Мaзмұны нормативтік сілтемелер


Қожа Ахмет Яссауидың «Диуани хикмет» дастанындағы гуманистік идеялар



бет16/19
Дата02.06.2023
өлшемі166,76 Kb.
#98402
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
ходжамова н

2.3. Қожа Ахмет Яссауидың «Диуани хикмет» дастанындағы гуманистік идеялар

Х ғасырдан бастап исламның саяси ілім шеңберіне мемлекет пен саясатты зерттеу – оны нормативтік құқықтық және этикалық – философиялық тұрғыда қалыптастырады. Нормативтік – құқықтық бағыт мұсылмандық – құқықтық теорияға сүйенеді және басқа ілімдердің ықпалын сезінеді. Философиялық–этикалық бағытта зерттеушілер гректің саяси философиясының дәстүрлеріне сүйенеді және оны мұсылман мемлекеті – Араб халифатының ерекшеліктеріне қарай бейімдеп пайдаланды. Осы дәуірдегі ірі ойшылдардың бірі бүкіл түркі жұртын татулыққа, имандылыққа, ізгілікке, рухани тазалыққа үндеген ұлы әулие атанған Құл Қожа Ахмет Яссауи еді.


Яссауиді жан – жақты тану, одан жүйелі түрде үйрену, онымен пікір таластыру және сұхбаттасу, оның философиялық – этикалық ілімін одан әрі дамыту, жастарды оқушыларды оның гуманистік іліміне баулу және оны бүкіл Шығыс мәдениеті шеңберіне ұлы ойшыл ретінде зеттеу – бұл ғұлама атамыз Қожа Ахмет Яссауидің әлемдік философия классигі, тұлғасы, оның еңбектерінің бүкіл адамзат мәдениетінің рухани санасына қосқан үлесі екенін білдіреді [44, 87].
Ахмет Яссауидың есімін мұсылман әлеміне мәшһүр еткен шығармасы «Диуани хикмет» («Ақыл кітабы») болып табылады. Оны «Даналық кітабы» деп те атайды. Ақын өз кітабын Орта Азия мен Қыпшақ даласының түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған.
«Диуани хикмет» түркі тілдес халықтардың ХІІ ғасырдан сақталған әдеби жәдігерліктерінің бірі саналады. Бұл өлеңдер жинағы қазақ әдебиетінің де орта ғасырлық нұсқасы болып табылады. Бұл өлеңдер жинағының алғашқы түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы ХҮ ғасырдың орта кезінде араб емлесімен көшірілген. «Ақыл кітабы» Қазан (1887 және 1901ж.), Стамбул (1901 ж.), Ташкент (1902 және 1911 жж.) баспаларынан бірнеше рет жеке-жеке кітап болып басылып шығады. Ахмет Яссауи өлеңдер жинағының ең толық нұсқасы Қазан басылымы болып табылады. Мұнда 149 хикмет берілген. Соның 109 хикметі Яссауидің өзінікі екені даусыз. Қалғандары шәкірттері тарапынан жазылып, жинаққа еніп кеткен жыр жолдары болса керек [45, 47]. Белгілі орыс ғалымдары
А. Н. Самойлович, Е. Э. Бертельс, А.К. Боровков, Г.Ф. Благова, т.б. Ахмет Яссауи жырларын зерттей келіп, кезінде оны жоғары бағалады, әрі ақынның өзінен кейінгі сөз зергерлеріне тигізген әсері зор болғанын ерекше атап көрсетті. Ахмет Яссауи поэзиясын зерттеу ісіне Э.Р. Рустамов, Н.М.Малаев, В.И.Зохидов сияқты өзбек ғалымдары да едәуір үлес қосты. «Диуани хикметті» қазақ тіліне аударма жасағандар М. Жармұхамедұлы, М. Шафиги, Е. Дүйсенбайұлы, С. Дәуітұлы.
Ахмет Яссауидың «Даналық кітабында» негізінен төрт ғақлия мадақталады:
1.«Шариғат» ислам заңдары мен әдетғұрыптарының негіздері, яғни мұсылмандық жолын қастерлеп, соны тәлім-тәрбиеге үлгіөнеге етіп жырлау. Мұсылмандықтың жалпы адам баласының тәлімі екендігін жырға қосып, ақын адамгершілік тәрбиесінің асқан өнегесін көрсетеді.
2.«Тариқат» сопылық ой-мақсаттарды насихат-өсиет ету. Яғни жыр өрнектері арқылы ұрпақты имандылыққа, шыншылдыққа, әділеттілікке, тазалыққа, адалдыққа тәрбиелеп, тақуалыққа үйрету.
3.«Мағрипат» дін жолын танып, оқыпбілу, яғни алланың ақ жолын ардақтап, соған тағзым етіп, тағлым алу – адамгершілік парыз екенін әсерлі сөзбен, айшықты жырмен жеткізіп, ұрпақты ұлағаттылыққа, ыждағаттылыққа тәрбиелеу: «Ғаріп, пақыр жетімдерді әркім сүйер, риза болар сол пендеге пәруәрдігер» деп, ақын ғаріп, пақыр, жетім-жесірлерді сүйсең, оларға жақсылық жасасаң, алла-тағала саған риза болып, ісіңді оңдайды, мақсатына жеткізеді дейді. Сөйтіп ұстаз ақын оқырманға адамгершілік тәрбиесінің ең түйінді тұжырымдарын жыр арқылы әсерлендіре жеткізеді, алланың ақ жолы – адамгершіліктің шырағы екенін оқушы мен тыңдаушыға сезіндіре жырлайды.
4.«Хақиқат» құдайға құлшылық ете білу, яғни бүкіл әлемді жаратушы құдіретті таныпбіліп, оған табыну, құдайдың құдіретіне сену әрбір мұсылманның парызы екенін сөз құдіретімен түсіндіріп, ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу. «Иман нұры», «Хақиқат дариясы»,
«Ақиреттің азығы» арқылы адамның күнәдан таза болуына жол ашып беру мақсаттарын өлең қуатымен іске асыру: «Хақиқат дариясынан ішкен кісі өзі мұңлық, көңілі сынық, көзі жасты дейді», дейді ақын. Шыншыл, қамқоршы, мейірман ақын ел өміріндегі шындық пен әділеттілікті іздеп, көп жерде шыншылдыққа қиянаттың қырсығын көріп, мұзданады, көңілі сынады, көзіне жас алады, сөйтеді де ұрпағын
«хақиқат дариясынан сусындауға», әділетсіздермен күресе білуге шақырады, әділдікке, кісілікке, шыншылдыққа тәрбиелейді.
Яссауидің «Диуана хикмет» еңбегі түркі тілінде жазылған рухани және гуманистік бағыттағы кітап деуге болады. Оның хикметтерінің жеке өз басының түркілерге кеңінен танымал болу себебі – ол ұстамдылыққа және өзінөзі жетілдіруге шақыратын құнды этикалық идеялар көтерді [46,106]. «Қапалы жанды көрсең, бол оның сен емшісі», «Мен мойынсұнбайтындардың белгісін табуға тырысамын», «Еліктесең – пайғамбарға елікте, жетімдерді ұмытпа» т.б Оның мейірімділігі, әділеттілігі, өткір ойлылығы, қарапайым қалың бұқараның жанының шындығын түсінбек ынтасы, өзін басқалармен тең ұстаған, көкіректілігі жоқ, ақ пейілді Яссауи даңқын әлемге былайша таратты:
«Мен сопымын» мақтанасың жер – жерде.
Бірақ оның билігіне шыға алдын ба? Сопымысың? Қолын неге жетіп
Шын жиналған көз жасы жоқ еді жүзінде» [47,18].
Ұлы ғұлама ақын, ойшыл өзінің туындысында дін мұсылман қауымына Алланың ақ жолын-Ақиқат жолын айтып беруді, ұғындыруды мақсат еткен. Кемеңгер бабамыз бұл жинағында өз уақытының шындығын өмірінің бүкіл болмысын, ғұмырлық тәжірибесін, ізденістері мен құлшыныстарын табу мен тану үшін не істеу керектігін өлеңдік өрнекпен, ғұламалық тереңдікпен, шын мұсылмандық ұғыммен жырлап отырған.
Қожа Ахмет Яссауидің гуманистік ой-пікірлері жөнінде іргелі зерттеулер әзірге жоқ. Тек қазақ ғалымдары Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, М.Жармұхамбетов, К.Құнантаевалардың бірер еңбектерінен басқа арнайы зерттеулерді кездестіре алмай келеміз.
«Диуани хикмет» шығармасында тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің үлкен бір саласы-имандылық тәрбиесі. Осы кезге дейінгі педагогикада тәрбиенің сан алуан түрлері сөз болғаны белгілі. Олар ақыл-ой, дене шынықтыру,адамгершілік тәрбиелері. Осынау тәрбие түрлерін ескі сарынмен топтастырмай-ақ, олардың барлығын жинақтап оны имандылық деп білеміз. Оның ойынша адамның имандылығы оның тілегінен, мақсатынан, осыған орай жүріс-тұрысынан, кішіпейілділігінен туындайды.
Яссауидің өзі де сыпайылық танытып, ілтипат көрсетіп, қажет болса жанашырлық жасап жүреді екен. Ол ата-анаңды аяла,қарттарды сыйла, әрқашанда ата-бабаның қаны, Алланың жасы тамған туған жерді қорғауға әзір болу керектігін ерекше ескертеді. Қазақ халқының бар өмірі іргелес елдердің басқыншылық әрекеттеріне қарсы күреспен өтті деуге болады. Осы кездегі ел бастаған даналар мен батырларды жастарға үлгі етеді. Өзінің шығармасында олардың өмірлерін кейінгі ұрпаққа өнеге тұтады. Ол халықты имандылыққа шақырып, ынтымаққа, бірлікке, ұл-қыздарын сол қоғамның белсенді адамдары етіп тәрбиелеуге шақырады. Сертке беріктік, досқа адалдық, мейірімділік, еңбек сүйгіштік, сұлулықты түсіне білу, отансүйгіштік сияқты ізгі мінездерді басқаларға үлгі ету кітабында кең орын алған.
«Кітап ашып,сурәлардың мәнін сұрап, Ұққанымша асықтым, әзер шыдап,
Қол қусырып, ұстазымның сөзін сыйлап,
Жаутаң қағып, көңілін бағып тұрдым мен де...» [48, 44]. Осы хикметтердегі тәлімдік ой-пікірлері бүгінгі біз айтып жүрген имандылық тәрбиесімен ерекше қиюласып, ұрпақты жас бесігінен тәрбиелеуге көмектеседі. Қожа Ахмет Яссауидің 2-ші хикметінде:
«Жеті жаста Арыстан баб келді бабам, Хақ Мұстафа аманат берді маған,
Сол сәтінде-ақ көңілім тауып баян,
Нәпсім өліп,Тәңірі жолына түстім мен де...» [49, 22].
Бұл жолдардағы психологиялық ой-толғаныстары да бүгінгі күнгі жастарымызды тәрбиелеуде көп көмегін тигізетіні белгілі. Оның адамның жас ерекшеліктеріне берген сипаттамалары қазіргі ғылыми қағидалармен ұштасады, әр жастағы адамның көңіл күйі, сезім эмоциялары, түсінік-толғамдары әр түрлі болатындығын дұрыс көрсетеді.
Дала ойшылының хикметтерінің бір қатары ғашықтық жайында сөз етеді. Бірақ онда әдеттегідей жігіттің қызға, қыздың жігітке деген сүйіспеншілігі емес, керісінше-әңгіме ақынның Алла тағалаға деген махаббат,іңкәрлігі туралы. Қожа Ахмет Яссауидің даналық сөздерінің көпшілігінде ұстазы Арыстан баб жиі еске алынады, ақын ұлы ойшылдың айтқандарына құлақ қойып,ой жібере қарауды ұсынады.
Менмен, көрсеқызар, кеудемсоқ, дүниеқоңыз болмауға, тәубаға келуге ақыл-кеңес береді, яғни бабамыздың хикметтері толған ғибрат, мәнді де мағыналы пікір, адамгершілік мұраттарына толы. Қожа Ахмет бір хикметтерінде надандарға сөзіңді қор етпе, мейірімсіздерден қайырым күтпе, кісі ақысын жеме, арамдықпен мал жима, өтірік айтпа, дүние-байлыққа қызықпа, оның бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе жоқ, дүние жалған ешкімге де опа болған емес, дүниеқоңыздықпен мәңгілік өмір сүргісі келген һарун перғауындар заманындағы Хоман немесе халық сүйіктілері Фархад-Шырын, Ләйлі-Мәжнүн қайда қазір, олар мәңгілік ғұмыр кешкен еді дейді. Ал «Диуани» соңындағы «Мінажаттар» жинақтың сөлі мен нәрі сияқты. Ойшыл бабамыз шапағат етіп, иман байлығын беруге уәде етеді.
«Менің хикметтерімді дана естісін, Сөзімді дос қылып,мақсатына жетсін. Қияметте оған жетекші болармын,
Егер дертті болса, дәрі болармын…» [50,39], -
дейді ұлы кемеңгер бабамыз.
Ахмет Яссауи адам мен қоғам мәселелеріне де айрықша назар аударған. Ол бұқара халыққа үстемдік құрған әмірлердің, бектердің, қазылардың әділетсіз істерін сынайды, бұл дүниенің жалғандылығын айтады.Оның сопылық ілімінің басты мақсаты адам жетілдіру, адам бітіміне тән кейбір жағымсыз әдеттерді сынау. Сондықтан да Яссауи Құдай атынан парасаттылыққа, әділдікке, ізгілікке, тазалыққа үндейді. Оның ілімінде адамгершілік, гуманизм ойлары дін арқылы түсіндіріледі. «Кімде кім жамандық жасаса, ол күнәдан арыла алмайды, кімде – кім жақсылық жасаса, ол құдайдың сүйіктісі болады». Адам проблемасы, гуманизм, адамның дүниеге қатынасының жалпы формалары – бұрынғы және қазіргі философияның зерттеу
Құдайды тану негізінен этикалық акт деп атауға болады. Яссауидің қоғамдықсаяси және әлеуметтік дүниетанымының негізінде де этикалық идеялар жатыр. Оның пікірінше кезкелген саяси және қоғамдық қызмет имандылық, әділеттілік, даналық, мейірімділік т.б сияқты гуманистік, моральдік – адамгершіліктік принциптерге негізделуі қажет. Яссауидің мораль мен сопылықты біртұтас етіп қарастыру идеясы парсы сопысы Фарид ад-дин Аттаридің «Сопылық» қағидасымен сәйкес келіп тұр.
Сонымен біздер сопылықтың негізін қалаған атақты ойшыл Яссауидің дүниетанымы мен философиясы туралы мағлұматтарды жүйелеуге тырыстық. Яссауи өзінің ұзақ жылғы гуманистік бағыттағы өмір жолын түйіндей келіп, бұл өмірде ақиқаттан артық қасиет жоқ деген қорытындыны былай жасайды:
“Қожа Ахмет, басынды елге ие біл, Ақиқатты ары таза сүйе біл.
Дүниеқорлар кетсін бықсып өзімен Халық қана дүниеде ие бол…” [51, 86].
обьектісі, оның болмысы мен ойлауының таңғажайып сырлары, табиғаты мен мәні, өзін өзі тануы, рухани тазаруымен жетілуі, санасының формалары мен деңгейлері барлық заманда ғұлама философ ойшылдарды қатты толғандырған. Адамның практикалық ісәрекетінің өзі адамгершілік, гуманизм, имандылық деңгейлерімен бағаланылады, оның ішкі дүниесінің негізгі формалары болып, махаббат, үміт және сенім есептеледі. Имандылық халықтың бай рухани қазынасымен байланысты, әрбір адам осы рухани байлықты жүйелі түрде терең меңгеруі қажет. Бұл біздің де алдымызда тұрған негізгі мақсат. Яссауидің адам және оның имандылығы, адамгершілігі туралы ілімінің маңызы зор. Әрбір адамның ары таза болса, онда оның ісі де нәтижелі, ұлттық тарихымыз да таза болады. Ендеше бұл дүниедегі негізгі әлеуметтік-мәдени байлық-парасатты, иманды іші мен сырты әсем, ылғи ойы мен ісі бірлікті болатын адам. Соның ішінде адамның өзін өзі тануы – ең қиын мәселе. Данышпан Абай атамыз айтқандай: «Адам бол!» атты гуманистік идеясы сонау Яссауиден халқымыздың бойына сіңген өзіндік философиясына тән. Осы идея қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайында біздер үшін өте маңызды [51,98].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет