460
461
Бүгін оған тəубамен мен барайын,
Иемнен мен пұрсат тілеп қалайын.
Тəу етейін жаным бойдан ұшқанша,
Мұрша бермес, өлім тұтса мыстанша!
Не дегенін, тыңда, ғалым көреген,
Ай, тасбауыр, бұл саған да өнеге:
«Ажалды ойла, Алланы ойла тіріңде,
Өлім тұтса, опынарсың түбінде...
5715 Тəуба қылып, бұл тірлікті бағамда,
Қапы қалма, өлім қолы жағаңда!
Жігіттікте қызмет ет, қайраттан,
Қарттық келсе, қаларсың күш, айбаттан.
Өмір барда мекерліктен қашарсың,
Өлімді ойлап, тірлік қамын жасарсың.
Өлім келмей, ояу, сақ бол қалайда,
Өлім жетсе, амал болмас, абайла!»
Осы оймен келдім саған, білгейсің,
Өзің ақыл-кеңесіңді бергейсің.
5720 Жан бауырым, қан-жаны бір, сенерім,
Не істейін, ақылыңды бер, ерім!
Достарыңызбен бөлісу: