454
455
Жақсы айтыпты ділі нұрға толған ер,
Қосылып діл, тілі — толық болған ер:
«Көңілің кімге сенсе, сана, айнаңдай,
Өзіңді одан таны, қара ойланбай!
(Көңілің сенсе, көзден таса қылмағын,
Содан таны өз бейнеңнің сырларын.)
Жайсаң кісі айнаң болар, қаласаң,
Түзер құлық — мінезіңді, қарасаң!
5620 Кімнің жаны болса өзіңе шын жақын,
Сеніп соған, дұрыс жақын қылғаның.
Сенгеніңмен еркін сөйлес, қорықпағын,
Сенген кісің айтса, сөзге тоқтағын!»
* * *
Өгдүлміш хан сөзін естіп, діттеді,
Көзі жайнап, сүйінді де, «Құп!» — деді.
Елік сөзін үзді, үнсіз тынды да,
Кетті аттанып, енді Өгдүлміш тұрды да.
* * *
Содан бері Елік тыным көрмеді,
Бейнет шегіп елін түзеп, жөндеді.
5625
Қалды жаман, жиды бəрін жақсының —
Жақын тартты, сеніп жұмыс тапсырып.
Түзелді де, елі-жұрты тазарды,
Ай, күн, жылы, тілі тыншып, жаңарды.
Ел толысып, артты тірлік татымы,
Сүйінішпен күлді, ырысы тасыды.
Өгдүлмішті қолдады Елік сенді де,
Қадыр тұтты, іс тізгінін берді де.
* * *
Кешті Өгдүлміш уайыммен көп күнді,
Еңбекпенен біраз ғұмыр өткізді.
5630
Байқап көрді өзін, құлқын, істерін,
Сөнген шоқтай жігіттік шақ өшкенін.
Көзін ашып, көңілі өксіп жүдеді,
Жан-тəнімен тазармақты тіледі!
Достарыңызбен бөлісу: