Дипломатиялық тіл және оның ерекшеліктері. “Дипломатиялық тіл” түсінігі. Дипломатиялық тіл дипломаттардың ауызша және жазбаша түрдегі қатынастарда қолданатын тілі ретінде. Дипломатиялық қатынастар барысындағы жалпы тіл ретіндегі латын тілінің рөлі. Дипломатия тарихындағы француз тілінің рөлі. Дипломатиялық қатынастардағы қазіргі ресми тілдер. Тілмаштар (аудармашылар) институты, олардың қызметі және дипломатиялық келіссөздердегі рөлі. Дипломатиялық тіл дипломатиялық сөздіктің техникалық сөз орамы ретінде. Дипломатиялық тілге қойылатын талаптар, дипломатиялық тілдің ерекшеліктері. Сөздің дипломатиядағы мәні мен беделі.
Дипломатиялық құжаттарды рәсімдеу және жазуға қойылатын талаптар.Халықаралық қауымдастыққа арналған дипломатиялық құжаттардың бағытталуын ресімдеуге қойылатын талаптар. Екіжақты сипатқа ие дипломатиялық құжаттардың бағытталуын ресімдеуге қойылатын талаптар. Дипломатиялық құжаттардың халыққа жолдануы. Дипломатиялық құжаттардың мағыналық құрылымы: хаттамалық сөз орамы, мағыналы өзегі, дәлелдеу бөлімі, дерек келтірілетін бөлім. “Хаттамалық сөз орамы” түсінігі. Дипломатиялық құжаттардағы хаттамалық сөз орамының қызметі мен рөлі. Хаттамалық сөз орамы қолданылатын дипломатиялық құжаттар.
Дипломатиялық құжаттардың құрылымы.Дипломатиялық құжаттардың бағытталуы. Дипломатиялық құжаттардың екі бағытта жолдануы. Үкімет - дипломатиялық құжаттың бірінші адресаты ретінде. Халық - дипломатиялық құжаттың екінші адресаты ретінде. Дипломатиялық қатынастағы екінші бағыттың рөлі. Ең кең таралған хаттамалық сөз орамдары. Нотада, есте сақтау жазбаларында, үкімет басшыларының жеке арнауларында хаттамалық сөз орамдарын дұрыс ресімдеу. Хаттамалық сөз орамдарын рұқсатнама алу мәселелеріне қатысты ноталарда ресімдеу ерекшеліктері. Халықаралық қатынастар тәжірибесінде хаттамалық сөз орамдарын пайдаланбайтын сәттер.