Сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттердің болуына себептесетін негізгі факторлар ретінде мыналар аталады:
- салалық заңдардың жетілмегендігі;
- мемлекеттік және корпоративтік басқару ашықтығының жеткіліксіздігі;
- мемлекеттік қызметтерді көрсетуде лауазым-ды тұлғалардың тұрғындармен тікелей байланысу-ына қатысты жемқорлық тәуекелдерінің сақталуы;
- халықтың құқықтық мәдениетінің төмендігі;
- адамда жемқорлыққа қарсы модельдерді жә-не жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық атмос-ферасын қалыптастыруда кешенді, мақсатты түрде бағытталған ақпараттық жұмыстың жоқтығы;
- мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік санатына еңбекақы төлеу деңгейі мен мемлекеттік қызметтегі әлеуметтік кепілдер деңгейінің жеткіліксіздігі.
2.Стратегияның мақсаты мен міндеттері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның мақсаттары мен міндеттеріне арналған бөлім – «Қазақстан-2050» Стратегиясының ережелері мен 2010-2020 жылдарға арналған ҚР Құқықтық саясат тұжырымдамасының жеке ережелерінің тікелей көрінісі.
Стратегияның негізгі мақсаты – мемле-кеттің жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, жемқорлықтың кез келген көрінісіне ешқандай шыдамдылық танытпау атмосферасын қалыптастыру арқылы жемқорлыққа қарсы күреске барлық қоғамды жұмылдыру және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.
Мақсатқа қол жеткізу белгілі бір инди-каторлардың болуын меңзейді. Индикаторлар – бұл бақыланып отырған құбылыстың немесе про-цестің мөлшерлік немесе сапалық сипаттамаларын анықтаудың көрсеткіштері немесе бағдарлары.
Статегияда мақсатты индикаторлар ретінде мыналар белгіленіп отыр:
- мемлекеттік қызметтердің сапасы;
- халықтың мемлекеттік билік институттарына деген сенімі;
- халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейі;
- халықаралық қауымдастықта елдің беделін арттыру және TransparencyInternational-дің Жемқорлықты қабылдау индексіндегі (ЖҚИ) Қазақстанның рейтингін қоса алғанда, тиісті халықаралық рейтингтерді жақсарту.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу өзара баланысқан міндеттер жүйесін шешуді ұйғарады.