«Рейдерлік» термині ағылшынның raider сөзінен – шапқыншы, еркін аңшы деген мағынаны білдіреді.
Егер қылмыстық әрекеттерді мемлекеттік функ-цияларды орындауға өкілетті тұлға немесе оған теңдестірілген тұлға, немесе лауазымды тұлға, не-месе жауапты мемлекеттік қызметтегі тұлға жаса-са, егер олар оның қызметтік жағдайын пайда-ланумен қатар жүрсе (2 тармақ, үшінші бөлім), рейдерлік жемқорлық әрекеті болып танылады.
3. Экономикалық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмысының объектісі
Заңмен регламенттелген кәсіпкерлік қызметті, азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін, мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуге арналған қоғамдық қатынастар жалған кәсіпкерлік объектісі болып табылады (ҚР ҚК 2015 б.).
Жалған кәсіпкерлік осындай ұйымның жасалу мезетінде құрылайтышылық құжаттарда немесе лицензияларда көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға алдын-ала ниетті болмаған және одан әрі де ниеті қалыптаспаған тұлғаның коммерциялық ұйымды құруын меңзейді.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде нақты операциялардың құжаттық жүргізілуінің тиісті тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық қарым-қатынастар, азаматтардың немесе ұйымдардың заңды мүдделері, мемлекет мүдделері іс жүзінде жұмыстардың орындалуынсыз, қызметтердің көрсетілуінсіз, тауарлардың тиеліуінсіз шот-фактураның жазылуы жөніндегі әрекеттерді жасаушы объекті болып табылады (ҚР ҚК 216 б.).
Тағайындалуы заңның кәсіпкерлік қызметке аұшаның немесе өзге мүліктің заңды тұрғыда жұмылдырылуынан табыстарды (мүліктік пайданы) табудың белгіленген ережелерін қамтамасыз ету болатын қоғамдық қарым-қатынастар қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару жөніндегі әрекеттерді жасалу объектісі болып табылады (ҚР ҚК 217 б.).
Кәсіпкерлік қызметтің, сонымен қатар қаржы-лық-несиелік қарым-қатынастардың заңдылығын реттейтін қарым-қатынастар қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырудың (жасырудың) объектісі болып табылады (ҚР ҚК 218 б.).
Қылмыстың заты – бұл алдын-ала заңсыз жолмен алынған ақшалай қаражат немесе өзге мүлік.
Қазақстан нарығы экономикалық контра-банданың негізгі тікелей объектісі болып табылады. Қосымша объект – Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы орын ауыстыру ережелері. Факультативтік объекттер ретінде қоғамдық қауіпсіздік, мемлекеттік органдардың қызметі, қаржы жүйесі танылады (ҚП ҚК 234 б.).
Тауарлар және өзге құндылықтар қылмыстың мән-мағынасы болып табылады.
Меншік құқығының дербес құқықтылығы, меншіктенуші құқықтарын іске асыру еркіндігі, азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделері, қоғам мен мемлекеттің мүдделері рейдерлік объектілері болып табылады (ҚР ҚК 249 б.).
Достарыңызбен бөлісу: |