Мәден Н. Қ. Зейнолла сәнік шығармаларындағЫ Ұлттық ТӘрбие мен көркемдік шешім 7М02310 «Филология»



бет18/21
Дата18.01.2023
өлшемі224,46 Kb.
#61874
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
мәден надира

Тарихи тақырыпқа дерек керек
1986 жылы Қытайда «Қаракерей Қабанбай» деген кітабым шықты. Ол негізінен ел ішіндегі аңызға құрылған-ды. Одан кейін қазақтың хас батыры туралы екінші, үшінші кітабымды жаздым. Осы соңғы екі кітабым дерек негізінде жазылған. Қабанбай батыр туралы Қабдеш Жұмаділов те «Дарабоз» деген роман жазды. Алайда кейбір жазушылар кейіпкеріміз Қабанбай батыр арқылы біздің арамызға от салып, шығармаларымызды қарама-қарсы қойғылары келеді. Ол дұрыс емес. Қабдеш көркемдік тұрғыда жазса, менікі деректі роман.
Деректі роман дегеннен шығады, Қытайда «Қабанбай шыңы» деген тау бар. Бұл туралы орыс мұрағаты не дейді, қытай жазбалары не жазды? Мен осыны зерттеп бір кітап жазып шықтым. Мұндағы айтпағым, Қазақстан жазушылары тарихи шығармаларын ел ішіндегі аңызға сүйеніп жазады, дерек-дәйегі аз. Терең емес. Ал тарихи тақырып үшін дерек пен дәйек, тереңдік ауадай қажет.
20 жыл айдауда болдым
Маоның 10 жылдық солақай саясаты тұсында көрмегенді көрдік. Отбасыммен он жыл Үрімжіде «қалпақ кидік», қалған он жыл жарыммен, үш баламмен «еңбекпен өзгерту алаңында» (айдауда-авт) болдық. Қиналғанда өлім туралы ойлаған кездеріміз де болды. 1955-62 жылдары ел атажұртқа көшкенде мен Үрімжіде болып, жұртта қалып қойдым ғой. Әйтпесе сол кезде-ақ кетіп қалар ма едім елге.
1962 жылы туыс-туғандарым Қазақстанға өтіп кеткен соң, арт жақта қалған бізге Қытай билігі білгенін қылды. Қалпақ кигізу, айдалуды айтпағанда, көшеге шығарып масқаралау, бетке қарап күйе жағу, жалған айып тағып қинау, «Совет үкіметінің жансызы» деген жала жабу жанымызға қатты батты. Менің ғана емес, сол заманда қытай билігі жүргізген солақай саясаттың салқыны қаншама қаракөзді отбасынан, бала-шағасынан айырды, өмірін өксітті. Қазіргі үкімет сол зұлмат жылдарды қанша жуып-шайғысы келгенімен, жүректегі жараның орны жазыла ма?
Қытай үкіметінің қырына іліккендер сол кезде үш түрлі дәрежеге бөлініп айыпталды. Бірінші дәрежелі «қылмыскерлер» түрмеге жабылды. Екінші сатыдағыларды Тарымға айдады. Үшінші таптағы жазаланушылар, бізді, ауыл-ауылдарға жіберіп, қара жұмысқа салды. Бұл – «еңбекпен өзгерту» деп аталды.
Мен отбасыммен Жың деген ауданның қиырындағы бір қыстақта қара жұмысқа жегілдім. Ауылдың есепшісі Сламхан деген жігіттің жақсылығын көп көрдік. Ол кісі әнші Әділ Сламханның әкесі. Баласын көрген сайын әкесінің жақсылығы үшін маңдайынан сүйіп, рақметімді айтқым келеді де тұрады. Біз бас-аяғы жиырма жылғы қудалаудан, айыпталудан соң құлан-таза ақталдық. Жұмысымыз, бұрынғы ғылми атағымыз, еңбекақымыздың бәрі қалпына келді. Он жыл бойы ауылда жүріп көнекөздерден естіген, көрген дүниемізді шығармашылығымызда пайдаландық.
Мен сияқты жала жабылған қаншама білікті, білімді азаматтар опат болды десеңізші. Осы күні сол есіл ерлерді еске алсам, қабырғам қайысады. Мысалы, Тарым құмында айдауда жүріп өлген ақын Тоқтархан Жекібаев қандай азамат еді! Қажығұмар Шабданұлы, Оразхан Ахметов сияқты қазақ әдебиетінің қара нардай жазушылары сол Тарымда тозды. Тарымдағы жылдарынан Қажығұмар ағамыз талай естелік айтатын. «Тарым ыстық жер. Қара жұмысқа жегілген адам ыстықтан ісініп кетеді екен. Қой да бағатынбыз. Бір күні өлген қойдың терісіне ісінген жігіттерді салып, қатқан теріні қайнатып сорпа ішкен күндеріміз де болды. Тіпті кейде ашыққанда тышқанның інін қазып, ізін қуып жүріп бидай, тары тауып жеп жан шақырған кездерім болған», – деп естелік айтатын Қажекең.
Қазір үш қыз, бір ұл өсіріп отырмын. Бір қызым тұрмысқа шығып, қытай жерінде қалды. Екі қызым мен ұлым осы Алматыда тұрады. Ұлдан да, қыздан да немере-жиен сүйдік. Жолдасым Шәмшабану бір жоғары оқу орынның профессоры, ақын. Екеуіміз де зейнетке шығып, осында – Алматыда тұрып жатқан жайымыз бар.











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет