Мдт қарлығаш тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Өткізу күні



бет4/6
Дата26.02.2023
өлшемі36,79 Kb.
#69983
түріКонспект
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 сәуір конспект

2.Негізгі бөлім:
Әңгімемізді бастамас бұрын, мен сендермен мамандықтар жайында әңгімелескім келеді. Балалар, айтыңдаршы, сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
(балалардың жауабы ).
Тәрбиеші:
- Дұрыс айтасыңдар. Мұғалім, дәрігер, құрылысшы, жүргізуші, өрт сөндіруші, дүкенші, шаштараз тағы басқа көп мамандар бар екен. Әрбір мамандық адамзатқа өте қажет екен.
Мысалы: дәрігер-адамдарды емдейді, мұғалім-балаларды оқытады, жүргізуші – көліктер жүргізеді, өрт сөндіруші – өрт сөндіреді.
Ал бүгін біз сендермен тағы бір маман түрімен танысамыз – бұл ғарышкер
- Ғарышкерлер дегеніміз кімдер?
- Ғарышкерлер дегеніміз – олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар
Тосын сәт.
Аспан әлемінен қонаққа Жұлдыз келеді.
Жұлдыз балаларды аспан әлеміне саяхатқа апарады.
- Біз, қазір балалар, аспан әлеміне барамыз. Кәне, барлығың еркін отырып, көздеріңді жұмып, көз алдарыңа аспанда ұшып жүргендей болып елестетіңдер (үнтаспадан музыка әуені естіледі). Біз ұшаққа отырып, аспанға көтерілдік. Аспанда күн бізге күлімсіреп қарап сәулесін шашып тұр. Кенет аспан әлемінде ай көрініп, жымыңдап жұлдыздар да көріне бастады. Біз жоғарыға көтерілген сайын суық ауаны сезіне бастадық. Денеміз тоңғандай болды. Біздің қасымыздан қатты жылдамдықпен бір құс ұшқандай болды. Ол құс ғарыш кемесі – зымыран екен. Қайтатын уақытта жақындады. Енді біз Жер планетасына ораламыз (балалар көздерін ашады).
Жұлдыз: - менің де сенімен қоштасатын уақыт болды. Басқа да балаларды аспан әлеміне саяхатқа апарайын. Балалармен қоштасады.
Балаларға ғарыш туралы түсінік беру.
- Мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.
Аспан әлемінде 9 ғалам бар. Сол ғаламның үшіншісі Жер деп аталады. Ал біздер сол Жер ғаламында өмір сүреміз.
- Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
- Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз. (зымыран суреті мен макетін көрсету). Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз.
Слайд арқылы әңгімелеу. (суреттерін көрсете отырып)
Ең бірінші адамдар айға ұшпас бұрын тірі дененің баруы үшін Лайка деген итті ғарышқа ұшырған екен. Жерге қонғаннан кейін оның денесіне, қанына тексеру жүргізіп, ғарышқа адамның да баруға болатынын білген.
Ең алғаш ғарышқа ұшқан Ресей азаматы ол- Юрий Гагарин. Ол 1961 жылы 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты.
1991 жылы ғарышқа Қазақстаннан алғаш рет қазақ ғарышкері ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ұшты. Екінші болып Талғат Мұсабаев ұшты. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары, еліміздің мақтанышы. Ал 2015жылы 12-і қыркүйекте Айдын Айымбетов ағаларың аспан әлеміне жол тартты.Яғни ғарышқа ұшқан үшінші қазақ азаматы.
Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ол Қазақстанның Қызылорда облысында Қармақшы ауданы деген жерде орналасқан. Ғарышқа ұшар алдында олар осы жерде әртүрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады.
Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жағы қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады екен. Ғарышкерлер үстеріне арнайы киім киеді. Ол «скафандр» деп аталады. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ болғандықтан тек осы арнайы киіммен жүре алады екен.
Сергіту сәті:
Ал балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет