5.Мемлекеттің ресми экономикалық сая-сатын бұзатын, оны түкке тұрмайтын қылатын көлеңкелі экономиканың қаржылық әлеуетінің артуы. Көлеңкелі капитал сыбайлас жемқорлыққа негізделген және ол соның негізінде дамиды. «Лас»
______________________
*Қараңыз: ТемербековА.А. Теоретические проблемы борьбы с преступностью в Республике Казахстан в условиях глобализации /Автореф. дис. з.ғ.д. – Алматы, 2005. – 28-29 б.
(көлеңкелі) капиталдың жасырылуы да жемқорлық құқықбұзушылықтарының жасалуымен бірге жүреді.
6. Ұйымдасқан нысандағы жемқорлықтың өсу тенденциясы. Зерттеулер көрсетіп тұрғандай, жемқорлық құқық бұзушылықтары, әдетте, есірткіге, қару-жараққа, контрабандаға, өнер туындыларына, ши-кізат пен тауарларға байланысты операциялардың процесінде табысты қылмыстық жолмен табу, ша-ғын және орта бизнесті табысқа қатысты бопсалау-шылық, сонымен қатар басқа қылмыстық құры-лымдардың криминалдық бизнесін бопсалау арқы-лы жүреді. Жемқорлық тұрақты түрде көмекті көр-сетуге қатысты уағдаластықпен өздерінің ресми жағдайын пайдаланатын жеке тұлғалардың қыл-мыстық әрекеттерінің бүркемеленуін қамтамасыз етеді. Көп жағдайда сыбайлас жемқорлық қылмыстық қаражаттың аударылуы есебінен қалыптасатын, лауазымды тұлғаларды сатып алуға бағытталатын жеке қаржылай қорларға ие*.
3. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының сыныптамасы
Салалық сипаттағы белгілі бір ерекшеліктерге ие қылмыстық қол сұғушылықтың нысанына байланысты сыбайлас жемқорлық қылмыстары мынадай жолмен сыныпталады:
- меншікке қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстары;
- экономикалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары;
__________________
*Қараңыз: Мауленов Г.С. Основные характеристики преступности в Республике Казахстан. – Алматы: Ғылым, 1999. – 163-176 б.
- имандылыққа қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстары;
- мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқаруға қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстары;
- әскери сыбайлас жемқорлық қылмыстары.
Қандай да бір құрамның нақты бір сыныпқа жатқызылуы күмәнсіз жемқорлық қылмыстарына жатқызылатын әрекеттер тізіміне ие ҚР ҚК ережелерінің шеңберінде мүмкін болады. Бұл тізбе
ерікті және кеңейтіліп түсіндірілмейді және тиісті заңның негізінде ғана өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
ҚР ҚК 3 б. 29 т. сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстарына ҚР ҚК-ның мына баптарымен қарастырылған әрекеттер жатқызылады:
- 189 (2т.), үшінші бөлім) – қарауындағы бөтен мүлікті иемдену немесе жұмсау;
- 190 (2т.), үшінші бөлім) – алаяқтық;
- 215 (3т.), екінші бөлім) – жалған кәсіпкерлік;
- 216 (4т.), екінші бөлім) – іс жүзінде жұмыстардың орындалуынсыз, қызметтің көрсетілуінсіз, тауарлардың тиелуінсіз шот-фактураның жазылуы бойынша әрекеттердің жасалуы;
- 217 (3т.), үшінші бөлім) – қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару;
- 218 (1т.), үшінші бөлім) – қылмыстқы жолмен табылған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жасыру);
- 234 (1т.), үшінші бөлім) – экономикалық контрабанда;
- 249 (3т.), үшінші бөлім) – мәмілені жасасуға немесе оны жасасудан бас тартуға мәжбүрлеу;
- 307 (3т.), үшінші бөлім) – заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру;
- 361 - лауазымдық өкілеттіктерді теріс
пайдалану;
- 362 (2т.), төртінші бөлім) – билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану;
- 364 – кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу;
- 365 – заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау;
- 366 – пара алу;
- 367 – пара беру;
- 368 – парақорлықтағы делдалдық;
- 369 – қызметтік жалғандық жасау;
- 370 – қызметтік әрекетсіздік;
- 450 – билікті теріс пайдалану;
- 451 (2т.), екінші бөлім) – билікті асыра пайдалану;
- 452 – биліктің әрекетсіздігі.
Меншікке қарсы жемқорлық қылмыстарының санатына ҚР ҚК 189 б. (2т.), үшінші бөлім) қарастырылған әрекеттер жатқызылады.
Экономикалық қызмет саласындағы жем-қорлық қылмыстарының санатына ҚР ҚК мына баптарында қарастырылған әрекеттер жатқызы-лады: 216 (4т.), екінші бөлім); 217 (3т.), үшінші бөлім); 218 (1т.), үшінші бөлім); 234 (1т.), үшінші бөлім); 249 (3т.), үшінші бөлім).
Халықтың денсаулығы мен имандылыққа қарсы жемқорлық қылмыстарының санатына ҚР ҚК 307 бабында (2т.), үшінші бөлім) қарасты-рылған әрекеттер жатқызылады.
Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы жемқорлық қылмыстарының санатына ҚР ҚК 361; 362 (2т.), төртінші бөлім); 364-370 баптарында қарастырылған әрекеттер жатқызылады.
Әскери жемқорлық қылмыстар санатына ҚР ҚК 450; 451 (2т.), екінші бөлім); 452 баптарында қарастырылған әрекеттер жатқызылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының одан әрі қарастырылуы мен зерттелуі жоғарыда көрсетілген қылмыстардың әрқайсысы бойынша жеке-жеке жүзеге асырылады.