378
379
4435 «Жақсы атыңды жайғың келсе жаһанға,
Мүсəпірді* жақсы қарсы ал, қашанда.
Тарасын деп тілесең сен атағың,
Саудагерге жақсы нəсіп жасағын.
Жақсы атыңды шықсын десең, сайлы бол,
Мүсəпір мен керуенге жайлы бол!
Араласқын саудагермен баптанып,
Жаса жайнап, жақсы аттанып, шаттанып.
59. МАЛШЫЛАРМЕН ҚАЛАЙ ҚАТЫСУ АЙТЫЛАДЫ
Малшылар бар берекелі іс тындырған,
Күллі жылқы* алдарында мыңғырған.
4440 Бəрі ақкөңіл, шыншыл, елдің адалы,
Адамдарға жоқ салмағы, залалы.
Жемек, кимек, мінбек — айғыр, байталдар,
Жүк таситын жануарлар, шайқалған,
Қымыз, сүт-май, ірімшік, айран, сүзбе, құрт,
Киіз, сырмақ, перде — құрсаң үйге құт.
Бұл адамдар құтты жандар, пайдалы,
Бұларды да тұтқын жақсы жайдары.
Қатыс, қосыл, ішкіз-жегіз қолдағын,
Түзулікпен кешсін тірлік жолдарын.
4445 Керегіңді ал, қалауын бер, аяма,
Көзім көрді, жоқ пайда мен айлаңа.
Жосық, білім, жөн іздеме бұлардан,
Кең пейілді, қарымы кең қыраннан.
Қосылсаң да жүргін бірақ абайлап,
Жөн-жосықсыз жасап жүрер тағы айбат.
Жылы сөйлес, дос болуға жүгірме,
Білімсіз жұрт ұғынбайды түгін де.
Жақсы айтыпты заң шығарып, білген ер,
Халықпенен араласып жүрген ер:
4450 «Білімсізді жіберме тым жақынға,
Қылмағанды қылар жүріп қасыңда!»
Дана кісі жақсы айтыпты бұдан да,
Біліммен кел əр іске қол ұрарда:
«Біліксізден без, өзіңді тұтып жүр,
Өзін тұтқан — құты тасып, ұтып жүр.
Білімсіздің өзі, сөзі дарақы,
Білімсізден аулақ жүру — шарасы!»
Малшылардың бəрі осындай қарарсың,
Аралассаң сөзімді еске аларсың.
4455 Баяндадым бəрін саған жасырмай,
Не істеріңді ойланарсың — осындай...
Достарыңызбен бөлісу: