БАҒдарламасы (Жоғарғы оқу орындарындағы өзгетілді топтардың барлық деңгейіне арналған)



Pdf көрінісі
Дата27.03.2017
өлшемі215,26 Kb.
#10397

ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫНЫҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

(Жоғарғы оқу орындарындағы өзгетілді топтардың барлық деңгейіне арналған) 



 

Оқу бағдарламасына түсінік хат 

 

     Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы экономикалық даму деңгейі, басқа елдермен 

халықаралық байланыстың нығаюы, әлемдік қауымдастыққа ықпалының артуы, біліктілік 

деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, өз елінің тарихи құндылықтарына, тілі мен 

тарихына, мәдениетіне құрметпен қарап, ғаламдану үрдісінде мемлекетіміздің жедел дамуына 

үлес қосатын мамандарды даярлаудың қажеттігін туғызып отыр.  

     Мемлекеттік тілді меңгерген білікті мамандарды қалыптастыру оқу мазмұнының міндетті 

құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан жоғарғы оқу орындарында қазақ тілін оқыту 

мәселесі, еліміздің даму деңгейі мен халықаралық стандарт талаптарына сай құрылуды талап 

етеді. 

     «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік тіл туралы» заңына сәйкес республикадағы 



барлық білім ошақтарында қазақ тілі міндетті түрде оқытылатын пәндер қатарына кіреді. Барлық 

орыс тілді дәрісханаларда практикалық қазақ тілі пәні жүргізіледі.     

 

     Пәннің қысқаша сипаттамасы: Қазақ тілі тіл дәрежесіне көтеріліп, оның әлеуметтік-

экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдениет саласындағы қызметі өсіп, қолдану 

ауқымы кеңейіп келеді. Осыған орай орыс бөлімдерінде қазақ тілін үйретудің арнайы 

бағдарламасы жасалып отыр. 

 

     Пәннің мақсаты – орыс аудиториясындағы студенттерге мемлекеттік тілді қатынас құралы 

ретінде қолдануға үйрету, сонымен қатар студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, республикамыздың 

ұлттық мәдениеті мен тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрін және күнделікті елімізде болып жатқан 

жаңалықтарды таныстыра отырып оқыту мақсат етіледі. 

      

     Пәннің міндеті – орыс тілді студенттерді қоғамдық өмірде мемлекеттік тілде қарым-қатынас 

жасауға даярлау, қазақша сөйлеуге үйрету, тілдің негіздерін біле отырып, орыс тілді студенттерді 

ауызекі тілде сөйлеу, жазу, оқу, түсіну дағдаларын қалыптастыру болып саналады. 

     Соңғы қабылданған жоғарғы оқу орындарының мемлекеттік стандартына сәйкес практикалық 

қазақ тілін үйретуде шет тілін үйрету әдістемесі, басшылыққа алынып отыр. Бұл әдістеме 

бойынша күнделікті сабақта тілдің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық салаларына 

арналған әр түрлі жаттығулар жасалады. Аталған жұмыстар қазақ тілі сабағында кешенді түрде 

бір-бірімен сабақтастырыла, байланыстырыла отырып жүзеге асырылады. 

     Әр дағдыны қалыптастыруда мынадай міндеттер қойылады:  

     Оқу. Әдеби нормаға сәйкес түсініп оқуға үйрету; оқу барысында ерекше дыбыстардың 

айтылуы, сөздерге түсетін екпін, сөйлемнің интонациясы сияқты мәселелерге көңіл аудару; курс 

соңында оқу шапшаңдығын ұлғайту керек.  

     Түсініп тыңдау. Пәнді оқыту барысында студенттерді оқытушының немесе басқа адамның 

сөзін, сондай-ақ таспаға жазылған мәтіндерді, жаттығуларды бағдарлама көлемінде түсініп 

тыңдауға үйрету көзделеді. Сутденттердің дыбыстарды, сөздерді, грамматимкалық формаларды 

басқа адамның қолдануында тануы және түсінуі керек. 

     Сөйлеу. Курс соңында студент бағдарламада көрсетілген тақырыптар төңірегінде өз ойын 

білдіріп, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беретін дәрежеге жетуі керек. Оқылған мәтіннің 

мазмұнын баяндап бере алуы қажет. Сөйлеу барысында әр грамматикалық форманы өз орнында 

дұрыс қолдана білуі және өткен сөздерді меңгеруі қажет.  

     Жазу. Әр сөздің, дұрыс жазылуын: сөзге жалғау, жұрнақ жалғау барысында тілдің 

фонетикалық заңдылықтарын сақтай отырып, жазуға үйренуі керек. 

     Бағдарламада берілген грамматикалық қағидаларға және орфографиялық пунктуациялық 

ережелерге сүйене отырып, қазақ тілінде шығарма, мазмұндама, жазбаша жаттығулар жүргізе 

алатын болуы керек.  

     Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін сабақта әр түрлі көрнекі құралдар және техникалық оқу 

құралдар пайдаланылады. 

 

      



     Студенттің міндеті – оқу, жазу, ойлау, сөйлеу, ойын дұрыс жеткізу, аудару, мазмұндау, 

сұраққа жауап беру, әңгіме-сұхбат құрастыру, жаңа терминологияны меңгеру, мамандық құжат 

тілін, мамандық лексикасын жақсы меңгеруі қажет.  

Мына әдетті дағдылануы керек: 

- фонетика, граммматика салаларын жетік білуі керек 

- лексикалық тақырыптармен жұмыс істей  білуі керек 

- кәсіби терминологияны жақсы білуі керек 

- мамандық құжат тілін меңгеру керек 

- реферат, баяндама, СӨЖ жұмыстарын орындай білуі керек. 

 

      

     Курс бойынша тілдік құзіретті қалыптастырудың мазмұны: 

 

Грамматикалық минимум 

      

     Негізгі деңгей.  

Жалғау түрлері, етістіктердің шақтары, етіс формасы, етістіктің түрлері, есімше, көсемше, 

көмекші сөздер, шылаулардың қолданылуы. Құрмалас сөйлемдер түрлері. Сөз мағыналары, 

омоним, синоним, антонимдердің жасалуы. Тұрақты сөз тіркестері, жасалуы, қанатты сөздер.     

     Кәсіби бағдарлы деңгей. 

Көсемшелері бірыңғай баяндауыштар, есімше үйірлі мүшелері, көмекші етістікті  



(деп, болса) құрлымдар, біріңғай мүшелі сөйлемдер. Көмекші сөздердің (барысында, ретінде, 

түрінде және т.б.) байланыстырушы қызметі. Түсіндірмелі, талғаулы салалас құрмалас, мезгіл 

мәнді (-ғалы, - ысымен), қарсылықты(-ғанмен, -ғанша),  салыстырмалы (қалай, солай), мақсат 

мәнді (-у, -үшін,- мақсатында) бағыныңқылы сабақтас құрмаластар.         

     Мамандық тілі деңгейі. 

Сөзжасам  тәсілдері,  терминдердің  жасалу  жолдары,  мәтінді  көркемдеуші  құралдар,  сипаттау, 

баяндау, дәлелдеу, мәнді күрделі фразалық бірліктер. 

 

Лексикалық тақырыптар 

 

     Бағдарлама ЖОО–да дайындалатын барлық мамандық түрлері бойынша лексикалық 

тақырыптар тізімі халықаралық стандартқа сай анықталады. Бірақ негізгі және кәсіби бағдарлы 

деңгей тақырыптары ортақ болып қалады.  

     Барлық мамандық салалары үшін негізгі және кәсіби деңгейлеріне арналған лексикалық 

тақырыптар:  

Мемлекеттік тіл – халықтарды біріктіретін фактор. Күнделікті диалог және әлеуметтік-мәдени 

саладағы қарым-қатынас.Тұрмыстық қатынастағы жағдаяттар. Мен және қоршаған орта. Қоғам 

және жастар. Адам және табиғат. Мамандық тарихы. Адам және заң. Ғылым мен техника, 

Қазақтың өнері мен мәдениеті. Ақын-жазушылардың өмірбаяны мен шығармалары. Қоғам, өнер 

қайраткерлерінің еңбектері мен тарихта алатын ролі. Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан 

Республикасының рәміздері. Қазақстан халқы. Қазақстан экономикасы. Қазақстанның саяси 

жүйесі. Қазақстанның сыртқы саясаты. Халықаралық қатынастар. Қазақстан әлемдік кеңістікте. 

Қазақстан тарихы. Қазақстан өнері. Қазақстан табиғаты. Қазақстан климаты. Қазақстан спорты. 

Қазақ ұлттық музыкасы. Қазақстанның білім беру жүйесі. Қазақ жерінің зерттелу тарихынан. 

Қазақстанда облыстардың құрылу тарихынан. Алаштың Ақордалары – астаналары. Оқу-ағарту 

ісі тарихынан. Музыка өнері. Театр өнері. Кино өнері. 

      

     Мамандық тілі деңгейі бойынша нақтылы мамандық саласына арналған лексикалық 

тақырыптар:



 

     Филология мамандықтары (журналист, аудармашы т.б.) Адамдар қанша тілде сөйлейді? 

Дүниеде қанша тіл бар? Өлі және тірі тілдер. Жазу тарихы. Тіл білімінің қалыптасу негіздері. 

Тілдердің жіктелімі. Түркі тілдері. 

     Жантану мамандығы бойынша. Жантану ғылымы. Жантану ғылымының тарихы. Жантану 

салалары. Сана туралы түсінік. Топ және қарым-қатынас.



 

Адалдық пен ақылдылық. Адамшылық 

пен арлылық. Әділдік пен әділетсіздік. Кішіпейілділік пен қарапайымдылық. Сабырлық пен 

төзімділік.Табандылық пен мақсаткерлік. Еңбексүйгіштік пен тәртіптілік. Ұятсыздық пен 

арсыздық. Мінездегі міндер. Ақымақтық пен ақылсыздық. Сарандық пен пайдакүнемдік. 


Екіжүзділік пен жарамсақтық. Мақтаншақтық пен тәкаппарлық. Күншілдік пен іштарлық. 

Еріншектік пен жалқаулық. Маскүнемдік пен шылымқорлық. 



     Экономика және экономикалық кластерлер. Экономика. Нарықтық экономика ұғымдары, 

негіздері. Кәсіпкерлік, кәсіпкерлікті жоспарлау, қаржыландыру. Акционерлік қоғамдар, жеке 

шаруашылықтар т.б.   

     Қаржы және есеп. Баға, оның түрлері. Өнімді бағалау. Құн. Төлем түрлері. Маркетинг. 

Өнімді жарнамалау тәсілдері. Менеджмент.Ұтымды ұйымдастыру және басқару жайында. 

Бәсекеге қабілеттілік. Көрме, жәрмеңке оны ұйымдастыру, қаржыландыру. Салық, салықтың 

түрлері. Стандарттау, метрология және сертификаттау. 



     Банк және оның қызметі. Банк тарихы. Банктік жүйе және отандық банктер, олардың 

қызметі. Қазақстандағы есеп айырысу реттері. Валюталық бағам және белгіленім. Ұлттық 

валюта. Халықаралық валюта қоры. Халықаралық валюта және қаржы-несие қатынастары 

жүйесіндегі Қазақстанның орны. Халықаралық және коммерциялық операциялар. Құнды 

қағаздар. Қор биржасы. 

     Халықаралық қатынастар. 

Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық. 

Халықаралық ұйымдар (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНЕП, ЮСАИД т.б.). Дүниежүзілік және 

халықаралық экономикалық қатынастар. 

Халықаралық құқықтық деректер. Халықаралық 

құқық принциптері. Біріккен Ұлттар Ұйымы. Егеменді Қазақстанның халықаралық саясаты. 

Дипломатиялық тіл. Жеке нота. Вербальді нота. Құттықтау нотасы. Сенім грамоталары.  

Жеделхат. Коммюнике. Жадығат. Дипломатиялық келіссөздер. Дипломатиялық қатынастар. 

Қазақтың тұнғыш өкілетті және төтенше елшілері. Мәлік Сабырұлы Фазылов. Нәзір Төреқұлов. 

Нобель сыйлығы. 



     Құқықтану мамандығы бойынша. 

Конституция– мемлекеттің ата заңы. Қазақстан 

Республикасының 1995 жылғы конституциясының жалпы сипаттамасы. 

Адам және заң.   

Қазақстан мемлекетінің құқықтық негізі.

 

Қазақстан – Президенттік басқару нысанындағы 

біртұтас мемлекет. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты. Сот жүйесінің негізгі буыны. 

Әскери соттар. Аудандық (қалалық) соттар. Еліміздегі тәртіпсіздік. Ұйымдасқан қылмыс. 

Экология құқығының жүйесі. Құқықтық статистика және ақпарат.  

     Ақпараттық жүйе. Информатика. Информация дегеніміз не? Қомпьютерлік технологиялар 

ұғымдары туралы қысқаша мәліметтер. Компьютер неден құралады?Аспаптық программалар.  

Компьютерлік программалар туралы мағлұмат. Компьютердің құрылғылары. Жүйелік  

программалар. Қазақстанды компьютерлендіру. Ғаламтор. 

     Техникалық саласы бойынша. Өндірісті компьютерлік жүйе арқылы басқару. Техникалық 

кибернетика. 



     Ғылым мен техника.

 

Ғылым мен техниканың даму тарихы. Ғылым мен техника 



байланысы. Ғылымның қоғамдағы рөлі, орны. Ғылымдағы жетістіктер. Ғарышты, ядролық 

қаруды бейбітшілік бағытта игеру. Атом – электр станциялары. Технопарктер. Ұлы ғалымдар 

және олар ашқан жаңалықтары. Бүгінгі ғылыми жаңалықтар. Нобель сыйлығының 

лауреаттары. Әр ғылым саласы бойынша ашылған жаңалықтар жайында.

 

 

 

Курстың барлық деңгейінен өткен тіл үйренуші төмендегідей біліктілерді игеруі қажет: 

 

     Негізгі деңгей. 

-  өз пікірін, ойын дұрыс жеткізе білу, оң немесе теріс жауап бере білу; 

-  өзі жайлы, отбасы, оқу орны жайлы әңгімелеп, ойын дұрыс айта білу; 

-  елінің тарихы, табиғаты, өзінің қызығушылығы туралы әңгімелеп айта білу; 

-  қарапайым сұрақтар қоя білу және жай сөйлемдердің көмегімен өзінің ойын дәлелдей білу; 

-  өтінішті, бұйрықты, қолдауды, өкінішті, сенімсіздікті, болжауды айта білу; 



     Кәсіби бағдарлы деңгей. 

-  оқығаны туралы өзінің бағасын бере отырып, пікірін, ойын дұрыс айта білу; 

-  күрделі емес пікір-сайысқа қатысып, өз ойын аргументтеу, дәлелдей білу; 

-  мамандық терминологиясын білу, өзінің кәсібі туралы әңгіме құра білу, сипатау; 

-  өз ойын анықтаушы, сипаттаушы компоненттермен күрделендіріп бере білу. 

     Мамандық тілі деңгейі. 

-  ресми-іскери, іскери-кәсіби кездесу этикетіне сай сәлемдесу, алғыс білдіру, сұхбаттасу,   

   келісу, келіспеу, талап ету, таңдану; 

-  серіктесіне өтінішпен, кешіріммен, ресми құттықтаумен, көмек ұсыныспен келу; кешірім   



   сұрау және кешіру, мамандығы бойынша ақпарат сұрау және ақпаратқа жазба түрде жауап   

   беру (формальды емес қатынас, серіктестер арасындағы дәрежелі қарым-қатынас); 

-  белгілі бір мамандық аясында әлеуметтік, кәсіби байланыстар туралы сөйлесу. Кез келген  

   ортада өзінің пікірін еркін айту, еліміздегі әлеуметтік жағдай, бұқаралық ақпарат   

   құралдары туралы көзқарасын жеткізе білу; 

-  мамандығы бойынша айтылған тұжырымдарға өз пікірін білдіре отырып, серіктесіне жауап   

   қайтара алу; серіктесін сөйлеу әрекетіне тарту; 

-  жеке тұлғалармен кәсіби байланыс кезінде телефон, теледидар, радио арқылы қабылдаған   

   ақпараттардың негізгі түйінін ұға алу; сөз болған мәселенің негізгі мазмұнын түсініп, ой   

   түю, қорытынды жасай білуі керек.  



 

 

Ұсынылатын оқулықтар мен оқу құралдары: 

 

1. Бектұрова А.Ш. Бектұров Ш.К. Казахский язык для всех: Алматы «Атамұра» 2004 ж. 

2. Бектуров Ш.К. Читаем газеты на казахском языке: Алматы «Әділет»1999 ж. 

3. Нұрекеева С. Мұрзалина Б. Қазақ тілі: оқу құралы Алматы «Ана тілі»» 1998 ж. 

4. Универсальный справочник для студентов. Казахский язык. 2010 г. 

5. Мұхамадиева Н.Қ. Кәсіби қазақ тілі, Алматы, 2004 ж.  

6. Арын М. Қасым Б. Қазақ тілін оқыту әдістемесі:экономистерге арналған.Павлодар, 2005 ж. 

7. Кузекова З. Карагузова Г. Қазақ тілі: экономистерге арналған «Қаржы-қаражат»»1997 ж. 

8. Жарықбаев Қ. Озғанбаев Ә. «Жантануға кіріспе» Алматы, 2000 жыл. 

9. Ерназаров З.Ш. «Қазақ тілі» Елтану. Алматы, 2005 ж. 

10. Мұхамадиева Н.Қ. Кәсіби қазақ тілі, Алматы, 2004 ж. 

11. Қасенов Қ. «Қызыл қырғын 37-де опат болғандар» Алматы, 1994 жыл.     

12. Алпысбаева Қ. «Қазақ әдебиеті»Алматы, 1992 жыл. 

13. Памяти великого Абая. Н.Назарбаев Абай.: Юбилейный тираж.     

14. «Қазақ тілі» Республиклық ғылыми-әдістемелік журнал. №2 (4) 2006 ж. 

15. «Егеменді Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінің кезекті саны. 

 

Сөздіктер: 

 

16. Кемеңгерұлы Қ. Қазақша – орысша сөздік: Астана «Келешек-пресс», 2005.– 288 б. 

17. Қазақша – орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздік: – А.: «Рауан» 2000 ж. 

18. Қазақша – орысша терминологиялық сөздік: Заңтану. Алматы «Рауан» 2000 ж. 

19. Қазақша-орысша терминдер сөздігі Н.Егіншібаева, С.И.Жапақов Алматы, 2006 жыл. 

20. Казахско – русский, русско –казахский словарь: 3000 слов. Изд.«Аруна» Алматы, 2002 г.   

21. Қазақша – орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздік: Іс жүргізу және мұрағат   

      ісі: Алматы: Республикалық мемелекеттік «Рауан» баспасы, 2000ж.-256 б. 

22. Жапахов С.И. Экологиялық терминдердің түсіндірме: ҚазҰАУ, Алматы, 2006 ж. 

23. Егіншібаева Н.Ә. Эпизиотологиялық терминдер сөздігі: ҚазҰАУ, Алматы, 2004 ж. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет