұртыма, құдайға да ұятты болмайын, жанған жаным жана берсін; обалымыз 
қиюы жоқ, қисыны қашқан дүниеге, оңға баспай солға басқан қазақтың қара 
ғұрпына  болсын”,  –  деген  тұжырымға  тоқтайды.  Оның  жүрек  қарсылығын 
үнсіз  басып,  ӛзін-ӛзі  тоқтатқан  осы  бір  сӛзінің  ӛзінен  біраз  нәрсені 
аңғарамыз.  Кӛкірек  кӛзі  ояу  Қамар  Ахметке  қосыла  алмасын  іштей 
мойындап,  оған  кінәлі  ескі  салт-сана  үстемдік  құрған  заман  деп  біледі. 
Сондықтан  да  ол  адамдық  арын  таза  сақтауды  ӛзінің  басты  борышы  деп 
түсінеді,  аз  күндік  алдамшы  қызыққа  елікпейді.  Мұнда  қазақ  қызына  тән 
инабаттылықпен бірге, Қамарға ғана тән адамгершілік, адалдық, пәктік кӛзге 
ұрып тұр.  
Романның  басында  Қамар  ӛмір  сүрген  ортасы  туралы  ӛзіндік  пікірлер 
қалыптастырған, оған ақылы мен адамгершілігі, білімі мен парасаты арқылы 
қол  жеткізген  адал жастың  бейнесінде кӛрінеді.  Шығарманың  орта  тұсында 
“Даңқы жер жарған, шешендігі ел жарған, күліп кісі бетіне қарап кӛрмеген, 
ибалы,  атақты,  асыл  Қамарымыз  жоқ  жерден  жалаға  ұшырап,  бүлік  шығып 
кеткеніне қайғыра-қайғыра сүзектен тұрған кісідей, құр шыбыны ғана бар”, - 
адам  бейнесінде  елестейді.  Бұл  оның  сол  тұста  қазақ  тұрмысында  үстемдік 
құрып тұрған қатал да қара ниет, дүлей күштің уысына алғаш түсуі еді.  
Бұдан  кейінгі  кӛріністерде  Қамардың  жағдайы  мүлде  ауырлай  түседі. 
Құлқынының  құлдары  оны  Нұрымға  зорлап  қоспақ  болады.  Бұл  қатігездік 
қызды 
әділетсіздікке 
қарсы 
қал-қадірінше 
күресуге 
итермелейді. 
Шығарманың  соңына  қарай  Қамар  үстемдік  етуші  билік  иелері  мен  дінге 
телінген ескі салтты жақтаушы, сол арқылы озбырлықты ӛршітуші дүмше дін 

204 
 
иелеріне  қарсылық  кӛрсетуге  әрекеттенеді.  Бірақ  бұл  -  ӛте  әлсіз,  нәзік 
қарсылық еді. 
Қамардың  Нұрымға,  молдаға  айтқан  сӛздерінен  кӛп  шындықтың  сыры 
ашылады.  Замананың  жас  ӛскіні  Қамар  тамырын  тереңге  жіберген  ескілік 
тікенімен  бетпе-бет  келген  жерде  ӛзінің  сезімін  тежемей,  еркіндік  жайлы 
ойларын  батыл  айтып,  кісіліктен  кеткен  азғын  топтың  бет  пердесін  сыпы-
рады. 
 
 
Сүю-сүю бола ма зорлауменен, 
 
Кӛңілді ұстап тұру жоқ торлауменен. 
 
Кӛңіл болса, қосылмай тоқтала ма? 
 
Оқ атып, қылыш шауып, қорлауменен, – 
 
дейді ол. 
Қамардың  молдамен  сӛз  қағысы  романда  ескі  мен  жаңаның  арасындағы 
тартыс ретінде берілген. Бәйтік молданың сенімсіз сӛздеріне нақты тойтарыс 
беру, ұтымды жауап қайтару, негізсіз ойларын әшкерелеу, надандығын бетке 
басу  арқылы  Қамар  шариғатты  жамылғы  еткен  дүмше  молданың  білімсіз, 
дүмбілез күйін ӛлтіре сынайды.  
Романдағы  автор  ұтымды  қолданған  тәсілдің  бірі  –  хат  жазысу.  Хаттар 
ерекше маңызға ие, онда образдар болмысын ашар ӛзгеше қасиет бар. Қамар 
Ахметті  жанымен  сүйе  отырып,  лажсыздықтан  үмітін  үздіру  үшін  қатты 
жауап  қайтарғанмен,  оның  жанын  жараламайтын  сӛздер  тауып,  сырты 
қатқыл  болғанмен,  ішінің  жылылығын  білдіріп  отырады.  Оның  жауап 
хаттарындағы  ӛлең  жолдарында  Ахметке  деген  аяушылығы  мен 
сүйіспеншілігі,  ескі  әдет-ғұрыпқа  жиіркене  қарауы  айқын  аңғарылады. 
Хаттар  сӛз  жоқ,  Қамар  образын  толықтыра  түсіп,  кейіпкердің  ішкі 
жандүниесін ашуға септігін тигізген.  
Шығарма  Қамардың  сананы  надандық  тұмшалаған  замандағы  ескі  әдет-
салттың  құрбаны  болуымен,  оның  ертеңгіге  айтқан  зарымен  аяқталады.  Ол 
ӛлім  аузында  жатса  да  адамдық  арын  биік  қояды.  “Ахметтен  басқа  жанды 
сүйгізбей  ал!”  деген  соңғы  тілек  айтып,  дүниеден  адал  пәк  боп  ӛтуді 
армандайды.  Жастардың  еркіндігін  аяққа  таптаған  қоғамдық  ӛмір  заңына 
лағнет айтып, ертеңгілердің еркіндікке жетуін тілейді.  
Қамар  –  бүкіл  болмысымен,  ақыл-ой,  білімімен,  заманадан  озған 
түсінігімен  ояну  дәуіріндегі  адамдық  құқын  қорғау  жолындағы  күреске 
талпынған, кӛкірек кӛзі ашық қазақ қыздарының типтік бейнесін танытады.  
Қамар  –  кешегі  кер  заманда  ӛзінің  бас  бостандығын  қорғау,  махаббат 
еркіндігін  алу  жолында  құрбан  болған  қазақ  қыздарының  аянышты  да 
қасіретті  ӛмірін  бейнелейтін,  Сұлтанмахмұттай  хас  шебер  қаламынан 
жаралған толымды тұлға. 

205 
 
Романдағы  Қамардан  кейінгі  басты  кейіпкер  –  Ахмет.  Ақын  оны  “аузы 
асқа, ауы атқа тимеген” кедейдің баласы дей отыра, ӛз заманының озық ойлы 
азаматы  ретінде  суреттейді.  Бұл  –  Сұлтанмахмұттай  шыншыл  суреткердің 
ӛмір  шындығынан  алыс  кетпегенінің  белгісі.  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі 
оқығандардың  әртектіден  шығып,  тіпті  алғашқы  кезде  орыс  оқуын  кедей 
балаларының кӛптеп оқығандығы – ойдан шығарылған нәрсе емес. Бұған сол 
кездегі  түрлі  құбылыстар  аз  әсерін  тигізбеген.  Орыс  оқуынан  шошынған 
байлар  байыбына  бармай,  ӛз  балаларын  алып  қалып,  кедей  балаларын 
оқытқанына  Әріп,  Спандияр  тағдырлары  куә.  Ахмет  –  солардың  жиынтық 
бейнесі.  
Сонымен бірге Ахмет – ӛз дәуірінің шындығы мен автордың ӛзі тәріздес 
ағартушылар  тілегінен  жаралған  типтік  образ.  Сұлтанмахмұт  осы  ұнамды 
кейіпкерінің  іс-әрекеттерін  сүйсіне  суреттеу  барысында,  оның  ӛз  кезінің 
шындығынан алыстатып алмауды айрықша қадағалайды, мүмкіндігінше, оны 
уақыт, заман шындығы негізінде бейнелеуді назарда ұстайды.  
Кӛзі ашық, кӛкірегі сара Ахмет қоғамдық дамудың қайшылықтарын жіті 
аңғарады, бірақ қолдан келер қайран болмағандықтан, ӛкініштен басқа айла 
жоқ.  Сол  тұстағы  қазақ  даласында  етек  алған  теңсіздік  пен  әділетсіздік 
Ахметтің  тек  жан  дүниесінде  реніш  туғызып  қана  қоймай,  оны  тағдыр 
тәлкегіне салады.  
Сүйгені  Қамарға  қолы  жетпей,  жазықсыз  жалаға  ұшыраған  Ахмет  елден 
безіп, оқуға кетеді. Ӛзін қолдар жанның, Қасен сияқты жӛн білер азаматтың 
аздығы оны осындай дәрменсіздікке алып келеді. 
Ал  бұл  дәрменсіздіктің  ӛзіндік  әлеуметтік  себептері  бар.  Ол  –  зиялы 
қауымның  әлі  де  болса  бас  біріктіріп,  әлеуметтік  ортада  ӛзіндік  күшке  ие 
бола қоймауы. 
Шығарманың  соңында  қиыншылықтың  тезінен  ӛткен,  шындыққа  кӛзі 
жеткен  Ахметтің  шектен  асқан  айуандыққа  күшпен  қарсы  шығудан  басқа 
амалы  қалмайды.  Қамармен  қоштасарында:  “Кӛрсеткен  саған  қорлық 
жауыздардан,  кетермін  тым  құрғанда  ӛшімді  алып”,  -  деген  сӛзін  ол 
бұлжытпай  орындап,  бақсыға  пышақ  салады,  Нұрымды  жаралайды.  Ӛзі  де 
“бұл дүниенің залым тұрмысынан ақыреттің әділ тұрмысына” сапар шегеді. 
Шығарма оның осы бір оқыс қимылымен аяқталады. Автордың ӛзінің сүйікті 
кейіпкерін  мұндай  іс-әрекетке  алып  келуінің  психологиялық  дәлелі  ӛзін-ӛзі 
ақтайды.  Ӛзі  тартқан  тақсірет,  сүйгенінің  ӛлім  аузындағы  халі  оны 
ашындырмауы  мүмкін  емес.  Осы  бір  әділеттсіздікке  күш  жұмсауға  алып 
келген шешім – кенеттен туғанымен, надандық пен зорлыққа қарсы күрестің 
алғашқы  белгісі.  Ол  Ахмет  ӛлімімен  бітіп  қалмайды.  Жалғасы  ертеңде 
жатыр.  Қараңғылық  түнегін  түрер  уақыт  та  жақын  қалған  болатын.  Ахмет 
бейнесі – ақпанның ақ таңы атар қарсаңдағы қазақ қоғамында енді-енді пайда 
бола бастаған жаңа тұлға.  

206 
 
Қамардың  ағасы  Қасен  романда  негізгі  кейіпкердің  бірі  ретінде 
кӛрінбеседе, әділдікті, адамгершілікті жақтайтын жаңаның белгісі. Тіпті осы 
Қасен – Ахмет ісін келешекке жалғастырар, автор үміт артқан елдің ертеңі.  
Романдағы  ерекше  назар  аудартатын,  әдебиетімізде  бұрын  кӛріне 
қоймаған образдардың бірі – Қамардың әкесі Омар. Омар – жаны таза, арына 
дақ  түсірмеуге  тырысатын  адал  әке.  Ӛмірдегі  бар  тілегі  –  жанындай  жақсы 
кӛретін  қызының  бақытты  болуы.  Омар  Қамардың  басына  қауіп  тӛнгенде 
оны  арашалап,  қорғап  қалу  үшін  бүкіл  амал-әрекетін,  қолдан  келген  күш-
қайратын  жұмсайды.  Оның  мұндай  нағыз  әкелік,  биік  адамгершілік 
қасиеттерге  ие  болуының  негізгі  себебін  ақын  Омардың  “турашыл,  сәулелі 
кісі”, “қанша айтқанмен, оқыған” адам екендігінен іздейді. Сұлтанмахмұттың 
бұл  суреттеуінен  оның  әділдік  пен  турашылдықты  оқыған  адамнан  күткен 
ағартушылық идеясын тағы байқаймыз. 
“Қамар  сұлу”  романындағы  ендігі  бір  шыншылдықпен  бейнеленген 
образдар  саласы  –  ұнамсыз  кейіпкерлер  бейнесі.  Жазушы  ХХ  ғасыр 
басындағы  қазақ  ауылындағы  кері  тартпа  әдет-ғұрыптар  мен  надандық 
туғызған  зорлық-зомбылық,  әділетсіз  шешімдерді  қоғамдағы  озбыр 
топтардың  түрлі  ӛкілдерінің  типтік  бейнелері  арқылы  шебер  де  ұтымды 
әшкерелейді.  Дін  иелерін  Қалтан  қажы,  Бәйтік  молда,  Әбділда  ишан, 
Кӛңілбай  бақсы  арқылы  кӛрсетсе,  билеуші  таптың  ӛкілдерін  Оспан,  Нұрым 
образдары арқылы шынайы бейнелейді. 
Қалтан  қажы  мен  Оспан  бидің  шығармада  Қамардың  жақын  туыстары 
болып  келуінің  астарлы  мәні  бар.  Жазушы  оларды  Қамарға  туыстық 
тұрғыдан жақындастыру арқылы ол екеуінің ӛздерінің қараниетті мақсаттары 
жолында  інісінің  қызы  –  Қамарды  құрбандыққа  шалуға  дейін  баратын 
мейірімсіз, айуандық қасиеттерін айқындай ашуды кӛздеген.   
Сұлтанмахмұт бейнелеуінде оларға бедел, мәнсап, байлықтан ӛзге жақын 
жоқ. Олар – жанында жылу, жүрегінде мейірім жоқ тоғышарлар. Қалтан мен 
Оспан – күні ӛткеніне қарамастан жорға Нұрымдардың беделін пайдаланып, 
шариғат  жолымен  де,  ескі  салт  жолымен  де  елге  билігін  жүргізіп  қалуды 
кӛздеген ескі ел билеушілерінің қалдығы.  
Романдағы  ең  басты  жағымсыз  образ  –  жорға  Нұрым  болыс.  Бірақ  ол 
шығармада билік иесі емес, Қамардың басына қасірет бұлтын үйірген күйеу 
ретінде  суреттеледі.  Қалтан  қажы  мен  Оспан  би  арқылы  ел  билеушілердің 
нашарға  ӛктем,  мықтыға  тәуелді  мүсәпір  халін  ашып  кӛрсеткен  жазушы, 
Нұрымды  кӛбіне  билік  үстінде  емес,  Қамарға  қатысы  арқылы  танытуға 
ұмтылған.  Автор  негізінен  Нұрымның  адамдық  қасиетсіздігін,  надандығы 
мен пасықтығын, топастығы мен дүлейлігін ашу арқылы ӛктем жанның естен 
кетпес типтік бейнесін жасаған. 
Сондықтан  да  жазушы  жорға  Нұрымның  портретімен  мінез-құлқын 
барынша  шыншыл  кӛрсетуге  ұмтылып,  Қамар  аузымен  де,  авторлық 

207 
 
баяндаумен  де  жеріне  жеткізе  суреттейді.  “Дүңкиген  күйек  сақал,  сасық 
ауыз”,  “Малы  кӛп,  мал  сияқты  пасық-қақпас”  тәрізді  Қамар  аузымен 
берілетін  мінездеме  Нұрымның  шын  болмысын,  шынайы  бейнесін  аша 
түседі.  Жазушы  Нұрымның  портретін  былай  береді:  “…әліпті  таяқ  деп 
білмейтін  надан,  пішіні  де  жаман,  аузы  толған  боқауыз  бен  былш-былш 
насыбай,  ішпей  мас,  әрі  лас,  елу  шамасында  жасы  бар,  қой  сақтардың 
басындай  басы  бар,  жай  формының  ӛзі  сұп-суық,  бүйі  секілді  түксиген, 
күпсиген,  бұқа  мойын,  ӛгіз  құрсақ,  алақан  кӛз,  жайын  ауыз,  добыра  сақал, 
тоқпақ  мұрын,  бір  түрлі  нысаналы  жануар  еді”.  Міне,  Қамар  басына  қара 
түнек  боп  орнаған  дүлейдің  кейпі  осы.  Одан  Қамардың  мерт  болмай  аман 
құтылуы мүмкін емес еді. Ахметтің соңғы арпалысында, оның жаралы болып 
құтылып кетуі де Нұрым тектестердің әлі талай алдан тосып, аяқтан шаларын 
мегзегендей. 
Қорыта  айтқанда,  “Қамар  сұлу”  романы  –  ӛзінің  замана  жүгін  кӛтерген 
мазмұны  жағынан  да,  шұрайлы  тілмен  ӛрнектелген  кӛркемдігі  жағынан  да 
жалғыз  Сұлтанмахмұт  шығармашылығындағы  ғана  емес,  жалпы  қазақ 
әдебиеті тарихындағы ӛз орнын ойып алар туынды. 
“Кім  жазықты?”  романы  (1915)  –  Сұлтанмахмұттың  екінші  рет  іргелі 
жанрға  қалам  тартқан  шығармасы.  Әуелгі  аты  “Әжібай  болыс”.  Ақын 
ӛлеңмен  жазылған  осынау  шығармасын  әуелі  бір  адамның  тағдырына 
байланыстыра жазуды кӛздесе керек. Кейіннен шығарманы жазу барысында 
оның алғашқы кезде ӛзі жоспарлаған ырықтан шығып бара жатқанын сезіп, 
шығарма  атауын  оның  табиғатына  сай  ӛзгерткен  болуы  тиіс.  Әдебиет 
тарихында  мұндай  жайттар  кӛптеп  кездеседі.  Ӛкініштісі  -  1915  жылы 
жазылған 
бұл 
шығарманың 
бізге 
түгелдей 
жетпей 
қалғаны. 
Сұлтанмахмұттың  “Кім  жазықты?”  романы  –  қазақ  әдебиеті  тарихындағы 
ӛзгеше  құбылыс.  Бұған  дейін  әдебиетімізде  ӛлеңмен  жазылған  роман  бол-
маған.  Сондықтан  бұл  шығарманың  жанры  туралы  ғалымдар  мен 
зерттеушілер қилы пікірлер айтады. Оларды талдап, қайсысы дұрыс қайсысы 
бұрыс  екенін  дәлелдеп  жатудың  қажеті  шамалы.  Зерттеу  пікірлердің  басым 
кӛпшілігі бұл шығарманы роман жанрына жатқызады. 
Романға ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамында 
ӛмір  сүрген  бір  отбасының  үш  ұрпақ  буынының  ӛмір  жолын  кӛрсету,  сол 
арқылы  замана,  дәуір  жайлы  ой  толғау  арқау  болған.  Сахараның  билеушісі 
Тасболаттың  биіктен  басталып,  құрдымға  кеткен  тағдыры  –  шығарманың 
ӛзекті желісі. Ақын оны былай таныстырады: 
 
Жайлауға кеше қонған Тасболат бай, 
Дарыған қыдыр соған, дәулеті сай... 
Тасболат жұрттан асқан малды кісі 
Сол үшін ӛз тобының алдыңғысы... 

208 
 
Он бес жыл болыс болған, Мекке барған, 
Қазақша еш қызығы жоқ мұнан қалған... 
Шалдары қошаметші айтушы еді, 
– Апырмау, бар ма екен - деп, сізде арман? 
 
“Армансыз”  Тасболат  ӛзін  даланың  жалғыз  иесіндей  сезінеді.  Оның 
түсінігінше, дүниенің тұтқасы – байлық, одан ӛзге күш те, құдірет те жоқ. Ол 
байлығымен  қоса  замана  ыңғайын  білетін  айлакер  де  қу.  Ӛмір  озады,  алға 
жылжиды.  ХІХ  ғасырда  дегені  болған,  Тасболат,  ХХ  ғасырда  ӛзінің  ӛмір 
кӛшінен  қала  бастағанын  жақсы  сезінеді.  Заман  сауаттыға,  оқығанға  ауыса 
бастағанын  ұққан  әккі  Тасболат,  билікті  ӛз  уысынан  балалары  жетілгенше 
шығармауды кӛздеп, жақын ағайын Байболды болыс қояды. 
 
Тасболат қимаса да болыстықты, 
Тіл білмесе қоймайтын закон шықты. 
Не баласы, не ӛзі оқымаған, 
Болғанмен қара күшке сондай мықты. 
 
Ал, енді қыларыңды қыл заманға
Бір білген ауысылмас мың наданға. 
Байболды амалсыздан қоя салды, 
Кететін болғаннан соң басқа адамға. 
 
Бұл  Тасболаттың  әлі  де  ӛз  ортасында  күштілігін,  беделін  танытады. 
Қоғамдық  ӛмірдің  шындығы  да  бұдан  алшақ  емес.  Тасболат  сияқтылар  ел 
басқарудан қол үзгенімен, байлық та, сырттай билік те әлі солардың қолында 
болатын. 
Тасболаттың Байболды болыс сайлауы – амалы жоқтық ғана емес, айлалы 
әдіскерлік.  Ӛз  тұқымы  ер  жетіп,  оң-солын  таныған  соң,  билікті  ӛз  қолына 
алмай  тынбақ  емес.  Ол  –  алыстан  ойлайтын,  шешімді  жан.  Сұлтанмахмұт 
романда  надан,  топас,  сасық  байдың  емес,  дала  кӛкжалының  бейнесін 
сомдаған.  Тасболат  –  замана  ыңғайына  қарай  мың  құбыла  алатын,  ӛмір 
сүрудің қағидаларын жете меңгерген сұңғыла. 
Кешегі:  “Бай  кісі  бала  оқытып  підие  ала  ма?”  –  дейтін  Тасболат  енді 
уақытқа  үндесу,  заманға  ілесу  үшін  кенжесі,  сүйіктісі  Әжібайды  орысша 
оқуға береді. Оның тілегі де, тірегі де осы Әжібай. Атадан мұра-билікті қолға 
алу  тек  Әжібай  арқылы  жүзеге  аспақ.  Оқудан  Әжібайды  Тасболат  тез  қай-
тарып  алады.  Біріншіден,  Тасболат  түсінігінде  адам  болуға,  әсіресе  болыс 
болып,  ел  билеуге  екі  жылдық  орыс  оқуы  жетеді.  Екіншіден,  “алатұғын 
жесірі бар, қазақтың жесір деген кесірі бар”. Ағасы, Жақанның орнын басып, 
әмеңгерлік міндетті адал орындау керек. Ӛйткені, жесірдің “елден кетпегі” – 

209 
 
Тасболаттың  ӛлгенде  сүйегімен  бірге  кетерлік  таңба.  Сондықтан  ол  үшін 
Әжібайдың оқуынан, ата салттың берік сақталуы мың есе артық. Тасболат – 
ақын бейнелеуінде ескі ӛмірдің белгісі, ата дәстүрдің берік күзетшісі. 
Тарих  сахнасына  шығар  келесі  буын  ӛкілі  –  әрине,  Әжібай.  Автор 
шығарманың  басты  тұлғасын  сомдауға  кӛп  күш  салған.  Әжібайды  кӛркем 
әдебиетке тән кӛркемдік шындыққа сай шыншыл бейне етіп шығарып, оның 
қоғамдық ортамен қатынасын кӛрсету арқылы ӛзіндік ӛсу, жетілу, ӛмір тану 
болмысын  бағдарлаған.  Автор  бұл  кейіпкеріне  үнемі  іш  тартып  отырады. 
Шындығында  Әжібай  –  адами  туысында  ешкімнен  кем  емес,  азамат  болып 
қалыптасуына кӛп жұрттан артық мүмкіндігі бар жан. “Әлпеті алмас қылыш 
жайнап  тұрған”,  “Жасынан  зейіні  алғыр,  тілге  шешен,  қазақша  қара  сӛзге 
ағып  тұрған”  жас  болып  кӛрінеді  ол  автордың  алғашқы  кезеңдегі 
суреттеуінде.  Ақын  осы  кейіпкерінің  құлау,  құлдырау  сипатын  алған 
тәрбиеден, қоршаған ортадан деп біледі.  
Сол  азған  ортаны,  тозған  тәрбиені,  қоғамдық  ӛмірді  ақындық  кӛзқарас 
арқылы аяусыз сынайды. “Жан-жағы тәрбиесіз надан болып, солардың жұға-
жұға  кебін  киді”,  “Осындай  әттең  дүние  зеректігін,  оқытпай  қараңғыға 
байлап қойды” деп, жасында кӛкірегінде сәулесі бар азаматты ортаның қалай 
орға жыққанын шыншылдықпен ашады. О баста бойында жалыны, басында 
ақылы бар жасты әкесі ұсынған ӛмір жолының соқпағы ӛзге сүрлеуге салып 
жібереді.  Күнделікті  күйкі  тірліктің  әлегі,  болыстыққа  таласу,  кӛп  әйелдің 
дау-дамайы  ақын  суреттеуіндегі  Әжібайды  ӛмір  ырқына  бағынған  бойкүйез 
жанға айналдырады. 
Ӛзін орға жыққан ескілікпен күресті ол қаладағы ерсі қылықтарды бойға 
жұқтыруда  деп  біліп,  арзан  жолға  түседі.  Бұл  сол  тұстағы  бүкіл  Әжібай 
атаулыға  тән  ӛмір  салты  еді.  Ендеше  Әжібай  арқылы  Сұлтанмахмұт  замана 
ӛзгерісінде  ӛз  орнын  таппаған  қазақ  жастарының  типтік  бейнесін  жасаған, 
және ол ӛмір шындығынан туып, кӛркемдік шындыққа айналған.  
Бӛріден  бӛлтірік  болып  туған  Әжібай  ӛз  табиғатына  тартпай  тұра 
алмайды. Бұдан ары ол азғындық бағытқа бет бұрады. Ол ӛз іс-әрекеттеріне 
жол  ашар  мықты  құрал  атадан  келе  жатқан  билікті  қалайда  ұстап  қалу 
мақсатында  зұлымдық  амал-айланың  қайсысынан  да  тартынбайды.  Тіпті 
баласы Күлтайды да осы жолға құрбан шалады.  
Романдағы  ұнамды  кейіпкер  –  Байбол.  Оқыған  кӛзі  ашық,  кӛңілі  ояу 
кейіпкерін  автор  жаңа  заманның  жаңа  адамы  ретінде  суреттейді.  Әжібайға 
қарағанда ол – оқығанын кӛңілге тоқыған, уақыт сырын ұққан, ӛмірге бейім 
ел басшысы. Байбол – ақынның ағартушылық идеялары мен оқығандарды ел 
ісіне араластыру мақсатынан туған образ. 
Әулетті де, дәулетті отбасының келесі буыны – Қабыш. Әжібай ӛзін адам, 
азамат ретінде сезініп, қалай болғанда да әрекет жасап, арпалысса, Қабыш – 
ондай  қасиеттен  жұрдай  адам,  қоғамның  азғыны.  Ол  –  арақ,  темекі,  құмар 

210 
 
ойынның  құлы  болып,  ӛзін-ӛзі  ӛмірден  аластатқан  жан.  Сӛйтіп,  бір  кезде 
ӛздерін  даланың  тұтқасы  сезінген  құдіретті  Тасболат  ұрпағының  үшінші 
буыны  замана  ағысына  ілесе  алмай,  жағаға  шығып  қалады.  Оған  жазықты 
кім?..  Жан  дүниесін  жайлаған  надандық  кесірінен  ӛмір  ӛзгерісін,  уақыттың 
алмасуын  сезінбеу,  жаңаның  жақсылығын  қабылдамау  тәрізді  кесірлі 
қасиеттер.  Ақын  түсінігіндегі  басты  жазықты  осылар,  яғни  адамның  сырты 
емес, ішкі жан дүниесінің ӛзгермеуі осындай құлдырауға алып келеді. 
Қоғамдық  ӛмірдің  ӛзгеруін,  дамуын  белгілі  бір  адамдар  мен  қауымның 
түсінбеуін,  олардың  жаңа  ӛмір  тезіне  шыдамай  құлдырау  жолын  биік 
кӛркемдік шындықпен суреттеген ақынның, хас шебер екендігі айқын. 
Романда  жаңа  ӛмірдің  озық  құбылыстарын  жете  болмаса  да  біршама 
түсініп,  ӛркениетті  ӛмірге  қадам  басуға  ұмтылған  бейнелер  аз  да  болса 
кӛрініс  тапқан.  Олар  –  Аппақай,  Күлтай,  Фельдшер,  Әнуар.  Бұлардың 
тағдыры  әрқилы  болғанымен,  бәріне  тән  ортақ  белгі  –  қазақ  қоғамына  келе 
бастаған  озық  дәстүр,  жаңа  салтты  жіті  қабылдап,  ӛмір  кӛшіне  ілесуге 
ұмтылуы.  Ақын  олардағы  ертеңнің  кӛшіне  ілесер,  болашаққа  үйлесер 
қасиеттердің ӛміршеңдігіне сенеді. 
Жалпы  алғанда,  бұл  шығарма  –  Сұлтанмахмұттың  ақын  ретіндегі 
поэзияның  күрделі  жанрындағы  мол  мүмкіндігін  танытқан  аса  кӛрнекті 
туындысы.  
Романнан тӛңкерістен бұрынғы қазақ қоғамының қайшылықты жағдайын, 
ондағы  адамдардың  ӛмір  қатынастары  мен  тұрмыс-тіршілігін  танимыз. 
Шығармадағы  кейіпкерлер  ұтымды  да  нанымды  бейнеленіп,  туынды 
табиғатын ашуға еркін араласып, жазушы мақсатын айқындай алған. 
Қорыта  айтқанда,  Сұлтанмахмұттың  “Кім  жазықты?”  атты  ӛлеңмен 
жазылған  романы  ұлтымыздың  кӛркемдік  танымының  белгілі  бір  даму 
сатысын, ӛркендеу кезеңін кӛрсетеді. 
Зерттеушілер  Сұлтанмахмұттың  алғашқы  поэмасы  ретінде  “Таныстыру” 
атты  шығармасын  атайды.  Поэма  1917  жылдың  аяғы  мен  1918  жылдың 
басында жазылып біткен. Сұлтанмахмұттың бұл туындыны жазудағы басты 
мақсаты  –  қазақ  ұлтының  күрескер  ұлдары  мен  аяулы  қыздарын  еліне 
таныстыру.  Мұнда  кеңестік  кезеңде  тарихтан  аты  ӛшіріліп,  “қара  тақтаға” 
жазылған  қазақ  халқының  тұлғалы  азаматтарының  аты  аталып,  елге  еткен 
еңбектері  жоғары бағаланады.  Сондықтан  да  бұл поэма  туралы  соңғы  кезде 
ғана  сӛз  бола  бастады.  Поэма  1993  жылы  ақынның  100  жылдығына  орай 
шыққан 2 томдық шығармалар жинағының 1-томына енді. 
Ақын поэманы қара қазақ пен оқыған зиялы адамның диалогына құрған. 
Екеуінің  арасында  пікір  алмасу  арқылы  сол  тұстағы  қазақ  қайраткерлеріне 
сипаттама ретіндегі мінездеме берілген. Ақын Шәкәрім, Ахмет Байтұрсынов, 
Әлихан Бӛкейханов, Міржақып Дулатов, Әлімхан Ермеков, Халлел Ғаббасов, 
Нәзипа  Құлжанова,  Нұрғали  Құлжанов  т.б.  қазақ  халқының  бір  туар  ұл-

211 
 
қыздарының  тарихтағы  орнын  айқындап,  олардың  атына  жылы  лебіздер 
білдіреді.  Жоғарыда  айтқанымыздай,  ақын  мақсаты  –  құрғақ  мақтау  емес, 
керісінше  ел  үшін  еңбек  еткен  арыстардың  еңбегін  бағалап,  елге  таныту, 
солар жайлы ӛз білетінін ортаға салу, олардың ісін кейінгі ұрпаққа ӛнеге ету. 
Себебі  алаш  азаматтарының  еліне  сіңірген  еңбегін,  ұлтына  еткен  қызметін 
сол тұстағы зиялылар ғана емес, қарапайым халық та біледі. Мұны біз қара 
қазақтың мына сӛздерінен аңғарамыз: 
 
...Дулатов, Байтұрсынов, Бӛкейханов, 
Білемін бұл үш ердің айтпа жайын. 
Кешегі қара күнде болмап па еді, 
Бірі күн, бірі шолпан, бірі айым. 
Қазақ үшін шам қылған жүрек майын. 
 
Ақын  міндеті  –  қазақтың  ұлтын  сүйген  ұландары  туралы  кейінгіге  сӛз 
қалдыру.  Мұны  кӛрегендік  десе де болғандай.  Кейін ұзақ жылдар бойы  сол 
ұлылардың 
аты 
аталмай,  шығармалары  оқылмай,  тарихымыздың 
“ақтаңдағына” айналарын Сұлтанмахмұттың сезімтал жүрегі сезінген болуы 
керек.  Бас-қасын  былай  қойғанда,  ақынның  осы  поэмасы  –  алаш 
азаматтарының тарихтан алар орнын айқындап беруімен бағалы. 
Ақынның  іргелі  жанрдағы  кең  құлашты  қуатын  танытатын  кӛрнекті 
поэмасы  –  “Адасқан  ӛмір”  (1918).  “Адасқан  ӛмірдің”  жанрын  зерттеушілер 
лирикалық-философиялық, сюжетсіз поэмаға жатқызып жүр (А.Еспенбетов). 
Поэманың басты тақырыбы – қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік. 
Поэма “Мен – бала”, “Мен – жігіт”, “Мен тоқтадым”, “Мен – кәрі”, “Мен 
–  ӛлік”  атты  бес  бӛлімнен  тұрады.  Мұнда  жалғыз  ғана  кейіпкер  бар,  ол  – 
лирикалық  қаһарман  –  “Мен”.  Оқиға  осы  “Мен”  арқылы  баяндалып,  соның 
ӛмірге,  қоғамға  деген  кӛзқарасы  арқылы  сараланады.  Бір  ғұмырдың  ӛмірге 
келгеннен  бастап,  ӛмірден  ӛткенге  дейінгі  пәнидегі  тірлігі,  түйсігі,  ой-
танымы терең толғаммен жырланып, реалистік шындықпен суреттеледі. 
“Мен  –  бала”  бӛлімінде  ӛмірге  келген  сәбидің  пәктігі,  тазалығы,  ӛмірге 
құштарлығы  жырланады.  Ол  ӛзімен  қоғам  арасындағы  алшақтықты,  ертеңгі 
ӛмір қайшылықтарын әлі сезінбейді. Сондықтан да жаны таза, сезімі пәк. 
 
 
Мен ұжмақ періштесі, кӛңілім таза, 
 
Қандай нәрсе, білмеймін: бәле қаза. 
         Еркімнің ұйғарғанын істеуіме, 
         Ұғынбаймын ешкімнен бар деп жаза. 
 
Осы  жолдардан  Сұлтанмахмұттың  еркіндік  сүйгіш  рухы  елес  бергендей. 
Ақын  пайымдауынша,  ӛмірге  келу  –  адам  үшін  зор  бақыт.  Алда  не  күтіп 

212 
 
тұрғанына  қарамастан,  ӛмірге  келудің  ӛзі  ұжмақ  екенін  ол  ішкі  түйсікпен 
сезінеді. Ол үшін бәрі таңсық, бәрі қызық, ӛмір – тек шаттық пен қуаныштан 
тұратын  қызылды-жасылды  дүние.  Айналасындағы  жан  түршігерлік 
құбылыстар  оның  әлі  санасына  сіңе  қоймаған.  Адамның  жүрегіне  дақ 
түспеген,  кӛңілін  кір  шалмаған  тұс  бұл.  Яғни  поэманың  осы  бӛлігінде 
нәрестеге тән сезімнің ұғымдық шындығы бейнеленген. Және де осы бӛлімде 
алда  айтар  ойларының,  кейінгі  тараулардың  арқауы  болар  мәселелердің 
желісі тартылғандай. 
 
 
Кім біледі қоярсың еркімді алып, 
 
Кім біледі, жоярсың кӛркімді алып, 
 
Кім біледі бұл ерік, бұл кӛріктің – 
          Жоғалғанын білмеспін қайда қалып. 
 
“Мен  –  жігіт”  бӛлімінде  лирикалық  қаһарманның  арманы,  үміті  артып, 
алдындағы  мың  сан  таңдауға  жігерлі  қадам  басқанын  кӛреміз.  Ол  ӛз 
бақытына  жету  жолында  кім  болуға  керек?  Міне  “...он  бес  –  отыз 
арасындағы”  жігітті  толғандыратын  осы  нәрсе.  Қиялы  шартарапқа  самғаған 
балаң жігіт ақыры нені таңдау керек деген сұрақтың жауабын табады. 
 
Бай болу, хакім болу, алғыс, атақ – 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет