Мазмұны Содержание Contents



бет72/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   224
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ибрагимов Х.Ю., Ахметов Р.Н. Основные по-нятия и термины административного права и ад- министративной деятельности органов внутренних дел: Учебное пособие. – Алматы: Данекер. – 1999.


2. Жумагулов М. Место и значение администра-тивно-принудительных мер в науке администра- тивного права // Закон и время. - №9. - 2008. - С. 52-56.
3. Осинцев Д.В. Методы – административно-правового воздействия. – СПб. – 2005.
4. Жетписбаев Б.А. Теоретические проблемы института административно-принудительного вос- становления // Хабаршы-Вестник КазНПУ имени Абая. – Серия «Юриспруденция». - №1(5). – 2005. – С.14-20.


13-тақырып. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы
Жоспар
1. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының негізгі ережелері»: құрылымы, мақсаттары, принциптері
2. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу шаралары


1. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының негізгі ережелері»: құрылымы, мақсаттары, принциптері
ҚР Заңы 1998 жылдың 2 шілдесінде қабылданған. Содан бергі кезеңде оған ҚР жиырмадан аса заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл мемлекетте болған саяси-құқықтық жағдайдың өзгерісіне, құқық және сыбайлас жемқорлықпен күресу саласындағы мемлекеттік саясаттың түзетілуіне, Қазақстанның халықаралық қатынастардағы жаңа басым-дықтарының, орны мен ролінің пайда болуына, елдің ішінде жеке әлеуметтік сұраныстардың актуализациясына байланысты болды.
Бұдан тәуелсіз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету саласындағы Қазақстан заңнамасында негізгі құқықтық нормативтік акт ретінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқор-лыққа қарсы күрес туралы» заңы аталады.
Құрылымдық тұрғыда аталған Заң 4 тараудан тұрады: 1. Жалпы ережелер; 2. Сыбайлас жемқор-

лықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары және ол үшін жауаптылық; 3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының зардаптарын жою; 4. Қорытынды ережелер.


Жалпы алғанда Заң 20 баптан тұрады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚРЗ 1 б. Заңның мынадай мақсаттары аталады:
-азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
-сыбайлас жемқорлық көріністерінен туын-дайтын қауіптерден ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік органдарды, лауазымды және оларға теңестірілген басқа да тұлғалардың тиімді қызметін қамтамасыз ету;
- жариялылық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейту;
- халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайту;
- білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыру;
- мемлекеттік функцияларды атқаратындардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасау.
Заңда жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу жолдары көрсетілген:
- сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту.
Қағидалар жүйесі – жалпы құқықтың негізгі атрибуттарының бірі. Егер принциптер құқықтық актіде жазылған болса (бекітілсе), олар құқықтық болып танылады. Құқықтық принциптер – бұл құқық нормаларымен реттелетін берілген мемле-

кеттің өмірі мен қызметінің қандай да бір сала-сындағы құқықтық қарым-қатынастардың негізіне жататын бастапқы негіздер, негіз құрушы идеялар.


«Принцип» термині латынның «principalis» сөзінен шыққан, «басты» деген мағынаны білдіреді. Энциклопедиялық тұрғыда «принцип» - бұл - 1) қандай да бір теорияның, оқудың және т.с.с. негізгі, бастапқы ережесі; 2) жүріс-тұрыс нормасын анықтайтын заттарға деген көзқарас, ішкі наным; 3) бір нәрсенің құрылымдық негізі.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында (5 б.) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі қызметтегі қатынастар мынадай он үш принциптің негізінде жүзеге асырылатыны айтылады:
1) адамдардың заң мен сот алдында теңдігі;
2) мемлекеттік органдардың қызметін анық құқықтық регламенттеуді, мұндай қызметтің заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын, жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын мәселелерді шешу рәсімдерін жетілдіру;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, ұйым-дық-басқару жүйелерін қорғаудың басымдығы;


5) Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды адамдар мен мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берілуін тану;
6) мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғауды мемлекеттің қамтамасыз етуі;
7) жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, жемқорлықпен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу;
8) жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың қауіп-сіздігін қамтамасыз ету және оларды көтермелеу;
9) мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген адамдар мен соларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттің қорғауы, аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ететін жалақы (ақшалай үлес) мен жеңілдіктер белгілеу;
10) осындай қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге өкілеттік берілуін болдырмау, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалау;
11) сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, ашу, олардың жолын кесу және алдын алу мақсатында жедел-іздестіру қызметі мен өзге де қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ құқыққа қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында заңмен белгіленген тәртіппен арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану;
12) кәсіпкерлік қызметті атқару заңмен белгіленген қызметтік міндеттерімен көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік функция-ларды орындауға, кәсіпкерлік қызметпен айналы-суға уәкілеттік берілген адамдар үшін, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқару органдарында ақы төленетін қызметтерді атқаруға тыйым салуды белгілеу;
13) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету және қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жағдайын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет