458
459
Шығыстан күн
нұры шықты, ай батып,
Бас көтерді жердің жүзін жайнатып.
Найзадай нұр бұлтты түрді ұзарып,
Алабұртты көктің жүзі қызарып.
5680 Жаһан жайнап, алтын шапақ кернеді,
Қайғы-түнек тарап, шаттық тербеді.
Дəрет алып, таң
намазын атқарды,
Атқа мініп, бетке алды тау, шатқалды.
Келіп түсті, қақты ақырын қақпаны,
Туысқаны қарсы алды, ішке аттанды.
* * *
Сəлем берді ықыласпен Өгдүлміш,
Жауап берді сəлем алып Одғұрмыш.
Үйге кірді қол ұстасып, тілдесіп,
Сөзге — сөзі, ойға ойы бірлесіп.
Достарыңызбен бөлісу: