Мaзмұны нормативтік сілтемелер


Арнаулар мен шешендік сұраулар



бет11/19
Дата02.06.2023
өлшемі166,76 Kb.
#98402
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
ходжамова н

Арнаулар мен шешендік сұраулар. Йасауи туындыларында аталған қос әдіс астаса өріліп жатады. Ақын хикметтері түгелдей дерлік Алла дидарын іздеген, сопылық ілімді игеріп, Хақ жолына қадам қоюды мұрат тұтқан «дидар талап» шәкірттерге арналғандықтан, оның хикметтерінде ең көп қолданылатын көркемдік әдіс – арнаулар болып келеді. Ұлттық әдебиет теориясының негізін салушы А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышында» таратылып көрсетілетін арнаудың барлық түрлері дерлік «Диуани хикметте» кездеседі. Мұның өзі аталмыш көркемдік әдістің байырғы әдебиетімізде берік орныққан терең тамырлы үрдісі болуымен тікелей байланысты. Орхон жазбаларын зерттей отырып, белгілі әдебиет зерттеушісі Қ.Өмірәлиевтің шешендік арнаудың әдебиетіміздегі алғашқы үлгілерін аталмыш жәдігерлік мысалында талдап көрсеткені белгілі [26, 37]. Көне түркі жазба ескерткіштері мен Йасауи хикметтерінің арасын жалғаған әдеби туындыларымыздың қай-қайсысы да арнауларға кенде емес. Әсіресе, оғыздардың батырлық әпостары саналатын «Оғыз-нама» мен «Қорқыт ата кітабында» арнаулардың аста-төк мысалдары бар.
Дербес тариқат құрып, тәжірибе арқылы кол жеткізілетін хал ілімін насихат еткен Йасауи хикметтеріндегі жарлай арнаулар нақты іс-әрекетке шақыруымен ерскшеленеді:

Ху халқасы құрылды, әй дәруішләр, келіңләр,


Хақ софрасы йайылды, андын үлүш алыңлар [2, 43]
...Ыхлас білән махаббатның жамын ічіб,
Жан-у ділдә Хай зікріні айтың, достлар [2, 66].

Жарлай арнаулардың адресаты кей тұста жекеше түрдегі қараитпа сөздер арқылы берілгенімен, олардың рухани дамудың белгілі бір дәрежесіндегі топқа қатысты жалпылауыш атау екенін аңғару қиын емес. «Әй талиб», «әй-а надан», «әй-а ғафыл» секілді атау-есімдердің әрбірі жеке адамға емес, сол типтегі қауымға қаратыла қолданылады («Ғашық болсаң әй талиб, рийадатта белің бүк», «Әй бихабар, сән бисабаб, өзі асрар», «Әй-а надан, мағна бұл деб айтды, білдім». г.б,) «Диуани хикметтегі» арнаулардың өзге түрлері де сопылық дүниетанымға тән ұғымдар арқылы өрнектеледі:


Сұрай арнау:


Йаранларны басқан ізін көзгә сүрсәм,
Пірмұған мәні йолға салар мукин?! [2, 92]

Йаш орныға қаным төкіб, куәһ қылсам,


Достлар, хожам мәні бәндәм дегәй мукин?! [2, 97]

Зарлай арнау:


Хасратында башдын-аяқ дәрд әйләсәм,
Бір уа барым, дидарыңны көрәрмін му? [2, 71]

Тәубә қылыб, күнәһымдын қорқыб қайтыб,


Заты ұлұғ хожам, сығныб келдім саңа [2, 18].

Йасауи арнаулары көп жағдайда жауабы өз мазмұнынан аңғарылатын шешендік сұраулармен үндесіп жатады:


Әй бихабар, хақ йолыда өлмәсмусын,


Рийадатны қатығ тартыб, солмасмұсын?
Қанлар төкіб, ишқ отыға күймәсмүсін,
Мұнда йығлаб, ахиратда күлмәсмүсін? [2, 119]

Хикметтерде шешендік сұраулардың дербес үлгілері де молынан кездеседі:


Сансыз ажаб бу көңлімдән кетмәс болды,


Сийасадлығ ұлұғ күндә не қылғаймын?
...Хич білмәдім нечук кечті өмрім мәні,
Сұрар болса, мен құл анда не қылғаймын? [2, 172 ]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет