Мазмұнын жаңарту мәселелері Республикалық on-line конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет18/23
Дата18.01.2017
өлшемі2,23 Mb.
#2143
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

 
 
Нурмагамбетова Ж. С., 
ФАО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по г. Астана» 
Е-mail: n.zhansulu@mail.ru 
  
В  Государственной  программе  развития  образования  Республики 
Казахстан на 2011–2020 годы определены ориентиры развития функциональной 

157 
 
грамотности, одна из задач – повысить качество педагогических кадров, так как 
от  личности  и  профессионализма  учителя  зависит  успешная  адаптация 
школьников и их полноценное функционирование в обществе[1]. 
В 
этом 
направлении 
ведется 
целенаправленная 
работа 
по 
профессиональной 
поддержке, 
совершенствованию 
педагогической 
компетенции учителя, ответственного за решение данных задач. 
На  современном  этапе  особое  значение  приобретает  формирование 
функциональной  грамотности  учащихся  в  школе.  Под  функциональной 
грамотностью  понимается  уровень  образованности,  дающий  возможность  на 
основе  практико-ориентированных  знаний  решать  стандартные  жизненные 
задачи  в  различных  сферах  деятельности.  Функциональная  грамотность  – 
способность  вступать  в  отношения  с  внешней  средой  и  максимально  быстро 
адаптироваться и функционировать в ней.[Словарь Ожегова]. 
Основными признаками функциональной грамотности являются

 
готовность  к  адаптации  в  современном  обществе,  ориентация  в 
возможностях  развития  качеств  личности  и  обеспечения  собственной 
безопасности, 

 
способность к коммуникативной деятельности, 

 
готовность 
к 
повышению 
уровня 
образованности 
на 
основе 
самостоятельного выбора программ общего и профессионального образования, 

 
способность  к  осознанному  выбору  профессии,  форм  досуговой  и 
трудовой деятельности, защите своих прав и осознанию своих обязанностей. 
В  таком  контексте  функциональная  грамотность  выступает  как  способ 
социальной  ориентации  личности,  интегрирующий  связь  образования  с 
многоплановой 
человеческой 
деятельностью. 
Достижение 
уровней 
информированности и функциональной грамотности является общей задачей и 
итоговым результатом деятельности школ. 
Способом 
решения 
указанных 
проблем 
является 
организация 
методической  работы  и  создание  организационно-педагогических  условий  в 
школе. 
Важно  понимать,  что  преподавание  и  учение  –  не  два  отдельных  вида 
деятельности,  а  связанные  элементы  одного  процесса.  Чем  больше  учителя 
понимают,  как  происходит  учение  и  каким  образом  можно  улучшить  свою 
практику преподавания, тем больше он способствует эффективности обучения.  
Наиболее  эффективными  в  повышении  успешности  учеников  являются 
следующие стратегии: 

 
активное обучение (например, когда учащиеся действительно выполняют 
задания и реализуют практические навыки); 

 
обратная  связь  (например,  дискуссия  об  обучении,  включающая  в  себя 
предоставление  личного  мнения,  которая  может  происходить  либо  между 
сверстниками, либо между учителем и учащимся); 

 
укрепление уверенности (например, использование похвалы для мотивации 
и придания уверенности учащемуся); 

 
качество  обучения  (например,  планирование  для  широкого  круга 

158 
 
дифференцированных заданий). 
Учителю необходимо: 

 
создавать позитивную атмосферу обучения, вовлекать всех учащихся; 

 
воспитывать  у  учащихся  уверенность,  ответственность,  активность  и 
направлять на самоанализ, рефлексию и инновационную деятельность; 

 
использовать  эффективные  методы  преподавания,  направленные  на 
развитие навыков учащихся; 

 
организовывать,  управлять  и  планировать  групповую  (фронтальную  или 
работу  в  малых  группах),  индивидуальную,  парную  или  коллективную  формы 
работы,  эффективно  использовать  материалы,  ресурсы  и  дополнительные 
материалы для  проведения  запланированных  уроков,  согласно  установленным 
целям; 

 
использовать простой, понятный язык для объяснения ученикам идей, для 
инструктирования,  в  использовании  подсказок,  в  разъяснении  значений  слов  и 
похвале учеников; 
Задачи формирования широкого универсального, а также гуманитарного 
потенциала,  навыков  и  умений  интеллектуального  труда,  функциональной 
грамотности,  высокого  уровня  общей  культуры  личности,  высокой  степени 
социализации решаются на основе:  

 
организации научно-методической работы

 
самообразования учителей;  

 
использования учителями современных методик;  

 
инновационных технологий обучения;  

 
введения в УВП мониторинга качества обучения и уровня воспитанности 
детей; 

 
привлечения  интеллектуального  потенциала  вузов  и  других  научных 
организаций. 
Методическое  обеспечение  данной  работы  требует  соответствующего 
уровня  педагогической  квалификации,  который  выражается  в  компетенциях 
самих учителей и развитии у них следующих умений: 

 
прогностические умения (формулировка ближних и дальних целей; умение 
проектировать  личность  учащегося  и  осуществлять  его  индивидуальную 
программу; прогнозировать возможные трудности и ошибки); 

 
организаторские  умения  (организовывать  деятельность  учащихся, 
направленную  на  учебную  и  внеклассную  деятельность;  владеть  новыми 
технологиями;  уметь  рационально  и  творчески  распределять  время  своей 
педагогической деятельности и т.д.); 

 
умение общения (устанавливать педагогически целесообразные отношения 
с  учащимися,  их  родителями,  со  всеми,  кто  причастен  к  воспитанию; 
реализовывать демократический стиль общения и т.д.); 

 
умение  осуществлять  творческую  деятельность  (владеть  методикой 
организации  педагогической,  творческой  работы;  эффективно  применять 
передовой педагогический опыт и т.д.); 

 
умение  осуществлять  индивидуальный  подход  (изучать  индивидуальные 

159 
 
особенности  учащихся;  осуществлять  помощь  учащимся  в  коррекции  их 
поведения;  обосновывать  приемы  и  методы  дифференцированного  подхода  в 
обучении и воспитании); 

 
умение  осуществлять  исследовательскую  деятельность  (обосновывать 
проблему  исследования;  находить  теоретическое  и  научно-обоснованное 
решение; анализировать социальные явления).  
Она включает такие формы работы, как работу над педагогической темой 
самообразования,  создание  творческих  групп  по  изучению  проблемы 
функциональной  грамотности  учащихся,  ознакомление  с  опытом  педагогов-
новаторов,  участие  в  научно-практических  конференциях  и  методических 
неделях,  в  конкурсах  педагогического  мастерства,  публикации  статей  в 
педагогических изданиях.  
Для  обеспечения  осмысленного  подхода  к  изучению  предметов  и 
развития  функциональной  грамотности  учащихся  учителями  используются  в 
процессе обучения применяются следующие педагогические технологии: 

 
Информационно-коммуникационные технологии(ИКТ);  

 
Технология критического мышления; 

 
Технологии проектной деятельности; 

 
Игровые технологии; 

 
Технологии проблемного обучения

 
Интерактивные технологии (дебаты, дискуссии, ролевые игры); 

 
Технологии саморазвивающего обучения;  

 
Модульная технология;  

 
Технологии коммуникативного обучения. 
Учителя  осваивают  приёмы  технологии  критического  мышления  через 
групповые формы работы, методики, направленные на приобретение и развитие 
социальных, интеллектуальных и жизненных навыков и компетентностей. Для 
овладения  теорией  и  методикой  критического  мышления  учащихся  они 
использовали  такие  формы  работы,  как  семинары,  педсоветы,  конференции, 
педагогические консилиумы, консультации.  
Современная  школа  должна  обеспечивать  условия  для  успешного 
профессионального  роста  педагогов,  его  педагогического  мастерства,  так  как 
именно  учитель  является  ключевой  фигурой  в  модернизации  системы 
образования.  
Литература: 
1.
 
Государственная программа развития образования в Республике Казахстан 
на 2011 –2020 годы «Казахстанская правда» - от 14.12.2010г. №388  
2.  Государственная  программа  развития  образования  РК  2005-2010г.  от 
11.10.2004. 
3. Шамова Т.И.,  Третьяков П.И.,  Капустин Н.П.  Управление  образователь-
ными системами / Под ред. Т.И. Шамовой. - М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 
2002,- 320 с.  
 
 

160 
 
«БІЛІМ АЛ, КӨҢІЛІНЕ ТҮЙІП АЛ»
 
 
Нағыметова Г. Ә., 
№16 «Аққайың»мектепке дейінгі 
ұйымының тәрбиешісі,Ақтөбе қаласы 
 
Білім 
салалары 
бойынша 
байланыс: 
«Қатынас», 
«Таным», 
«Денсаулық»,  «Әлеуметтік  орта»,  «Шығармашылық».  Мақсаты:
 
Білімдерін 
тиянақтау. 
Білімділік:  Баланың  қарапайым  математикалық  түсініктерден  алған 
білімін  тиянақтау,  апта  күндерін  ажырата  білуге  үйрету.Жыл  мезгілдері  ,үй 
құстары туралы білімін тиянақтау.Жыл бойы алған білімдерін пысықтау. 
Дамытушылық:  Ойлау  қабілеттерін,қиялын  есте  сақтап  түсіну, 
сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалытастыру, дамыту. 
Тәрбиелілік: 
Балалардың 
білімге 
деген 
қызығушылығын 
арттыру,бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. 
Көрнекіліктері:Сайқымазақ, жыл мезгілдерінің суреті,Табиғат бейнесі,су 
құм т.б 
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,әңгімелесу,түсіндіру, көрсету. 
Іс-әрекет барысы: Шаттық шеңбер  
Тәрбиеші: Балалар – гүлім менің, 
Балалар – күнімменің.
 
Балалар нұр сыйлайтын,
 
Бүгінгі  күнім  менің,  –  дей  отырып  балалар,  сендерді  өзіме  қуат  алар 
шуақты күнге теңеймін.
 
Балалар: Кеудемізде күн күлсін,
 
Бізге шуақ нұр құйсын.
 
Мейірімді жан өзіңмен,
 
Көңілім жайнап құлпырсын!
 
-
 
Балалар ,қазір жылдың қай мезгілі? 
-
 
Көктем мезгілінде неше ай бар? 
-
 
 Атап беріндерші? 
Тәрбиеші:  Жақсы  балалар,бүгінгі  күнімізді  мейірммен,қуанышпен 
бастайық. 
Балалар ендеше ойын ойнап жіберейік.  
Ойын: «Балалар сендердің көңіл- күйлерін қандай?» 
Осы кезде есік қағылады. Балалар есік қағылған сияқты , кім екен бұл? 
Сайқымазақ: Саламатсыздар ма балалар? 
Балалар: Саламатсыз ба Сайқымазақ 
Сайқымазақ: Балалар бұл «Ғажайып білім әлемі ме?» 
Тәрбиеші:Жоқ Сайқымазақ ,бұл жер балабақша 
Сайқымазақ:  Балалар  мен  алтын  кілтімді  жоғалтып  алдым,  кім  алып 
кеткенін білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Кілтімді іздеп келе жатып, жолда 
ақтиінді көріп едім, кілтіңді «Ғажайып білім әлеміне» барсаң табасың деді. Мен 

161 
 
«Ғажайып білім әлеміне» қалай барсам екен баратын жолды таба алмай адасып, 
осы топқа кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетесіңдер ме? 
Тәрбиеші:Еш уайымдама, Сайқымазақ 
- Қане балалар Сайқымазаққа көмектесеміз бе 
Балалар: Әрине ,көмектесеміз 
Тәрбиеші:  Олай  болса  балалар  Сайқымазақты  ертіп,  жол  көрсетіп, 
«Ғажайып білім әлеміне» бізде саяхатқа шығайық. Саяхатқа шығамыз ба? 
Балалар  саяхат  кезінде  бізге  әр  түрлі  қиындықтар  кездеседі,сол 
қиындықтарды жеңе білейік.Ол үшін бір бірімізді сыйлап, тыңдауымыз  
керек. Балалар қане енді паровозға мініп, жолға шығайық.  
(Сайқымазақпен балалар ғажайып білім әлеміне жетіп кілтті іздейді) 
Тәрбиеші:  Ой  Сайқымазақ  сіз  асықпаңыз,  ғажайып  білім  әлемінде 
бірнеше аялдамалар мен тапсырмалар бар. 
Бұл бірінші аялдама « Таным» аялдамасы екен. 
Бірінші  аялдамадан  өту  үшін  бізге  мынадай  тапсырмаларды  орындау 
керек : 
1)
 
Бағдаршамда неше көз бар? (3) 
2)
 
Қолғапта неше саусақ бар?(5) 
3)
 
Адамда қанша көз бар?(2) 
4)
 
Жұлдыздың неше бұрышы бар?(5) 
5)
 
Аспанда неше күн бар?(1) 
6)
 
Бір жылда неше ай бар?(12) 
7)
 
Бір аптада неше күн бар?(7) 
8)
 
Адамда қанша саусақ бар?(10) 
Балалар жауабы: 
Тәрбиеші:  Балалар  біз  әрі  қарай  саяхатымызды  жалғастырайық,  ой 
балалар мінекей екінші аялдамаға да келіп қалыппыз. 
Бұл екінші аялдама «Қатынас» аялдамасы екен. 
Берілген тапсырма жыл мезгілдерін ажыратып, ерекшеліктерін атау, табу.  
Ойын : «Бұл қай кезде болды ?» 
Әр мезгілге байланысты суреттерді орналастыру керек. 
Балалар  біз  тапсырмаларды  орындап  ,кедергілерден  өттік.  Жолдан 
шаршадық бойымызды бір сергітіп алайық 
Сергіту сәті. Балалар әр жерде отырады 
Балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер 
жайлап  ашылып  өсіп  келеді  (қолдарын  созады).  Кенеттен  баяу  жел  соға 
бастады,  гүлдер  желмен  жан-жаққа  шайқалады  (қолдарын  жан-жаққа 
шайқайды).  Бір  мезгілде  аспанға  бұлт  төніп,  жаңбыр  жауа  бастайды,  гүлдер 
тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). 
Бір  уақытта қайтадан  күннің көзі  күлімдеп  шыға бастады,  сол  уақытта  гүлдер 
де құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен 
гүл шоғына жиналады). 
Саяхатымызды одан әрі жалғастырамыз. 
Бұл үшінші аялдама «Әлеуметтік орта» аялдамасы екен. Тапсырма « 

162 
 
Үй құстарының атын ата». Ой балалар мында құстар ауласы бар екен, олармен 
танысайық.  
- Қандай құстарды көрип тұрсындар? 
- Тауық, үйрек, қаз,балапандар 
- Өте жақсы, олар немен тамақтанады ? 
- Жем, шөп,су, жәндіктер т.б. 
- Олардың адамға пайдасы қандай? 
- Етін , жұмырткасын береді. 
Бұл төртінші аялдама «Шығармашылық» аялдамасы екен.  
Бізге  берілген  тапсырма  «Табиғатты  жандандыру».Дайын  қиылған 
суреттерді орналастырып,жабыстырып табиғатты әсемдеу, әңгімелеп беру. 
-  Балалар  карандаршы  біздің  жаңбыр  аққан  су  керемет  көлге  айналған. 
Қасында ылғалды құмдар бар екен. 
Сайқымазақ: Ой балалар ылғал құмға сурет салайық. 
Тәрбиеші: Балалар ненін суретін салдындар? 
Балалар жауабы: 
Саяхатымызды одан әрі жалғастырамыз. 
Бұл бесінші аялдама «Денсаулық» аялдамасы екен. 
Балалар деніміз сау болу үшін неістеуіміз керек.  
Жаттығу жасап шынығуымыз керек,спортпен айналысуымыз керек.Олай 
болса шеңберге тұрып жаттығу жасайық.  
Әуен ырғағымен жаттығу жасайды. 
Сайқымазақ: Ой балалар мына жерде алтын сандық бар екен 
(Ішін ашып қарайды кілтін табады). 
Балалар балабақшамызға қайтайық. 
Қорытынды 
-
 
Балалар сендерге қай аялдаманың тапсырмасы ұнады? 
-
 
Сендер  бүгін  барлықтарын  өте  жақсы  қатысып,сұрақтарға  толық  жауап 
бердіңдер. 
Мадақтау:  
 
 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ –
 
ЖАСАМПАЗ
 
ЕЛІМІЗДІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ
 
 
Өтен Гүлзағира Жақсылыққызы, 
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»  
АҚФ ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің  
біліктілігін арттыру институты, т.ғ.к. 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақстан-
2050»  -  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты  Стратегиясындағы» 
рухани  бірлік  пен  ұрпақтар  сабақтастығы,  ұлттық  сана-сезім  мен  жаңа 
қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыру  мәселелерінің,  қуатты  Қазақстан 

163 
 
мемлекетін  өркениетті  жолмен  құрудың  негізгі  шарты  екеніне  үлкен  мән 
бергені белгілі.  
Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси басым бағыттарын және өркениетті 
Қазақстан  мемлекетін құрудағы  жастардың рөлі  мен жауапкершілігін анықтай 
отырып, болашақ жастарға ұлттық тәрбие беру мәселелері бойынша: тұлғаның 
ұлттық сана-сезім туралы түсініктерін, ұлттың өткен тарихына, оның бүгінгісі 
мен  болашағына  деген  қатынасын,  ана  тілін  меңгерудегі,  төл  мәдениетін 
игерудегі,  ұлт  мүддесі  мен  ұлттық  құндылықтарын  жете  ұғынудағы  және 
қабылдаудағы белсенділігін арттыру көзделеді. 
Тарихи  тәжірибе  көрсеткендей,  өз  ұлттық  мәдениетін,  оның  өткені  мен 
бүгінгі  тарихын  білмеу  жалпы  адамның  және  халықтың  дамуына,  ұрпақтар 
арасындағы  сабақтастық  пен  уақыт  байланысының  бұзылуына,  жастар 
арасында  сан  алуан  діни  көзқарастардың  белең  алуына,  жалпы  адамның  және 
халықтың дамуына орны толмас шығын әкелетін құбылыс екендігі белгілі. 
«Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясының  негізгі  стратегиялық  бағыттарына 
сәйкес қоғам сұранысына сай ұлттық сана-сезімі жоғары деңгейде қалыптасқан 
кадрларды  дайындау  саласында  біртұтас  саясатпен  қамсыздандырудың 
өзектілігі артып келеді.  
«Мәңгілік  Ел»  идеясы  халық  дәстүрі  мен  отандық  мүдде  туралы  толық 
түсінікті  қалыптастыратын,  әлеуметтік-мәдени  кеңістіктегі  қазақ  болмысының 
мән-мағынасын  ашып  беретін,  атамекенде  еркін  де  бірдей  өмір  сүретін 
адамдардың  ішкі  рухани  және  қоғамдық  өмірін  айқындайтын  ұстанымдар 
құрайды.  Бұл  нысан  қазақ  елін  тұлғалық,  ұлттық,  мeмлeкeттік,  қоғамдық 
құндылықтармен толықтыруды міндет тұтады. 
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 2004 жылы 13 қазанда білім және ғылым 
қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Осы күнге дейін Қазақстанның 
ең  жаңа  тарихының  бірде-бір  қалыпты  оқулығы  жоқ.  Біздің  тәуелсіздігіміздің 
қасіретті  оқиғалары  және  оны  нығайту  жолындағы  біздің  күресіміз  зерттеу 
тақырыбына айналмаған» - деді. [1,4б.] 
Осыған  орай,  қазақстандықтардың  алдында  тұрған  міндеттердің  бірі  -
«Mәңгілік  Ел»  идеясын  жүзеге  асыру.  Бұл  идеяны  жүзеге  асыру  үшін 
мектептерде  мақсатты  түрде  тәрбие  жұмыстарын  жүргізу,  сонымен  қатар 
барлық  оқу  пәндерінің  тәрбиелік  мәнін  күшейту  қажет.  Оқытылатын  пәндер 
рухани-адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін 
қалыптастыруға,  қазақстандық  отаншылдық  пен  азаматтық  жауапкершілік, 
ұлттық  сана-сезім  мен  толеранттылық,  Қазақстанның  этникааралық  жағдайда 
қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс. 
Білім  берудің  басым  бағыттарының  бірі  тәрбие  жұмыстарының  әлеуетін 
күшейту  болып  табылады.  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан 
мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  ұлт 
Көшбасшысы:  «Бала  тәрбиелеу  –  болашаққа  ең  үлкен  инвестиция.  Біз  бұл 
мәселеге  осылай  қарап,  балаларымызға  жақсы  білім  беруге  ұмтылуымыз 
керек», - деп көрсеткен болатын. 
Ел болу мәселесі, ұлтты сақтау, жерді, туған атамекенді қорғау мәселесі  

164 
 
қазақ  халқы  үшін  қашанда  тарихи  даму  тұрғысынан  маңызды  болып  келе 
жатқаны  белгілі.  Осы  аталған  мәселелер  ешқашан  да  күн  тәртібінен  түскен 
емес. Олар әр түрлі тарихи кезеңдерге байланысты  көкейкестіленіп, қоғамдық 
ой-сананың өзегіне айналып отырған. Бүгінде осы мәселелер тәуелсіз Қазақстан 
мемлекетінің алдында тұр. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұрлы жол 
–  болашаққа  бастар  жол»  атты  2015  жылға  арналған  Қазақстан  халқына 
Жолдауында:  «Мәңгілік  ел»  идеясының  бастауы  тым  тереңде  жатыр.  Осыдан 
13  ғасыр  бұрын  Тоныкөк  абыз  «Tүркі  жұртының  мұраты  –  Мәңгілік  ел»  деп 
өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры 
сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді» деп қадап айтты. 
Тәуелсіз  ел  атанып,  шекарамызды  белгілеп  алған  сәттен  бастап  ұлттық 
идея  мәселесі  белсенді  қолға  алынды.  Бұл  тұрғыда  көптеген  ұсыныстар 
айтылып, ортаға салынды, қоғамда қызу пікірталастар болғаны да белгілі. Бұл 
туралы  Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақстан  жолы-2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 
болашақ»  атты  Жолдауында:  «Мен  қоғамда  «Қазақ  елінің  ұлттық  идеясы 
қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін 
болашағымызға  бағдар  ететін,  ұлтты  ұйыстырып,  ұлы  мақсаттарға  жетелейтін 
идея  бар.  Ол  –  «Мәңгілік  ел»  идеясы»  деген  едi.  Тәуелсіздігімізбен  бірге 
халқымыз  мәңгілік  мұраттарына  қол  жеткізді.  Біз  еліміздің  жүрегі, 
тәуелсіздігіміздің  тірегі  мәңгілік  елордамызды  тұрғыздық.  Қазақтың  мәңгілік 
ғұмыры  ұрпақтың мәңгілік болашағын  баянды  етуге  арналады.  Ендігі  ұрпақ  – 
мәңгілік  қазақтың  перзенті.  Ендеше,  қазақ  елінің  ұлттық  идеясы  –  «Мәңгілік 
ел» деді. Н. Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы 
Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өтті. 
«Мәңгілік  Ел»  идеясы  мәңгілік  халық,  мәңгілік  мемлекет  ретінде 
халқымыздың  көп  ғасырлық  арман-мұратына,  ел  дамуының  нақты 
нәтижелеріне  негізделген.  «Мәңгілік  Елдің»  жұмылдырушы  күші:  ата-тегін, 
ұлттық  рухын,  ұлттық  бет-бейнесін,  өзіндік  даму  жолын  сақтауға,  ұлттық 
құндылықтарымызды  келешек  ұрпаққа  жеткізуге,  сақтауға  мүдделі  болу, 
әлемдік  қауымдастықтағы  өз  орнын  айқындау,  маңызды  міндеттерді  ауқымды 
шешуге  ұмтылу  болып  табылады.  Ал,  тарих  ғылымдарының  докторы, 
профессор Х. Әбжанов «Ұлттық идея барша халықтың күш–жігерін, іс–әрекетін 
уақыт  алға  қойып  отырған  аса  жауапты  тарихи  міндетті  шешуге 
жұмылдыратын,  баурап  әкететін  күш  болуын  қалаймыз.  ...Қазақ–Қазақстан 
Республикасына атауын берген этнос, осы мемлекеттің, жердің иесі де, киесі де 
қазақтар. Ұлттық идеяның «Қазақ елі» ұғымымен басталуы өзекті екі міндетті 
шешуге  мүмкіндік  береді.  Бірі–барша  қазақстандықтардың  отансүйгіштік 
сезімін 
тарихи–этникалық 
тамырмен 
байланыста 
қалыптастырып, 
тұрақтандыруға,  екіншісі–алыс  шетелдіктерге  Қазақстан  Республикасы 
мемлекетінің  мәні  қазақ  еліне  саясатын  ұғындыруға  шылбыр  ұстатады»,-деп 
жазды[2, 41б.].  
Ұлттық  идея  –  туған  жерің,  ана  тілің,  өскен  ортаң,  ауыз  әдебиеті,  салт-
санасы,  әдет-ғұрпы,  ырымдары  мен  тыйымдары  арқылы  жүйеленген  этностық 
сезім. Сондықтан, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мақсаты  – ұлттың ұлттық 

165 
 
болмысын  сақтап  қалу  болып  табылады.  Бүгінгі  жаһандану  дәуірінде  ұлттық 
идеяның өзекті болуы да осыдан. Ал, идеология болса, ол – рухани дүниенің ең 
жоғары  сатыға  көтерілген  түрі.  Бұл  –  қоғамның  саяси-экономикалық, 
әлеуметтік-мәдени  сұраныстарынан  туындап,  оның  заңдылықтарын  қоғамдық 
пәндерде  ескере  отырып  жүргізілетін  ғылыми  теориялық  ауқымды  тұжырым, 
даму  жолын  белгілейтін  ұғым.  Сол  себепті,  «Мәңгілік  ел»  идеясын,  ел 
тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті деп тануымыз керек. 
Ол бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің ықпалымен мәдени 
деградация  мен  трансформацияға  ұшыраған  ұлттық  мәдениетті  қайта 
өркендету,  мемлекеттік  деңгейде  ұлттық  идеяның  негізін  құрайтын  түбегейлі 
құндылықтарды қайтару, осы уақытқа дейін тыйым салынып келген халықтың 
тарихи  өткенін  толығымен,  жан-жақты  зерттеулер  арқылы  қалпына  келтіру 
және  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  қазақ  халқының  асыл  қазынасы  –  мәдени-
рухани мол мұраны игеру сияқты міндеттерді шешуді жүктейді.  
Ел  мен  тіл  егіз  ұғым  екендігі  белгілі.  «Мәңгілік»  сөзі  бабалардан  мирас 
болып келе жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі – ана тілімен тығыз 
байланысты.  Олай  болса,  мәңгілік  елдің  онымен  қатар  жасап,  бірге  дамитын 
мәңгілік тілі болуы шарт. Ол – мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді 
дамыту  жөніндегі  кешенді  шараларды  жүзеге  асыру  елімізде  табандылықпен 
жалғасын  тауып  келеді.  Елбасы  өз  Жолдауында  мемлекеттік  тіл  саласында 
жеткен  жетістіктерімізге  тоқтала  келіп,  «...бабалардың  ерлігі,  буындар  бірлігі 
және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана мәңгілік ел 
боламыз. ...енді, ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік 
Елімізбен  бірге  Мәңгілік  тіл  болды.  Оны  даудың  тақырыбы  емес,  ұлттың 
ұйытқысы ете білгеніміз жөн»– деп атап көрсетті. 
Ұлы  мұрат  пен  елдік  мүддені  көздеген  Елбасының  жыл  сайынғы 
Жолдауы  қазақстандықтарды  алыс  болашаққа  бастайтыны  ақиқат.  Бұл  үшін 
бізде  ең  бастысы  бейбітшілік  пен  тұрақтылық  бар,  сондай  ақ,  Қазақстанның 
жарқын  болашағына  қызмет  ететін  жастарымыз  бар.  «Мен  ХХІ  ғасыр 
Қазақстанның  «алтын  ғасыры»  боларына  сенемін.  Бұл  бейбітшіліктің, 
тұрақтылық  пен  гүлденудің  ғасыры  болады.  Қазақстан  халқы  ұлы  тарихтың 
иесі  атануға  лайық…  Мәңгілік  Ел  болу  жолындағы  ұлы  істеріміз  жаңа 
дәуірлерге  жол  ашсын!»  деген  Президенттің  сөздері  бәрімізге  үлкен  серпін 
берді. Мәңгілік Ел болудың жаңа межесін белгілеген бұл құжат келешегіміздің 
кемелдігіне көз жеткізгендей. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет