144
145
Мен жоқ едім, жаратты өзі өскізді,
Ұлан едім, ер жасына жеткізді.
Сақал бітті, еді иегім тап-таза,
Ақ қу болдым, құзғын едім қап-қара!
Оқтай бойым иілді де, бүгілдім,
Дəм таусылды, күнім жетті, түңілдім.
1100 Білімі кең, дана сөзін таны да,
Ай, шырайлым, тұмардай түй жадыңа:
«Басқа ақ кірсе, əппақ құстың өңіндей,
Сол аққудай тазарсын, ай, көңіл де!
Бойы иіліп, алса діріл тізесін,
Бекемденіп, өз пейілін түзесін.
Қара шашың, ағарса мұрт-сақалың,
Дайын болғын, қалғаны ажал тақалып!»
Мұны меңзер шайыр сөзін қараңыз,
Оны ұқсаңыз, аршылады санаңыз:
1105 «Шаштың ағы — тигені өлім демінің,
Тірі жанның шырын қылар өмірін.
Несібеңді жеп келдің бе, өмірде —
Енді өзіңді жейді өлім тегінде!»
Достарыңызбен бөлісу: