«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


І. ЖІГІТТІККЕ АШЫНЫП, ӨКІНІП, ҚАРТТЫҚ ХАҚЫНДА



Pdf көрінісі
бет145/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   161
І. ЖІГІТТІККЕ АШЫНЫП, ӨКІНІП, ҚАРТТЫҚ ХАҚЫНДА 
АЙТҚАНДАРЫ
Жортқан бұлттай жігіттіктен ауыстым,
Ескен желдей тірлігімді тауыстым.
Есіл жастық, қайран жігіт күндерім,
Тұта алмадым, қадіріңді білмедім!
Жігіт дəурен, оралшы бір құстайын,
Бүлде төсеп, алақанда ұстайын!
Беу, жігіттік, қайда жолың тұрағың?
Таба алмадым, кездім қанша, сұрадым!
6525 Тірліктің бар жан лəззатын, шырынын,
Тек жігіттік беретінін ұғындым!
Жастық балын, жігіттіктің қызығын,
Жоғалттым мен, енді ұстарда — құрыды...
Кəріліктің қорлығы жоқ, оң жолды,
Өткен өмір текке кетіп, қор болды!
Сені есіркеп, жігіттік шақ, ашындым,
Шырқымды алдың, ажарымды қашырдың!
Əрқұбандай қызыл еді нұрлы өңім,
Запырандай сарғайдым да, жүдедім.
6530 Жұпар қара басыма ақты жолаттым,
Толған айдай жүзді қайда жоғалттым?
Көктем едім мың гүл-шешек гүлдеген,
Қазан түсіп, құртты бəрін, тонаттым!
Оқтай түзу, қайыңдай тік едім мен,
Садақтай боп иілдім де егілдім.
Текке өткен тірлігімді сағынып,
Көзден қанды жасым ақты қамығып!


 512
513
Балалық өтті, жігіттікті қумадым,
Күнім қараң болды, өзім қурадым!
6535 Ішпек-жемек болса, малдай жалмадым,
Нəпсі аңсаса, шаң көтеріп, талмадым.
Құмарланып аң ауладым, құс ілдім,
Арғымақты құстай өрден ұшырдым.
Ағайын, дос үшін жанды тосыппын,
Ал жауымды түс көргендей шошыттым!
Қанша жанды жерлеп-сөгіп, күйгіздім,
Жазықсызға тіл, қолымды тигіздім.
Кеуде кердім жауды жеңген батырдай,
Қалдым қатып қара тастай — тасырдай.
6540 Мас адамдай ұйықтап есін жинаған,
Жолдан тайып, хақ алдында қиналам!
Тəңір ісі қалды, ісімен пенденің,
Жаһан кезіп, зыр жүгірген кезбемін.
Көп жүгірдім тілек, нəпсі қысымдап,
Жаһанға ұлып бөрідейін құтырған.
Кісі тұтып, күшпен алдым пұл-малын,
Кімді қинап, кімді үркітіп шырмадым.
Мұның не? — деп, сұрай қалса жаратқан,
Ұяттымын, тосыламын жауаптан.
6545 Бұдан да асқан кей ақымақ қылығы,
Күйбең күнге елтіп, өтті ғұмырым!
Рахат кетті, бейнет те өтсе кезінде,
Ай, күн — зая, өкініштен езілдім.
Хұсырау, иə Қайсарша өмір бастайын*,
Шəддəдуше* бейіш бағын баптайын.
Ескендірше* бар жаһанды алайын,
Нұхтың* жасын жасап ұзақ қалайын.
Өзі болып қылышы жайдай Қайдардың*,
Рүстемдей* даңқпен жерді жайлармын.
6550 Не Иса* боп ұшып көкке шығайын,
Нұшырбандай* əділ заңды құрайын!
Иə, Қарындай байлық жиып алайын,
Əсхаби — Растай темір қала салайын!
Не пайда!? Ақыр, қара жерге кетермін,
Дүние қалып, екі бөзбен өтермін!
Жалаң келдім, жерге жалаң кіремін,
Дүниені мұнша несін тіледім!?
Көшер ғұмыр көшті желдей ақыры,
Фəни жалған тұтқыны етті ғафылдық...
6555 Тірлікке үлес қане ізгі қылығым,
Қайда септім жақсылықтың ұрығын?
Нені ексем — соны орармын ақыры,
Нені орсам — соны алармын асылы.
Жастық өтті, кəрілікті бастадым,
Қайта қайтқын, талай сөзді тастадым...
Ұзын тонды*, жатпа, табын хұдаға,
Оян, тынбай күнəңді жу, жыла да!
Жылан, қоңыз, құртқа жем боп қалармын,
Бұл рахат үшін несін жаралдым?!
(Жылан, қоңыз, құрттың жемі денемді,
Несін бағам бұл лəззатпен мен енді?*)
6560 Ұйқышы, оян, жыла тынбай жалынып,
Халің мүшкіл, табын хаққа шағынып.
Қарттық жетті, жігіт дəурен жоғалып,
Тірлік дəмі азды, ендігі — жол анық.
Сұм дүние көп арбады халықты,
Қайсысы мен, сүйгендігім анық-ты...
Көз қырыңнан жаппар ием, қалдырма,
Сыртқа теппе, ділім таза алдыңда!
Жарылқа да, ием, асыл құлықтым,
Күнəмді кеш, жазығымды ұмыттым!


 514
515


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет