Мәден Н. Қ. Зейнолла сәнік шығармаларындағЫ Ұлттық ТӘрбие мен көркемдік шешім 7М02310 «Филология»


Ұлттық құндылыққа неге құлықсызбыз?



бет17/21
Дата18.01.2023
өлшемі224,46 Kb.
#61874
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Ұлттық құндылыққа неге құлықсызбыз?
Қытайдағы қазіргі қазақ мәдениетінің арғы тегі атажұрттағы ағайынмен тығыз байланысты. Өйткені 1883 жылы орыс-қытай шакарасы белгіленгенде жарты қазақ Алтайдың арғы бетінде, жартысы бергі жағында қалдық. Одан кейінгі қуғын-сүргін жылдары арғы бетке бұл жақтан қазақтың қаймағы өтті. Біз сол зиялылардан білім алдық. Абайға бұл жақта тыйым салынып жатқан кезде, ол жақта біз кемеңгердің ақылияларын оқып өстік. Қытайда Байтұрсынұлының емілесімен ең алғаш оқулық жасаған Нұртаза үкірдай деген оқыған кісі біздің ауылда бала тәрбиелеген екен. Сонда Абайдың кітабының сыртына мынадай бір шумақ өлең жазыпты:
Қадірлі мұны жазған хәкім Абай,
Сырын біл, сыртын қарап деме қалай.
Көкірек көзбен ойласаң көмескісін,
Мағына бір сөзінен шығар талай.
Қазаққа өзі расул, сөзі парыз
Сөксең де, молдаке, жаздым солай – депті. Мұндағы айтпағым, біз осы жақтан барған қазақтың үлкен зиялыларынан білім алдық демекшімін…
Қытай қазақтарында қазақтың аңыз-жырларының толық нұсқасы сақталған, тіпті мұнда сақталмаған жырлар да бар. Мысалы, мұндағы ешкім естімеген «Үйсін ауған» деген дастан бар ел ішінде.
Қытайда қазақ жазушыларының жүзден астам романдары басылып шықты. Сондай-ақ әр ауданның аңыз-жырлары жинақталып жеке-жеке кітап болып жарық көрді. Бірақ осының бәрі Қазақстанда айтылмайды. Ал біздегі жаңалық сағат-минут сайын қытайдағы қазақтардың сайттарында жарияланып, мыңдаған оқырман оқиды. Қазақстан жазушыларының кітаптары бұл елде өмірі болмаған таралыммен таралып жатады…
Қытай қазақтары қолөнер: кестешілік, тігіншілік, ұсташылық сияқты салт-дәстүрімізді насихаттайтын өнерді өрістетіп отыр. Тіпті біздің елден ұлттық өнерімізді дамытуға көмек сұраса, біз үндемей отырамыз. Мысалы, қытай қазақтары қырғыздармен бірігіп «Манас жырын» Гиннестің рекордтар кітабына енгізді. Ал өз дүниемізге келгенде атажұрттағы ағайын қолын қусырғаннан басқа түк қылмайды. Әйтпесе, саф өнер ақындар айтысы тұр ғой. Біздің осы пейілсіздігіміздің салдарынан, қымыз ашыту өнерімізді немістер иеленіп кетті. Көкпар мен жылқы баптауды қырғыз әкетті. Төбет асырауды орыстар иеленді. Барыңнан айырылған қиын ғой.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет