Мазмұны Содержание Contents



бет69/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   224
Әкімшілік айыппұл – бұл заңмен қарас-тырылған шеңберде және жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық үшін мемлекет атынан немесе оның тапсырмасы бойынша салынатын ақшалай жаза. Айыппұл құқық бұзушының материалдық мүдделеріне ықпал етудің ең кең таралған және ықпалды формасы болып табылады.
Қарастырылған әкімшілік сыбайлас жемқор-лық құқық бұзушылығымен мемлекеттік функ-цияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның не оған теңестірілген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы (Қазақстан Республикасының ӘҚБК 677 бабы) тығыз байла-ныста. Логика ұсынылатын сыйақы біреуге бағытталуында жатыр, яғни оны біреу алуы мүмкін (осындай заңсыз сыйақыдан бас тарту жағдайларын еске алмағанда).
Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi не делдал арқылы заңсыз мате-риалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса, бұл әрекеттер ҚР ӘҚБК 677 б. қарастырылған әрекеттер ретінде танылады.
Осы теріс қылықтың жасалуы үшін алты жүз

АЕК мөлшеріндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қарастырылған.


Егер Қазақстан Республикасының ӘҚБК 676 бабында жеке тұлғалардың заңсыз сыйақы беруі регламенттелсе, ҚР ӘҚБК 678 бапта заңды тұлғалармен жасалатын дәл сол әрекеттер туралы айтылады.
Заңды тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, мұндай әрекеттер заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (ҚР ӘҚБК 678 б.) ретінде ұғынылады.
Берілген құқық бұзушылық ҚР ӘҚБК 678 б. екінші бөлімінде бекітілген баға беруші белгілерге ие.
Қарастырылып отырған құқық бұзушылықтың жасалуы үшін әкімшілік жаза қарастырылған:
- бірінші бөлім бойынша – жеті жүз АЕК мөлшеріндегі айыппұл;
- екінші бөлім бойынша (егер әрекет әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалса) – мың бес жүз АЕК мөлше-ріндегі айыппұл.
Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңнамада жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен айналысуы не белгiленген қаржыландыру көздерiнен басқа материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы және заңсыз кірістер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет