«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Елікке жауабы



Pdf көрінісі
бет142/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Өгдүлміштің Елікке жауабы
Айтты Елікке көргендерін тағдырдан,
Өсиетін өлерінде қалдырған.
Құмыра мен таяқ алып, тақалып,
Мұрасы деп қойды алдына апарып.
«Осы, — деді, — одан маған тигені,
Бар мұрасы, мүлігі осы үйдегі.
Жəдігерге алсын Елік біреуін,
Құтайтқай бұл, түгенделсін тілеуің!»
6325 Елік асатаяқты алды қолына,
— 
Құтайтсын! — деп, — құт берсін деп жолыма!
— 
Құмыраны ал, — деді, — өзің жабығып,
Аңсағанда, қолға аларсың сағынып!
Құмыраны алды Өгдүлміш ұмсынып,
Көңіл босап, жасы саулап, тұр сұлық.
* * *
— 
Бұл ғибрат, — деді, — өлім жайында,
Ғұмыр мəнін ақылыңмен пайымда!
Өмір сүрді бұл жалғанды малданбай,
Қалды жаһан. Өтті арбалмай, алданбай!
6330 Сөзін тыңда ақылды, ойлы кісінің,
Санасымен жөнін тапқан ісінің.
«Бұл дүние көп болса да — жарытпас,
Аз дүние — табар жөнін, арытпас!
Дүниенің лəззаты бір — мұңы мың,
Қалай кешсең, солай өтер ғұмырың!
Байлығыңның пайдасы не өлген соң,
Рахатын өзге көрер, көрген соң!»
Ағаң күллі дүние-малдан безінді,
Шоқпыт киіп, арпа жеді, көз ілді.
6335 Солай тірлік кешті, өліп қалмады,
Байлықты емес, кісілікті таңдады.
Күні-түні жүк көтеріп, қарманып,
Өтті артып ел азабын малданып.
Атқарды ісін, құтылды енді, тыншыды,
Біздің іс қой, түйін-түйін қырсығы!
* * *
Айтты түгел Елік ізгі ақылын,
Жаныменен ұғып түйген асылын.
Қайтты сонсоң сарайына өзінің,
Ауыр ойдың салмағынан езіліп.
* * *
6340 Өгдүлміш те көп күн қара жамылды,
Тірлік жеңді, жан жарасы жазылды.
Ұмытылды қайғы-шері, күйігі,
Ішті, жеді, күлді қайта сүйінді.
Жақсы айтыпты ер халықты басқарған,
Білігімен ел-жұрт ісін атқарған:
«Қайғы сені бусын, қанша алаңда,
Жылаған көз күлер сонша табанда!
Бұл жалғанның ережесі ежелгі — 
Тұрмас, өтер жақсылық та, жаман да!»
6345 Өгдүлміш те қайғы-зарын түгесті,
Ісін бағып, қызметіне кірісті.
Құштарланып, күш-жігерін үстеді,
Таңды — күнге ұрып ісін істеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет