Мазмұнын жаңарту мәселелері Республикалық on-line конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата18.01.2017
өлшемі2,23 Mb.
#2143
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

ЛЕПЕШКИ "ДАМДЫ-НАН" 2 пиалы муки, 1 столовая ложка дрожжей, 
1 чайная ложка соли, 0,7 пиалы теплой воды или молока. Тесто готовится, как 
для  таба-нан.  Готовое  тесто  разделывают  на  куски,  дают  расстояться  10-15 
минут. Затем придают ему форму лепешки и дают окончательно расстояться 10 
минут.  Перед  посадкой  в  духовку  в  середине  лепешки  делают  на  колы. 
Выпекают при 200-220С в течение 20 минут. 
ТАНДЫР-НАН 6 пиал муки, 50-60 г. сухих дрожжей, 2 столовые ложки 
соли,  1,5  пиалы  воды.  Тесто  готовят,  как  для  таба-нан,  несколько  раз 
вымешивают.  Из  готового  теста  делают  лепешки  и  дают  ему  окончательно 
расстояться 30-40 минут. После этого наносят на середину лепешки рисунок и 
выпекают  в  духовке  при  200-220С.  Раньше  эти  лепешки  выпекали  в 
специальных печах-тандырах. 
Список литературы: 
1.  Анфимова  Н.А.,  Татарская  Л.Л.  Кулинария.  –  М.:  Просвещение,  2002.2. 
Бордунов  В.В.  Товароведение,1987  г.3.  Ермакова  В.И.  Кулинария.  –  М.: 
Просвещение, 1993.4. Матюхин З.П. Основы питания, гигиены и физиологии. – 
М.: Просвещение, 1999. 
 
 
МЕКТЕПТЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
 
АРҚЫЛЫ 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПАТРИОТЫН ТӘРБИЕЛЕУ
 
 
Кемелбаев Нұрбай Ырыскелдіұлы, 
№52 м/л мұғалімі Астана қ. 
  
Ұлттық  мәдениетке,  ана  тілге  еркіндік  беру,  оны  тәлім  –тәрбие 
құралына  айналдыру,  тәрбие  мәселесінде  ұлттық  ізгілік  пен  өркениетті 
әлемдік  имандылық  үрдісінің  ортақ  мүддесін  жаппай  сезіну  және  оны 
кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек. 
Н. Назарбаев. 

103 
 
Адамзат  қоғамының  қай  кезде  де  болмасын,  оның  алдында  тұрған  ұлы 
міндеттерінің  ең  бастысы  -  өзінің  өмірін  жалғастыратын  саналы  да,  сапалы 
ұрпақ  тәрбиелеу.  Егемен  ел  келешегінің  кемел  болуы  дүниетанымы  дұрыс 
қалыптасқан  ұрпаққа  тікелей  байланысты.  Дүниетанымның  іргетасы  төл 
мәдениетті  терең  білуден  бастау  алады.  Ұлттық  мәдениет  болмаса,  ұлттық 
мектеп, ұлттық сана, ұлттық ойлау, ұлттық ғылым – білім де болмайды.  
Әр  адам  өзінің  ұлттық  тамырын,  әдет  ғұрпын,  мәдениетін  білсе  ғана, 
басқа  халықтың  мәдениетін  түсіне  алады.  Өз  халқына  деген  сүйіспеншілігі, 
өзінің  туған  жеріне  өз  халқы өмір  сүретін ортаға  деген  сезіммен  ұласып  жату 
керек.  Халықтық  әдет  –  ғұрып,  салт  –  санасының  байлығы,  патриоттық  сезім 
Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.  
Ал, баланың ұлттық дүниетанымының қалыптасуына тікелей әсер ететін, 
қазақ этнопедагогикасының сұрақтарын оның жас ерекшеліктеріне сай іріктеп 
алып, әр сабақта қолданудың маңызы зор. Халқымыздың шешендік сөз өнерін 
педагогика  саласына  енгізу  –  шәкірт  бойындағы  ұшқыр  ойды  ояту.  Ауыз 
әдебиетіндегі теңеу сөздер бейнелік ойлауымызға тікелей әсер етеді. Батырды – 
арыстанға,  молшылықты  –  дарияға  теңесе,  ал  сұлуды  ай  мен  күнге,  аққудың 
көркіне, ботаның көзіне теңеген. Тіпті жұмбақтардағы аспан әлемін, жер – көкті 
жұмбақтап  айту  кездейсоқ  нәрсе  емес,  ол  –  көктегі  дүниенің  құпия  сырларын 
білуге  құштарлықтан  туса  керек.  Сондықтан  жұмбақтың  өзі  сөз  өнерінің  кілті 
болып  табылады.  Бейнелік  маржан  сөздер  арқылы  жұмбақталған  заттардың, 
сөздердің  сыртқы  пішінін  және  ішкі  мазмұнын,  сырын  ашуда  әдемі  суреттер 
салуға болады.  
Халқымыздың  мақал  –  мәтелдері,  аңыз,  ертегілері,  шешендік  сөздері 
тікелей  тәрбиемен  байланысты.  Қазіргі  кезде  халықтық  педагогика 
элементтерін бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану, 
бейнелеуөнері,  дене  шынықтыру  сабақтарында  кеңінен  қолданудың  маңызы 
артып  келеді.  Мысалы:  математика  сабағында  ақыл  –  ой  қабілетін  дамытатын 
ойындармен,  ән  –  күй  сабақтарында  түрлі  әуендермен,  дүниетану  сабағында 
табиғи денелерді қолдануды және хайуанаттар дүниесін елестетін ойындармен 
танысады.  Оқушыларды  жоғарғы  мәдениетті  адам  етіп  тәрбиелеу  –  басты 
міндетіміз. Оқу мен тәрбиені бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Тәрбиенің 
өзі күнделікті сабақтың әрбір кезінде оқушы бойына сіңе бастайды. Сондықтан 
да оқушыларымыздың бойына халықтық педагогика тағлымдарын дарыту үшін 
әр  сабақты,  сабақтан  тыс  жұмыстарды  түрлендіріп  өткізу  керек.  Бұл  бір 
жағынан  ұлттық  дәстүрді,  мәдениетті  үйренуге  бағытталса,  екіншіден 
оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Мектепте «Мәдени мұра» 
бағдарламасы  бойынша  Елбасының:  «...Бірнеше  ғасырлар  бойы  жасалып 
келген,  мәдени  мұраға  сүйене  отырып,  бүгінгі  және  ертеңгі  күндердің 
мәдениетін  дамыту  керек»  деген  нұсқауын  басшылыққа  алып,  өзекті 
мәселелерді шешуге болады: 

 
Өз  елінің  білімді  және  білікті,  патриоттық  сезімге  толы  азаматын 
тәрбиелеу;  

 
Қоғамға қызмет етуге дайын, жан-жақты дамыған,мәдениетті,ұлттық сезімі 

104 
 
жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру. 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  балалардың  жас  ерекшеліктерін  ескере 
отырып,  келешек  ұрпаққа  мәдени  мұрамызды  жинау,  сақтау,  жеткізуде 
жоспарлы  және  мақсатты  басымды  бағыттарға  бөлінген.  Оқушылар  өз 
бағыттары бойынша іздестіру-зерттеу жұмыстарын жүргізеді,ақпарат - әдебиет 
материалдарын  жинастырады,  атаулы  кештер,  кездесулер,  мерекелік  іс-
шаралар,  саяхат  ойындарын  өткізеді.  Сөйтіп,  тек  қазақ  халқының  ғана  емес, 
Қазақстанда  тұратын  көптеген  ұлттардың  тарихын,  фольклорын,  ұлттық  салт-
дәстүрін,  жол-жора  рәсімдерін,  әдебін  оқып  –  үйренеді,  қоғамдық  және 
философиялық ойларын дамытады. 
Төл  мәдениет  пен  ұлттық  салт-дәстүр,  әдет  ғұрып,  шынайы  өмір  сүру 
салтын  қазақ  халқының  тарихи  –  мәдени  ерекшеліктеріне  сай  өркениеттілік 
кеңістіктегі  заңдылықтар  негізінде  насихаттауды  қолға  алу,  асыл  қазыналық 
рухани  мұраларды  ақпараттық  арналар  арқылы  жарыққа  шығарудың  тиімді 
жолдарының  қарастыру.  Бұрынғы  өткен  бабалардың  мәдени  –  рухани 
мұрасындағы олардың өсиеті мен өнегесін дұрыс пайдаланып, ұлттық мәдениет 
пен рухани мұраны жастарымыздың қажетіне жаратқанда ғана жиырма бірінші 
ғасырда  салтанатты,  салауатты  өмір  сүріп,  жалпы  адамзаттық  өркениет 
дәрежесіне көтерілуге мүмкіншілік пайда болды.  Н. Назарбаевтың «Ғасырлар 
тоғысында»  атты  еңбегінде:  «Тәрбиенің  түпкі  мақсаты  –  қоғамның 
нарықтық  қарым  –қатынасқа  көшу  кезінде  саси  –  экономикалық  және 
рухани  дағдарыстарда  жеңіп  шыға  алатын,  ізгіленген  ХХІ  ғасырды 
құрушы,  іскер  өмірге  икемделген,  жан  –жақты  мәдениетті  жеке  тұлғаны 
тәрбиелеп  қалыптастыру»  деген  сөзі  халықтың  мәдениетін,  әдебиетін,  тілін, 
салт-дәстүрін,  тарихын,  өнерін  сүю  арқылы  нағыз  мәдениетті  адамды 
қалыптастыру  бүгінгі  жаңа  қоғам,  тәуелсіз  мемлекеттің  алдында  тұрған  аса 
жауапты мәселеге айналып отырғанының көрінісі. Бұл заңды құбылыс .  
 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ 
 
САБАҒЫН ӨТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
 
Кенжебекова Жанерке Абылайқызы, 
Утеназарав Асылбек,  
Новый орта мектебінің дене  
шынықтыру пәнінің мұғалімдері 
 
Бастауыш  сыныптарда  дене  шынықтыру  сабағын  өткізу  ерекшеліктері 
туралы айта кететін болсам. Жалпы сабақтың әр бөлімін ойын түрінде қызықты 
етіп өткізу. Сабақ үстінде көбіне оқушыларға сұрақ қойып, сөйлете білу қажет. 
Оқушыларға  кез-келген  тапсырманы  көбіне  өз  бетінше  орындауға  үйрету. 
Мысалы: әр түрлі-түсті шарларды алаң ортасына шашып, бірінші топқа ұзынша 
қызыл  түсті  шар  жинау  болса,  екінші  топқа  дөңгелек  көк  түсті  шар  жинау 
тапсырмасы  беріледі.Оқушылар  өз  бетінше  шардың  түр-түсін,  көлемін 

105 
 
ажыратып  жинау  тиіс.  Осы  кезде  оқушыларға  "Балалар  шар  жинау 
тапсырмасында  сіздердің  денелеріңіздің  қандай  мүшелері  қозғалды?"  -  деген 
сұрақ  қойылып,  ары  қарай  оқушылардың  жауаптарын  тыңдап  сабақты 
жалғастырамыз. 
Қазіргі  таңда  мен  жас  маман  ретінде  «Дене  шынықтыру  пәнінде 
қозғалмалы  ойындарды  пайдалана  отырып,  білім  сапасын  арттыру» 
проблемасымен  жұмыс  жасап  келемін.  Осы  мәселені  шешу  мақсатында  дене 
шынықтыру 
сабағында 
қозғалмалы 
ойындарды 
пайдалана 
отырып, 
оқушылардың дене дамуына, тірек-қозғалыс дағдыларын қалыптастырып білім 
сапасын арттыруға әртүрлі қозғалмалы ойындарды пайдаланамын. Әр сабақтың 
тақырыбына  сәйкес  қозғалмалы  ойындар  қолданамын..  Мысалы:  Топтық 
жануарлар  бейнесіне  еліктіруге  арналған  ойындар  (қызықты  қиял  ойындары) 
осы  тақырыпқа  сәйкес  қозғалмалы  «Эстафеталық  жарыс,  Қоңыраулы 
соқыртеке,  Араның  балы,  Айдаһар,  Жануарлардың  қимылдары  т.б.  » 
ойындарын пайдалануға болады.  
Бастауыш  сыныптарда  дене  шынықтыру  сабағын өткізу  ерекшеліктеріне 
сәйкес үлгі ретінде өзімнің қысқа мерзімді сабақ жоспарымды ұсынамын. 
Мектеп: Новый орта мектебі 
Күні: 2.12.2015 
САБАҚ:  Топтық  жануарлар  бейнесіне  еліктіруге  арналған  ойындар 
(қызықты қиял ойындары) 
Мұғалімнің аты-жөні: Кенжебекова Жанерке Абылайқызы  
Сынып: 1 
3
 
Қатысушы саны: Қатыспағандар: 
Бұл сабаққа керек оқыту мақсаттары  
Таңдалған  физикалық  жаттығуларда  қарапайым  ережелер  мен 
композициялық құралдарды тізу және қолдану  
Ойын барысында жануарлар бейнесіне еліктіру және ережелерді сақтауды 
үйрету 
Сабақ мақсаттары  
Барлық оқушылар келесіге қабілетті:  

 
Тізені жоғары көтеріп жүгіре алады.  

 
Жұптасып тұра алады. 

 
Бір орында айналып секіруді орындай алады. 
Оқушылар көпшілігі келесіге қабілетті: 

 
Ойында тізбекте жүре алады, сапта өз орнын жылдам таба алады. 

 
Допты жоғары-төмен лақтырып, екі қолмен ұстап алады.  

 
Секірген кезде қол-аяқтарының қозғалысын үйлестіре алады 

 
Спорт залда қауіпсіздік ережесін тақтай алады. 
Кейбір оқушылар келесіге қабілетті: 

 
Жұптық жұмысты (іс-әрекетті) сенімді түрде орындай алады. 

 
Биіктеу тіреуде статикалықь тепе-теңдікті сақтай алады 
Тілдік мақсаттар: 
Оқушылар  жануарлар  бейнесіне  еліктеу  арқылы  тірек-қозғалыс 

106 
 
дағдыларын не екенін сипаттай және түсіндіре алады. 
Кілт сөздер мен тіркестер:  
Қауіпсіздік  техникасы,  арқасын  алға  беріп  жүру,  тізені  көтеріп  жүгіру, 
секіру, "ара тәрізді" жүру, мұхият тыңдау. 
Диолог/жазылымға арналған сынып тілі: 
Қандай жануарлардың бейнесін орындадыңдар? 
Қандай жануар ең ұнамдысы? 
"Соқыртеке" ойынында дыбыс не арқылы жасалынды? 
"Араның 
балы" 
ойынында 
қандай 
тірек-қимыл 
дағдыларын 
пайдаландыңдар? 
Неге ... екенін айталасың ба? 
Не себепті дене шынықтыруымен айналысқан пайдалы? 
Не себепті жүгіру ойындарында абай болу керек? 
Алдыңғы оқыту: 
Орында тұрып ЖДЖ орындау 
"Жыланша" жүгіру 
"Айлакер түлкі" ойыны 
Жоспар 
Уақыт шеңбері : 0-3 мин 4-6мин; Ортасы 7-17мин, 18-25мин, 26-32мин; 
Соңы 33-35мин. 
Ресурстар: Кең, ашық кеңістік; Жануарлар суреттері, Кеглилер.  
Жоспарланған әрекет: 
(Б) Сәлемдесу. Сабақ тақырыбын түсіндіру. 
Спорт алаңының бір жағына оқушыларды жинап алып, оларды бір-бірден 
колоннаға тұрғызу . Бір-бірлеп колонадағы әдеттегі жүріс. Қол жоғары, аяқтың 
ұшымен  жүру.  Қол  желкеде,  өкшемен  жүру.  Толық  отырып,  қол  басы  тізеде 
отырып жүру. Жаймен жай жүріске көшу. Спорт алаңында "жыланша" жүгіру. 
Жаймен жай жүріске көшу. Алаңды айналып, алаң ортасындағы сызыққа келіп 
тұру 
(Б,  К)  Тізені  көтеріп  жүгіру  кезек-кезекпен  орындау.  Өкшені  алақанға 
тигізіп  жүгіру.  Алма-кезек  аяқты  көтеріп  жоғары  секіру.  Қолды  белге  ұстап, 
аяқты алға сермеу. Қол желкеде аяқты артқа сермеу. Оң және сол аяқпен секіру. 
Дыбыс  бойынша  "өрмекші"  тәрізді  жүру.  Жаймендеп  жай  жүріспен  жүріп, 
ортаға шеңбер құру. Шеңбер бойында ЖДЖ жаттығуларын орындау.  
(Б)  Спорт  зал  шетіне  оқушыларды  әкеліп  сапқа  тұрғызамыз.  Бірінші, 
екіншіге санал бұйрығы арқылы екіге бөлеміз.  
Эстафеталық  жарыс  түрінде  ойын  ойнату.  Екі  топ  белгіленген  жерге 
дейін  жүгіріп  тапсырманы  орындайды.  Тапсырма:  Мұғалім  белгілі  бір 
жануарларлың  суреттерін  көрсетіп,  олардың  қалай  секіретінін  немесе 
жүгіретінін  көрсетеді.  Оқушылар  сол  жануарлар  бейнесін  салып,  тапсырманы 
белгіленген жерге дейін орындайды. 
Осылайша ойын жалғасады. 
"Араның балы" ойыны 
Оқушылар  үлкен  шеңберге  тұрып,  ортасынан  бір  оқушыны  таңдап  оны 

107 
 
"Ара" етіп тағайындайды. Ол оқушының олына бал құйылған ыдыс береді де , 
ортаға  қойылады.  Қалған  оқушы  сол  ыдысты  алып  қашуы  тиіс.  Ал,  ара 
рөліндегі  оқушы  өзінің  бал  құйылған  ыдысын  қорғауы  тиіс.  Егер  кез-келген 
оқушыға  қолын  тигізсе  сол  оқушы  сол  жерде  қатып  қалуы  керек.  Осылайша 
ойын жалғасады. 
"Қоңыраулы соқыртеке" ойыны 
Барлық  оқушылар  бір-біріне  қол  созым  жерде  тұрады.  Шеңбер  ортасын 
"соқыртеке"  таңдалып,  көзі  орамалмен  таңылады.  Қоңырау  ұстаған  оқушы 
жүгіріп келіп, қоңырауды тырсылдадады. "Соқыртеке" дыбыс арқылы қоңырау 
ұстаған  оқушыны  ұстап  алу  керек.  "соқыртекенің"  тек  қана  дыбыс  бойынша 
бағдарлайтынын, сондықтан барынша тыныштық сақтауына назар аударту.  
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
"Тыңда және орында" ойын жаттығулары 
Мұғалім  оқушыларды  бір  қатар  сапқа  тұрғызып,  ортаға  5-6  оқушыны 
шығарып кез-келген қимылдың атауын, 1-2 рет қайталайды, бірақ көрсетпейді. 
Оқушылар оларды мұғалім атаған кезектілікте қайталауы тиіс.  
Қосымша ақпарат: 
Дифференциация - Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті 
жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? 
Қабілеті  жоғарырақ  оқушылар  түзету  жаттығулар  арқылы  жануарларды 
бейнелейді. 
Бағалау - Оқушыларға берілген материалды меңгеру деңгейін қалай 
тексересіз? 
Тапсырмаларды 
орындауына 
сәйкесінше 
бағалайды.Оқушылар 
жануарларды бейнелеу бойынша әртүрлі жаттығулады орындайды. 
Пәнаралық  байланыс.  Денсаулық  және  қауіпсіздікті  тексеру  АКТ 
сілтемелері 
"Дүниетану" пәнімен байланыс. "Матеметика" пәнімен байланыс. 
Рефлексия 
Сабақ мақсаттары/танымдық мақсаттар жүзеге асатындай болды ма?  

108 
 
Оқушылар бүгін не үйренді?  
Оқу ортасы қандай болды?  
Жоспарланған түрленім пайдалы болды ма?    
Уақыт  жоспарын  орындадым  ба?  Жоспарға  қандай  өзгерістер  және  неге 
енгіздім? 
Қортынды бағалау 
Сабақтың  қандай  екі  аспектісі  жақсы  өтті(сабақ  беру  туралы,  сонай-ақ 
үйрету туралы да ойланыңыз)? 
1.  
2. 
Қандай  екі  нәрсе  сабақты  жақсартатын  еді(сабақ  беру  туралы,  сонай-ақ 
үйрету туралы да ойланыңыз)? 
1.  
2. 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.Дене  шынықтыру.  Әдістемелік  құрал  "Алматыкітап"  2015  жыл 
Е.А. Юркова 
2.  Құрманбаева  С.К.  "Ұлттық  ойындардың  бүгіні  мен  келешегі", 
"Алматы" 2004 жыл 
3. Наурызбаев Ж. "Ұлттық мектептің ұлы мұрасы" "Алматы" 1995 жыл 
  
 
АСТАНА ТАРИХЫН ОҚЫТЫП
-
ҮЙРЕНУ АРҚЫЛЫ
 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 
 
 
Карина Назгүл Аманжоловна, 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  
Астана қаласы 
 
 
Келешегін ойлаған ел тарихтан тағылым алады.  
Н. Назарбаев 
 
«Бүгінгі ұрпақтың заңғар мұраты – тарих төрінен тиесілі орын алған, 
өзгелермен терезесі тең, өркениетті, өміршең ел – Қазақстанның мызғымас 
тұғырын  қалыптастыру.  Біз  қазір  сол  игілікті  қоғамның  лайықты 
іргетасын қалау үшін еңбек етіп жатырмыз. Соны сендерге аманаттайтын 
боламыз» деген сөзді Н. Назарбаев 1997 жылы айтқан еді.  
Содан бергі 20 жылға жуық уақытта тәуелсіздіктің тұғыры бекіп, егемен 
елдің  еңсесі  биіктеді,  әлемнің  барлығына  дерлік  атын  танитын  елге  айналды. 
Мұның  бәрі  қазақ  халқының  және  қазақстандықтардың  басын  бірлік  пен 
ынтымақта  жарастыра  білген  Елбасының  көреген  саясаты  арқасында  мүмкін 
болды.  
«Мен  қоғамда  «Қазақ  елінің  ұлттық  идеясы  қандай  болуы  керек?» 

109 
 
деген  сауал  жиі  талқыға  түсетінін  көріп  жүрмін.  Біз  үшін  болашағымызға 
бағдар  ететін,  ұлтты  ұйыстырып,  ұлы  мақсаттарға  жетелейтін  идея  бар. 
Ол  -  Мәңгілік  Ел  идеясы»  деген  сөз  бүгін  басты  қағидаға  айналды.  Осы  бір 
ұлы  мақсатты  іске  асыратын,  ең  алдымен  қазақ  азаматы  болуы  тиіс.  Ал  идея 
отбасында,  білім  мекемелерінде  жан-жақты  және  тоқтаусыз  жүйелі  түрде 
жүргізілуі 
керек» 
деген 
тұжырымдамасы 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің  жыл  сайынғы  Жолдаулары  мен  халықпен  болған  кездесулердің 
барлығында көрініс табатын. 
2012  жылы  5  маусымда  Л.Н. Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 
университетінде  ҚР  Мемлекеттік  хатшысы  Марат  Тәжиннің  төрағалығымен 
қазақтың  ұлттық  тарихын  зерделеу  жөніндегі  ведомствоаралық  кеңейтілген 
отырыста  Елбасының  ұсынысымен  «Тарих  толқынындағы  халық»  атты 
арнаулы  бағдарламаның  мақсаты  -  қазақтың  ұлттық  тарихының  көкжиегін 
кеңейту,  ұлттың  жаңа  тарихи  дүниетанымын  қалыптастыру  екенін  айтты.  Ол 
төл тарихымызды зерделеуде басты көңіл бөлетін жайттарға тоқталды. 
Бұл  үшін  ең  алдымен  орта  мектептер  мен  жоғары  оқу  орындарында 
тарихты оқытудың заманауи зерттеу тәсілдері мен оқыту әдістеріне негізделген 
қазіргі  заманғы  және  ғылыми  біртұтас  мемлекеттік  стандарты  жасалуы  керек. 
Жұмыс 5 бөлікте қарастырылуы керек:  
1).  Ұлттық  тарих  қоғамдық  ғылымдардың  арасында  негізгі  салаға  айналуы 
тиіс;  
2). Қазақстан тарихының ортақ тұжырымдамасы жасалуы тиіс;  
3).  Қазақстан  туралы  еліміздегі  және  шет  елдердегі  тарихи  материалдар 
жинақталып, жүйеленуі тиіс;  
4). Ортаазиялық номадтық өркениетті зерттеуге айрықша мән берілуі тиіс;  
5). Тарихи сапалы оқулықтарды даярлау мәселесі.  
«Бұл - тарихи жады мен тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жолындағы 
ауқымды  жұмыстардың  басы.  Қазіргі  мемлекетіміздің  қалыптасқан  белесінде 
біз  өз  тарихымызды  бүгінгі  заман  биігінен  көрсетуге  тиістіміз»  деді 
Мемлекеттік  хатшы.  Әрбір  адамды  өз  тарихын  жете  білуге,  құрметтеуге 
үндеген осы  құжат,  әсіресе  білім  саласындағы  мамандарға  мол жауапкершілік 
жүктеді.  Осы  ретте  ,  сабақта  және  сабақтан  тыс  іс-шараларда  тәуелсіз  елдің 
тарихын  Елбасы  шығармаларын  оқыту  арқылы  оқушыларға  танытуға  әбден 
болады.  Және  бұл  жұмыспен  тек  тарихшылар  ғана  емес,  барлық  пән  мұғалімі 
айналысуы керек.  
Тағы  бір  айта  кететін  жайт  –  балабақшадан  бастап,  ЖОО  студенттеріне 
дейін  Елбасының  адами-азаматтық  тұлғасын  үлгі  етіп,  оның  адамгершілік 
қасиеттерін  білім  саласындағы  жеке  тұлға  тәрбиесінде  өнеге  етуді  жолға  қою 
керек.  Мәселен,  балабақша  бүлдіршіндеріне  Астана  қаласының  көше, 
ғимараттарының  тарихынан  ,  атақты  адамдардың  өмірінен  қысқа  әңгімелер 
құрастырып таныстыру керек. Өздері тәрбиеленіп жатқан балабақшаның қашан 
салынғаны,  «Алтын  сандық»,  «Алпамыс»,  «Алтын  дән»,  «Әлем»,  «Тайбурыл» 
деп аталуының сыры неде, сол балабқша орналасқан Республика, Абылай хан, 
Бөгенбай  батыр,  Тәуелсіздік  т.б.  даңғылдары  мен  Бейбітшілік,  Достық,  Ш. 

110 
 
Уәлиханов,  С. Сейфуллин  т.б.  көшелерінің  аталу  себептерін  қызықты 
мәліметтермен таныстыру нәтижелі болмақ. Сондай-ақ, мектеп оқушыларының 
әрбір сабақта барлық пән бойынша, Қазақстан мемлекетінің тарихы мен бүгінгі 
тыныс-тіршілігінен мағлұмат беретін ақпараттар кеңінен пайдаланылуы керек. 
Мысалы,  Қазақстан  тарихы,  әдебиет  сабақтарында  «Ұйғыр  халқында  «жігіт 
басын» сайлау дәстүрі бар. Оның тарихы тереңге тартады. Бас болып сайланған 
жігіт сол бірге тұрып жатқан адамдардың барлық ісі: шаруасы, салт-дәстүрінің 
сақтауы,  той-томалақ  өткізіп,  өлім-жітімді  жөнелтуі  –  бәрі-бәрі  үшін  жауап 
береді,  ұйымдастырады,  ал  жұрты  оған  сөзсіз  бағынады,  айтқанын  мүлтіксіз 
орындайды. Егер жігіт басы жүктелген міндетті орындамаса, халық оны дереу 
алып  тастайды».  Бұл  ежелгі  дәстүрдің  қазіргі  өзін-өзі  басқару  мүддесімен 
ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыр. Қазақ халқында бұл қалай аталады? 
Деген тапсырмалар оқушыны ізденуге, өзінше ой түюге , салыстыруға үйретсе, 
Елбасының «...Бесте ме екем, әлде жеті жастамын ба... Менде бір құпия арман 
болды. Мұнар басқан көгілдір көп таулардың тым болмаса ең берісінің шыңына 
бір шықсам шіркін деп көксейтінмін. 
Бірақ, қөз арбаған әлгі шыңға он төрт жасымда табан тірегенім жадымда. 
Сол жерде тұрып мен бәрін көрдім... жер тәнінде сала-сала болып жатқан алыа 
күре тамырлар сияқты жыралар мен сайлар; біздің ауыл мен көрші ауылдардың 
түймедей болып ағараңдаған үйлері; бұраң қаққан сан-тарап жолдар; шоқ-шоқ 
қызғалдаққа  бөккен  көк  майса  белдер; күрең даланың  бетіндегі  жамау  сияқты 
жүгері  алқабының  төртбұрыш  сап-сарғыш  танаптары...  бәрі-бәрі  көз  алдымда, 
етек  тұста  жайыла  көсіліп  жатты»  -  деген  естелігін  география,  табиғаттану, 
дүниетану  пәндерінде  пайдаланып,  оқушылардың  арман-мақсатын  анықтау, 
туған  жерді  сүю,  табиғатын  қорғау  қасиеттеріне  тәрбиелеуде  қолдану  –  әр 
мұғалімнің шығармашылық шеберлігіне байланысты. 
1997 жылы шыққан Қ. Әлімқұлов пен М. Қасымбековтың «Нұрсұлтан деп 
ат қойдым...» кітабында:  
Құрметтеп қаласы да, даласы да, 
Санайды дүйім жұрттың панасына. 
Алаштың ардақ тұтқан азаматы
Атыңды еншілепті баласына,- деген өлең шумағы бар. 
Сол жылдары 18 ұлттың баласына есімі берілген үш Нұрсұлтан Назарбаев, 
үш  Нұрсұлтан  Әбішұлының  саны  қазір  қаншаға  жеткенін  білу  де  балаларға 
қызықты болар еді. Зерттеу-іздену жұмысы осыдан басталады.  
Сондай-ақ,  «Астананы  ауыстыру  –  сөзсіз  тосын  да  сирек  оқиға.  Қоныс 
аудару  да  адам  өміріндегі  айрықша  оқиға  саналады.  Кейбір  адамдарда  еш 
уақытта  көшуге  деген  қажеттілік  тумайды,  енді  біреулер  жиі  көшіп-қонуға 
құмар.  Мемлекеттер  де  өздерінің  бас  қалаларын  ауыстырып  жатады.  Және 
осындай  ауыстырудың  қажеттілігі  ел  тұрғындарының  қалауына  қарағанда, 
мемлекеттің пайдасынан жиірек туындайды» деген Елбасының сөзін сіз қалай 
түсіндіресіз?  Бірнеше  дәлел  келтіріңіз  деген  тапсырма  бере  отырып,  «ХХ 
ғасырда  тұтас  бес  қала  біздің  мемлекетіміздің  астанасы  болып  белгіленді», 
«1920  жылы  ҚАКСРдің  астанасы  –  Орынбор  қаласы  болды.  Республиканың 

111 
 
оңтүстігіндегі  қазақтар  үшін  Орынбор  алыс  болуы  –  астананы  көшіру 
қажеттілігін туғызды. Үміткерлер ретінде – Ақтөбе, Семей, Ақмола, Шымкент, 
Әулиеата және Ақмешіт қалалары ұсынылды» деген мәліметті қазіргі Астанаға 
көшіру  кезіндегі  саяси-  әлеуметтік,  экономикалық  фактілермен  салыстыр. 
«1832  жылғы  22  тамызда  Ақмола  приказы  мен  сыртқы  округ  ресми  түрде 
ашылды. Ашылу салтанатында бәйге, күрес, ақындар айтысы өткізілді. Барлық 
зеңбіректерден 31 дүркін артиллерия салюті атылды», «Қалада екі мектеп-казак 
мектебі  мен  мешіт  жанындағы  медресе,  бір  май  қорытатын  кәсіпорын,  екі 
ұстахана,  екі  нан  өнімдерін  сататын  дүкен,  бір  шарап  жертөлесі  мен  он  бір 
ішімдік  мекемесі  болды.  Бірте-бірте  өсе  келе,  бекініс  1845  жылы  Ақмола 
бекетіне  айналды.  Саудагерлердің  саны  -  1236  адамға  жетті.  Қала  мәртебесі 
Ақмола  станицасына  Ресей  империясының  Ішкі  істер  министрлігінің  1862 
жылғы  7  мамырдағы  шешімімен  берілді.  1869  жылы  Ақмолада  5172  адам 
тұрды,  ал  1910  жылы  халық  саны  түрлі  ұлттағы  13 000  санға  жетті»,  «1925 
жылы15-19  сәуірде  Ақмешітте  Ү  сьезд  өтті,  Ақмешіт  Қызылорда  болып 
өзгертіліп,  астанаға  айналды»,  «1927  жылы  Транссібір  теміржол  магистралі 
салынды, ол Алматы арқылы өтетін. Сондықтан, астана Алматыға көшірілді»  
«Австралияның  астанасы  болуға  Мельбурн  мен  Сидней  қалалары 
таласты. 1913 жылы астана болып Канберра таңдалды», «1998 жылы 6 мамырда 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жарлығына  сәйкес  Ақмола  Астана 
болып  аталатын  болды»,  «1998  жылы  ЮНЕСКО  шешімі  бойынша  Қазақстан 
астанасына  медаль  беріліп  «Әлем  қаласы»  жоғары  атағы  берілді»  деген 
мәліметті  оқушылардың  талқысына  салып,  ХХ  ғасырда  тұтас  бес  қаланың 
біздің  мемлекетіміздің  астанасы  болып  белгіленуін  салыстыру,  мысал  келтіру 
арқылы  шешім  шығаруға,  қорытындылауға,  өз  ойын  дәлелдеуге  үйретуде  – 
бүгінгі оқушы бойында құзыреттілікті қалыптастырудың бір жолы болмақ. 
2009  жылдан  бері  мектептерде  енгізілген  «Дінтану  негіздері»  пәні 
сабағында  Елбасының  «Өз  ата-анамның  нағыз  мұсылман  болғанын  білемін. 
Олар  мені  мұсылмандық  рухында  тәрбиеледі.  Және  атеистік  бағыттағы 
өткенімізге қарамастан, біз өз дінімізді сақтай білдік. Бізді араб тілінде оқытқан 
жоқ, мектепте бізге Құранды танытып, намаз оқуды үйреткен емес. Сондықтан 
мен  және  менің  буыным  мұндай  тәлім  ала  алмадық.  Бірақ,  біз  өзімізді 
мұсылманбыз деп есептейміз. Мұхамед пайғамбарға іштей сенеміз. Біз Қасиетті 
Құран  сөзіне  сенеміз»  Біріккен  Араб  Әмираты  «Галф  Ньюс»  газеті  мен 
«Арабсат» теледидарына берген сұхбатын пайдалану да өзекті.  
Мектептерде  көп  пайдаланып  жүрген  оқытудың  түрлері,  сабақ  түрін 
белгілеу  мұғалімнің  терең  біліміне,  іскерлігіне,  шығармашылық  қабілетіне 
байланысты.  Сабақтың  қандай  түрі  таңдалса  да,  ең  негізгісі  оқушыларды 
дербестікке,  белсенділікке,  ойшылдыққа,  іскерлікке  үйрету,  алған  білімі 
сеніміне,  дүниетанымына  айналуын  үздіксіз  көздеу  болса,  Н.Назарбаевтың 
еңбектерінде,  жыл  сайынғы  халыққа  арнаған  Жолдауларында  азаматтардың 
бойында  жоғары  патриоттық  сананы,  елі,  халқы  үшін  мақтаныш  сезімін 
қалыптастыруды  басты  мұрат  ету  керектігін  талмай  айтып  келеді.  Әсіресе, 
Елбасының  халықтың  мақал-мәтелдерін  орынымен  қодануының  өзінен  көп 

112 
 
нәрсеге үйренуге болады.  
* Таққа таласушы көп, жарасушы аз. 
* Ханның тағы шайқалса, халықтың бағы шайқалады. 
* Әкеге ұл болу-арбаға жегілу, халыққа ұл болу – арманға жегілу. 
* Ханда қырық кісінің ақылы бар. 
* Бір адам таққа отырса, қырық адам атқа отырады. 
* Тозған қазды топтанған қарға алады. 
* Заманына қарай амалы.  
Елбасы  еңбектерінен  ынтымақ  пен  бірлікке,  достық  пен  татулыққа 
үндеген тәрбиелік тағылым мол мысалдарды өте көп келтіруге болады.  
...Маған халқым осындай өтпелі кезеңде өзінің тізгінін ұстатты. Бұл-оңай 
шаруа  емес.  Бүкіл  қазақстандықтар  болып  ұйымшылдық  танытуымыз  қажет. 
Және  де  еліммен  пікірлесудің  осы  мүмкіндігін  пайдалана  отырып,  ертеңгі 
болашағымыз – жастарға деген ерекше көзқарасымды тағы да қайталамақпын. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет