«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Өгдүлміштің Елікке жауабы



Pdf көрінісі
бет140/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   161
Өгдүлміштің Елікке жауабы
6265 Айтты Өгдүлміш: — Осылай сен əрқашан,
Баршаға ақыл-кеңесіңді арнасаң.
Күллі жұртқа заңың əділ болғай-ды,
Бектігіңді Алла қолдап, қорғайды.
Құттың құтын көруі үшін əмірдің,
Жан-тəнімді қиюға мен əзірмін!
Жақсы аттан артық не бар өлгенге,
Атын мəңгі қалдырса хақ, көмгенде.
Бір тұтсам деп, өлім сені бағып жүр,
Ұйықтап кетпе, басыңды аман алып жүр!
6270 Біліктінің тілі əдемі айтыпты,
Бұл сөз, бақсаң, шындығымен айшықты:
«Тасадан кеп аңдып тұрар сұм ажал,
Қапы кетер тұсты бағып, сығалар.
Жақсы-жаман болар бəрі қара жер,
Тура келсе, ажалға жоқ түк амал!»
Еліктің Өгдүлмішке жауабы
— 
Тəңір енді тауфиқ беріп, демегін,
Əділ заңды ұстанамын, — деді Елік!
* * *
Сөзін үзіп, Елік үнсіз бөгелді,
Өгдүлміш те тұрды орнынан, жөнелді.
6275 Тағы арада күндер өтті тізіліп,
Жүрді Өгдүлміш қайғы жұтып, түңіліп.
Ағасы үшін уайым жеп, қуарып,
Шөгіп кетті, сарғайды өңі суалып.
Шыдамады, тағы хабар алмаққа,
Белін буды ағасына бармаққа.
Ханға барды, жаны мұңға көмілді,
Шақырды Елік, кірді алдына, көрінді.
Өгдүлміштің Елікке сауалы
Өтінді: — Елік, ағайыма барайын,
Зииарат етіп, халін біліп алайын.
6280 Халі қандай екен, көріп қалайын,
Тірі ме екен, қайран менің ағайым!?
Еліктің Өгдүлмішке жауабы
Елік айтты: — Бару міндет-парызың,
Барғаның жөн, туысқандық қарызың.
Бар, сəлем айт, көңілін сұра мен үшін,
Көңілін аула, кеселін біл, сергісін.
* * *
«Хош!» — деп, қайта жолға шықты сайланып,
Үйіне кеп, тыным алды ойланып.
Тамақтанып, атын ерттеп, түйіліп,
Жүріп кетті жұтып қайғы-күйігін.
6285 Таяғанда, жаяу жүріп келді ол,
Қағып қақпа, аш деп белгі берді ол.
82. ОДҒҰРМЫШТЫҢ ҚҰМАРЫ ӨГДҮЛМІШКЕ 
ОДҒҰРМЫШТЫҢ ӨЛІМІН ЕСТІРТЕДІ
Шықты алдынан ағасының құмары*,
Сəлем беріп, сонсоң өксіп жылады.
— 
Ой, бауырым! — деді жақын келгенде,
Тəңір қуат берсін, болма шерменде?!


 496
497
Бұл жалғаннан өтті ағаң, мықты бол,
Өзің енді ұзақ жаса, құтты бол!
Өзіңді ұста, еңіреме бүгіліп,
Өлімге өзге шарасы жоқ тірінің!
6290 Туған — өлер, шырын жаның кетеді,
Бек пе, құл ма, пайғамбар ма — өтеді!
Өлім бізге даяр тұрар, қашанда — 
Амал да жоқ, құрал да жоқ ажалға!
* * *
Естіді де, сорлы Өгдүлміш егілді,
Өзін өзі ұрып, жасы төгілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет