3. Хаттамалық жұмыс. Дипломатиялық қызметтегі хаттамалық жұмыстың рөлі. Хаттамалық шаралардың негізгі міндеттері. Елшіліктерді ұйымдастыру мен ашу рәсімдері. Ресми сапарлар мен ресми байланыстардың хаттамасы. Жоғары деңгейдегі мемлекеттік сапардың өлшемдері мен тәжірибесі. Шетелдік дипломаттар мен делегацияларды қарсы алу дайындығы.
Дипломатиялық қабылдаулар: қабылдаулардың мақсаттары, негізгі түрлері. Қабылдауларды дайындау әдістерінің халықаралық тәжірибесі және оның дипломатиялық этикеті. Халықаралық хаттамалық тәжірибенің этикеті. Өкілеттілік шаралардың түрлері. Дипломаттың визиттік карточкалары.
Дипломатиялық өкілдіктің негізгі хаттамалық функциялары. Жекелеген елдердің дипломатиялық хаттамасының ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының дипломатиялық хаттамасы.
Дипломатиялық байланыстар, тікелей сапарлар мен сұхбаттар. Дипломаттардың байланыстарының, сапарларының және сұхбаттарының рөлі. Ресми байланыстар. Байланыстарды дипломатиялық қабылдаулар, протоколдық шаралар және басқа да кездесулер көмегімен дамыту. Дипломатиялық сұхбаттардың маңызы. Дипломатиялық сұхбаттарды дайындау техникасы. Дипломатиялық сұхбаттардың схемасы. Тапсырмалар бойынша сұхбаттар және олардың сипаты. Жеке өз бастамасымен өткізілетін сұхбаттар. Баспасөз өкілдерімен кездесу.
Сұхбаттарды өткізудегі дипломаттардың жеке қасиеттері мен өнері. Дипломатиялық сұхбаттар жазбасының ережелері.
Келіссөздер дипломатияның құралы ретінде.Келіссөздер дипломатиялық жұмыстың маңызды түрлерінің бірі ретінде. Қазіргі келіссөздер барысының ерекшеліктері. Келіссөздердің типологиясы және оның негізгі белгілері. Келіссөздер құрылымы. Келіссөздердің негізгі функциялары. Келіссөздердің түрлері. Келіссөздерді ұйымдастыру дайындығы. Келіссөздерге дайындалу әдістері.
Келіссөздердің кезеңдері: пікір-таластық (бастапқы); аргументация және болашақ келіссөздердің жалпы ауқымын анықтау; ұстанымдарды келістіру және уағдаластыққа қол жеткізу (қорытынды). Келіссөздердің мазмұнды бөлігі. Ортақ тәсілдің қалыптасуы және оның келіссөздер барысындағы маңызы. Келіссөздердің қорытынды құжаттары және олардың түрлері.