Негізгі тұжырымдар: 1. ҚР ҚК 18 тарауында қарастырылған әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығынан сыбайлас жемқорлық қылмыстарына билікті теріс пайдалану (450 б.), билікті асыра пайдалану (451 б., 2 тармақ), екінші бөлім), биліктің әрекетсіздігі (452 б.) жатады.
2. Бұл қылмыстардың жоғары қауіптілік дәрежесіне әскер мен флоттың соғысқа дайындығына, жалпы алғанда ұлттық қауіпсіздікке келтіретін кері әсері себеп.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты әскери қылмыстардың қоғамдық қауіптілік дәрежесі әскери жағдай және соғыс уақыты жағдайларында едәуір арта түседі.
______________
* Курманов К.Ш. Көрсетілг. шығарма. – 565 б.
4. Әскери басшылар және әскер мен флоттың басқа да лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқор-лыққа қатысты әскери қылмыстардың субъектісі болып табылады. Субъект арнайы сипатқа ие.
5. Әскери басшылардың және өзге де лауазымды тұлғалардың қызмет тәртібі сыбайлас жемқорлыққа қатысты әскери қылмыстардың объектісі болып табылады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Мына ұғымдарда қандай айырмашылық бар:
а) әскери қызметкер және әскери міндеткер?
б) ұрыс жағдайы және соғыс жағдайы?
в) әскери басшы және өзге де лауазымды тұлғалар?
2. Әскери заңнаманың ерекшелігі неде?
3. Әскери қылмыстардың жоғары дәрежедегі қоғамға қауіптілігі немен байланыстырылады?
4. Әскери қылмыстардың объектісі не болады?
5. Әскери қылмыстардың субъектісі ретінде кімді танимыз?
Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Таранов А.А. Феномен власти в контексте проблем борьбы с организованной преступностью // Борьба с организованной преступностью и кор- рупцией: Материалы международной конферен- ции. – Алматы: Алматинская высшая следственная школа ГСК Республики Казахстан. – 1996. – С. 127-132.
2. Жунусов К. Основные причины воинских преступлений, их профилактика и предупреждение // Закон и время. – №9 (97). – 2008. – С. 35-38.
3. Курманов К.Ш. Воинские преступления // Уголовное право Кыргызской Республики. – Бишкек. – 2000. – С. 563-607.