Мазмұны Содержание Contents


Ойын бизнесі саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмысының объектісі



бет54/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   224
3. Ойын бизнесі саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмысының объектісі
Қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі құмар ойындарын ұйымдастыру мен өткізу қызметінің заңдылығын реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады.
ҚР ҚК-сі 11-тарауында орналасқан нормалардың мазмұнынан түсінгеніміздей заңсыз ойын бизнесі дегеніміз бұл – имендылыққа қарсы қылмыс болып табылады. Сонымен қатар, құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу қызметі кәсіпкерлік болып табылады. Сондықтан да, бұл қызмет қандай жағынан болса да, заңмен белгіленген кәсіпкерліктің барлық белгілеріне, талаптарына сәйкес деңгейде болуы тиіс. Заңды ойын бизнесі бұл – өркениетті құқық саласы, нақтырақ – кәсіпкерлік құық саласы. Жоғарыда айтылғандар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру жүрген жерде, жүйелі түрде табыс көзі (пайда) болатындығын түсіндіріп отыр. Заңсыз пайда табуға бір рет қана мәміле жүргізілсе, мұндай әрекетті заңсыз ойын бизнесінің мәмілесі деп тануға негіз жоқ.
Сонымен қатар, бір реттік мәміленің дәлел-денуі, жалпы бір реттік болғаны, сондықтан да бұл әрекетте құқық бұзушылық құрамы жоқ және ойын бизнесі саласындағы құқық бұзушылық деп тануға болмайды деген тұжырым жасауға да негіз жоқ.
Заңсыз ойын бизнесінің белгілері болып табылады:

  1. ойын орнын заңсыз ашу;

  2. ойын орнын заңсыз ұстап тұру;

3) ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастыру;
4) заңсыз ойын бизнесі үшін ғимараттармен қамтамасыз ету;
5) ҚР-ның ойын бизнесінің белгіленген жүргізілу орындары туралы заңдарын бұза отырып, құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу;
6) ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиясыз (яғни, арнайы рұқсатсыз) жүзеге асыру.
Бұл қылмыс тек қана қасақана кінәмен жүзеге асады. Пайданың мөлшеріне қарай, қасақаналық нақты болмауы да мүмкін.
Сонымен, заңсыз ойын бизнесі саласындағы қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі, қоғамдағы адамгершіліктік құндылықтарға қол сұғылмауын реттейтін және сақтайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет