Мазмұны Содержание Contents



бет47/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   224
заңдастыру (жасыру) – бұл қылмыстық және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылықтардан түскен табыс болып табылатын мүлікті, егер мұндай мүлік қылмыстық және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылықтардан түскен табыс екені белігілі болса, бұл мүлікті айырбастау немесе аудару түріндегі мәмілелерді жасасу арқылы қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңды айналымға енгізу, оның шынайы сипатын, көзін, орналасқан жерін, иелік ету, орын ауыстыру тәртібін, мүлік құқығын немесе оның тиістілігін жасыру немесе жымқыру, сонымен қатар егер бұл әрекеттер ауқымды ____________________
*Қараңыз: Новейший словарь иностранных слов и выражений. – Минск, 2007. – 628 б.

көлемде жасалған болса, бұл мүлікті иелену және пайдалану немесе қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырудағы делдалдық. Егер әрекеттерді мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті тұлға немесе оған теңдестірілген тұлға, немесе лауазымды тұлға, немесе жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлға жасаса, егер ол (осы әрекет) оның қызметтік жағдайын пайдаланумен қатар жүрсе (1 тармақ, үшінші бөлім), бұл әрекеттер жемқорлыққа байланысты әрекеттер болып танылады.


Бұл бапта қылмыстық жолмен алынған ақша-ның және (немесе) мүліктің болғалы жатқан не жа-салған заңдастырылуы туралы ерікті түрде мәлім еткен тұлға, егер бұл тұлғаның әрекеттерінде әрекеттің алдын-ала келісім бойынша тұлғалар тобымен; бірнеше мәрте; қылмыс тобымен; ірі көлемде жасалуға байланысты қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен боса-тылатыны туралы бұйрық бар.
ҚР ҚК 234 бабына сәйкес экономикалық контрабанда – бұл кедендік бақылаудан жасыру арқылы немесе сонымен бірге немесе құжаттарды немесе кедендік сәйкестендіру құралдарын алдамшылықпен пайдалану арқылы жасалған, немесе мағлұмдаусыз немесе күмәнді мағлұмдаумен қатар жүрген Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауардың немесе өзге заттардың, оның ішінде кедендік шекара арқылы тасымалдануға тыйым салынған немесе шектеу енгізілген, ҚР ҚК 286 бабында көрсетілгендерін ескермегенде, оларға қатысты кедендік шекара арқылы тасымалданудың арнайы ережелер бел-гіленген тауарлардың заттар мен құнды-лықтардың ірі көлемде тасымалдануы.
Егер әрекеттерді мемлекеттік функцияларды

орындауға өкілетті тұлға немесе оған теңдес-тірілген тұлға, немесе лауазымды тұлға, немесе жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлға жасаса, егер ол (осы әрекет) оның қызметтік жағдайын пайдаланумен қатар жүрсе (1 тармақ, үшінші бөлім), бұл әрекеттер жемқорлыққа байланысты әрекеттер болып танылады.


ҚР ҚК 286 б. ережелерін ескерсек, экономи-калық контрабандаға есірткі заттарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының, прекурсорларының, қатты әсері бар, улы, улан-дырғыш радиоактивті заттардың, радиоактивті қалдықтардың не ядролық материалдардың, жа-рылғыш заттардың, қару-жарақтың, әсері тех-никаның, жарылғыш құрылғылардың, атылатын қарулардың не оқ-дәрілердің, жаппай қырып-жою қаруларының ядролық, химиялық, биологиялық жаппай қырып-жою қаруын жасау үшін қолда-нылуы мүмкін материалдардың, жабдықтардың, компоненттердің контрабандасы жатпайды.
Қазақстан Республикасының ҚК 249 бабына сәйкес рейдерлік деп заңды тұлғаға қатысу үлесінің меншік құқығының, сонымен қатар заңды тұлғаның мүлкі мен құнды қағаздарының заңсыз сатып алынуы немесе дауыс беру нәтижелерін қасақана бұрмалау салдарынан немесе жиналы, отырыс хаттамаларына, олардың үзінді көшірмелеріне дауыс берушілердің саны, кворум немесе дауыс беру нәтижелері туралы алдын-ала дәйексіз мағлұматты енгізу немесе дауыстардың немесе дауыс беру бюллетеньдерінің алдын-ала өтірік есептелуі, акционердің, қатысушының, басқару органы мүшесінің немесе атқарушы орган мүшемсінің дауыс беруге нақты қол жетімділігін блоктау немесе шектеу, не болмаса жиналыстың, отырыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы

жалған мағлұматты хабарлау, акционер, қатысушы немесе басқару органының мүшесі атынан алдын-ала жасанды сенімхат бойынша дауыс беру арқылы, құнды қағаздарды артықшылықты сатып алу құқығын шектеу немесе шек қою арқылы жоғарғы орган шешім қабылдаған кезде құқықтың еркін іске асырылуына кедергі келтіру арқылы заңды тұлғаға бақылауды орнату, сонымен қатар құнды қағаздарды артықшылықты сатып алу құқығын іске асыру кезінде қасақана тосқауылдар жасау немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне немесе қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиянның келуіне әкеліп соқтырған өзге заңсыз тәсілдер аталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет