«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Еліктің Өгдүлмішке жауабы



Pdf көрінісі
бет78/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Еліктің Өгдүлмішке жауабы
3120 Елік айтты: — Өгдүлмішім, Алланың
Шапағаты, сені тауып алғаным!
Себепкер сен, ізгілікті жебегін,
Заңды түзеп, залымдықты тежегін!
Алла күллі жақсылықты қаратты,
Сені өзгеден он есе артық жаратты!
Бектің өзі тырысқанмен сіресіп,
Құлсыз, жалғыз, ісі өнбейді білесің!
Бек өзі — ішті, құлы тысты шолады,
Жанашыр құл көз де, сөз де болады.
3125 Көзім де — сен, тілім де — сен, қолым да,
Атым ізгі, оңым да — есен, солым да...
Не дер екен естіп, байқа Қаһанды,
Билеп көрген елді, жерді, жаһанды:
«Жанашыр құл тапса бектер, түрлі іске,
Оны ұстасын көміп алтын, күміске.
Адал кісі тапса, бектің бағы асар,
Тыным тауып, құт тірлігі жарасар.
Сара ісші — мейірімді. Адам, шын
Құтты құлды қайдан іздеп табарсың?!
3130 Бауырмал һəм сара жоқта жаһанда,
Кісілік те толық болмас қашан да!»
Есіркеймін, ай, Өгдүлміш атаңнан,
Маған қалған — жалғыз өзің, бата алған.
Тағы бір ер ерсе саған, қарасып,
Оң-солыңда жүрмес пе еді жарасып.
Бір өзіңсің, ай, ақпейіл, сенімді,
Сен жоғалсаң, таба алмаспын теңіңді!
Жалғыздығың жанға батып тұр тосын,
Өсіп-өнгір, болса тағы бір досың.
3135 Саған дағы түспес еді бейнет көп,
Дұға тиіп, өтер едім зейнетпен.
Іздеп көргін қандастарды аралап,
Бар ма, сұра, саған ерер саралар!


 290
291
Өгдүлміштің Елікке жауабы
Айтты Өгдүлміш: — Елік, болсын есендік,
Істі қолға алсақ — кетпес есең де.
Елік тыншып, рахатқа батқайсың,
Бар тілегің келіп, лəззат тапқайсың.
Еңбегімді хан алтынға баламай,,
Оң көзімен, оң көңілмен қарағай!
(Хан қосшысы бейнетімді ұмытсын,
Алакөңіл болмай, жаны тынықсын.)
3140 Еңбек келсе, рахат та келеді,
Рахат пен еңбек бірге себебі!
Егер Елік ел ісіне пайдалы,
Кісі іздесе, ел басы елдің қаймағы.
Дана сөзін естіп, өзің салмақта,
Есті сөздің əр түйінін тармақта:
«Жəрдемшісі көп болса, бек ырысты,
Көңілі тоқ, өркенді елі, тынысты.
Көп болса елде берекелі, зерделі,
Ісі гүлдеп, рахаттанар ел бегі!»
3145 Жоқ емес бар, ондай кісі қандаста,
Асып туған, білігі артық, марқасқа!
Өнері көп, көңілі ояу, жайсаң жан,
Алған ісін құлпыртатын майталман.
Аты — Одғұрмыш, түзу құлқы, тəлімі,
Қол жеткізген жақсылықтың бəріне.
Бірақ безіп бұл дүниеден түңіліп,
Тауға кеткен, хақ жолына жүгініп.
Бұл дүниеден жүзін бұрып, қамыққан,
Күнəларын арылтсам деп жабыққан.
3150 Жүз есе үстем менен оның өнері,
Сарасы елдің, білген жаңа, көнені.
Сол туысым бірге болса қасымда,
Білігімен жүрер бар іс басында!
Ханның елі көңілі өсіп, шаттанып,
Ғұмыр кешер дүниеден бақ тауып.
(Елік, сен де кенелер ең алтынға,
Əлемді ұстап тұрар еді халқың да!)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет