Мәден Н. Қ. Зейнолла сәнік шығармаларындағЫ Ұлттық ТӘрбие мен көркемдік шешім 7М02310 «Филология»


«Қызыл гаоляң» сынға ұшыраған шығарма



бет14/21
Дата18.01.2023
өлшемі224,46 Kb.
#61874
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
«Қызыл гаоляң» сынға ұшыраған шығарма
Қытай ұлтының ішінде Нобель сыйлығын алғандар көп. Бірақ оның бәрі америкалық қытайлар болатын. Сондай-ақ бұл әлемдік сыйлықты алғандар негізінен жаратылыстану ғылымының мамандары болатын. Ал әдебиеттегі еңбегі үшін бұл сыйлыққа Мо Янь тұңғыш рет жетіп отыр. Мо Янь – Қытайдағы мықты жазушының бірі, сондай-ақ бүкіл қытай қаламгерлері оны мойындайды. Оның басқа қытай жазушыларынан ерекшелігі, біріншіден, махаббат тақырыбына көбірек қалам тербейді. Екіншіден, нақты өмірді: дихандар тіршілігін, халық тұрмысын жазады. Нобель сыйлығын алған кітабы «Қызыл гаоляң» деп аталады. Мұнда дихандар өмірі шынайы баяндалған. Жалпы романның өзегі – Қытай еліндегі қарапайым халық тұрмысы, бұрын-соңғы жүргізілген қытайдың қызыл саясаты – бәрі толық қамтылған…
Бір сөзбен айтқанда, қытай сыншылары Мо Яньның «Нобель» сыйлығына лайықты болуын оның шыншыл жазушылығымен түсіндіреді. Өйткені Қытайда ежелден ел ішіндегі іс, ішкі саясат құпия сақталады. Мәселен, қайсыбір жылы «Таң Сәндегі» жер сілкінісінен 5 адам өлді деп жариялады. Ал шынтуайтына келгенде 270 мың халық апатқа ұшырапты. Осындай мәселелер бұған дейін айтылмай, жабық ұсталып келген болатын. Ал қазір ашық айтыла бастады. «Қызыл гаоляң» қытайда бұған дейін сынға ұшырап «қытайларды қорлады» деп айыпталған-ды. Мәселен, романда қытайлардың арақ ашытудағы жабайы әдісі жазылады. Яғни олар арақ ашытарда, алдымен құмыраның түбіне бір адам кіші дәретке отырады екен. Дәретпен ашыған арақ дәмді болады-мыс. Шығарма осы сияқты қытайлардың жабайы, надан тірлігін жазғаны үшін дүниежүзілік сыйлық алды деп ойлаймын. Әйтпесе, озып тұрған түгі жоқ.
Қытай әдебиеті үшін тарихи тақырып таңсық
Қытай әдебиетінің деңгейі кейінгі жылдары дами бастады. Нақтырақ айтсам, екі түрлі бағытта дамып отыр. Біріншісі, еліктеуден туған әдебиет. Яғни орыс әдебиетіне, батыс әдебиетіне еліктеушілік басым. Мәселен, Горкийдің «Ана» деген романы бар ғой. Қытайларда да «Ана» деген роман шықты.
Екіншісі, жасампаздық әдебиет. Бұл бағытта тарихи тақырыптар қамтылған. Мәселен, бүкіл Қытай әдебиетінің аңсары ауып отырған тақырып – Шыңжаң тарихы. Өйткені қытайлар Шыңжаңды батыс пен шығыс мәдениетінің тоғысқан жері деп есептейді. Сондықтан осы өңірдің жер астындағы мыңдаған жылдық бай тарихын әдебиетке әкелгілері келеді. «Құм астындағы қала», «Құм астындағы адам» деген сияқты тақырыптар олар үшін тосын, оқырмандарға да қызықты.
«Құм» деп Тарым құмын айтып отырмын. Тарым кәдімгі Такла-Макан шөлі ғой. Такла-Макан деген атауды ұйғырлар – «Тәтті Макан» деп түсіндіреді, яғни Тарым құмының астында «Тәтті мекен» болған деп болжайды.
Қытай әдебиеті үшін ғана емес, тарихы үшін де батыс, яғни Шыңжаңдағы жер асты тарихы құнды жәдігер саналады. Мәселен, Үрімжі қаласының маңындағы «Жемсары» ауданының астынан жер асты орман белдеуі табылды. Сондай-ақ Азия көлемінде ең үлкен диназаврдың тасқа айналған сүйегі де осы өңірден қазып алынды. Ал «Жемсары» ауданы – ежелгі түркілердің, ғұндардың астанасы болған, оны Бесбалық деп атаған. Бесбалық – Бесшаһар деген сөз. Бейжіңді де «Ұлубалық» деп атаған ғой.
Түркі заманында Шыңжаңның көп жерінде тарихи қала болған. Айталық, қазірдің өзінде Құмылда «Аратүрік» деген жер бар. Жазушы-тарихшы Нығымет Мыңжан ағамыз: «Аратүрік» дегеніміз – Батыс Түрік пен Шығыс Түріктің арасындағы жер», – дейтін. Тарихи деректерге сүйенсек, осы маңда біздің заманымыздан бұрынғы Х ғасыр мен біздің заманымыздың Х ғасыры аралығындағы жиырма ғасыр бойы түркілер мен қытайлар қоянқолтық өмір сүрген. Ол заманда түркі халықтары Ұлы қорғанның сыртында, қытайлар ішінде болады. Сол себепті бұл екі халық жиырма ғасыр бойы бірде Қорғанның ішінде, бірде сыртында соғысып, бірін-бірі ала алмай келген. Алайда түркілерде береке-бірлік болмайды, жеңілген түркілер Қытай патшасының қолтығын паналап, бірте-бірте жалпы түркі мемлекеті ыдырай бастайды. Сөйтіп бір кездері Сарыөзен маңын, Қытай қорғанының айналасын паналаған түркі халықтары Шыңжаңға, одан бері Жетісуға шейін ығысқан. Ал батыс жағымыздағы Тоқтамысхан да берекелі болмады ғой, оны орыстар ығыстырады. Ең соңында Еуропа мен Азияның ортасын жайлаған Ұлы Түркі халқы азайып, жері тарылып бүгінгі күйге түскен. Сондықтан да біздің түркі халықтарының көптеген тарихи жазбалары, мұрағаты Қытай жазбаларында, мұрағаттарында жатыр. Мәселен, Қытайда «Батыс өңірдегі ақын-жырлар» деген кітап шықты. Сол кітапта 70-80 түркі ақынының өлеңі жарияланды. Кітап «Хан ана» деген жырдан басталады, қытайлар оны «Батыс патшаларының анасы» деп айтады. Ал Нығымет Мыңжан ағамыз мұны «Сақ ана» деп алыңдар деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет