Мазмұны Содержание Contents


Экономикалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін тағайындалатын жаза түрлері *



бет49/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   224
Экономикалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін тағайындалатын жаза түрлері *.

Жемқорлыққа байланысты жалған кәсіпкерлік және іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың, көрсетілмеген қызметтердің, тиелмеген тауарлардың шот-фактураның жазылу әрекеттерін жасауда жазаның мынадай негізгі түрлері қарастырылған:
- 3 мыңнан 7 мың айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлеміндегі айыппұл;
- түзеу жұмыстары (жазаға кесілгенді қылмыс жасалған мезеттегі әрекет еткен АЕК-тің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін көлемде оның жалақысынан мемлекет пайдасына ақшалай өндіріп алуды шегеру арқылы негізгі жұмыс орны бойынша еңбекке тарту), 3 мыңнан 7 мың АЕК көлеміндегі айыппұл;
- 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бостан-дықты шектеу (жазаға кесілгенге пробациялық бақылауды** белгілеу);
_________________
*Ескертпе: толығырақ қосымшада келтірілген жаза түрлерінің кестесін қараңыз.
**Ескертпе: пробация – шартты үкім шығару түрі, бұл жағдайда жазаға кесілген сот белгілеген сынақ мерзімі уақытына арнайы органдардың бақылауына беріледі.
- 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру (жазаға кесілгенді колониялық елді мекенге немесе бөлмеге, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына
немесе түрмеге бағыттау арқылы оны қоғамнан
Қарастырылып отырған қылмыстар үшін ҚР ҚК-де мүлікті тәркілеу түріндегі қосымша жаза қарастырылған.
Қазақстан Республикасының ҚК 216 б. (4 тармақ), екінші бөлім) қарастырылған қылмыс үшін тәркілеумен қатар белгілі бір қызметпен айналысу немесе белгілі бір лауазымда болу құқығынан өмір бойы айыру түріндегі қосымша жаза қарастырылған.
ҚК баптарымен қарастырылған жемқорлық қылмыстары үшін:
- 217 (3 тармақ), үшінші бөлім) – қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару;
- 218 (1 тармақ), үшінші бөлім) – қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жасыру);
- 234 (1 тармақ), үшінші бөлім) – экономикалық контрабанда;
- 249 (2 тармақ), үшінші бөлім) - рейдерлік, негізгі, сонымен қатар қосымша жаза қарастырылған.
Негізгі жаза:
- түрлі мерзімге бас бостандығынан айыру: 5 жылдан 12 жылға дейін; 3 жылдан 8 жылға дейін; 7 жылдан 10 жылға дейін.
Қосымша жаза:
- мүлікті тәркілеу;
- белгілі бір қызметпен айналысу немесе белгілі бір лауазымда болу құқығынан өмір бойы айыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет