Мазмұнын жаңарту мәселелері Республикалық on-line конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата18.01.2017
өлшемі2,23 Mb.
#2143
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

ТӘРБИЕ БЕРУ АРҚЫЛЫ ҚАРЫМ
-
ҚАТЫНАС
 
МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
 
 
Құлахметова Рая Маханбетқызы,  
педагогика ғылымдарының магистрі.  
Педагог-психолог, «Қазақ технология және бизнес университеті»  
АҚ колледжі, Астана қаласы. r.kulakhmetova@mail.ru 
 
Тәрбие,  тәлім-тәрбие  – жеке  тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды  мінез-
құлқын  қалыптастырып,  өмірге  бейімдеу  мақсатында  жүргізілетін  жүйелі 
процесс. 
Бесік  тәрбиесі,  балдырған  тәрбиесі,  өрен  тәрбиесі,  жасөспірім  тәрбиесі, 
жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. 
Тәрбиенің  мақсаты  адам  бойында  ізгілік,  инабаттылық  қасиеттерін  және 
тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады. Қоғамдық тәрбие 
-тарихи  аренада  адамдар  қоғамының  пайда  болуымен  бірге  туды.  Қоғамдық 
тәрбиенің  мақсаты,  мазмұны,  құралы  мен  әдістері  қоғамдық  қатынастардың 
қарқынымен, қандай қоғамдық-экономикалық формацияның шарттарында іске 
асатынымен  анықталады.  Ізгілік  тәрбиесі-жеке  тұлғаның  моральдық 
қасиеттерінің,  көзқарастары  мен  сенімдерінің  қалыптасу  үрдісі.  Ізгілікті  деп 
жалпы  адамзаттық  моральдың  ережелері  мен  талаптарын,  нормаларын  өз 
көзқарасы  мен  сенімі  ретінде,  мінез-құлығының  үйреншікті  формасы  ретінде 
көрсететін адамды есептеуге болады.  
Адамға  ғылымнан  бұрын  тәрбие  беру  керек.  Тәрбиесіз  ғылым 
зұлымдыққа апарады. Тәрбие - адамға сапалы өмір сүргізеді. Тәрбие - адамның 
жүріс-тұрысын,  сөйлеу  мәнері  мен  мәнін,  ой  өрісін  қамтиды.  адамға  оң  мен 
солды,  жақсы  мен  жаманды  танытады.  Адам  дүниеге  келгеннен  бастап  өмір 
сүруге,  дүние  тануға  құқылы.  Адамның  ерік-тілектері,  іс-әрекеттері  басқа 
адамның құқығын бұзбауы тиіс [1]. 
Грек  философы  Аристотель  (Aristotle,  б.з.д.  384  —  б.з.д.  322  жылдар) 
тәрбиенің  3  түрін  бөліп  көрсеткен:  дене,  адамгершілік  және  ақыл  тәрбиесі. 
Өзінің  «Саясат»  (Politica)  атты  еңбегінде  басшы  жастарды  тәрбиелеуге  баса 
назар  аударғанын  айта  келе,  саясаткерлер  адамгершілігі  мол  тұрғындарға 
қарағанда, азаматтарды қайырымдылыққа тәрбиелеу керектігін айтады [2]. 
Тәрбие мәселесін зерттеушілер арасынан әлемге әйгілі ойшыл, философ, 
әлеуметтанушы,  математик,  физик,  астроном,  ботаник,  лингвист,  музыка 
зерттеушісі  Әбу  Насыр  әл-Фарабидің  (870-950)  орны  ерекше.  «Қайырымды 
қала  тұрғындарының  көзқарасы»  трактатында  тәрбие  туралы  нақты  ғылыми 
анықтама берді: тәрбиелеу дегеніміз - халықтардың бойына білімге негізделген 
этикалық  ізгіліктер  мен  өнерлерді  дарыту  деген  сөз;  тәрбиелеу  кезінде 
халықтар мен қала тұрғындарына білімге негізделген қасиеттерден тұратын 
іс-әрекеттер дағдысы сіңіріледі; этикалық ізгіліктерді – білім, тәрбие арқылы 
дарыту керек, сол арқылы адам игілікті істерге талпынады. Аталмыш еңбекте 
елдің  басшысы  өз  бойында  туа  біткен  12  қасиетті  ұштастырса  көптеген 

78 
 
жетістіктерді бағындыратындығы жайында баяндайды: 1) ... адамның мүшелері 
мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелерінің күші өздері атқаруға тиісті қызметті 
аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек, сонда егер адам 
әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай 
атқаратын  болады;  жаратылысынан  өзіне  айтылғанның  бәрін  жете  түсінетін, 
айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай-жағдайына сәйкес 
ұғып  алатын  болуы  керек;  2)  өзі  түсінген,  көрген,  естіген  және  аңғарған 
нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын 
болуы керек; 3) әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол 
белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; 
өткір  сөз  иесі  және  ойына  түйгеннің  бәрін  айдан-анық  айтып  бере  алатын 
тілмар  болу  шарт;  өнер-білімге  құштар  болу,  оқып-үйренуден  шаршап-
шалдықпай,  осыған  жұмсалатын  еңбектен  қиналып  азаптанбай,  бұған  оңай 
жететін  болу  керек;  4)  тағамға,  ішімдік  ішуге,  сыр-сұхбат  құруға  келгенде 
қанағатшыл  болу  керек,  жаратылысынан  сауыққұмарлықтан  аулақ  болып, 
бұдан  алатын  ләззатқа  жирене  қарауы  шарт;  5)шындық  пен  шыншыл 
адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен суайттарды жек көру керек; 6) жаны асқақ 
және  ар  намысын  ардақтайтын  болуы  шарт;  жаны  жаратылысынан  пасық 
істердің бәрінен жоғары болып жаратылысынан игі істерге ынтазар болуы тиіс; 
7)  жаман  атауға,  жалған  дүниенің  басқа  да  белгілеріне  жирене  қарау  керек; 
8)жаратылысынан  әділеттілік  пен  әділеттілерді  сүйіп  әділетсіздік  пен 
озбырлықты және осылардың иелерін жек көру керек; 9) жақындарына да, жат 
адамдарға  да  әділ  болып  жұртты  әділеттілікке  баулып,  әділетсіздіктен  зардап 
шеккендердің  залалын  өтеп,  жұрттың  бәріне  де  өз  білгенінше  жақсылық  пен 
ізгілік көрсетіп отыруы қажет; 10) әділ болу керек, бірақ қыңыр болмау керек; 
11)  әдептілік;  12)  өзі  қажет  деп  тапқан  істі  жүзеге  асырғанда  шешімпаздық 
көрсетіп,  бұл  ретте  қорқыныш  пен  жасқану  дегенді  білмейтін  батыл,  ержүрек 
болуы  керек…  [3].  Сонымен  бірге,  әлемнің  екінші  ұстазы  айтқан  «Адамға  ең 
бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың 
қас  жауы»  деген  тұжырымы  баршамыздың  жадымызда.  Сондықтан  ұрпақ 
тәрбиесіндегі 
ежелден 
қалыптасқан 
халқымыздың 
дәстүрлері 
мен 
тағылымдарын үйрету арқылы жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулимыз. 
Чех  елінің  белгілі  ойшылы,  педагог  Ян  Амос  Коменский  (Jan  Amos 
Komenský,  1592-1670)  ғылымға  «пампедия»  жаңа  терминін  енгізді.  Ұғым 
бойынша «пампедия – бүкіл адамзаттың әмбебап тәрбиесі... Басты мәселе бәрі, 
барлығына, жан-жақты үйренуі тиіс» [4]. 
Эмпиризим  мен  либерализмнің  өкілі  ретінде  саналатын  ағылшын 
философы  Джон  Локктың  (John  Locke,  1632-1704)  1693  жылы  жарық  көрген 
«Тәрбие  туралы  ойлар»  («Some  Thoughts  Concerning  Education»)  атты 
трактатында  тәлімгер  өмірлік  жағдайлар  мысалында  тәрбие  нәтижелерін 
айқындайтындығын дәлелдейді. Білім беру үрдісі төмендегідей үш әдіс арқылы 
жүретіндігі  туралы  айтады:  дені  сау  тәннің  дамуы,  қайырымдылық  қасиетін 
қалыптастыру және өзіне қажетті білім беру бағдарламасын таңдау [5]. 
Француз  ойшылы  Жан-Жак  Руссо  (Jean-Jacques  Rousseau,  1712-1778) 

79 
 
кейінірек  жаратылыс  тәрбиесі  технологиясы  түсінігін  енгізді.  Ол  бұл  ойын 
мынадай үш идеямен айшықтайды:  
1.  Нәресте  –  бұл  кішкентай  ересек  адам  емес.  Тәрбие  сәбидің  жаратылысы 
кезеңдерін  ескере  отырып,  әрбір  кезеңде  түрлі  міндеттерді  шешуі  қажет. 
Орындалуы  тиіс  міндеттер  мен  оны  шешу  тәсілдері  ересектермен  сәйкес 
келмейді.  Балалық  шақ  мәселесін  зерттеуші  көптеген  ғалымдар  Руссоның 
балалық шақтың көптеген құпияларын ашты деп көрсетеді. 
2.  Нәресте  тәрбиесіне  үш  фактор  ықпал  жасайды:  табиғат,  адамдар,  қоғам. 
Әрқайсысының  атқаратын  өз  міндеті  бар,  тәлімгер  оның  тек  үйлесімділігін 
айқындайды. 
3.Тәлімгер  табиғатқа  көмек  беруде  нәрестеге  қатысты  мәселелерде 
жасандылыққа  салынбағанын  қадағалағаны  абзал.  Санадағы  бүкіл  білім  мен 
адамгершілік нұсқауларын нәресте өзі қалыптастыру қажет [6]. 
Қарап отырсақ, тәрбие мәселесі қоғам мен адамзат үшін ерекше мәнге ие. 
Оның көмегі бойынша қалыптасады: 
-
 
біріншіден,  адамның  сөйлеу  мүмкіндігі;  екіншіден,  қоршаған  ортаның 
өзгерісіне  бағытталған  мінез-құлық  белсенділігі;  үшіншіден,  қоршаған  орта 
элементтерінің өзгерістеріне байланыс қызметі (өндіріс құралдары). 
Міне, 
осы 
ерекшеліктерге 
байланысты 
адамзат 
популяциясы 
бейгенетикалық  сипаттамалық  құрылымға  ие  мәдени  және  этникалық 
дәстүрлерді  қалыптастырды.  Бүгінгі  күндегі  адамзат  популяциясының 
феномені  қоғамда  өмір  сүретін  ақпараттарды  ұжымдық  қайта  өңдеу  және 
индивидтердің  жоғары  жылдамдықпен  қабылдауда  жатыр. Сондықтан  қажетті 
тәрбиенің  жоқтығы  ақыл-ой  дамуын  кідіртіп,  адамзат  қоғамы  өмірі  рөліндегі 
әлеуметтік қалыптасу жолдары бұрмаланады. 
Тәрбие  жеті  негізгі  факторлардан  тұратын  құралдар  арқылы  жүзеге 
асады:  тәрбиелеуші  тұлғасы;  білім  беру  процесінің  мазмұны;  оқу-тәрбие 
процесінің ұйымдастырылуы; білім беру орындарындағы тәрбие жұмысының 
арнайы  бағдарламасы;  сабақтан  тыс  қосымша  білім;  өзін-өзі  басқару  және 
тәжірибелік  (қоғамдық)  жұмыс.  Аталған  факторлардың  қатысу  деңгейі  және 
тәрбиелік ықпалы тәрбиенің жалпы стратегиясында қарастырылады [7]. 
Адам тәрбиесінің келесі түрлері ерекше бөлініп көрсетіледі: 
Тәрбие мазмұнына қарай: 1) ақыл-ой тәрбиесі; 2) еңбек тәрбиесі; 3) дене 
тәрбиесі;  4)  адамгершілік  тәрбиесі;  5)  эстетикалық  тәрбие;  6)  құқықтық 
тәрбие; 7) жыныстық және жынысаралық тәрбие; 8) экономикалық тәрбие; 
9)экологиялық тәрбие және т.б. 
Институтталған  сипат  бойынша:  1)  отбасылық  тәрбие;  2)  діни  тәрбие; 
3)әлеуметтік тәрбие; 4)бейәлеуметтік тәрбие; 5) түзетілген тәрбие. 
Үстемдік ету принциптері мен қатынас стильдері байланысты: 
1) авторитарлық тәрбие; 2) еркін тәрбие; 3) демократиялық тәрбие [8]. 
Ақыл-ой  тәрбиесі  тұлғаның  жан-жақты  дамуына  маңызды  шарттардың 
бірі.  Бұл  адамзаттың  интеллектуалды  дамуына  бағытталып,  өзі  және  дүниені 
тануға қызығушылық туындатады. Еңбек – қоғамның материалды және рухани 
байлықтарының негізгі қайнар көзі, адамның әлеуметтік мәртебесіндегі негізгі 

80 
 
өлшем ретінде бағаланады. Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс 
өнеді,  тек  еңбек  қана  бар  қиындықты  жеңеді.  Елбасы,  Ұлт  көшбасшысы 
Н.Ә. Назарбаев  баршамызды  ел  игілігі  жолындағы  еңбекке  шақырғаны  да 
баршамызға  мәлім  [9]  Дене  тәрбиесі  адам  ағзасын  жақсарту  жолында 
атқарылатын  қызмет  түрі  ретінде  санаймыз.  Оның  негізгі  сапалық  белгілері 
спорттық  ойындар  арқылы  қалыптасады.  Өз  кезегінде  спорт  маңызды 
әлеуметтік  феномен  ретінде  қоғамдық  өмірдің  барлық  саларында  жоғары 
бағаланған,  қоғамның  тіршілік  әрекеттеріне  зор  ықпал  жасайтын  физикалық 
және  интеллектуалды  мүмкіншіліктерді  үйлестіретін  дене  мәдениетінің 
құрамдас  бөлігі.  Бүгінгі  күнде  ол  ұлттық  қатынастар,  іскерлік  өмір,  қоғамдық 
тұрмыс, сән үлгілері, адамгершілік құндылықтары мен адамдардың өмір салтын 
қалыптастыруға  мол  әсер  ететіні  анық.  Намыс,  міндет,  сенім,  патриотизм 
секілді  адамгершілік  сезімдерін;  шыдамдылық,  мейірімділік,  жуастық  сынды 
адамгершілік  бейнесін;  Отан  алдындағы  борышын  орындау  және  халқына 
қызмет  ету  сынды  адамгершілік  мінез-құлқын  біріктіретін  адамгершілік 
тәрбиесінің де қоғам үшін маңызы зор. Тәрбиенің негізгі міндеттерін қабылдау 
және  жүзеге  асыру  төмендегі  құндылықтар  арқылы  жүзеге  асады  деген 
пікірдеміз:  тұрмыстық  (өмір,  отбасы,  салт-дәстүр,  қаржы  жағдайы,  болмыс, 
жасампаздық);  адамгершілік  (ар-ұят,  жақсылық,  еркіндік,  сенім,  сұлулық); 
рухани (абырой, міндет, жауапкершілік, төзімділік). Міне, адамды тәрбиелеудің 
негізгі  қағидаларын  қалыптастыру  осы  үш  құрамдас  бөліктің  жиынтығы 
арқылы  ғана  мүмкін  деген  шешім  қабылдаймыз.  Патриотизм  (гректің 
πατριώτης–отандас, жерлес,  πατρίς - отан) түсінігінің негізгі мәні әр азаматтың 
ұлтын,  Отанын  сүюден  туындайтын  саяси  принцип  және  әлеуметтік  сезім. 
Патриотизм  Отанының  жетістіктері  мен  мәдениетінің  ерекшеліктерін  мақтан 
тұтып, оның құндылықтарын сақтаумен сипатталады. Оның тарихи қайнар көзі 
тіл мен дәстүрде бекітілген құндылықтарда жатыр. Ұлт пен ұлттық мемлекетті 
құру  шарттарында  патриотизм  мемлекет  дамуының  жалпыұлттық  сәттерін 
танытатын қоғамдық сананың бір бөлігі болып табылмақ. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  2006  жылы 
Қазақстан  халықтары  Ассамблеясының  ХІІ  сессиясында  сөйлеген  сөзінде: 
«Ұлттың  бәсекеге  қабілеттілігінің  аса  маңызды  шарты  –  бұл  әлемдік 
бәсекелестік үдерісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім», 
- деп пайымдайды. Жалпыұлттық «Егемен Қазақстан» газетінің 2006 жылғы 25 
қазандағы  санында  Елбасымыз  қазақстандық  патриотизм  сияқты  ұлт 
табысының маңызды құрамдасына тоқталып кетеді. «Бұл өз Отаның мен жеріңе 
деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет, әркімнің 
өз  күш-жігеріне  деген  сенімі  мен  барша  қоғамның  топтасуы.  Бұл  бүгін 
тұрғызылып жатқан өз еліңнің тарихына қатыстылықтың және оның болашағы 
үшін  жауаптылықтың  жоғары  сезімі.  Бұл  әрбір  қазақстандықтың  табыстары 
үшін  мақтаныш  және  қандай  тұрғыда  болғанына  қарамастан  өз  салаңда 
табыстарға  қол  жеткізу  ниеті.  Және  бұл  табысты  әркім  Отанына  бағыштап, 
әлемде  оның  даңқын  асыруы,  беделін  көтеруі  тиіс.  Патриотизмді,  әсіресе 
жастардың арасында, біздің балалардың бойында барша қоғамның ортақ күш-

81 
 
қуатымен қалыптастыру керек. Біздің әр азаматтың табысы және халықаралық 
тұрғыда 
мойындалуы 
– 
бұл 
баға 
жеткізгісіз 
капитал, 
барша 
қазақстандықтардың  мақтанатын  нәрсесі  және  байлығы  екендігі  сөзсіз. 
Осындай  үлгілермен  ұлттың  рухын  көтеру  керек!  Өз  Отаныңның  патриоты 
болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату. Мен сіздерді осыған шақырамын». 
Патриотты  тәрбиелеу  –  бұл  әлеуметтік  ортаның  (отбасы,  ұжым,  мектеп, 
қоғамдық  ұйымдар)  объективті  факторларының  ықпалы  мен  индивидтің 
рухани-тәжірибелік  қызметінің  субъективті  шарттарында  орын  алатын 
әлеуметтік  процесс.  Студенттер  ақпаратпен  толық  қамтылған  ортаға 
бейімделген жастардың білімді бөлігі болып табылады. Бүгінгі жастар бұрынғы 
саяси  әлеуметтендірудің  стереотиптерін  қабылдамайды.  Олар  бірінші  болып 
тоталитарлық  қоғам  негіздеген  құндылықтарды  жоққа  шығарды.  Сондықтан 
бүгінгі  күнде  барлық  саяси  күштердің  өз  жақтастары  ретінде  студенттерді 
қосуы  кездейсоқ  құбылыс  емес.  Жастар  –  бұл  қазіргі  қоғамдағы  белсенділігі 
жоғары әлеуметтік база. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. [Электрондық ресурс] // Көру режимі: http://kk.wikipedia.org/wiki/Тәрбие 
2. Аристотель. Сочинения: В 4 т. Т. 4. - М.: Мысль, 1983. - С. 376-644. 
3.  Әл–Фараби.  Әлеуметтік–этикалық  трактаттар.  –  Алматы:  Ғылым,  1975.  – 
163 б. 
4.  Коменский  Я.А.,  Локк  Д.,  Руссо  Ж-Ж.,  Песталоцци  И.Г.  Педагогическое 
наследие. – М.: Педагогика, 1988. – С. 107. 
5. Локк Дж. Сочинения в трёх томах: Т. 3. – М.: Мысль, 1988. – 668 с. 
6.  Луков  Вал.А.  Парадигмы  воспитания  //  Гуманитарные  науки:  теория  и 
методология. – 2005. - №3. – С. 141. 
7.  Зимняя  И.А.  Стратегия  воспитания:  возможности  и  реальность 
//Интеграция науки и высшего образования. – 2006. - №1. – С. 72. 
8.  Мудрик  А.В.  Воспитание  /  гл.  ред.  Давыдов  В.В.  -  Российская 
педагогическая  энциклопедия.  -  М.:  Научн.  изд.  «Большая  Российская 
энциклопедия», 1993. - Т. 2. - С. 166-168. 
9.  Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ 
Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам // Егемен 
 
 
НОВЫЕ ПОДХОДЫ В ПРЕПОДАВАНИИ И ОБУЧЕНИИ НА УРОКАХ 
РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ.
 
 
Каусова Нурия Кубашовна,  
учитель русского языка и литературы, III уровень 
38 школа –лицей ,город Астана, Казахстан 
Kausova2012@mail.ru 
 
Современный  педагог  должен  обладать  способностью  учиться  всю 
жизнь,  владением  информационными  технологиями.  Семь  модулей 

82 
 
конструктивистского 
преподавания 
помогают 
учителям 
самосовершенствоваться,  профессионально  расти,  осмыслить  свою 
педагогическую  работу  и  не  бояться  по  -  новому  работать.  В  основу 
конструктивистского  преподавания  заложена  теория,  согласно  которой 
развитие  мышления  учащихся  происходит  в  условиях  взаимодействия 
имеющихся  знаний  с  новыми,  или  со  знаниями,  полученными  в  классе  из 
различных  источников:  от  учителя,  сверстников,  из  дополнительной 
литературы,  Интернета.  Полученная  таким  образом  информация  прочно 
будет  усвоена  учеником  и  успешно  будет  использована  уже  в  будущем  в 
различных  жизненных  ситуациях.  Для  того  чтобы  успешно  действовать  в 
этом  изменяющем  мире  ученики  должны  уметь  просеивать  информацию 
,подходить  к  ним  критически,  иметь  альтернативное  мнение  и  сами 
принимать правильные решения. 
 
В новых подходах в преподавании и обучении проходит белой нитью 
идея  о  том,  что  ученики  не  берут  готовые  знания,  а  сами  их  добывают 
взаимодействуя  со  сверстниками  в  процессе  обучения.  Каждый  учитель 
мечтает  о  том,  чтобы  провести  такой  урок,  на  котором  каждый  ученик 
чувствовал бы себя комфортно, имел бы возможность высказать своё мнение 
по  изучаемой  теме,  проявил  бы  собственные  возможности,  интересы, 
самостоятельность, 
ощутил 
бы 
доброжелательную 
атмосферу 
сотрудничества  и  пережил  бы  успех.  На  своих  уроках,  применяя  все  7 
модулей  Программы  я  заметила,  что  среди  других  модулей  доминирует 
модуль  «Новые  подходы  в  преподавании  и  обучении».  На  уроках  ученики 
овладевают знаниями через взаимодействие, через диалог. 
Результаты  научных  исследований  показывают,  что  диалог  занимает 
центральное место на уроке. Мерсер и Литлтон в своей работе показали, что 
диалог  в  классе  может  способствовать  интеллектуальному  развитию 
учеников и их результативности в обучении.[1] 
В  исследовании  подчёркивается,  что  интерактивное  общение  как  со 
взрослыми,  так  и  совместная  работа  со  сверстниками  способствует 
обучению  детей  и  их  когнитивному  развитию.  Лев  Выготский  утверждал, 
что  когнитивное  развитие  становится  более  эффективным  в  период, 
когдаученики  работают  в  своей  «Зоне  ближайшего  развития»(ЗБР).ЗБР 
определяет  навыки  и  способности,  которые  развивает  ученик;  диапазон 
заданий,  которые  он  пока  не  может  выполнить  самостоятельно.  Для 
выполнения  таких  заданий  ученикам  нужна  помощь  взрослых  или  более 
компетентных  лиц,  которые  могли  бы  поддержать  их  в  обучении  новому. 
Данная поддержка включает общение, и Л.Выготский считает в этом случае 
речь главным инструментом обучения.[2] 
Модель 
обучения 
Л. Выготского 
предполагает, 
что 
знания 
приобретаются  в  результате  вовлечения  ученика  в  диалог.  Таким  образом, 
роль  учителя  в  поддержке  социальной  вовлечённости  в  процессе  обучения 
является  решающей  для  развития  обучения  ученика.  Ученики  легче 

83 
 
обучаются  в  случае,  когда  имеется  возможность  диалога  с  другими,  более 
знающими,  в  роли  которых  могут  выступать  одноклассники  или  учителя. 
Обучение  будет  успешным  в  случае,  если  обсуждаемые  идеи  ещё  не 
являются частью настоящего понимания ученика, но входят в его ЗБР [3].  
Совместное  обучение  учеников  в  классе  помогает  им  выражать  свое 
понимание  темы,  учит  взаимоуважению,  сотрудничеству.  Те  ученики, 
которые  изредка  отвечали  на  вопросы,  благодаря  совместному  обучению, 
стали  увереннее,  активнее.  Для  себя  сделала  такой  вывод  ,что  нужно 
предоставлять  ученикам  возможность  взаимообучать  друг  друга  .  Как 
говорил  древний  философ  Сенека:  «Уча  других  ,мы  учимся  сами»  . 
Жизненный  опыт  самих  учащихся  считается  основным  образовательным 
источником  знаний.  В  процессе  взаимообучения  знания  приобретаются 
быстрее и качественнее, так как каждый учит тому, что знает сам. Недаром в 
народе  говорят:  «Лучшее  учение-это  обучение  других».  Работа  в  паре  и  в 
группе интересна детям, так как они учатся общаться и сотрудничать друг с 
другом.  
Новые подходы в преподавании и обучении развивают такие важные и 
необходимые качества личности, как коммуникабельность, уверенность, 
самостоятельность, целеустремлённость, ответственность. Эти качества 
нужны нашим детям, чтобы они могли комфортно себя чувствовать везде и 
всегда ,представлять из себя целеустремленную ЛИЧНОСТЬ с твёрдыми 
знаниями, с крепкими жизненными позициями. Я согласна с мнением 
М.М. Жанпеисовой, что «общение является важным фактором развития 
личности человека, поэтому организация учебной деятельности посредством 
общения позволяет не только активизировать ее, но и оказывать большое 
влияние на развитие личности ученика»[4] 
В результате совместного обучения дети становятся «независимыми, 
самомотивированными, увлеченными, уверенными, ответственными 
учениками с развитым критическим мышлением , умеющими свободно 
общаться на трех языках , проявляющихся компетентность в цифровых 
технологиях» .[5]  
Список использованной литературы: 
1. Мерсер и Литлтон «Социально-культурное общение: анализ обсуждения 
в классе, как социальный тип мышления. Санкт-Петербург,2007 стр. 88.  
2. Выготский Л. С. Психология развития человека (лекции по психологии) 
– М.: Изд-во Смысл; Эксмо, 2005. – 136 с.  
3.«Руководство для учителя» АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 
2012 ,стр.144 
4.  Е.С.Полат  «Новые  педагогические  и  информационные  технологии  в 
системе образования: Учебное пособие. – М. Академия, 2003. ,стр. 135 
5.  «Руководство  для  учителя»  АОО  «Назарбаев  Интеллектуальные 
школы». 
 

84 
 
МӘҢГІЛІК ЕЛ –
 
ЕЛ МҰРАТЫ
 
 
Какенова Айгерим Тарбакбаевна, 
Тарих пәнінің мұғалімі М. Әуезов атындағы  
№5 жалпы орта білім беретін 
мектепАрқалық қаласы, elmir_29@mail.ru 
 
Елдің  ел  болуы  ең  алдымен  оның  бірлігіне,  ынтымағына  байланысты 
екені  тарихта  да,  біздің  заманымыз  үшін  де  жаңалық  емес.  Ұлттық  бірлік  - 
мемлекеттіліктің  басты  кепілі,  айрықша  құндылығы  екендігін  түсініп  қана 
коймай соны қалыптастырып, сақтай білген мемлекеттің іргесі де берік. 
Бұрынғы  саяси  жүйе  құлап,  қоғамның  дағдарысқа  ұшырауының  толып 
жатқан себептерінің ішіндегі ең сезімталы да, ең күрделісі де ұлтаралық қарым-
қатынас. 
Ұлттың бірлігі, ұлтаралық ынтымақтастықтың сақталуы, нығаюы, дамуы 
елбасы  қызметінің негізгі бөлігін  құрайды.  Елбасының  көп  салалы  қызметінің 
қайнар бұлағы, көзінің қарашығы, арқауы – ұлттық бірлік, ұлтаралық түсіністік, 
татулық,  бүкіл  елдің  ынтымақтастықпен  қол  ұстасқан  жасампаздығы  десек 
қателесе  қоймаспыз.  Әсіресе,  Президенттің  жыл  сайынғы  Парламенттің 
бірлескен  мәжілісінде  жасайтын  Қазақстан  халқына  Жолдауы,  Халықтар 
Ассамблеясының  сессияларында  жариялаған  баяндамаларында  ұлт,  ұлтаралық 
бірлік,  ынтымақтастық  тақырыбы  мейлінше  тереңнен  қозғалып,  жан-жақты 
міндеттермен,  болашаққа  жасалып  отырған  жаңа  әрекет,  қадамдармен  тығыз 
ұштастырылады. «Ең асылы – біз көп ұлтты бола отырып, халықтар достығын, 
ел байлығын сақтай білдік» - дейді, Президент дүниежүзі қазақтарының екінші 
құрылтайында.  «Біз  ынтымақ  арқылы  өсіп,  есейіп,  жаңа  жетістіктерге  жетіп 
келеміз» - деген Елбасы сөзі тәуелсіз Қазақстандағы ұлтаралық тұрақтылық пен 
татулықты  сақтау  арқылы  алар  асуымыз,  шығар  шыңымыз  биік  боларының 
кепілі іспеттес [1].  
Тәуелсіздік  ұлттың  санасын  оятты,  баршаны  ата-баба  жолына  үңілдірді. 
Ол  Отан,  бостандық,  тәуелсіздік,  егемендік,  ұлтжанды»  деген  сияқты 
ұғымдарды  тәуелсіздік  биігінен  қарауды  түсіндірді.  Тәуелсіздік  жолы  –  ар-
намыс жолы. Ғасырлар бойы ата-баба аңсаған тәуелсіздік.  
Біз-тәуелсіздіктен  ұлтаралық  үйлесімді,  татулықты,  халықаралық 
бейбітшілікті  күтеміз.Бүгін  XXI  ғасырдың  есігін  айқара  ашып  төріне  ендік, 
жаңа  ғасырдың  Қазақстан  үшін  жасампаз  ғасыр,  жаңару  ғасыры,  дәуірлеу 
ғасыры болатынына сенеміз. 
«Қазақстан-2050»  -  Мәңгілік  елге  бастайтын  ең  абыройлы,  ең  мәртебелі 
жол.Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев 
«Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан 
халқына  Жолдауын  жария  етті.  Президент  Жолдауы  Қазақстан  халқы  үшін 
үлкен  мағызға  ие  болды.  Қазақ  халқының  мыңдаған  жылғы  тарихи 
тәжірбиесінен,  Тәуелсіздік  жылдары  жүріп  өткен  Қазақстандық  жолдан 
туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді. 

85 
 
Бұл  мақсат  –  бұл  «Мәңгілік  Елді»  нығайту,  біздің  Отанымыз  – 
Қазақстанның  Тәуелсіздігін  нығайту!  Бір  мүдде  –  бұл  біздің  ортақ 
құндылықтарымыз,  еркін  және  өркендеген  елде  өмір  сүруге  деген 
талпынысымыз!Бір  болашақ  –  Бұл  Мәңгілік  елдің,  біздің  ортақ  үйіміз  – 
Қазақстан Республикасының өркендеуі. 
Қазақстан халқы Ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «Мәңгілік 
ел»  патриоттық  актісін  әзірлеу  туралы  тапсырманы  ерекше  шабытпен 
қабылдады.«Мәңгілік  Елдің»  жеті  қағидасы  біздің  дауымыздың  арқаулық 
құндылықтарын,  Қазақстан  халқының  ортақ  мүддесі  мен  тарихи  тағдырын 
айшықтайды.Біз  бұның  Елбасы  анықтаған  міндеттерді  орындаудағы  күшті 
жұмылдырушы бастауға айналатынына сенімдіміз. 
«Мәңгілік ел» Ұлттық идеясының 7 қағидасы: 
1. Қазақстан мен Астананның тәуелсіздігі 
2. Ұлттық бірлік, біздің қоғамымыздағы бітім мен келісім 
3. Зайырлы қоғам және жоғары руханилық 
4. Индустрияландыру мен инновациялар негізіндегі экономикалықөсім 
5. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы 
6. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы 
7.  Ұлттық  қауіпсіздік  және  біздің  еліміздің  жалпы  әлемдік  және  өңірлік 
проблемаларды шешуге жаһандақ ат салысуы. 
Осы  құндылықтар  арқасында  біз  әрдайым  жеңіске  жеттік,  елімізді 
нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің 
идеялық  негізі  осы  мемлекет  құраушы,  жалпыұлттық  құндылықтарда  жатыр 
[2]. 
Мәңгілік  ел  болу  бабаларымыз  армандаған,  аңсаған  асыл  мұратты 
балаларының  балалары  ардақ  тұтатындай  мемлекет  орнату  дегенді,  енді 
ешқашан  бөгденің  бодандығына  түспейтін,  халықтығын,  ұлттығын,  елдігін, 
мемлекеттілігін әрқашан әспеттейтін, үлгілі үрдістерін мақтан етіп, бар заманда 
да ұлы мен қызының бағы басында тұратын, барша халқының бақыты баянды 
болатын ел құру болды. 
Мәңгілік  ел  -  ата-бабаларымыздың  сан  мың  жылдан  бергі  асыл  арманы. 
Ол  арман  –  тұрмысы  бақуатты,  түтіні  түзу  ұшқан,  ұрпағы  ертеңіне  сеніммен 
қарайтын бақытты Ел болу еді. 
Қазіргі  таңда  біздер  қоғамда  «Қазақ  елінің  ұлттық  идеясы  қандай  болу 
керек?»  деген  сауал  жиі  талқыға  түсетінін  көріп  жүрміз.  Оның  жауабын 
Мәңгілік Ел идеясы берері сөзсіз. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты 
ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея Мәңгілік Ел идеясы болмақ. 
Тәуелсіздікпен  бірге  халқымыз  Мәңгілік  Мұраттарына  қол  жеткізді.Біз 
еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі  – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. 
Қазақстан  Мәңгілік  Ғұмыры  ұрпақтың  Мәңгілік  Болашағын  баянды  етуге 
арналады.Ендігі  ұрпақ  –  Мәңгілік  қазақтың  Перзенті.  Ендеше,  Қазақ  елінің 
Ұлттық Идеясы – Мәңгілік ел! 
Мен  Мәңгілік  ел  ұғымын  ұлтымыздың  ұлы  бағдары  –«Қазақстан  2050» 
Стратегиясының  түп  қазығы  етіп  алдым.Тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен  гөрі 

86 
 
оны  ұстап  тұру  әлдеқайда  қиын.Байлығымыз  да,  бақытымыз  да  болған 
Тәуелсіздігімізді мәңгілік көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. 
Осыдан  үш  ғасыр  бұрын  Аңырақайда  болған  ұлы  шайқаста  ата-
бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дәлелдеген. 
Сын сағатта туған елге деген перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген. Сол 
шайқаста  төгілген  қан  барша  қазақтың  тамырында  бар.  Бізді  бір-бірімізбен 
біріктіретін  де,  бауыр  ететін  де  бабалардың  бостандық  жолында  төгілген  осы 
қаны деп білемін [3]. 
Елдік  мұрат  жолындағы  ұлы  ерлік  әрқашан  аталарымыздың  бойынан 
табылған. Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір 
болуымыз  керек.  Бейбіт  күндегі  белестерді  бағындырып,  алдағы  сындардан 
сүрінбей өтерміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. 
Біз  бәріміз  бір  атаның  –  қазақ  халқының  ұлымыз.  Бәріміздің  де  туған 
жеріміз  де  біреу  –  ол  қасиетті  қазақ  даласы.  Бұл  дүниеде  біздің  бір  ғана 
Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.  
Тәуелсіз  Қазақстан  бейбітшілік  пен  келісім  бесігі  болып  мәңгі  жасап, 
егемен  елімізді,  қазақ  деген  халықты  әлемге  таныта  берсін.  Демек,  ардайым 
еліміздің  тәуелсіздігі  тұғырлы,  мемлекетіміз  еңселі,  мақсат  мұратымыз  айқын 
болғай.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет