Мәден Н. Қ. Зейнолла сәнік шығармаларындағЫ Ұлттық ТӘрбие мен көркемдік шешім 7М02310 «Филология»


ЗЕЙНОЛЛА СӘНІКТІҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРЫ



бет20/21
Дата18.01.2023
өлшемі224,46 Kb.
#61874
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
мәден надира

ЗЕЙНОЛЛА СӘНІКТІҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРЫ МЕН ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ  ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДАҒЫ РӨЛІ 
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі ой-санамыздағы рухани еркіндік халқымыздың 
дәстүрлі саласын, яғни өткен тарихымыз, әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүріміз, материалдық 
мәдениетімізді жаңғыртуға бетбұрыс жасап, оның тарихы мен мәдениетіне байланысты 
көптеген мәселелерді зерттеуге жол ашты. Әрине, қазақ этнографиясы жөнінде қазақ жеріне 
саяхат жасаған орыс және шетел ғалымдарының зерттеулері, Ш. Уәлиханов бастаған Алаш 
зиялыларының еңбектерінен басқа қазақ этнографиясының түрлі мәселелерін ғылыми 
тұрғыдан жеке-жеке зерделеп зерттеген Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, М.Мұқанов, Н.Әлімбай, 
Ә.Төлеубаев сияқты этнограф-ғалымдарымыздың еңбектері белгілі. Алайда, қазақ 
мәдениетінің ұланғайыр қазынасының әлі де зерттелмей жатқан тұстары өте көп. Аталған 
олқылықтардың орнын толтырардай зерделі зерттеулердің бірі ретінде халқымыздың дәстүрлі 
болмысын жан-жақты зерттеп, оның заңдылықтарын айқын дәлелмен келтіре отырып, ұрпаққа 
тұтастай жеткізуді көздеген Зейнолла Сәніктің «Қазақ этнографиясы» атты еңбегін айта 
кеткен жөн. Қазіргі таңда түрлі ғылымдар тоғысында руханиятымыздың болмысын танытатын 
мұндай еңбектің алар орны ерекше. Шығармашылық қазынасы өте бай Зейнолла Мүбәрәкұлы 
халқымыздың мол мұрасы болып табылатын фольклор, ауыз әдебиеті, жыр-аңыздары, 
этнографиялық жазбалары, публицистикалық материалдар, көркем әңгімелер және нақыл 
сөздер т.б. әдебиеттің сан алуан саласынан қалам тербеген. Осы еңбектердің қайсысы 
болмасын ұрпақ тәрбиесінде оның ұлттық психологиясын, рухани көзқарасын байыту 
жолында 
біртұтас 
этнопедагогикалық 
жүйе 
қалыптастырады. 
Яғни, 
халықтың 
дүниетанымдық, тәрбиелік мәдени мұрасының биік шыңы – әдеп негізінде тәрбиеленгенде 
ғана жөн-жосық, ұлттық жоралғыларды бойына сіңірген ұрпақ қалыптасатынын айқындайды. 
Қазіргі жаһандану заманында болашақ ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіріп, 
ұлттық психологиясы қалыптасқан ұлт өкілдерін тәрбиелеу заман талабы секілді.
Жалпы қазақ этнопедагикасының баға жетпес қазынасы балалар фольклоры десек, 
Зейнолла Сәніктің еңбектерінде бұл сала терең зерттелген. Яғни, ескінің қайта жаңғырып, 
салт-дәстүріміз бен жөн-жоралғыларымыздың қоғамдық сананың қазіргі заман талабына сай 
рухани жаңғыруына септігін тигізері сөзсіз. Жалпы қазақ дүниетанымында бала дүниеге шыр 
етіп келгеннен бастап, ат қою, қырқынан шығару, қарын шашын алу, бесікке салу, тұсау кесу, 
сүндеттеу, атқа отырғызу, тілашар, яғни жас ерекшелігіне байланысты бала тәрбиесінің 
қалыптасып, қадамын нақты басуынан бастап, оның болашақта «ат байлайтын азамат» 

92 
болуына ықпал етуге деген ізгі ниеттен туындаған салт-дәстүрлік жөн-жоралғылардың 


барлығы ойын-сауық, жыр-думанмен аса мән беріліп өткізіледі.
Халқымыздың бесік жырының өзі сонау ғасырдан ғасырға жалғасқан дәстүрлі тәрбие 
жүйесінің бастауы екендігі белгілі. Орта Азияның ғұлама ғалымы Әбдуәли Ибн Синаның 
«Дәрігерлік ғылымының заңдары» атты еңбегінде: «Бөбекті ширата түсуге қажетті өмірлік 
құралдардың қатарына бірінші – жеңіл тербеліс, екінші әлдилеу кезінде айтылатын ән мен жыр 
жатады», - деп жазуының өзі бекер емес. Яғни, жас сәбиге ана сүтімен қоса, аналарымыз «Бесік 
жыры» арқылы оның бойына тіл тазалығын дарытқан. Бұл ақындардың: «менің бойыма 
ақындық өнер ана сүті, әженің әлдиімен сіңген», - дегендігінің дәлелі болса керек. Жасы үлкен 
апа-әжелеріміз «әлди» әнімен баланы уата отырып, баланың бәле-жаладан аман боуын, есейіп 
ер жетіп, ел тұтқасын ұстар азамат болуын аңсаған арман-тілегін білдіреді [1, 283 б]. Сонымен 
қатар халқымыздың «Бесік жыры» бір орында тұралап қалмаған. Оның сарыны мен ырғағы 
сол қалпында қалғанымен, мазмұнының заман ағымына сай дамып, толығып, 
байытылғандығын, яғни, қазіргі заман тілегін мына бесік жыры жолдарынан көруге болады: 
Қуып ойдың жетігін,
Біліп ғылым тетігін, 
Ғалым болар ма екенсің?! 
Еңбек етіп бар елге, 
Өнеріңмен әр елге, 
Мәлім болар ма екенсің?! 
Көп қиыннан өтерсің, 
Мақсатыңа жетерсің, 
Ұйықтай қойшы, бөпешім[2]. 
Баланы қырқынан шығарғанда қарын шашы, сүт тырнағы алынады. Мұндай рәсімді 
орындау жасы үлкен, өмір жолы үлгі боларлықтай апа-әжелерімізге ұсынылып, алдын ала 
құлақтандырады. Қарын шашын тұмар ретінде бесікке тақса, сүт тырнағы «жемістей көп 
болсын» деген ниетпен жеміс ағашының түбіне көміледі. Кей өңірлерде баланың қарын 
шашын нағашы жұртының жасы үлкендеріне алдыртады. Бұл қазақ даналығындағы: «Жігіттің 
жақсысы – нағашыдан, үйдің жақсысы - ағашынан», деген мақал-мәтелге арқау болғандай. 
Сонымен қатар, бата-тілектер айтылып, нағашысы өз тарапынан сыйлық тағайындайды. 
Мұндай жөн-жосық екі жақтың тығыз қарым-қатынаста болып, баланың екі жаққа да 
бауырмал болуын астарлайды [3, 87 б] . 
Жалпы қазақ дүниетанымында баланың тілі дұрыс шығып, дені сау, шымыр болып 
өсуіне, еңбекке баулып, әдепті-ибалы азамат болуына отбасылық тәрбиенің тигізер әсері мол 
екендігі белгілі. Осылайша бесік жырынан бастау алатын ұлттық тәлім-тәрбие ер жетіп, есейіп 
азамат болғаннан кейін де жалғасын табатындығы Зейнолла Сәніктің еңбектерінде терең 
зерттелген.
Этнопедагогика ғылымының тәрбиелік әдіс-тәсілдері, мазмұны халықтық тәрбиемен 
астасып жататындығы сөзсіз. Соның нәтижесінде турасын айтпай тұспалдап, мақал-мәтел, 
ым-ишара және ырым-тиым арқылы да тәрбиелеу қалыптасқан. «Адамды үйрену жеткізеді, 
пышақты қайрақ өткізеді» дей келе, талпынуға, алға ұмтылуға шақырады. Яғни, адам алға 
талпынғанда ғана арман-тілегінің орындалатынын меңзейді. «Сақалын сатқан кәріден, еңбегін 
сатқан бала артық» деп болашақ ұрпақты адал еңбек етуге баулиды. Түрлі ырым-тыйымдар 
арқылы тәрбиелей отырып, жаман әдеттерден аулақ болуды, әдептілікті дәріптейді. Мысалы, 
«атты кісінің итті қуғаны - көргенсіздік» деген тыйым арқылы көзге оқшау көрінетін іс-
әрекеттерден аулақ болуды меңзейді. Сонымен қатар, халқымыз ұрпағының жақсы адамнан 
үлгі-өнеге алу арқылы тәрбиеленгендігіне аса мән берген. «Арбаның алдыңғы дөңгелегі қалай 
жүрсе, соңғы дөңгелегі солай жүреді», «Аттың да аты бар қазанаты бір бөлек, жігіттің де жігіті 
бар азаматы бір бөлек» дей отырып, ұрпағының жақсы азамат болуы үшін өнегелі, халыққа 
қалаулы адамдарға ұқсап өсуін қалаған[4, 146 б].

93 
Болашақ ұрпақ тәрбиелік мәні бай салт-дәстүрімізді санасына сіңіріп, бабамыздан 


қанымызға сіңген тәлім-тәрбиені қазіргі заман талабымен сауатты ұштастырса, замана 
көшінің көшбасшысы болары сөзсіз.
Зейнолла Сәнік қазақ этнографиясын зерттеумен қатар, қазақ үшін жанын қиған бізге 
беймәлім тарихи тұлғаларды дер кезінде, алғашқылардың бірі бірі болып жазып қалдырды.
Жазушылық пен зерттеушілікті қатар ұштастырған қаламгердің қаламынан жиырмадан 
астам көркем шығармалар мен бірқатар ғылыми туындылар жарық көрді. Қазақ этнографиясы 
мен тарихын зерделей жүріп, оның сан ғасырлық тарихына жан бітірген қаламгер атажұртына 
келген соң Қаракерей Қабанбай, Тұғырыл хан, Демежан батыр, Қайрақбай күйші, Сүлеймен 
би және тағы басқа тарихи тұлғалар жайындағы жариялаған эсселері мен зерттеулері қызықты 
да тың деректерімен көпшілік оқырманды тәнті етері сөзсіз.
Жазушы шығармаларының дені қазақ тарихынан үлкен орын алған тарихи оқиғалар 
болғандықтан, оларда тарихи дәйектілік пен деректілік басым. Сондықтан шығармаларында 
көрініс тапқан негізгі кейіпкерлердің барлығы да өмірде болған, халқына адал қызмет еткен 
ұлт қайраткерлері. Алғашқы жазған туындысы 1130 – 1204 жылдары өмір сүрген Тұғырыл хан 
жайында жазылған тарихи эссесінде Шыңғыс хан тұсында өмір сүрген, патшалықтың пірі 
атанған Мұңлық ата Шырқаұлы мен оның баласы Көкше әулие, Тұғырыл хан туралы хикая-
аңыздарды тарихи деректермен шендестіре отырып баяндайды. Бұл туындыда тарихи түп 
деректермен дәлел келтіре отырып, «аңыздың түбі – ақиқат» екендігіне сендіре отырып, қалам 
тербейді.
Қаламгер әртүрлі тарихи деректерді алға тарта отырып, Шыңғыс ханның жеңістен-
жеңіске жетуіне Мұңлық пен Көкше әулие, Есей бұқа мен Кетбұға сияқты жыраулардың алар 
орны ерекше екендігіне назар аудартады. Шыңғыс хан патшалығы тұсындағы Керейт ханды-
ғынан шыққан Тұғырыл мен Көкше әулие секілді ірі тұлғалардың тағдырларының соңы 
моңғол хандығының көркеюімен тығыз сабақтасып жатады. Сондықтан да жазушы болашақ 
ханның бала күнінен бастап толыққанды мәлімет беруге тырысады.
Зейнолла Мүбәрәкұлының шоқтығы биік туындысы – «Қаракерей Қабанбай батыр» 
туралы тарихи еңбегі. XVII-XVIII ғасырдағы қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына 
қарсы ұлт-азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі, қолбасшы Қабанбай Қожағұлұлы 
туралы әртүрлі аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар түрінде жинақталып, ұсынылған. Яғни, тарихи 
еңбекте біріншіден, ауызша жеткен көркем сөз үлгілері, ақын-жыраулардың толғаулары, аңыз-
әңгімелер, өлең-жырлар; екіншіден, шежірелер, яғни генеологиялық аңыздар; үшінші тарихи 
құжаттар негізінде жазылған[5, 102б].
Жазушының «Сергелдең» тарихи романында қазақ халқының тағдыр тәлкегіне ұшырап 
сан өліп, сан тірілген алмағайып өмірі баяндалады. Атақты батыр Қабанбай (Ерасыл) 
Қожағұлұлының інісі Тұматай ұрпақтарының Арқадан Тарбағатайға, одан өр Алтайға, өр 
Алтайдан Гималай асып, Үнді мұхиты арқылы Қара теңізге дейінге дейін сергелдең күй 
кешкені суреттеледі.
Жазушының келесі шығармасы 1861–1908 жылдар аралығында өмір сүрген «Демежан 
батыр» атты тарихи эссе. Батыр Демежан Кешубайұлы - феодалдық қоғамдағы езгіге қарсы 
күрескен белгілі тұлғалардың бірі, қоғам қайраткері. Нағашы атасы Керімбай Демежанды 10 
жасында аймақтық мектепке береді. Аймақтық мектеп қабырғасында оқып жүріп, қытай, 
мәнжу тілдерін еркін меңгеріп алады. Қытайдан жер аударылып келген қытай зиялыларымен 
танысып, аралас болған Демежан саясатты түсіне бастайды. Тарбағатай қазақтарының 
шұрайлы жерлерінен айырылып, мәнчің төрелеріне құлдыққа жалданып жүріп, күн көру 
Демежанның намысын қайрайды. Бұл шығармасында да жазушы болашақ күрескердің өскен 
ортасынан бастап, оның үлкен қайраткер дәрежесіне көтерілгенге дейінгі қалыптасу жолын 
шығармаға арқау етеді. Ес біліп, етек жиғалы көргені тонау мен қанау болса, ат жалын тартып, 
қызметке араласа бастағанда оның алдынан дау-жанжал, мұң-зар, зорлық-зомбылықтың адам 
айтса нанғысыз небір сорақы түрлері кезігеді. Көзі қарақты Демежанның халықтың тұралаған 
тұрмысына бей-жай қарап тұра алмай, қоғам өміріне белсене араласқандығын, өмір сүрген 

94 
қоғаммен бірге өсіп, қалыптасқан Демежанның өмірін жазушы әртүрлі деректермен нақты 


келтіре отырып, баяндайды. Осылайша, жазушы Демежанның бүкіл өмірін өзі өмір сүрген 
қоғаммен бірлестікте қарайды. Сонымен қатар, әрбір кейіпкерінің кейінгі өмірінен де 
толыққанды хабар беріп отыратындығымен ерекшеленеді. Мәселен, кезінде Мәтен амбы 
тұқымын құртпақ болған Демежанның артында 3 әйелден қалған төрт ұл мен үш қыздан 
бүгінгі таңда 70-80-дей ұрпақ өрбігендігін тілге тиек етеді. Ал Мәтеннің атының өзімен бірге 
өшуі – тарихтың таразышы екендігін тағы бір айғақтайды. 
Жазушының көп зерттеуді көздеген тақырыбының бірі – Ұлы Жібек жолы болса, 
кейінгісі – қытай жазбаларындағы қазақ тарихы мен қаламгерлеріне қатысты тарихи деректер.
Жібек жолы бойындағы жанданған халықаралық саудаға Орта Азия мен Ресей, Еуропа 
елдерін тарту ісіне Абылай ханның тұсында ерекше көңіл бөлінгендігіне Шәуешек базарына 
апарған құндыз, қара түлкі терілерінің жоғары бағаланғандығы мысал бола алады. 
«Туған жерге оралу» эссесінде жазушының қаламы бізді еріксіз тағы да сағыныш 
әлеміне жетелейді. «...Мен Үрімжіден автобусқа отырып, өзімнің атамекенім – Тарбағатайды 
бетке алып, тартып келемін. Ұзақ жылға созылған солшылдықтың зардабы мойныма ажырғы, 
аяғыма шідер болып салынғандығы үшін туған жерге орала алмағандығыма 20 жылдан асқан 
болатын. Сондықтан тұла бойымды сарылған сағыныш билеп, көңіл құсым көк жүзін 
қалықтап, атамекен аспанына қарай самғай жөнелді». Мәтіндегі көзге көрінбей, бірақ асқақ 
мағынаға ие болып тұрған дүние – жол. Өмір жолы... Сол өмір жолындағы ең бір сәулелі 
мекен, туған жер – жерұйығына сапарлап келеді жазушы. Жиырмасыншы ғасырда 
Америкадағы ең танымал жазушылардың бірі – Курт Воннегут жазушылық жөнінде 
студенттерге «Шығарма басында кейіпкер әлдебір нәрсені іздеуі керек. Бір жұтым су болса 
да» дегені бар. Зейнолла Сәнік те қаламгерлік мұратқа барар жолдағы қаншама інжу-
маржанды көз алдыңызға әкеледі[6, 190 б]. 
Қаламгердің тағы бір қыры – оның шежірешілдігі. Мәселен, оның Найман ата 
шежіресін Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс тәрізді үш арыстан тарқата келіп, Қаракерей, Матай, 
Садыр, Төртуыл туралы аңыздарды тарихи тың деректермен ұштастыра отырып баяндайды. 
Сонымен қатар, аңыз-әңгімелерге назар аудара отырып, одан тарайтын ұрпақтарды тарата сөз 
етуі – қаламгердің шежірешілдік қырын ашып көрсетеді. 
Жалпы алғанда, жазушының қаламынан туған әрбір шығарманың негізгі өзегі – 
адамдық пен адамгершілік. Сонымен қатар, қазіргі қоғамда адами құндылықтардың 
құлдырағаны белең алған кезінде халқымыздың этнопедагогикалық тәлім-тәрбиесін болашақ 
ұрпақ бойына сіңіріп, санасын жаңғыртуда Зейнолла Мүбәрәкұлы шығармаларының берері 
мол. Көптеген әңгіме-эсселерінде өмірден түйгені мен жинаған тәжірибесі, адамтанудың қыр-
сырлары айқын көрінеді. Кейіпкерлері де жеке бас мәселесін күйттемей, үлкен ерлікке бара 
алатын, кең де мәрт, қиындықтан жасымайтын жандар. Мұндай өмір материалдарын қағазға 
түсіру үшін қаншама жылғы ізденіс, көңіл түкпіріндегіні қалт жібермейтін қырағы көз және 
ең бірінші сезім қажет екені түсінікті.
Қорыта айтқанда, Зейнолла Сәнік – қазақтың тарихы мен этнографиясын зерттей жүріп, 
оны көпшілік оқырманға жатық, түсінікті тілмен жеткізе білген қарымды қаламгерлердің бірі. 
Халқымыздың құнарлы қазынасының дәстүрлі заңдылықтарын өрелі ой, орамды тілмен өріп, 
ғылыми дәлелдермен бекітіп жазған. Осыншама қыруар еңбегінде материалдарды жік-жігімен 
жүйелеп жеткізуі халық тарихын терең меңгергендігін дәлелдейді. Сонымен қатар қазақтың 
сан қатпарлы тарихына еркін бойлап, тарихи эсселері мен тарихи романдарды көркем тілмен 
жазуы оқырманды қашанда тәнті етеді. 


ЗЕЙНОЛЛА СӘНІК ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ Н.Б. МАНСҰРОВ филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия ұлттық университетінің доценті Аннотация Мақала белгілі қаламгер Зейнолла Сәнік шығармаларында қолданыс тапқан кірме сөздердің мағыналық сипатын айқындауға бағытталған. Ұсынылған материалдар кірме сөздердің тілдік әрі тарихи тұрғыда қалыптасып, шығармалардан орын алу деректері бойынша сараланған. Ал құрылымдық және тұлғалық жағынан ерекшеленуі салыстырмалы түрде талданған. Мақала авторы сөздерді талдау барысында әрқайсысын термин ретінде қарап, сыр-сипатын анықтап, түпкі мазмұны мен кіріккен тіл қолданысындағы жалпыхалықтық ұғымын басшылыққа алған. Мұндай ізденістер өз кезегінде кез келген қаламгердің шығармаларында кездесетін кірме сөздердің қажеттілігі мен табиғатын тануда септігін тигізеді. Түйін сөздер: кірме сөз, шығыс тілі, сөздің мағынасы, тілдік ерекшеліктер. Зейнолла Сәнік – қазақ әдебиеті тарихында өзіндік қолтаңбасы бар қаламгер. Ол жалпы жұртқа тек қана қаламгер ретінде танымал болған жоқ, қазақ үшін күрескен тұлғалы азамат әрі тарихи дәстүрді жалғастырушы, көнені тани білетін тарихшы ретінде танылған. Оның қаламынан туындаған «Қаракерей Қабанбай», «Хан батыр Қабанбай», «Демежан батыр», «Тұғырыл хан», «Қайрақбай», «Басбай», «Сергелдең» атты романдары мен тарихи эсселері бүгінде оқырмандарға етене таныс. Аталған туындылар өзінің оқырмандары мен ғалымдар тарапынан тиісті бағасын алып үлгерген. Нәтижесінде біршама еңбектері жоғары дәрежелі мемлекеттік сыйлықтарды иеленген. Тарихи романдар мен эсселер өткен заманнан сыр шертетін шығармалар болғандықтан ондағы сөз орамдарын сол заманға сай орайластыра білгендігі қаламгердің көп мәселеден хабардар екендігінің айғағы. Себебі тарих өткен өмірдің айнасы болса, тарихи туындылар сол айнаның сырын ашқан бейнесі. Зейнолла Сәнік шығармаларында көптеген сөз орамдар, бейнелеу тіркестер, жергілікті лексикалық бірліктер мен кірме сөздердің 256 қолданыстары кең орын алған. Соның бірі ретінде оның қазақ сөз өнерінде күні бүгінге дейін жалғасып келетін мынадай сөз орамдарын ұтымды пайдаланғандығын көреміз: «ханның басын хан алар шауып тұрып, қардың басын қар алар жауып тұрып», «жердің түбін шым бекітеді, елдің түбін қыз бекітеді», «бітер істің басына, жақсы келер қасына», «билік айту оңай, біліп айту қиын» т.б. Туындылардағы бейнелі тіркестер қаламгердің айтар ойын жеткізуде тілдік ерекшеліктердің бір көрінісі ретінде танылады. Ал заманына орай саудамен араласқан бай-бағландардың аралас тілдегі қолданысы мынадай: - Наяты тұғыра айтады, - деп сөз қосты бағанадан бері жарылып кете жаздап әрең отырған Мырауыт бай, - біз жер талап қылмаймыз, пақат сауда қыладыған кішік иол керек. Емілдің суына қайық салсақ, саудамыз бек рауан болар еді («Басбай» 38-бет). Бұл – қаламгердің сөз саптауындағы төл сөздердің кірме сөздермен араласқан қазақша мен татаршаға ұқсас бір үлгісі. Алайда мұндай сөйлемдер оқиға желісіне сәйкес үйлесімін тапқан. Бір қарағанда шұбарланған тілге ұқсас болғанымен барлығы түсінікті сөздерден құралған. Тағы бірер мысал: - Ей, игитлер, сілер ішіні иман ахуетке апармаңдар, - деп Әмірсан бай басын шайқады. - Біз һаммамыз мұсылман, бір құдайдың иолыны тұтсақ, иншалла, инақ өтіп кетеміз, - деп Ешен қазіреті де бүйірінің солай бұрылатынын білдіріп тастады («Басбай» 39-бет). Келтірілген сөйлемдерде бірнеше кірме сөздер бар. Бірақ қаламгер бұл сөздердің қазақша нұсқасын, яғни жалпыхалыққа түсінікті болған үлгісін де қажетіне жаратқандығын көреміз. Қараңыз: «Демежан шейіт болғанда оның досы Диханбайдың жоқтауы жоғарыда айтқанымыздың куәсіндей сезіледі» («Демежан батыр» 107-бет) немесе «Басқа үшін емес, шейіт болған Демежанның аруағы үшін бір баламды қидым» («Демежан батыр» 151-бет) деген сөйлемдерде шығыстық шейіт сөзі қолданылса, ондағы мағынаға сәйкес тілдік айналымдағы дүниеден өту, дүние салу ұғымындағы тіркестер де сәтті келтірілген: - Әкең қасқыр еді, - дейтін шешем, ешкімге есесін жібермейтін, ойына алған дүниелер көп еді, сол бір арман-тілегіне жете алмай, жастай дүние салды («Демежан батыр» 154-бет). 1935 жылы әкең дүниеден өткен кезде әлдебіреулердің үйінде отырып: «Үһ, менің күнім енді туғандай болды-ау!» - деп жері кеңігендей пиғыл танытуы оның іште жүрген жалынын сыртқа шығарғандығын аңғартса керек («Демежан батыр» 154-бет). 257 Жалпы, дүние сөзі тілімізде әлем, жер жүзі ұғымынан ауыспалы заттық дүние, мүлік мағынасында кең қолданылады. Өмір мен тіршілік үшін маңызды болған қажеттілікті Зейнолла Сәнік дұрыс ұғынып, әр сөздің бар мағынасын сәтті әрі тиімді пайдаланған. Мысалы: «Ей, балам, адамға дүние жолдас емес, адам жолдас, үлкен кісі сұраған екен, көңілін қалдырмаңдар, беріңдер!» - деп қолма-қол алдырып беріпті («Демежан батыр», 155-бет). Бұл да қаламгердің тарихи кезеңдерді және заманына орай саяси ұстанымдар мен әлеуметтік мәселелерді жете түсіне білгендігінің сипаты. Дегенмен ол өз туындыларында әлеуметтік мәселелерге қоса діни ұстанымдарды да назардан тыс қалдырмаған, оларды өз заманына лайықты пайдалана білген. Мұндай ұстаным әр заманның саяси өмірде болып жатқан өзгерістерін дәл әрі жан-жақты тамаша бейнелей білген көсем сөз шеберіне ғана тән болса керек. Міне осындай көсем сөз шеберінің шығармаларындағы тілдік ерекшеліктер әлі толық қарастырылмаған. Өйткені ондағы сөз орамдар, фразеологиялық тіркестер, мақал-мәтелдер, қала берді лексикалық қор арнайы сөз етуді қажет етеді. Егер біз оның сөздік қорын тереңірек саралауды қолға алсақ, онда көптеген дүниеге көз жеткіземіз. Бұл тек қана Зейнолла Сәнік қолданысындағы лексикалық қордың көрінісі емес, ол арғы беттегі қазақ қауымының, сол өңірдегі жергілікті диаспораның тілдік қолданысы мен лексикалық құрамының, бейнелі де образды сөз орамдардың көрінісі. Зейнолла Сәнік шығармаларының тілі қазақша болғанымен оның құрамынан орын алған кірме сөздердің мазмұны ерекше. Бұл біріншіден, тілдік шеберлігін танытса, екіншіден, аталған тілдерді түсіне білгендігін айғақтайды. Айталық, оның қолданысындағы скамья, решетка, пеш, генерал т.б. орыс сөздері болса, Алла, бата, иман, молла т.б. шығыс тілдеріне тән сөздер. Демек, қаламгер орыс һәм шығыс тілдерінің (араб, парсы) сөздер жиынтығын барынша еркін пайдаланған. Соның бірі ретінде әулие сөзін айтуға болады. Әулие араб тілінен енген кірме сөз. Әулие ّولى) уәлииун) сөзінің көпше түрі اولیاء) әулиа) ар. зат. көп. түр. 1.Жақын, туған. 2.Қамқор, таза, (діни тұрғыда тақуа адам), тапқыр мағыналарын береді [1, 452]. Бұл сөздің тіліміздегі қолданысы кісінің жеке қасиетіне орай ұғымда келеді. Әулие ар. зат. 1. Діни ұғымда адам тағдырына ықпал жасай алатын «қасиетті» киелі кісі. 2. Қасиетті, әулие, көріпкел. 3. ауыс. Ең қадірлі, таңдаулы, керемет. 4. Алланың ерекше назарындағы, сүйікті құлынан бірі болған адам [2, 14]. 258 Оның шығармадағы көрінісі мынадай: Біздің елдегі Көкше әулие және Салиха-Сәменге қатысты аңыз Тарбағатайдағы Мамырбек төренің ауылынан тараған деген сөз бар (Тұғырыл хан 203-бет). Зейнолла Сәнік шығармаларында кірме сөздер біршама болғанымен тілі аралас не шұбар деп айтуға келмейді. Салыстыра қарағанда тіл тазалығын ерекше атау керек. Дегенмен, сөз еткен діни терминдердің өзі біршама болғанымен барлығы мазмұнға сай, мағыналық жағынан үйлесім тапқан. Мысалы: ... ол Демежанның өлімінен кейін мұның бәрінен түңіледі, жоламағаным мәнсәп болсын дегендей, осы бір пәледен біржола құтылып, өз ауылынан мешіт салдырып, соған имам болып, сопылық жолын тұтынады да сол жолмен о дүниеге аттанады. Келтірілген сөйлемде біршама кірме сөз бар. Олардың барлығы жалпыхалыққа түсінікті ұғымда ұсынылған. Мұндағы сопы сөзі суффа – дәруіштер киетін киім, жүн сөзінен шыққан мағынасына орай емес, оның жалпыхалық ұғымындағы тақуалықпен байланысқан «Алланы тану жайлы ілім» ретінде берілген. Кірме сөздердің мұндай мағыналық ауыспалы қолданысы жайлы белгілі ғалым Л.З. Рустемов өзінің «Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері» деген еңбегінде жан-жақты талдау жасап, олардың семантикалық сипатын, этимологиясын, фонетикалық, грамматикалық өзгерістерін айтып өткен. Оның айтуынша, шығыс тілдерінен сөздердің ауысуы кезінде мағыналық жағынан өзгеріске ұшырайды. Соның бірі түп негізде аз мағынаға ие болған кей сөздер қазақ тіліне енгенде мағыналары кеңейеді [3 ,56]. Расында, Зейнолла Сәнік шығармаларында діни сөздердің қолданысы кеңінен орын алғандығы байқалады. Оның қаламынан шыққан әруақ, ислам, дін, шапағат, шаһит, мырза, пенде, күнә, медресе т.б. сөздер осыны растайды. Сөз жоқ, тарихи жырлардың лексикалық құрамы көп ретте, араб, парсы сөздерінің үлесінде болатындығы жиі айтылады. Өйткені шығармаларға арқау болған кезеңдер түркі тілдерінің тарихында ислам дінімен байланысты қаралады. Басты себеп сөйлеу мен жазу дағдыларының араб, парсы тілдерінде болғандығы. Егер Зейнолла Сәнік шығармалары өткен ХІХ ғасыр мен оның алдындағы мерзімдерді арқау еткенін негізге алсақ, онда ол мезгілде жазудың арабша нұсқасы болғандығы ойға оралады. Оған қоса арғы беттегі қазақ бауырлардың күні бүгінге дейін араб жазуын қолданылып келетінін ескерсек, мұндай сөздердің орын алуы да заңды болмақ. Тіпті кейде олардың түп нұсқаға жақын жазылуына да себепші болатыны аңғарылады. Сондықтан болса керек қаламгердің қасиетті Құран Кәрім аяттарын түп нұсқаға жақындатып жазатындығы. 259 Әрине, ол кезеңдерде барша жұрттың дін исламнан хабардар кезі. Оқудың түрі мен жазу арабша болған соң өзгені сөз етуде оңай бола қоймасы анық. Мысалы, Зейнолла Сәнік «Басбай» шығармасында келетін ақын Әсеттің Құран аяттары мен шариғат үкімдерін қазақтың қара өлеңі жолына салып, мақамын сақтап, дін насихатын нақышына келтіріп шырқағанда жамағаттың, тіпті сол дінді уағыздап жүрген молдалардың да таңырқамасына амалы қалмаған жолдарын қаламгер тамаша келтірген. Әсет ақынның: Алланың он сегіз мың ғаламында, Аятта аты мәшһүр қаламында. Өтініп мұқтаж болмас махәлық жоқ, Пері, жын, айәһаннас тамамында... Лаулакамма халакатәл аплак деп, Бір соның ғалам болдық сабабында. Інжіл, Таурат, Забур мен Калам Шәріп, Төрт кітап осылай дер жауабында. Қазылар жаза берсе ризамын, Ағаттық, қате болса жауабымда... («Басбай» 46-бет) Осы өлең жолдарындағы Алла, ғалам, аят, мәшһүр, мұқтаж, пері, жын, тамам, кітап, жауаб, қазы, жаза, риза, қате сөздері жалпыхалыққа түсінікті болса, «лаулакамма халакатәл аплак» тіркесі түпнұсқада болғандықтан түсініксіз болуы мүмкін. Махәлық – мақлұқ, айәһаннас – айуһәннәс (барша адам баласы), сабабы – себебі ұғымының бұрмаланған түрі. Әр сөздің қолданысы әртүрлі болуы заманына орай қалыптасуы мүмкін. Мақлұқтың – махәлық және айуһәннәстің – айәһаннас болуы айтылуына байланысты. Дыбыстардың алмасуы көп ретте сөздің мағынасына әсері болмайтыны жайлы мамандар тарапынан айтылып келеді. Ал себеб сөзінің сабаб болуы дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке айтылуынан. Тілдік қолданыста дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке қолданылуы өңірлік тілдік ерекшеліктерде жиі кездеседі. Өйткені қазақ тіліндегі араб кірме сөздерінің жуанды-жіңішкелі нұсқаларының таралу шегі де бірдей емес. Өзбек, тәжік тілдерінің тікелей ықпалы болатын оңтүстік говорларда жіңішке варианттар орнықса, қазақ әдеби тілі мен өзге говорларда жуан варианттар сақталған. Бұл да қатып қалған қағида емес. Қазақ тіліндегі залым-зәлім, маусым-мәусім варианттарының жіңішке сыңары оңтүстіктен тыс Жайық бойына дейін таралған деген пікірлер осыны растайды [4, 35]. Келтірілген мысалдардағы түсініксіз болған «лаулакамма халакатәл аплак» (дүниеде менен басқа жаратушы бар ма?) сөздері жазу арқылы 260 келгендігін ұғыну керек. Мұндай жағдайда сөздер қалай жазылса солай қалыбын сақтап қалады. Бұдан әрі қарай ақынның шариғаттың өзін қазақы өлеңмен өрбітуі қаламгердің дәл сол үлгіде беруі, оның сауаттылығының бір көрінісі: ...Иман айт, намаз оқы, ораза ұста, Алалдап закаттасын байлар малын. Күш жеткен адамға қажы парыз, Есігін барып ашу Байтулланың. Бұл айқын бес парызы Исламның, Санаты атқаратын мұсылманның, Түзетер қате болса айтқанымда, Бас болған хазырет Ешен он бір ғалым.. («Басбай» 47-бет) Бұл өлең жолдарында да сөздердің жуан және жіңішке үлгілерінің алмасып келуі орын алған. Зекет сөзі закат болып, хазірет-хазырет болып келуі де сөздердің үндестік заңына бағынбайтындығын аңғартады. Сондай-ақ діни сауаттылықтың орны басым екендігі көрінеді. Өйткені діни сауаты бар адамдар түп нұсқасын сақтап жазуға тырысады. Сондықтан бірі біліп екіншісі білмей ұқсатып жазғанда осындай бірнеше үлгідегі нұсқалардың қалыптасуы көрініс табады. Бұл жөнінде Б.Қалиұлы шындығында, кірме сөздер тілімізде түрлі формада еркін жайғасты және біз де оларды еркіне жібердік. Себебі арабша білетіндер арабша тұлғасын сақтап жазды. Орысша оқығандар олардың орысша порымын сақтауға тырысты. Ал қазақша оқығандар ол сөздердің үшінші түрін шығарды. Сөйтіп тілімізде көп нұсқалы сөздер пайда болды деген [5, 4]. Міне осыларды саралай келе Зейнолла Сәнік шығармаларынан көрініс тапқан кірме сөздердің бірнеше нұсқасын көруге болады. Бұл сөздер жалпы алғанда, барша қаламгерге тән екендігі белгілі. Дегенмен біз сөз еткен қаламгердің шығармаларындағы қолданысын екі бағытта қарастыруға болады. Бірінші, қазақтың жалпыхалықтық тіліне әбден сіңісіп, қалыптасып кеткен кірме сөздер, яғни тілімізде ертеректе қоныстанған нұсқалар. Бұлардың біршамасы өз сөздеріміздей болып сіңісіп кеткен. Сол себепті қаламгер оларды шығармаларында қажетіне жаратып, тиісті орындарда ұтымды пайдаланған. Екінші бір тобы, сол кезеңде жалпыхалықтық тілде көп қолданыла бермейтін жазба тіл арқылы енген сөздер. Мұндай сөздер аса көп болмағанымен аз да болса кездеседі. Түйіндей келе, Зейнолла Сәнік шығармаларының лексикалық құрамындағы кірме сөздердің басым бөлігі қазақыланғандығын атау керек. Себебі сөздердің табиғаты осыны меңзейді. Мұндай қолданыстар қаламгердің тақырыптарымен де байланысты. Бұл мәселенің бір жағы болса, екінші, шығармалардың мазмұны мен сарыны өткен ХIХ ғасырдағы, кейде алдыңғы дәуірлердегі оқиғалар желісіне құрылғандығы. 261 Ал келесі бірі, арғы беттегі қандастарымыздың араб жазуын еркін пайдалана білетіндігі. Бұл да өз кезегінде араб, парсы сөздеріне тиісінше жағдай жасаған. Өйткені діни сауаттылық та кірме сөздер енуінің бір жолы. Бір сөзбен айтқанда, белгілі қаламгердің шығармалары тақырыптық тұрғыда сұранысқа ие, өткен өмірдің қилы тарихынан сыр шертетін құнды еңбектер. Оның көтерген мәселелері де өзекті. Ал шығармарларының тілі жалпыға түсінікті, ой желісімен үйлесім тапқан. Бейнелеу үлгілері де өзіндік шеберлікті дәріптейтін тiлдiк тәсiлдер арқылы берілген. Мұндай шебер көркемделген шығармалардағы кірме сөздердің алатын орны да ерекше. Бастысы, олар қаламгердің айтар ойына сәйкес қазақ тілінің дыбыстық өзгерістер негізінде қолданыс тапқан. Пайдаланылған әдебиеттер 1 Баранов Х.К. Арабско-русский словарь. ІІ томник. 2 том. – Ташкент: «Камалак», 1994. – 484 с. 2 Мансұров Н.Б. Қазақ тіліндегі діни терминдер сөздігі. – Астана, 2013. – 100 бет. 14 б. 3 Рустемов Л.З. Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері. – Алматы: Ғылым, 1982. – 160 б. 4 Раева Г.М. Түркі тілдеріндегі жуанды түбірлердің жіңішке түбірлерге айналуы. – Алматы: Эверо, 2004. – 168 б. 5 Қалиұлы Б. Қазақ орфографиясындағы қайшылықтар. – Алматы, 1994. – 172 б.
Пайдаланылған әдебиеттер  1.
Сәнік З. Қазақ этнографиясы. Алматы: «Ан Арыс», 2016. - 576 б. 
2.
Сәнік З. Қазақтың тұрмыс-салт білімдері. Үрімжі, 1998. 
3.
Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. Алматы, 1985. 
4.
Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі. Алматы, 1994. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет