2. Негізгі бөлім: Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер ?
-Ұшақтар қай жерден ұшады?
-Ғарышкерлер немен ұшады?
-Ой жарайсыңдар балалар.
-Билингвальды компонент: қәне қайталайық.
-Зымыран-Ракета.
-Ғарыш-Космос.
-Ғарышкер-Космонавт.
-Ұшқыш-Летчик.
-Педагог аспанға ұшатын тік ұшақтардың,зымырандардың түрлерін,көрсетіп,әңгімелейді.
-Балалар онда бүгін біз зымыран жасап үйренейік.
-Ең бірінші зымыранның жоғарғы бөліктерін қиып алайық.
-Қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды.
-Енді сары,қызыл, түсті зымыранның астыңғы бөліктерін қиямыз.Педагог зымыранның бұл бөліктерін қиғанда балалардың асықпай, ұқыпты болуларын ескертеді.
-ең алдымен тіктөртбұрышты корпусын,
-үшбұрышты тұмсығын,
-тік үшбұрыштарды қанаттары,
-сары, қызыл бөліктерді түтіні,оты,
Мұнда алдымен сары түсті бөлікті,оның үстіне қызыл бөлік жапсырылады.
Жұмыс жасау барысында көмек қажет болған балаға педагог көңіл бөледі.
- Балалар бүгін біз сурет сабағында сендермен Зымыран саламыз.
Сергіту сәт.
Бір,екі,үш,
Жинап алдым күш!
- Енді сабақты әрі қарай жалғастырамыз.
- Ақ парақтарыңызда аспандағы жұлдыздың суретін салып,бейнелейміз.
- Балалар сендер сурет салғанда таза,ұқыпты салуларың керек!
- Иә, біз жұлдызды салайық.
- Жұлдыздар аспанда болады
3. Қорытынды: - Балалар бүгін біз сабақта не өттік?
- Ненің суретін салдық?
Мақтау-мадақтау.
МДТ «Қарлығаш» тобынын ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Өткізген күні: 12.04.21ж
Тәрбиеші: Тургынбек Т.Н.
Өтпелі тақырып: «Аспан әлемінің планеталары»
Білім беру саласы:Қатынас
Пән: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Мен ғарышкер боламын» Мақсаты: Тәрбиелік: ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру; Отанымыздың адал азаматы болуға тәрбиелеу. Дамытушылық: ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын ояту. Оқыту: Ғарыш, ғарышкер туралы білімдерін жетілдіру. Ғарышкерлер мерекесі жайлы түсіндіру. Педагогикалық технологиялар:ойын,АКТ. Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: 1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Шаттық шеңбері. Армысың асыл күн!
Армысың асыл жер!
Армысың көк аспан!
Армысың достарым!
Жылуыңа жылу қос,
Міне менің қолым!
(Балалар шеңберге жиналып, қызығушылықпен айтады).
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде табиғат қандай құбылыстарға өзгереді?
- Көктемнің неше айы бар? Айларын атаңдар.
- Сәуір айында қандай мереке бар, естеріңе түсіріңдерші?
- Иә, бұл сәуір айында үлкен мереке бар. Ол – ғарышкерлер күні деп аталады.
- Балалар аспаннан нелерді көруге болады?