Мәден Н. Қ. Зейнолла сәнік шығармаларындағЫ Ұлттық ТӘрбие мен көркемдік шешім 7М02310 «Филология»


ТҰҒЫРЫЛ ХАН ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАҢҚТЫ ӘУЛЕТІ ХАҚЫНДА



бет12/21
Дата18.01.2023
өлшемі224,46 Kb.
#61874
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
мәден надира

ТҰҒЫРЫЛ ХАН ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАҢҚТЫ ӘУЛЕТІ ХАҚЫНДА
24.01.2022 73 қаралым
Серік Негимов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
филология гылымдарының докторы, профессор

Тұғырыл ханның заманы, қолбасшылық, қаһармандық, ұйымдастырушылық өнері мен өнегесі Шыңғыс ханмен байланысы, шешендік-тапқырлық қабілет-қарымы Оң хан билеген Керей хандығы жайындағы тарихи мәліметтер «Монғолдың құпия шежіресі», Лувсанданзанның «Алтын шежіре», Рашид-ад-диннің «Жамиғ-ат-Тауарих», Марко Полоның «Саяхатнамалары», Әбілғазы баһадүрдің «Түрік хандар шежіресі» дейтін шежірелік-деректемелік жазбаларда толық көрініс тапқан.


Негізінде, тариха әдебиеттерде Тұғырыл ханның «Оғыз хан», «Уаң хан», «Тоғырылхан» дейтін жанама есімдері болған. Тұғырылды хан тағына отырғызған – Есукей.


Тұғырыл ханның қаншалықты қадірлі және оның қара балтадай қайраулы, қайратты болмысы, құдыретті шешендігі Лувсанданзаның «Алтын шежіресінде» былайша көрсетілген:


«Бұл кез Темүжін ауылы Сеңкір өзенінің бойынан көшіп, Керулен өзенінің бойында жатқан Бүрге деген жерді мекен қылады. Жаңа қоныста Темүжін, Жотан шешейдің киітке әкелген қара бұлғын ішігін алып, екі


інісін қасына ертіп, әкесінің ескі досы – Толы өзенінің бойындағы қара орманды мекен етіп отырған Керей тайпасының Уаң ханына барады. Әкесімен дос болғаны үшін өз әкесіндей көріп барғаны еді.

Хан ауылына келген ол:


Әкемнің ескі досы едіңіз, Сізді әкемдей көріп, келініңіздің жасауында келген қара бұлғын ішікті үстіңізге жапқалы әкелдім!-деп ұсынады.


Бұған қатты разы болған Уан хан:


«Қара бұлғын ішігіңнің қарымына,


Қырған еліңді –


Құрастырып берейін!


Бұлғын ішік бодауына,


Бытыраған еліңді –


Біріктіріп берейін!


Бүйірінен бүйрегін,


Кеудесінен қақырығын


Кетірейін!


Бүйректен сирақ шықпасын,


«Көкіректен сыз шықпасын» – дейді


Не деген сесті сегіз қырлы семсердей сөз десеңші!


Шыңғысхан барыс жылы, қырық бес жасында Ұлы Қағанат тағына жайғасып, тоғыз тұғырлы ақ туын қондырғанда Тұғырлы хан: «Ұлым Темүжінді хан сайлағандарың өте орынды болыпты. Моңғолдар басшы


болар ханы жоқ, қалай күн көрмек!» дсп ризашылығын білдіріп: «Бұл бірлікті бұзбаңдар, Берекені жазбаңдар, Біріңді-бірің сыйлаңдар!- деп сәлем айттырады» (1).

Жеті атасынан хандық дәстүр үзілмеген Тұғырыл ханның анасы да ержүрек батыр екен, қап-қара түн ішінде алпауыт бөрілер қорғайды екен деп жазады тарихшы, этнограф Зейнолла Сәнік «Тұғырыл хан» дейтін еңбегінде.


Тұғырыл хан дәуірінде ерекше қасиеттерге ие Керей Көкше әулие дейтін болған. Оны «Тәңіртау», «Боғда», «Төбе тәңірі», «Тәңір бұты» деп атаған-ды. Ол туралы Әбілғазы былайша жазады: «Қонқамар руынан Меңлік


егекеңіз ұлы Көкше деген бар еді, халық оны «Тәңірінің беті» деп еді. Сол келіп, «Маған Тәңірден ишарат болды. Темучинге бар, елге, халыққа бұл күннен соң Темучин демесін, Шыңыз десін, жер жүзінің патшалығын
Шыңызға, оның балалары мен тұқымына бердім» деп айтты деді. «Шыңның» мағынасы ұлық және қатты деген болар, ыз — оның көпшесі. Көкше Моңғолияның суық, қыс күндерінде жалаңаш және жалаң аяқ жүрер
еді. Ол: «Бірнеше күнде ғайыптан бір ақ боз ат пайда болар, соған мініп, Тәңірімен сөйлесіп келетін» дейтін (2).

Тарихшы, зерттеуші, жазушы Зейнолла Сәніктің жазуынша, Көкше әулие Шыңғыс хан ордасында телегейдей толқып-тебіреніп:


Уа, алдияр ханым,


Тәңірден суат алдың,


Тұғырыл ханнан қуат алдың,


Найманнан хатшы алдың,


Қоңыраттан ақыл алдың,


Жалайырдан батыр алдың,


Меркіттен қатын алдың- деп шынайы тілегін жеткізеді (3).


Тұғырыл ханның көргенділік, кесектік, кемел тұлғасы ол туралы Құбатегін жыраудың жоқтауында толық сипатталған:


Уа, Тұғырым, Тұғырым,


Айбатты алып хан едің!


Даңқың кеткен әлемге,


Аңқылдаған жан едің!


Құтлық әже өсірген,


Бұйрықтан туған дана едің!


Енді Тұғырыл ханның ұрпақтары хақында айтар болсақ, торғауыттар дейтін әулеті моңғолдардың құрамында (Зейнолла Сәнік дерегі), Тайбұға бастаған Керейлер Есіл мен Тура өзендері бойын мекендеген.


Нақты айтқанда, Қызылжар мен Көкшетау аймағында.

Академик Әлкей Марғұлан «Күміс сандық кұпиясы» дейтін зерттеу мақаласында: «Бір күні Оразмәмбет ұшқан сұңқарының соңынан еріп, Тобыл қаласына таяу барып қалады. Осы арада олардың алдынан Тобылды


басқаратын воевод Чулков Оразды, оның ақылшысы Қадырғалиды және Керейлердің атақты ханы Тұрғылдың ұрпағы Сейде үшеуін сол бетімен Москваға жібереді деп жазған еді (4).

Яғни Сейде (Сейдақ, Сейд-Ахмет, Сейтен,) 1583-1588 жылдарда Сібір ханы һәм әскери қолбасшысы болған.


Енді Оң ханың ұрпақтары Алтын Орда дәуірінің ұзына бойында байтақ Сібірде билік құрады. Екі ғасырдан астам ұзақ заман. Алтын Орданың ыдырау кезеңінде Жошы-Шибан нәсілімен тайталас басталады.


Әуелде Шибан әулеті жеңіске жетеді, одан соң Тайбұға тұқымы қайтадан орнайды, одан соң тағы да аударыспақ; бұл қырқыстың ең соңғы өкілдері – Көшім хан мен Сейдақ хан болды. 1582 жылы ғана Сібір ханы Сейдақ, Тайбұғы ұрпағы Тәуекел Қазақ ханымен Одақтық келісімге қол қойды. Қараушысы болып Қыдырали Жалаири тағайындалды.


Оның Қазақ хандығымен одақтық келісімге отыруы Сібірде Көшім ханды жеңіп, Іскер, Қышлық қалаларын Ермактан Тайбұғы жұртына қайтару үшін Сейдак шайқасқа аттанды. Сейдақ хан Ермакты жеңіп Сібір


хандығын қайтырып алды. 1588 жылға дейін хан болып отырды.

Сібір хандығының Орыс патшалығына айтарлықтай қарсылық көрсете алмай, тезінен кұлауының бір себебі екі әулеттің елді тоздырған жүз жылдық күресі болатын.


Көшімнің ғұмыр кешуі белгілі,1598 жылы түнекке батты. Ал Оң ханның ұрпағы Сейдақ хан одан он жыл бұрын, Тобыл қамалында, аяр опасыздық нәтижесінде, қазақ сұлтаны Ораз-Мухамедпен бірге тұтқынға түсіп, Мәскеуге жеткізілген(4).


Орыс отаршылдығының күшейе түсуімен Тобыл, Тура, Об бойын жайлаған керейлер Солтүстік Қазақстан өңіріне қоныс аударған.


М.Тынышбайұлы керейлердің Шыңғыс ханға мойынсұнбаған бір бөлігі меркіттермен бірге Торғай даласына дейін ығысқан еді, бүгіндері


Кіші жүздің Жетіруы құрамында Керейт тайпасы сол босқындардың ұрпағы болуы мүмкін десе, Ақсақ Темір жорықтары туралы жазбалардан сол кезде Керейлердің Қара Ертістен Алакөлге дейін мекенденгенін айтады.

Жоңғарлардың XV ғасырдың басынан қуатты күшке айналуымен олар Балқаш, Алакөл аймағындағы керейлерді тағы да босқындық күйге ұшыратқан.


Керейлердің бір тобы XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында Жошы тұқымы – Мауереннахр мен Хорасанда билік жүргізген Мухаммед Шайбани ханнын жорықтарына да қатысты.


Керейлердің мекендеген жері жайлы Ашамайлы Керейдің Көшебе руынан шыққан атақты қолбасшы батыр Қожаберген жырау Толыбайұлы ( 1663-1763) «Елім-ай!» атты дастанында:


Мекендеп Тобыл, Ертіс екі арасын,


Қазақтың күйге бөлеп ен даласын.


Сауықшыл Орта жүздің Керейі едік,


Үш жүздің жат көрмеген еш баласын, – дсген дерек келтіреді (6).


Тұғырылхан жөнінде Шәміс Құмарұлының «Тұғырыл хан» романында қазақ мемлекеттігінің қалыптасу дәуіріндегі сайыпқыран тұлғаның және ат үстіндегі бабаларымыздың қаһармандық істері суреттеледі. Ал бақсылардың пірі Көкше әулиенің тұлғасы әнші-ақын, композитор Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» дастанында сүйіспеншілікпен жырланған.


Зейнолла СӘНІКТІҢ ДЕМЕЖАН БАТЫР ТАРИХИ ЭССЕСІ


рбір халыктың том-том болып катталып жаткан сан ғасырлык тарихында келесі ұрпактың бойында мактаныш сезімін тудырарлык окиғалар, белгілі


күндер, айтулы тұлғалар болады. Тамырын тереннен тарткан
казақтың арғы-бергі оміріне көз тастағанда кеудені мақтаныш
сезімі кернейтін ерліктің ерен ұлгілері коптеп табылады. Бүгінгі
ұрпақ сол откенді тану арқылы, келешекке бағдар жасайды. Тарихи
таныммен ұрпак өседі, ұлттық сана толысып, елдіктін туын биік
котеруге талпынады. Тарихты таразылап, сарапап барып кана
бүгінгі тұрпатынды тани түсесің де, бабаларымыздың жүріп өткен
сара жолынан медет табасың.
Академик, ғалым Рымғали Нұрғали: «Заманалар тұманы бетін
бүркеген бағзы уакыттардағы ата-бабаларымыздың қасиетті рухы
алдында бас ию аз, оларды өнер тілімен сөйлету ләзім», — деп
тарихи такырып тоңірегіне жазушылардың жиі бойлап, өткеннің
елесін көркем әдебиетте кайта жаңғыртудың маңыздылығын
айтқан-ды [1, 251].
Қазақ әдебиетіндегі откен ғасырдағы қол жеткен айтулы жетістіктердің бірі де осы жазушыларымыздың өткен замандардағы
халық басынан откен оқиғалар мен тарихи адамдар өмірін
көркем шығармаға өзек етіп, бұрынғының акиқатын айта білуге
талпынып, бұл жолда өнімді енбек бере білуі. Тарихи такырыптағы
туындылардың саны айтарлықтай көп емес десек те, оларға сапатұрғысынан карағанда, түрлі көркемдік бетбұрыстарға көптеп
барып, әдебиет көшінің алға жылжуына сеп болғандығын айкын
аңғарамыз. Тарихты зерделеп, жас ұрпактың санасына сіңіруде
тарихшылардан да артығырак үлес-салмағы тиіп жататын каламгерлер өзіндік колтаңбаларымен өткен күннін іздерін бүгінге
жаңғыртып, көркемдік соны ізденістерімен жиі козге түсіп жатады.
Жазушы қаламынан туған көркем туындылардағы реалистік
окиғаларжелісінен халыкөмірінін откені мен казіргісінің арасында
каншалык айырма бар екенін, ілгерілеуіміздің каншалыкты
деңгейде екендігін анык байыптаймыз.
Каламгерлер тарапынан тарихи такырыптарға халық басындағы каралы күндердің сөбесі согіліп, жайма-шуак мамыражай
күндер орнаған тұсында жиі барушылык аңғарылады. Бұл жайында
казак әдебиетіндегі айтулы тарихи такырыптағы туындыларды
зерттеуші профессор, ғалым К.Алпысбай: «Тарихи такырыпка
бару, яғни өткенге коз салу, сол өткендегі айтпауға болмайтын
жайларды айтуға талпыныс — уакыт талабынан туындайтын кұбылыс. Өйткені әдебиет — халык омірінің идеялык-эстетикалык
айнасы. Әдебиеттің ілгерілеуі де, өсуі де халыктың откеніне
коркемдік байыптау, корытындылар жасау аркылы болады. Қазіргі өмір мен өткен заманнын арасындағы байланыс, сабактастык
тарихи такырыпты игеру нәтижесінде ғана ашылмак. Халык откен
тарихын толық зерттеп, ондағы кемшіліктерден тиісті корытынды
шығармай тұрып, рухани дамуда үнемі жетістікке жетуі неғайбыл», — деп, халықгың мәдени мешеуліктен кемелдікке жетіп,
бүгінгі жетіліп, толыскан ахуалының бағасын білуі оның тарихта
болған окиғаларды сараптап, талдауымен тығыз байланыстылығын
көрсетеді [2, 14]. Өткенге жіті көз жіберіп кана кемел келешекке
кол созып, максат коюға болады. Халыктың парасаты мен пайымы арткан сайын бүгінгі ахуалына да, артта жүріп өткен сан салалы
тарихи жолына да көз жіберіп карайтыны аян.
Ешкандай бүкпесіз өткен күннің шындығын айтуға болатын
бүгінгі таңда тарихты такырыбына озек еткен сан түрлі жанрдағы
шығармалардың әдебиеттен алар орны айрыкша. Асылында,
тарихи такырып кез келгенді жалынан ұстата бермейтін асаудай
болып келетіндей. Такырыпты жеткізуде туындыгердің тандап
алар формалык ізденісі, тандалған жанр сипатымен окиғаларды
баяндауының кабысып жатуы үлкен жауапкершілікті, көп ізденісті,
мандай терді талап етеді. Өткен заманның шындығын ашуда кейде
жазушынын өзіне де таяктың бір ұшы тиіп, басы дауға калатыны,
куғынға ұшырап жататыны да бізге бесенеден белгілі.
Әдеби өмірі екі бағытта өрбіген белгілі қаламгер, баспагер,
сыншы Зейнолла Сәнік коркем әдебиетті жасауға да, зерттеуге
де мол үлесін коскан тағдырлы тұлға. 1955 жылдан бастап әдеби
Зейноддатану
69Зейнолла
Әлемі
70
зерттеу жұмыстары шыға бастаған ол Қытайда жүргізілген «мәдени
революцияның» ауыр соққысына ұшырап, «Халық жауы» деген
желеумен еңбекпен түзеу жұмыстарына жегіліп, ауыр күндерді
басынан кешеді. Маоның 10 жылдык солакай саясатының азабын
әбден тартып, тіпті көшеге шығарып масқаралау мен бетке қара күйе
жағуды, жалған айып тағып кинауды, «Совет үкіметінің жансызы»
деген жаланы, жан тозгісіз түрлі қитүркылықтарды көрген тағдыр
иесі болған істерден жігері мұқалмай, елге деген сүйіспеншілігімен,
елдің ертеңгі камын жеген азаматтығымен ел тарихы жайлы талай
құнды дүниелерді кейінгіге үлгі ретінде жазып калдырады. Конекоз
кариялардың айткандарын кокірегіне ошпестей кұйып алып, кейін
каламының ұшына тұндыра жазған каламгер-ғалымның тарихи
тақырыптағы «Қаракерей Қабанбай», «Тұғырыл хан», «Демежан
батыр», «Халық күйшісі Қайрақбай», «Басбай» сынды жарық
көрген біркыдыру еңбектерінің оқырман қауымға берері көп.
Қазақтың ауызша тарихын кеудесіне сақтап, шежіремен
оріліп келген елдің кешегі калпын құрғатпай бүгінге жеткізе
білген карымды қаламгердің қайсыбір жүрегін жарып шыққан
туындысын алмайық, кешегі бабаларымыздың жүріп өткен сан
сүрлеулі жолдарынан хабар берер сырлы дүниелер.
«Сүлеймен би» атты тарихи эссесінде өз заманында әділ
билігі, шешендігімен казак даласына данкы шыккан әйгілі
тұлғалардың бірі, Қабанбай батырдың төртінші ұрпағы Сүлеймен
Әділбекұлының сара жолын аркау етсе, «Тұғырыл хан» тарихи
кітабында Шыңғыс ханның өгей әкесі, оның тәрбиесіне тікелей
әсер етуші, тарих беттеріндегі айтулы тұлға Тұғырыл хан жайлы
жазады.
«Басбай» атты тарихи романында кытай қазактарының бір
ғасырлық өмірінен тың деректер келтіріп, атақты Басбай деген
қазақ байының айналасындағы халыққа ғана емес, мемлекетке де
көмек колын созған атымтай жомарттығы суреттеледі.
Тағдырдың талайлы тәлкегіне әбден иленген туған халқымыздың басынан өткерген ауыр тарихы туралы, осы уакытка дейін
сан өліп, сан тірілген алмағайып өмірі туралы көп айтылып, көп
жазылуда. Жазушының «Сергелдең» атты романында да халык
өміріне катысты өткен шақга болған, бүгінгі ұрпағы білуге тиісті
қилы тағдыр өң береді. Сонау бір кездегі Қабанбай батырдын інісі
Туматай батыр ұрпақтарының Аркадан Тарбағатайға, одан өр
Алтайға, өр Алтайдан Гималай асып, Үнді мұхиты аркылы Түркия
еліне дейін сергелдең күй кешіп, ең соңында Қазакстан тәуелсіздік
алғаннан кейін барып атажұртқа ат басын тіреген құрлықаралык
актабан шұбырынды көші қызғылықты хикая ретінде жазылған.
Жазушының 1986 жылы Қытайда «Қаракерей Қабанбай»
деген кітабы шығады. Қазақтың қас батыры жайлы бұл кітабын елаузындағы аныздардын негізінде жазса, кейінгі екі кітабында XVIIXVIII ғасырлардағы казақ халкының жоңғар жорығына карсы
күресін ұйымдастырушылардың бірі, сол кездін ірі колбасшысынан
саналатын Қаракерей Қабанбай батыр жайында талмай зерттеу
жүргізіп, накты деректер негізінде жазылған екі кітабын шығарады.
Қазак каламгерлерінің арасында казактың басына кара бұлт
үйірілген тұстарда елді корғай білген батырды шығармасына арқау
еткен Қабдеш Жұмаділовтің көркемдік көкжиегі кең «Дарабоз»
роман-дилогиясы мен Зейнолла Сәніктін батыр жайындағы
деректер негізінде, айдай анық айғақтарды келтіре отырып жазған
Қабанбай батыр туралы тарихи эссесін салыстыра карап, баға
берушілік өте жиі ұшырасып жатады. Соған қарамастан, такырыбы
бір, бірақ бірі көркемдік тұрғыда, екіншісі деректер негізінде
жазылған екі романның да азулы батырдың өткен өмірінен калын
окырман қауымға өшпес онеге берері анық.
Туындыларында үнемі тарихи такырыпты каузап жазатын,
халыктың өткен уакыттың қойнауына енген аласапыран күндері
жайлы фактілерді келтіре отырып, көзге анык көрсететін жазушы
Зейнолла Сәнік «Демежан батыр» атты тарихи эссесін де оқиғасы
асабір күрделі кезең шындығына кұрады. Жазушы орталыккейіпкер
ретінде батыр Демежанды бейнелей отырып, ол өмір сүріп отырған
коғамнын, әлеуметтік ортанын шындығын корсетуге тырысқан.
Бұл тарихи эссе Шынжандағы қазактардың XIX ғасырдың екінші
жартысындағы тағдыр жолдарын жан-жақты таныстырып, тарихи
кітаптардан табыла бермейтін тың, кызғылыкты мағлұматтармен
оқырман білімін байытады.
Тарихи такырып үшін дерек пен дәйек, тереңдік ауадай қажет.
Осы тұрғыдан келгенде жазушы Зейнолла Сәніктің «Демежан
батыр» тарихи эссесінің негізі ақиқат деректерден тұратындығына
толыктай сенім білдіруімізге болады. Жазушы батырдыңтағдырына,
47 жылдык оміріне қатысты алған деректерінің барлығына сілтеме
көрсету аркылы, оның шынайылығын таныта түседі. «Күшілік
хан», Мұкаметжан Тынышбаевтың «Қазақ халқының тарихына
катысты материалдары», «Қазақгың қилы тарихы», Құрбанғали
Халиди «Шығыстың бес тарихы» атты еңбегі, «Чиың хандығы
дәуіріндегі 100 кұжат», «Қытай казақтарының қоғамдық тарихы»,
«Дортуыл шежіресі» және т.б. тарихи еңбектер батыр өміріне
катысты шынайы деректерінін сұрыптала түсуіне әсер еткен.
«Сөз басы», «Демежан өскен орта», «Қаскүнемдік қазаны»,
«Дар алдында», «Ұрпак үні» сынды бес бөлімді эсседе Демежан
батырдың өмірінің ұңғыл-шұңғылына дейін байыпты суреттелген.
Демежанның омірге келуі, осіп ер жетуі, біліммен қанаттануы,
ел билеу ісіне араласуы, бәрі-бәрі шығарманың бойынан көрініс
тапкан. XIX ғасырдағы халықтың камын жеген, арда туған
Зейнолдатану
71Зейнолла
Әлемі
азаматтың нар тұлғасын барынша ашып, өміріне катысты тың
деректерді бере білген.
Көкірегі шежірелі казынаға толы жазушы: «Демежанды түсіну
үшін ең әуелі Демежан оскен орта мен Демежан билік жүргізген
ел туралы азырак аял жасай кеткенді жон кордік», - дей келіп ол
үкірдайлык кылған Тортуыл елінің тарихынан бастап сөздің түйінін
ағытады [3, 82 б]. «ТортТөлекатайдан тарайтын дортуіл, каракерей,
садыр, матай рулары тарихтан бері іргесі болінбеген. Сондыктан
олар тарихтағы атышулы казақ-жоңғар соғысы аяқталар мезетте,
яғни 1750 жылдардың орта шенінде арка жерінен өзінің байырғы
атамекені — Тарбағатай, Алтай өңіріне карай жылжып отырған»,
— деп тарихи мекенін накты көрсетіп, оның басында болған
билеушілер турасына да тоқтала кетеді [3, 83 б].
XIX ғасырдағы қазақтың басынан кешкен алапат күндерді,
әлеуметтік мешеу ахуалды Демежан оміріне қатысты деректермен
сабақтастыра отырып, биліктің қазақтын басына салған ноқгасын
қыса түсіп, жағдайын тұралатқанын айтып, өткен күндердің елесін
коз алдымызға келтіреді: «Демежан жасаған дәуір Тарбағатай
өңірінде салык түрлері көбейіп, халықтың халі әбден ауырлап, езгі
мен қанаудың қарапайым халықты әбден тұралатқан дәуірі еді.
Бұрынғы «сар ноқтанын салығы» күшінен қалып, оның орнына
үкіметке жылына мың жылқы төлейтін салықтың жаңа түрі
шыккандығын», одан да болек «...астық бажы, шөп бажы, отын
бажы сияқты сан алуан бажы түрлері шығумен бірге халық жылына
үкірдайға 120 кой, ілгідайға 100 қой, зәңгілерге 36 қой, елубасыларға 20 қой, хатшыларға 30 қой, шабармандарға 12 қой, т.б. салык
төлеуге міндетті болғандығын», жығылғанға жұдырык болғандай
«1888 жылдың басынан 1890 жылдын соңына дейін жүргізілген
Шәуешек жаңа жамбыл кұрылысы да талайдың басын жеген
алпауыт кұрылыс еңбекке 300 мыңнан артык ханзу, қазақ, моңғол,
дағүр, сібе, ұйғыр еңбекшілері катынастырылғандығы» туралы
айтып, озге де халықты қыспаққа алған аяусыз қатігездіктердің
сан түрлі мысалын келтіріп, ата-бабаларымыздың өткен өмірінің
қапаста откендігін танытады [3, 93 б].
Орталық Азияны тікелей оз меншігіне айналдырған Қытай
мен патшалык Ресейдің Шығыс Түркістанның казақтар жайлаған
жерлерінен екі империяның шекарасын белгілеу жоніндегі істері
және осы шешімнің бұл өлкені ертеден қоныстанып келген
көшпелі қазақ жұртын қақ бөліп жібергені, және одан кейінгі
Қытай территориясындағы қазактардың хал-ахуалы, ел мүддесін
корғаудағы Демежан батырдың ерлігі сөз болады. Оның болмысы
қара пиғылдан ада, көздегені де өзге билеушілер секілді жеке
бастың қамы емес, халықтың қамы. Демежан бейнесі озі секілдіел тізгінін ұстаған билеушілерден халыкка деген ак адал ниетімен
ок бойы озык тұрады. Қытайдын бодандығында калған каймана
казактың рухани есейіп, материалдык жетілуі үшін ол барлык
кажыр-кайраты мен акылын жұмсап, халкына араша болады.
Жазушы Демежан батырдың керей, найманның үш мың үйлі
жанын әділеттілікпен билеп, айналасындағыларға өте сыйлы
болғандығын, әрі мәнжүр-кытай отаршылдарының озбырлығына,
ел ішіндегі жылпос, түйені түгімен жұткан мансапқорлардың кері
әрекеттеріне қарсы күрескен каһарман ретіндегі болмысын аша
түсіп, өз дәуірінін беделді саяси кайраткері деңгейіне котереді.
Тарихи эссеге тағы оң берген жайт — онда тек сол кездегі
казактардың ғана жайынан емес, өзге де елдердің жайынан хабар
бергендігі. Қазак пен мәнжүр, сібе, солаң, дағұр шонжарлары
арасында бір-бірімен кырғи кабак алауыздыктың жиі болып
тұратындығын айта келіп, мал үшін, жер үшін дау-дамайдың өрбіп
тұрған дәуірін көз алдымызға келтіреді. Мәнжүр билеушілерінің казак пен казактың арасына іріткі салып, бірін-біріне айдап
салу тәсілін колданып отырғанын казактар өзара білмей, түсінбей
кыркысып жаткан тұсында Демежаннын осы кыспактарды коріп,
мәнжүр билеушілерінің әділетсіз айла-сұмдығына карсьі күрескен халыктың акжолтай батыры, елінің аяулы перзенті ретінде
көрінгендігін айтады.
Жазушы халык тарихындағы бір кездердегі маңызды окиғаларды корсете отырып, айтулы тұлғаның елі үшін аткарған мәнді
істерін нактылы деректер негізінде ашып көрсетуге міндет аркалайды. «Демежан батыр» тарихи эссесінің өзге осы тақырыптағы
әдеби туындылардан артықшылығы — басты қаһарманның өміріне, тағдырына тереңдеп еніп, дендеп бара алғандығы. Батыр
туған азаматтың ерен ерліктері ешкандай қоспасыз, бүкпесіз
шындыкпен суреттеледі. Оның өр болмысы, халық басына түскен
алмағайып кезде касынан табылып, сөзін сойлеп, анталаған жауға
карсы тұруы, оның батырлығына себеп болған түпкі оқиғалар
егжей-тегжейлі баяндалады. Тарихи адамдар, тарихи оқиғалар бәз
күйінде сипатталып, тек ақиқатка кұрылады.
«Демежан батыр» тарихи эссесі ұлт қаһарманының өр болмысын биікке көтере сипаттаған кұнды дүние. Ондағы бой көрсететін жандардың барлығы да тарихта шынайы болған.
Жазушы, фольклорист, зерттеуші Зйнолла Сәнік — тарихи
тақырыпта қомақты дүниелер берген, ұлттық әдебиетімізді баға
жетпес казынамен байытқан, озгелерге ұқсамайтын өзіндік
колтанбасы бар, бейнелеу орнегі де өзгеше каламгер.
Шығыс Түркістанды мекендеген қазақтардың бұрынғы-соңғы
өмірі туралы жазылған үлкенді-кішілі туындылар көп. Солардың
Зейноддатану
73Зейнолла
Әлемі
74
ішінде «тағдыры бөлек тарланбоз», «кара сөздің Қабдеші» атанған
корнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің шығармапарында шекараның арғы жағындағы қара көз кандастарымыздың қилы-қилы
тағдырлары әсерлі суреттеледі.
Шығармаларының барлығы дерлік ұлттык сипатта жазылатын
жазушы Қабдеш Жұмаділовтің атажұртына келген тұсынан бастап
қаламгер ретіндегі бар көксегені Шынжаң казактары жайлы екі
көлемді дұниені ел назарына ұсыну болған көрінеді. Оның бірі —
«Соңғы көш» роман-дилогиясы болса, екіншісі — «Тағдыр» атты
ұлт каһарманының шырғалаңға толы ғұмырымен бірге өрілетін
халықтың езгідегі ахуалы жайлы айтулы романы. Романның басты
кейіпкері — талай жырлар мен туындылардың тууына себепкер
болған Демежан батыр. Қабдеш Жұмаділов Демежан бейнесін
сомдауда жазушы Зейнолла Сәнік секілді нактылы дәлдікке емес,
коркемдікке барып, тарихи тұлғаның бастан кешкен омір жолын
оз романына шикізат ретінде пайдалынып, каламгерлік куатымен соны сипатта суреттеп, тың жатқан такырыптың окырманға
жол тартуына себепкер болады. Жазушының болған окиғаларды
дәлдікпен емес, өзгеше қалыпқа құя отырып бейнелеп беруі — оның оқырманға эстетикалық ләззат сыйлайтын кырларын арттырудағы түпкі мұратын танытатындай.
Шынжан өлкесінің тумасы, болашақ жазушы Қабдеш Жұмаділов төртуыл тайпасының үкірдайы Демежан батыр және оның
елі үшін жасаған ерен еңбегі, сұм-дүлейлердің қастығымен дарға
асылған ержүрек батырдың қасіретті тағдыры жайына бала жасынан қанық болып оседі. Бірақ зерделі оқырманының биік талғамына қылдай да қиянаты жок, қаламы мен қағазына адал суреткер тарихи туындының аркалар жүгін сезіне отырып, бала кезінде
желдей ескен халык ауызындағы аңыз бен әпсананың жетегінде
ғана қалып қоймай, тың деректерді зерттеп, сапалы дүниені
ұсынуға барынша тырысады. Романды оқи отырып жазушынын
іргелі қағанаттың өткен тарихына барлау жасап, салты мен
санасын сараптап, шекара бөлінісіне катысты деректерге бойлап,
біраз тер төккенін аңғарамыз.
Романның бас-аяғы алпауыт монархиялық патшалық үкіметтің тепкісінен зәрезап болған казактың 1911 жылға дейінгі
ауыр халі Демежан батырдың омірімен тығыз байланыста, бірге
өріледі. Романға аркау болған негізгі оқиғаны Қытай мен Ресейдің
шекараны бекітіп, киіз туырлыкты, азғантай ғана казақты екіге
боліп, бір-бірімен байланыс жасауына тигізген кері ықпалы,
кошпелі казактың мүшкіл ахуалы кұрайды.
Романның алғашкы «Жол торабы» бөлімінде екі мемлекет арасындағы шегара бөлісу мәселесі каралып, оған катысы Демежан
батырдың іс-әрекеті, козкарасы сөз болады. Келесі бөлімдерінде осы окиғадан кейінгі елдін ішіндегі тұрмыс-салт жайы, шегара
бөлісінін казак жеріндегі ел баскару жүйесіне тигізген әсері,
соған катысты коғамда болған әлеуметтік озгерістер, казак пен
кытай арасындағы карым-катынастар, елдің ішіндегі әр алуан
кактығыстар, т.б. мәселелер суреттеледі. Романның бүкіл бітімінен
шегара сызығының казактың басына салған лаңы, оның елдің
кабырғасын кайыстырып, іргесін сөге, сергелдеңге салған жайы
мен ел билеуге таласкан мансапкұмарлардың халыктын тірегіндей болған Демежанды жарға жығып, түбіне жетуі төңірегіндегі әртүрлі кактығыстармен таныс боламыз. Жазушының шеберлігінін
аркасында мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтардың ара жігін
ажыратып, бірліксіз өмірдің орға жығарын анык сезіне түсеміз.
Романның басты каһарманы Демежан жайында ғалым Р.Бердібай: «Демежан бейнесі революпияға дейінгі дәуірде патшанын
зорлығына карсы бас көтеріп, мезгілінен ерте мерт болған көптеген
тарихи кайраткерлердің тағдырын еске салады. Бұл бейненің
кұр киял жемісі болмай, өмір шындығына кұрылғаны да анык
байқалады. Шығыс Түркістан жерінен шыккан биік саналы казак
зиялыларынын жиынтык тұлғасын Демежан басынан көре аламыз
десек артық емес», — деген пікірі өте орынды айтылған [4, 213].
Демежан батырдың бойынан көрініс беретін дара касиеттері, онын қазак камын өзгелерден артығырак ойлайтын ұлтжандылығы,
елдің караңғы көзін ашудағы әрекеті көпке үлгі болады.
Демежан батыр жайындағы кесек әдеби туынды жайында әдебиет зерттеушісі Р.Бердібай: ««Тағдыр» әдебиетімізде көтерілмеген, тарихтану, халықтану үшін аса кажетті такырыптардың да мол
екенін оз тарапынан дәлелдейді. Қазақтың революцияға дейінгі
өмірінің айтылмаған сөздері, ақтарылмаған катпарлары мол екені
еске түседі», - дейді [4, 214]. Дегенмен де, Демежан батыр жайлы
кең тынысты зерттеу жүргізген жазушы Зейнолла Сәнік бұл роман
турасында: «Демежан батыр жөніндегі кең тынысты, кемел кұлашты кесек әдеби енбек — «Тағдыр» романы. 1988 жылы Казақстанда басылып шыккан бұл романның авторы Демежанға катысты
енбектерде көп айтылатын Күдері ақынның ұрпағы болғандығы
себепті сол дәуірдегі Демежанға қатысты деректерді біршама толық
меңгерген, әрі оны сол дәуірдің тарихи уақиғаларымен ұштастыра
отырып, оны биік әдеби ореге көтеріп, Демежан образын коркем
әдебиет жолымен үлкен тұлға ретінде сомдап көрсеткен. Бірақ,
ол көркем әдебиет болғандықтан, әрі кейбір жазба дерек колына
түспегендігі себепті накты деректен басқаша кеткен жерлері де жок
емес», - деген пікірді айтады [3, 146 б]. Жазушының бұл пікірінің
дәлдігіне біз романды оқи отырып көз жеткіземіз.
Роман желісінен таппаған Демежан оміріне катысты тың деректерді Зейнолла Сәніктің «Демежан батыр» жайындағы тарихи
Зейнодлатану
75Зейнолла
Әлемі
76
эссесін оқи отырып, ол олқылықтың орнын толтырғандай боламыз. Зерттеушілігі мен қаламгерлігі қатар ұштасқан тұлға Демежанның туған сәтінен бастап, оның басының дарға асылған тұсына дейінгі деректердің барлығын көрсетеді.
«Демежан дүниеге келген кезде бүюл Тарбағатайды соғыс өрті
шарпыған, ел елден, әке баладан, қыз анадан айрылған қанды
қырғын заман еді», — деп оның шыңдала түсуіне ыкпал еткен
жағдайларды баяндайды [3, 89 б]. Қилы тағдырының салдарынан
әкесінен айрылып, нағашысының қолында өсуінің, кейін сол елге
қалай билеуші болғандығы туралы, ел билеу сәтіндегі халыкка жасаған жақсылығы, кейін келе Демежанның орнынан дәмелілердің
артына шам ала түсіп, құртуға қара таппак болғандардың арам
пиғылдарын әшкерелей суреттейді. Демежанға жабылған жаланың
бес түрін анықтап көрсетеді: «Бірінші, Демежан елді дүрліктіріп,
үкіметке қарсы айдап салып отыр, халық алдында халдайларды корлады, тыныш жатқан елдің берекесін бұзды; екінші, елді
отырақгандырам, егін салдырам деп көшпенді халықтың коктеу,
күзеулігін талқандады; үшінші, ішкі Қытайда жазаланып, бұл жерге
жер аударылып келген саяси қылмыскерлермен ауыз жаласып,
солармен әуендес болды; төртінші, қазақтың ескіден келе жатқан
торелерге құрмет білдіретін коне салтын бұзды; бесінші, ел ішінде
берекесіздік тудырып, бейкүнә жандарды жазықсыз абақтыға
жаптырды. Сондықтан жұрт мұндай үкірдайды орнынан алдыруды
талап етеді, т.б.» — деген еш негізсіз жалаларды жапқандығын
санамалап береді [3, 152 6]. Демежаннан біржола құтылуды коксеген залым Мәтеннің арамза пиғылының жүзеге аскандығын
суреттеу кезінде оқырманға әсерлендіре түсу үшін автор алдыңғы
сарыннан өзгеше баяндауға да коше білген. Осы тұста айта кететін
тағы бір жайт жазушы Зейнолла Сәніктің Демежан мен Мәтенді
қол алысып, бауырластыруға Оразілінің біраз әрекеттеніп баққаны жайлы деректі біз Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романының
желісінен кездестіре алмаймыз. Сонымен қатар Демежанға айласын асырып, ажалы келмей өмірі үзілуіне себепкер болған Мәтен
мен Ыскақтың кейінгі тағдырларын да біз еш жерден кезіктірмеген едік. «Демежан батыр» тарихи эссесінің «Дар ағашы» бөлімінде
Ыскак пен Мәтеннің азапты өмірлері, озгеге кылған киянатының
оздеріне кайта келіп, тағдырынан тепкі көргендігі де айтылады.
«Ұрпак үні» атты соңғы бөлімінде Демежан батырдың кіндігінен
тараған ұрпағы мен оған катысты әулеттердің қилы тағдырлары
жайлы да деректер келтіреді. Сонымен катар, осы туындыны оқи
отырып біз Демежан батырдың айтулы акындар Әріп, Әсеттермен
рухани тамырлас болғанын, әрі өзі де сөз ұстаған ділмәр, кесек
тұлға болғанын танимыз.
Демежан батыр жайындағы ел аузында қалған аңыз, қиссалар мен қаламгерлердің батыр рухын таныта түсетін кесекәдеби туындылары оның елжандылығы мен халкына деген сүйіспеншілігінің өлшеусіз екендігін көрсетеді. Өткеннің өнегесі —
бүгінгінің баға жетпес байлығы десек, Демежан батырдың халык
үшін жасаған игілікті істері талай үрпакка үлгі болары анык.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет