Салалық заңнамадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар – бұл түрлі кодификацияланған нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылыққа ие құықтық ұйғарымдардың орналастырылуы. Кодификацияланған заң немесе кодификацияланған нормативтік құықықтық акт салалық заңнамаға жатады. Салалық заңнама – құқық саласының нормативтік көрінісі. Өзінің мазмұны бойынша заңнама саласы құқық саласына жақын. Құқық саласы – қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығы. Әдетте құқықтың келесі салалары аталады: конституциялық, азаматтық, азаматтық процессуалдық, әкімшілік, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, қылмыстық-атқарушы, еңбек, отбасылық, қаржылық, салықтық, жер, экологиялық, әлеуметтік қамыздандыру құқығы және т.б.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы салалық заңнамаға мына кодекстердің тікелей қатысы бар, бұл кодекстердің нормаларында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық үшін құқықтық жауапкершілік қарастырылған:
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі – 1994 ж. 27 желтоқсанда қабылданған;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі – 2014 жылғы 5 шілдеде қабылданған (№235 – V- ҚРЗ);
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық ко-дексі – 2014 ж. 3 шілдеде қабылданған (№226-V);
- Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (ҚР Салық кодексі) – 2008 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған.
Құқық жүйесінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының нормативтік қаулылары ерекше маңызға ие.
Жоғарғы соттың нормативтік қаулылары –бұл Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі. Олар негізінен соттарға сот практикасы жөніндегі мәселелерді түсіндіруге арналған. Соттар қарастыратын істер бойынша шешімдер қабылданған кезде бұл қаулылар міндетті болып табылады.
ҚР Жоғарғы сотының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі нормативтік қаулыларына мыналар жатады:
- Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды саралаудың кейбір мәслелері жөніндегі – 2004 жылдың 18 маусымы;
- Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байла-нысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау тәжірибесі туралы – 2001 ж. 13 желтоқ-сандағы №18;
- Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы (Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Пленумының 1999 жылғы 20 желтоқсандағы №20 қаулысымен енгізілген өзгерістермен) – 1995 жылғы 22 желтоқсандағы №9.